Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазіргі шешендіктің түрлері
Толықбаева Құралай Төлеуқанқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
ШҚО Глубокое ауданы Предгорное ауылы
«№1 Предгорное орта мектебі» КММ

Күні: Сынып: 11- сынып Пәні: Қазақ тілі

Сабақтың атауы

Қазіргі шешендіктің түрлері

Сілтеме

11- сыныпқа арналған оқу бағдарламасы, күнтізбелік жоспар

Жалпы мақсаты
• Білімділік мақсаты – қазіргі шешендіктің түрлері, тақырыбы, мазмұны, қолданатын орындары жөнінде білім беру;
• Танымдық мақсаты – қазіргі шешендердің ойлау жүйесі мен сөйлеу стиліндегі ерекшеліктерді танытып, сөйлеу шеберліктерінен уйренуге ұмтылдыру; шешендік сөздердің құрылымдық ерекшеліктерін таныту;
• Тәрбиелік мақсаты – қазіргі шешендер сөздерінің мазмұны арқылы тәрбиелеу, қоғам, орта туралы түсінік беру, қоғамды ілгері бастыратын жайттарды аңғарту, кісілік қасиеттерді бағалату, діни ұғымдар арқылы имандылыққа тәрбиелеу, жағымсыз әрекеттерден сақтандыру, т.б.


Мұғалім үшін оқу нәтижелері
Талдау арқылы жақсарту мен дамыту қажеттігін түсіну,
Оқушылардың өзіндік көзқарастарын анықтау, шығармашылық белсенділіктерін арттыру.


Сабақта туындаған негізі идеялар
• Білу/ білім алу: Шешендік сөздер түрін жан- жақты ашу.
• Оқу қабілеті: оқушылар бойына әділдік, әдемілік пен әсемдікті дарыта оырып, талғампаздыққа үйрету.
• Жасай алу: Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, өмірмен байланыстыра отырып салыстыра алу.
Сабақтың типі • Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер: • Топтық, жұптық, жекелей жұмыс.
• Сұрақ – жауап, сын тұрғысынан ойлау, АКТ-ны қолдану
• Коммуникативтік құзыреттілік: диалогта, жұптық жұмыста Блум таксономиясы бойынша түсіну

Тапсырмалар

1-әрекетТопқа бөлу
«Не білем?» тренингі. (7мин)
2-әрекет. Диалог. Өткенді қайталап, пысықтау.(5 мин)
3-әрекет. Сабаққа деген қызығушылықтарын ояту.(1 мин)
4-әрекет. Жаңа сабақ. Жұптық жұмыс. Кітаппен жұмыс. Оқып түсінгендерін қорғау (11мин)

5-әрекет. «Шығармашылық тапсырма» топтық жұмыс. (7 мин) 6-әрекет. Қорытындылау. тест шешу. (10 мин)

7-әрекет. Бағалау (3 мин) 8-әрекет. Үйге тапсырма. Сұрақтарға жауап (1 мин)

Дереккөздер Презентация, кеспе-қима қағаздар
және жабдықтар
интернет, 11сынып қазақ тілі
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары
1- тапсырма
«Не білем?» тренингі арқылы оқушылар «Жақсылық » шақырылады. «І-топ.», «ІІ-топ.», «III-топ.», сөздері жазылған үлестірмелі қағазды суыра отырып 3- топқа топтасады. Осы сөздердің оқушылар өз орындарына орналасққаннан кейін әр топ осы сөздердің тақырыпқа қандай қатысы барын қысқаша айтып шығады.

