Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: Қысқы демалыс. Өткізу мерзімі 10.01.2015 Сынып 5 А, Б Бекітілді 10.01.2015 Тексеруші Нурасылова Б.Р. Қолы Сабақтың мақсаты: Білімділік: тақырып бойынша оқушылардың өз қабілеттеріне карай білімдерін қалыптастыру. Сөйлесім әрекеттерін жүйелі түрде қолдану. Білім сапасына жиі-жиі көңіл бөліп, сабақ сайын мән беріп, арттырып отыру. Дамытушылық: такырып бойынша сөздік қорларын дұрыс, орынды қолдануға үйрету. Материалдарды қоршаған ортамен байланыстыра отырып, сөздік қорларын бақылап, тілдесім қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: табиғатты сүйе білуге, аялауға, қыс мезгілінің ерекшелігін түсінуге, қызықтай білуге тәрбиелеу. Сабақ барысы: I .Ұйымдастыру кезеңі: ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 1. Жаңылтпаш. Қыста, Күн қысқа. Күн қыста, Тым қысқа. 2. Сұхбат - Қыста ауа-райы қандай болады? - Қыста күндіз ауа-райы қандай болады? - Ал түн ше? - Қыста не жауады? - Ауаның темпаратурасы қандай болады? III. Сабақтың мақсатын, барысын түсіндіру. IV. Жаңа сабақ. Лексикалық тақырыппен жұмыс жасау. Сөздік жұмысы: - мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі; - оқушылар жаңа сөздерді кезекпен оқиды; - жаңа сөздерден сөйлемдер құрау 1 -тапсырма. Сөйлеп үйрену. Берілген сандарды сөйлету. Сөйлем құрастыру. 2 -тапсырма Сурет бойынша әңгімені оқу, асты сызылған сөздердің септіктерін табу. 3- тапсырма. Сызба бойынша сөйлеу. Сергіту сәті. 4- тапсырма. Жұмбақ шешу. 1. Таудан түссем, тоқтауды білмейді, Тауға қарай тартсам да, жүрмейді. 2. Табаныма байладым, Қос таяқпен айдадым 3.Аяқтарым қалтылдап, Қос тай міндім жалтылдақ. Шапса жұбын жазбайды, Бір – бірінен озбайды. V. Сабақты бекіту.«Қысқы демалыс» тақырыбы бойынша топтық жұмыс. 1.Сызба бойынша әңгімеле. 2. 133-беттегі 5 тапсырмадағы үлгі бойынша 5 жол өлең. 1. Демалыс. 2. Қысқы демалыс. 3. Қысқы демалыс басталды. 4. Қысқы демалыс ерте басталды. VI. Үйге тапсырма беру. «Қысқы демалыс» тақырыбы бойынша әңгіме дайындау, сурет салу.132 бет. 2-тапсырма | |
Просмотров: 2228 | Комментарии: 2 | | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|