Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Баяндама
Оқушыларды әлеуметтендіру:
Бала өмірінің әр кезеңіндегі мектептің рөлі
(негізгі құзіреттіліктің қалыптасуы бойынша)

«Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың қолында,
ал ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» Н.Ә.Назарбаев

Қазіргі заман ағымының қарқынды өзгеруіне байланысты кез-келген жағдайда жеке тұлғаның, яғни баланың өзін жақсы сезінуі, қоршаған ортаға бейімделе алуы өте маңызды. Осы орайда оқушыларды әлеуметтендіруде біздер, яғни ұстаздар қандай рөл атқарамыз? Бұл суалға жауап бермес бұрын алдымен әлеуметтену процесі дегеніміз не, осыған тоқтала кетейік.
Әлеуметтену процесі дегеніміз (латынша “sосіаlіs” қоғамдық деген сөзінен шыққан) – адамның қоғамға қатыстырылу процесі, сол процестің нәтижесінде адамның әлеуметтік тұлғаға айналуы.
Әлеуметтену – адамның бүкіл өмірі бойында жалғасатын ұзақ процесс.
Адам туып – өсіп, әртүрлі сатыдан өтеді, бірақ кенеттен адам болып шыға келмейді, тұлға болып қалыптасу үшін әр адам қоғамның мүшесі ретінде өзінше пісіп-жетілуі керек, яғни адамзаттық қоғамда белгілі әлеуметтік функцияларды дербес атқаруға қабілетті болуы керек басқаша айтқанда, адам болу үшін сол адамзаттық қоғамға бірте-бірте кіріп араласып, тиісті әлеуметтік қасиеттерге ие болу, яғни әлеуметтенуі қажет. Онсыз адам әлеуметтенген тұлға бола алмайды.
Әлеуметтену процесі әртүрлі кезеңнен өтетін азаматтық кемелдену процесі деуге болады. Балалар бастапқы әлеуметтік ұғымдарды ата-аналарынан, туғандарының ортасынан алып, солардың көзқарастарына еліктейді. Кейін оқушылардың әлеуметтенуіне әсер ететін – қоршаған орта, мектеп және ата – ана тәрбиесі. Мектеп қабырғасынан шыққаннан соң тұлға саяси өмірге толық мағыналы түрде қатысады.
Әлеуметтенудің кезеңдері: І кезең. Балалық шақ кезеңі. Осы кезеңде отбасында берілетін тәрбиенің мәнісі зор. Екінші әлеуметтену неғұрлым ұзақ болады, оған есейген және қарттық кезең енеді. Сонымен қатар әлеуметтану процесіне салт дәстүрді енгізуіміз қажет. Бұл құбылыс тәрбие арқылы жүзеге асады.
Тәрбие әлеуметтенудің мақсатқа бағытталған формаларының бірі ретінде тұлғаны әлеуметтік байланыстарға қатыстыру мақсатында, сонымен қатар, бұл процестердің кепілдігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында қоғам арқылы жүзеге асады. Тәрбиенің салт –дәстүр арқылы жүретіні белгілі. Олай болса, әлеуметтенудің ең алғашқы кезеңіндегі салт- дәстүрдің сәбиге әсері зор.
ІІ кезең. Баланың қоғамға араласуы жатады, яғни бұл –бала мектепке келген кезден бастап болатын кезең. Ұстаз балаға әдеби кітаптарды оқытып, талдатып, мектептегі мерекелік іс- шараларда дәстүрлі ойындарды, әндерді, билерді, көріністерді көрсетуі қажет. Жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін тұлға ұстаз - тәрбие көзі. Жоғарыда аталған қасиеттерге ие тұлғаны қалыптастыру үшін мұғалімнің кәсіби қасиеттері, икемділіктері жаңаша қырынан сипат алуы керек деген ой туады. Сонымен қатар оқушылармен, сыныппен жүргізілетін түрлі мәдени шараларды ұйымдастыруда дайын жоспарларды пайдаланбай, сол сыныпқа, сынып ішінің құрамына, сипатына тән жоспарлар жасап, оқушылар үшін, ата-аналар үшін, мұғалімнің өзінің өз ісіне қанағаттануы үшін қызықты іс-шара өткізе білуі шарт.
Бүгінгі таңда 5Ә сынып оқушыларының бастауыш мектептен орта буынға қалыптасу процесі жайында айта кеткім келеді. Кез келген жағдайда баланың кіші мектеп жасынан орта мектеп жасына өтуінде психологиялық өзгерістер болады. Өйткені бастауыш сыныпта оқушылар тек бір мұғалімге, бір кабинетке, тұрақты қалыпқа үйренген, ал орта сыныпқа келген кезінде оларға бірнеше мұғалімдер сабақ беруі, сабақ кестесінің ауысуы, жаңа сыныптастармен, жаңа мұғалімдермен қарым қатынас жасау, мұның барлығы оқушылардың оқу мотивациясына әсер етуде, әрине бұл қалыпты жағдай.
Оқу жылының басында оқудағы жүктеменің және сабақтың бірден көбейіп кетуінен оқушылардың бойында қорқыныш, үрей, сенімсіздік пайда бола бастағаны байқалды. Осы орайда оқушылардың бір-бірімен қарым қатынасы, пән мұғалімдерімен оқушылар арасындағы қарым - қатынасты қалыптастыруда мынадай жұмыстар атқаруды жөн көрдім. Оқу жылының басында сынып оқушыларының арасында сынып төрағасы және көмекшілері, спорт секторы, тазалық, еңбек, тәртіп секторларын сайлап алдық, топ басшылары кезекпен апта сайын есеп беріп отыруы тиіс деп шешілді. Сондай -ақ «Отбасы –тәрбиенің басты ұясы» атты тақырыпта өткен ата-аналар жиналысында ата – аналар комитетін сайладық және жиналыс барысында білім мен тәрбие қатар жүретіндігі, балалар мен ата-аналар арасында ерекше жағдайда ғана емес , тәрбиемен ұдайы айналысып , қарым- қатынаста болу керектігін, тәртіп бар жерде білімнің болатынын айтып өттім. Ата-анамен, сынып жетекшісі тығыз байланыста болса ғана сыныптағы оқушылардан болашақ тұлға шығады деген ойдамын.
«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ», атты сынып сағатында оқушыларға баяндама оқылып, бір мақсатта жүрсек, бірлік, татулық болатыны айтылды. Оқушылар – өз ойларымен « Бірлік түбі - береке» екенін жақсы түсінді. «Кішіпейілділік - адамның көркі» атты сынып сағатында оқушыларға әрқашан кішіпейіл болу, үлкенді сыйлау сияқты тәрбие көздері айтылып, алма бұтағына әрқайсысы өздерінің сыныптастарының жақсы қасиеттерін іліп өздерінің достары, сыныптастары туралы жақсы пікірлер айтты. Жаңадан келген оқушыларды таныстырып оларды ортаға тез бейімдеп алдық. «Біз достығымызды сыйлаймыз, қастерлейміз» атты тәрбие сағатында сыныпта кім- кіммен дос екенін біліп, шын достың «Дос» деген ұғымның өмірде өте маңыздылығын оқушылар өз ойларымен жеткізе білді. Осындай тәрбие сағаттары оқушыларды адамгершілікке, кішіпейілділікке, қарапайымдылыққа тәрбиелейді.
«Елбасы» және «Тәуелсіздік күніне» өткізілген тәрбие сағатында оқушылардың бойына патриоттық сезім пайда болып олардың еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі арта түсті.
Мұғалім баланың жеке тұлғасын қалыптастырушы, маңызды тәлім- тәрбие өнегесінің бастаушысы, жарқын үлгісі, бала қиялын самғатып, арманына қанат бітіретін басты тұлға. Бүгінгі жас өркеннің ертеңгі әлеуметтік –саяси қоғам мүшесі ретінде қалыптасуында тәлім-тәрбиенің маңызы зор екендігі белгілі. Ендеше қоғамдағы қол жеткен тәрбиелік жақсы дәстүр атаулыны пайдаланып, биік адамгершілік қасиеттерге баулу, тәрбиелеу- мұғалімнің басты парызы.
Сондай – ақ өз сабақтарымда да сынып оқушыларының бейімделу дағдысын жіті бақылап отырамын. Қазақ әдебиеті пәні бойынша І жартыжылдықта «Халық ауыз әдебиеті», саласы бойынша жұмбақтар, мақал-мәтелдерді, ертегілерді, аңыз-әңгімелер мен шешендік сөздерді өту барысында оқушылардың бойынан пәнге қызығушылықтары жоғары, берілген тапсырмаларды тиянақты орындауға бейімделген, үй тапсырмасына да жауапты қарайтындарын байқадым.