Бағалау парақтары таратылады

Топ басшысы_____________________

Оқушының аты-жөні Үй тап. Жұптық жұмыс Топпен жұмыс Тест Белсенділік Баға

2- тапсырма
Диалог. Өткенді қайталап, пысықтау. 3 топ сұрақтарға жауап айту.
1сұрақ: «Не қымбат?»
Алтын ұяң – Отан қымбат...
Құт берекең – атаң қымбат
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат
Асқар тауың – әкең қымбат
Туып-өскен елің қымбат
Кіндік кескен жерің қымбат
Ұят пенен ар қымбат
Өзің сүйген жар қымбат. (Қазыбек би)
2 сұрақ: Жерден ауыр не?
Судан терең не?
Оттан ыстық не?
Көктен биік не?
Жерден ауыр дегенім – ақыл, білім
Судан терең дегенім – оқу, ғылым
Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі
Көктен биік дегенім – тәкәппардың көңілі. (Бала би)
3 сұрақ: «Не қиын?»
Арадан шыққан жау қиын...
Таусылмайтын дау қиын
Шанышқылаған сөз қиын
Дәл осындай жағдайда,
Пана болмас өз үйің
Жазылмаса дерт қиын
Ақылыңнан адасып,
Өзің түскен өрт қиын
Тентек болса ұл қиын
Не істеріңді біле алмай
Ашиды сонда бас миың. (Қазыбек би)
4 сұрақ: Шешендік өнер иелерінен кімдерді білесің?
Майқы би, Аяз би, Асанқайғы, Жиренше шешен, Қарашаш, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бөлтірік шешен т. б.
5 сұрақ: Шешендік өнердің басты қасиеті не?
Айтылған ойға тапқыр, әрі жедел жауап қайтару.Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айту.
6 сұрақ: Дау мұраты не?
Саудагер мұраты не?
Қыз мұраты не?
Жол мұраты не?
Дау мұраты – біту,
Саудагер мұраты – ұту,
Қыз мұраты – кету,
Жол мұраты – жету, (Сырым шешен)
3- тапсырма
Сабаққа қызығушылықтарын ояту. Тұрақты тіркестерді тауып, мағынасын ашу .
“Жағына пышақ жанығандай – арық, жадау адам”
“Мұзға отырғызу – алдау, арбау”
“Құлақ асу – тыңдау, назар аудару”
4- тапысырма
Жаңа сабақ.
Қазіргі шешендіктің түрлерін атап көрсету
Жұптық жұмыс.
5 жұпқа 5 түрін бөліп беріп, өздеріне оқытып талдату.
Кітаппен жұмыс.
1-жұп 26-27 жат.
2-жұп 30-37 жат.
3-жұп 31-32 жат.
4-жұп 42 жат
5-жұп 35-36 жат.
Қағазға тақырыпты дәлелдеу.
Жабдықтар: Қағаз, маркерлер, клей, т.б.
5- тапсырма
Шығармашылық тапсырма. Топтық жұмыс
• І топқа тапсырма:
“Шешендіктің түрлері” тақырыбына эмблема дайындаңыздар.
• ІІ топқа тапсырма:
“Шешендіктің түрлерін” айқындап қорғап шығу.
• ІІІ топқа тапсырма:
“Шешендіктің түрлері ” тақырыбында өлең құрастыру немесе ой бөлісу.
6- тапсырма
Қорытындылау. Тест шешу, өздік жұмыс.
• Өз-өздеріңді тексеріңдер.
• 1.Қай дыбыс жуан әрі еріндік?
• 1) а 2) ұ 3) ы
• 2. Ашық дауыстының саны қанша?
• 1) 6 2) 4 3) 5
• 3. Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз қалай аталады?
• 1) үнді 2) қатаң 3) ұяң
• 4.Антонимді тап.
• 1) бұрын-соңды 2) құт-береке 3) азын-аулақ
• 5.Жалғаудың неше түрі бар?
• 1) 2 2) 4 3) 3
• 6. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын табыңыз?
• 1) -дар, -дер 2)-кер, -гер 3)-лас, -лес.
• 7.Буынның үш түрі кездесетін сөзді көрсет?
• 1) тұңғиық 2) шаңырақ 3) әсемпаз
• 8. Қосарлану арқылы жасалған сөзді көрсет.
• 1) көзбе-көз. 2)қара-құрт. 3) тас-бақа.
• 9. Лексикалық жолмен жасалған сөз.
• 1)қалың 2) киім 3) аю
• 10. Жұрнақтар жалғану арқылы жасалған сөзді көрсет?
• 1)қып қызыл 2) күз 3) көргенсіз.
• 11. Шығыс септігінің сұрағын көрсет.
• 1)кімге? неге? 2)кімді? нені? 3)кіммен? немен?
• 12. Тіркесу арқылы жасалған сөзді тап.
• 1) ала қарға 2)қарақұс 3)алатау
• 13. Қайталама қос сөзді тап.
• 1) киім-кешек 2) бетпе-бет 3) анда-санда
• 14. сөз тудырушы жұрнақты көрсетіңіз.
• 1) көрпеше, түйіршік. 2) айтқалы, жаза. 3) балгер, тарсыл.
• 15. реттік сан есім қай қатарда дұрыс жазылған.
• 1) 1-інші үй 2) 24-қараша 3) Х-сынып
• 16. Ұяң дауыссыздардан құралған сөзді табыңыз.
• 1) Дауыс 2) Қиын 3) Жабағы
• 17. Біріккен сөзді табыңыз.
• 1) Итмұрын. 2) Механикалык 3) Ұзынды-қысқалы.
• 18. Сан есімге қандай тыныс белгісі керек?
• Қапты 2 ден көтеріңдер.
• 1) Тире 2) Қос нүкте. 3) Нүкте.
• 19. Антоним сөзді табыңыз
• 1) Шыдам –төзім. 2) Сәл-азғантай. 3) Өкіну-қуану.
• 20. Табыс септігіндегі зат есімді табыңыз.
• 1) Өшіргіш. 2) Дәптерді. 3) Қарындаш.
Индексі: 2 1 3 1 2 2 1 1 1 3
3 1 2 3 1 3 1 1 3 2
7-тапсырма
Әркім бүгінгі сабақтан өзіндік ой толғанысын жазса.
немесе: не білдім? не білгім келеді?
Бағалау
Топ басшылары бағалайды, өзін - өзі, бірін – бірі, мұғалім бағалауы

Кейінгі оқу

Үй тапсырмасы: Үйге тапсырма. Сұраққа жауап беру.
• Шешендік өнердің дамуына қандай алғы шарттар керек?
• Бұрынғы билер шешендігінің шарықтап өсуіне қандай жағдайлар әсер етті?
• Қазақ шешендік өнерінің тарихы қай кезеңнен басталады?
• Бүгін қазақ қоғамы шешендік өнерді қайта жаңғыртуға дайын ба?
• Сенің сөз өнеріне құмарлығыңа нелер әсер етті?
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: гульнараж (2015-03-13)
Просмотров: 2807 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 12:42 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru