Учительские университеты
Ойын - оқытудың алғашқы құралы ретінде
Ойын – мектепке дейінгі баланың әрекет етуінің басты үлгісі. Ол барлығы жақтан қызықты болу үшін оны дұрыс ұйымдастыру қажет. Ойын тек қана үйрету құралы ғана емес баланың қызғушылығын ояту қажет. Осындай жағдайда ғана ол өз оқу құралы ретінде міндетін атқара алады. Қазіргі уақытымыздың талабы ерте жастан бастап тілдерді үйрену, әсіресе қазақ тілін. Мемлекеттік тілді үйрету мақсатымен «Сауран» балалар клубында эксперементті топ ұйымдастырылды. Бұл топтың құрамына өзге ұлт өкілдерінің балалары кірді. Балалары ерте жастан бастап мемлекеттік тілді жетік меңгерсе деген ойымен берген ата-аналар. Қазақ тілін үйрену сабақтарында әр түрлі кеспе, перфокарта, суреттер т.б.үйлестірмелі материал қолданып жүрдік. Осы материалмен жұмыс жасаған кезде балалар жаңа сөздерді толық есте сақтамағынына, берген материалды меңгере алмағанына назар аудардық. Біздің тобымызда Никита деген бала бар еді. Оқу жылының басында ол балаға буын құрастыру, сөзді есте сақтау әрекеттері өте қиын болды. Әрқашан тапсырманы орындаған кезде Никита ешқандай нәтиже болмайды деп қиналды.Осы проблеманы шешу үшін біз өзіміздің балаларға беріп жатқан әдіс-тәсілдерімізді қайта қарастырдық. Никитаның анасымен кездесіп әңгімелескен кезде, Никита компьютерде танымдық-ойын-сауық ойындарды ұнататынын білдік. Баланың көру және есту қабылдау, ықыласын арттыру, жад сондай сияқты, сөздік-логикалық ойлау әр түрлі психикалық функцияларын дамытуға бағытталған мектепке дейінгі балаларды оқыту кезде жақсы нәтиже көрсететін әр түрлі компьютерлік құралдар бар. Біздің клубымыз компьютер және интербелсенді тақтамен жабдықталған, сондықтан біз өз интербелсенді жаттығулар қорын жасауға кірістік.
|
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: AlmagulDolgolevec (2015-03-30)
| Автор: Ойын - оқытудың алғашқы құралы реті E
|
Просмотров: 634 |
| Рейтинг: 5.0/1 |
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[
Регистрация |
Вход ]