Сыныпта барлығы 28 оқушы, оқу озаты І тоқсанда - 3, ал ІІ тоқсанда – 4 оқушы; оқу екпінділері І тоқсанда -8, ІІ тоқсанда – 10 балаға толықтырылды. Яғни І тоқсанда 41% білім сапасын көрсетсе, ІІ тоқсанда -50% білім сапасын көрсетті.


«Қазақастан -2030» халыққа жолдауында «Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» - деп Н.Ә.Назарбаев айтқандай, ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани – мәдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып тәрбиелеуге маңызды рөл атқарады.
Орыс сыныптарында оқушыларды әлеуметтендіруде қазақ тілі пәні бойынша жүргізілетін жұмыстар
Қазақ тілі пәні мектептегі оқу пәні ретінде негізгі орта білім беретін мектептегі барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың өзегін құрайды. Тіл ұлттық өзіндік сана-сезімді қалыптастырады.
Оқу пәнінің негізі — адамзаттың жүріп өткен табиғи және әлеуметтік даму жолы (адам — табиғат — қоғам). Ол оқушыларды адамзат тарихының ең ежелгі дәуірінен қазіргі кезге дейінгі кезеңдерімен таныстырады. Тарихи объектілер адамзаттың кез келген қоғамының қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдениет сияқты маңызды салаларын қамтитын болғандықтан оқушыларға адамзат қоғамының тарихын толық түсінуге мүмкіндік береді.
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында сөздікпен жұмыс, мәтінмен жұмыс, ойындар, диалог, интернет желісі, ұлттық құндылықтар, мақал-мәтел, жұмбақтар, интерактивті тақтаны қолдану барысында оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп шығармашыл, жеке тұлға қалыптасуына көмектесеміз.
Осы жұмыс түрлерін мен 8г сыныбында өткен «Тіл білгірі» атты тілдер апталығындағы сабағымда пайдаландым. Сайыстың мақсаты: оқушылардың дүниетанымын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. Сайыс 5 кезеңнен тұрады:
1. Бәйге - қойылған сұрақтарға жылдам әрі нақты жауап беру
2. Мақал – сөздің мәйегі - берілген мақалдың жалғасын табу
3. Өлең - сөздің патшасы - тіл туралы өлеңдерді мәнерлеп, жатқа айту
4. Даналық ойдан дән ізде - шығармашылық жұмыстар – эссе жазу, 5 жолды өлең құрастыру
5. Полиглот - жұмбақтың шешуін табу, жауабын орыс, ағылшын тілдеріне аудару
Сайыс нәтижесінде оқушылар жан - жақты дамыған, ойлау қабілеті жоғары, үш тілді жас ерекшеліктеріне сай игерген тұлға ретінде көрсете білді.
Сабақта осындай әр түрлі жұмыс түрлерін қолдана білу және қызықтыра білу оқушыны шығармашыл өмірде, қоғамдық ортада ойын еркін жеткізуіне көмектеседі. «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат» дейді К.Д.Ушинский.
Осы сабақтардың нәтижесінде 8г сынып оқушысы Польгов Артем өзінің шығармашыл тұлға екенін көрсете білді. Атап айтсақ 2013-2014 оқу жылында «Жарқын болашақ» Республикалық сайысында сертификатқа қол жеткізсе, биылғы оқу жылында мектепшілік пән олимпиадасында 8- сыныптар арасында бірінші орынды иеленді. Қазіргі таңда қалалық олимпиадаларға дайындалу үстіндеміз.
Сөзімді Жүсіпбек Аймауытовтың сөзімен аяқтағым келеді: “Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге, өзгенің және өзінің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзімен қарай білсе, міне білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Мектеп осы бағытта баланың келешекте жетілуіне мықты негіз салу керек”,- деген екен. Олай болса, оқушылардың ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру негізінің бірден –бірі мектепшілік жүргізілетін тәрбиелік іс- шаралар. Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы , өнер білімді игеруі – тәрбиеге, өскен ортаға , үлгі- өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны жақсы түсінген халқымыз “Ұстазы жақсының ұстамы жақсы”, “Тәрбие басы – тал бесік ” деп ұлағатты ұстаздың еңбегін өте жоғары бағалаған.
Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында әр ұстаз адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қарапайымдылық, отансүйгіштік қасиеттерін тәрбиелейді. Оқу мен тәрбие жұмысының түп қазығы – мектеп.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: гулеке0773 (2015-03-14) | Автор: Кабдолова Гульназ Набиевна E
Просмотров: 1292 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 2:02 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru