Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ашық сабақ "Абайдың табиғат лерикасы"
Сыныбы: 10
Пән аты: Қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Абайдың табиғат лирикасын қайталау.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Абай өлеңдерін барынша терең меңгерту, жатқа айту,
өлеңді талдау машығын жетілдіру,
теориялық ұғымдарды түсіндіру,
білім дағдысын арттыру.
2. Оқушылардың шығармашылықпен
жұмыс істеуіне ықпал ету, ойлау
қабілетін, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
3. Оқушыларға эстетикалық , экологиялық
тәрбие беру, поэзияға деген сүйіспеншілігін арттыру. Абайдң ұлылығын үлгі ету, насихаттау, тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ ( топтық жарыс).
Сабақтың типі: іздендіру сабағы
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ – жауап, шығармашылық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Абайдың портреті, кітап көрмесі, буклет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Үй тапсрмасын тексеру
«Аквариум» (сұрақ қою)
- Балалар кім қандай мезгілде туды?
- Кәне қыста туғандар кімдер?
- Жазда ше?
- Ал күзде туғандар кімдер?
- Кәне қыста, күзде, жазда туған күні болатын балалар ортаға шықсын (әр мезгілден 1 баладан).
1. Сенің туған күніңе сыйлаған ең жақсы сыйлық қандай?
2. Қыс саған несімен ұнайды?
3. Жаз саған несімен ұнайды?
4. Күз ше?
- Ал мен болсам көктемде дүниеге келгем.

Оқушыларға алдымен өткен сабақтардағы Абайдың «Қыс», «Күз» атты өлеңдерін және «Табиғат лирикасы» туралы өткендерін естеріне салып, мынандай сұрақтармен бекітіп аламын:
1. Абайдың жыл мезгілін суреттеген өлеңін айтыңдар?
2. Лирика, табиғат лирикасы дегенімізді қалай түсінесіңдер?
3. Абайдың қандай өлеңін жатқа білесіңдер?
4. ЮНЕСКО көлемінде Абай атамыздың неше жлдығын атап өттік, ол жайлы не білесіңдер?
Лерика және табиғат лерикасы туралы оқушылардың дәптеріне жазғызу. Одан соң оқушыларды жарыс түрлерімен, тәртібімен топ жетекшілерімен ттаныстырамын.
Балалар біз бүгін Абайдың «Табиғат лирикас» «Күз», «Қыс» өлеңдерін қорытындылауға арналған жарыс сабағын өткіземіз. Жарысқа екі топ қатысады, олар мынадай бағытта білім сайысына түседі:
1. Поэзия
2. Теория
3. Грамматика
4. Ән - күй
5. Этнография
6. Экология
Жарыс сабақтың мақсаты: Сендердің өнер – білімдеріңді жан - жақты байқау. Топ жетекшілері шығып, өз тобымен, оның атымен және төс белгісімен таныстырады.
1. топ. Біздің тобымыздың аты: «Күз»
2. топ. Біздің тобымыздың аты: «Қыс»
І. бағыт – Поэзия
І тапсырма: Әр топтың мүшелері бір шумақтан бірін - бірі жалғастырып, өлеңді жатқа айтады.
ІІ тапсрма: Әр топ өзеріне арналған сұрақтарға жауап береді.
«Қыс» тобына
а) Ақын қысты қандай бейнеде суреттеген?
( Абай қысты ақ киімді денелі, ақ сақалды шалға теңейді, оның үсті басын ақ қырау шалған, түсі суық, ешкімді көрмейтін соқыр, мылқау тұлғада сипаттайды. Қысты тойымсыз, сұрамшақ құдаға теңеп, оның басталуын елдің мазасын алып, әлек салған қаһарлы, қайырымсыз қонақтың келгені сияқт етіп суреттейді).
ә) Қыстағы адамдардың тіршілігі қалай бейнеленген?
(Тынымсыз жауған қар, бұрқ – сарқ етіп соққан боран. Әуес көріп жүгірген балалардың бет аузын үсік шалған. Боранға қарсы қарай алмай қабаттап киінген малшылар, ашыққан мал, қыспен бірге қабаттасып, малға ауыз салған аш қасқыр – қыстың көңілсіз көрінісі міне осындай).
«Күз» тобына
а) Өлеңде күздің қандай белгілері суреттелген?
(Күз келіп аспанды сұр бұлт торлаған, дымқыл тұман жерді басқан. Бұрынғыдай жасыл шөп, бәйшешек жоқ. Күліп ойнаған жастар да, шулаған балалар да көрінбейді. Жапырағынана айырлған ағаштың көркі).
ә) Өлеңде ауыл тұрмысы қалай бейнеленген?
(Адамдардың бәрі өз қамдарын жасап жүр. Біреулері тері илеп, жыртық киімдерін бүтіндемек болса, жас әйелдер енесіне жіп иіртіп, туырлық жамауда. Ауыл көңілсіз. Ойын сауық көрінбейді, күлні естілмейді. Кемік сүйек, сорпа – су тимеген соң ит те ауылда тұрмай, тышқан аулап, дала кезіп жүр).
ІІ бағыт – Теория
І тапсырма. Теориялық сұрақтарға жауап беру.
«Қыс» тобына: Кейіптеу дегеніміз не?
«Қыс» өлеңінен мысал келтір.
(Табиғат құбылыстарын жандандырып, кісі, адам кейпінде суреттеуді кейіптеу дейміз. Мысалы: «Қыс» өлеңінде ақын қысты ақ киімді, ақ сақалды кісі бейнесінде суреттеген).
«Күз» тобына: Эпитет дегеніміз не?
«Күз» өлеңінен эпитетке мысал келтір.
(Заттың немесе құбылыстың айрықша сипатын суреттеу үшін қолданылатын бейнелі сөз эпитет деп аталады. Сұр, дымқыл - эпитет).
ІІІ бағыт – Грамматика.
Тапсырма: Өлеңнен алынған үзінділерді оқып, одан тұрлаулы мүшелерді табу.

1. Жастар күлмес жүгірмес бала шулай
2. Салбыраңқы тартыпты жыртық киім
3. Кәрі құдаң қыс келіп әлек салды
4. Алты қанат ақ орда үй шайқалды
5. Күлкі ойын көрінбейді, сейіл серуен.
IV бағыт - Ән – күй.
«Қыс» тобына: «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындау.
«Күз» тобына: «Көзімнің қарасы» әнін орындау.
V бағыт – Этнография
тапсырма: Абайдың «Қыс», «Күз» өлеңдерінде кездесетін қазақтың көне тұрмыстына, шаруашылығына қатысты түсінік беру. Сұрақтар оған жауап.
1. Малма деген не? Малма сапсу дегенді қалай түсінесің?
(Малма тері илейтін ашытқы, иі, иге салатын теріні асты – үстіне шығарып араластыруды малма сапсу дейміз).
2. Шуда жіп деп қандай жіпті айтады? Оны қалай иіреді?
(Түйенің шудасынан иірілген жіпті шуда жіп дейді, оны әжелер ұршықпен иіреді).
3. Шом, шомшы деген не?
(Шом түйенің беліне жүк батпас үшін салынатын жұмсақ нәрсе, шомшы – түйемен жүк тасушы адам).
3. Күзеу деген не? Көшпелі қазақтардың күзгі, қысқы, жазғы қоныстары қалай аталады?
(Күзеу малшылардың күзде отыратын қонысы, жайылымы. Қысқы қоныс – қыстау, жазғы қоныс – жайлау деп аталады).
5. Алты қанат үй деген қандай үй? Киіз үй неше қабат болуы мүмкін? Киіз үй қандай бөліктерден тұрады?
(Киіз үйлер неше керегесінің болуына байланысты 5, 6, 7, 12, қанат болып келеді. Ол мынадай бөліктерден тұрады: кереге, уық, шаңырақ, сықырлауық, түндік, іргелік, туырлық, үзік, басбау, бау.)
6. Шидем деген қандай киім? Қазақтың тағы қандай дәстүрлі ұлттық қысқы киімін білесің?
(Шидем қойдың жабағысынан тігіп, сыртын матамен қаптаған киім, оны күпі деп те атайды).
Қазақта сондай - ақ тон, ішік, тымақ, бөкебай, түлкі тымақ, құлақшын пима, байпақ т.б
7. Ене деген кім? Қазақша тағы қандай туыстық атауларды білесің?
(келіндер күйеуінің шешесін ене деп атайды. Туыстық атаулар: апа, көке, ата, әже, жезде, шеше, аға, жеңге, балдыз, абысын, келін, құда, құдағи, сіңілі, қайынсіңілі).
8. Құда деп кімді атайды? Құдалыққа байланысты мақал – мәтел білесіңдер ме?
(Қыз алып, қыз беріскен адамдар құдалар деп аталады).
«Құда - мың жылдық, күйеу жүз жылдық».
«Құдаңд құдайыңдай сыйла».
VI бағыт – Экология.
тпсырма: Екі топқа О. Сүлейменов пен М. Шахановтың суреттерін көрсету.
Сұрақтар:
1. Бұл кімдердің суреттері? Оның бүгінгі сабақта қандай, экологияға қандай қатысы бар?
Олардың табиғатты қорғау жөніндегі қызметтері туралыайтыңдар.
«Қыс» тобының жауабы:
Бұл – қазақтың белгілі ақыны, қоғам қайраткері О. Сүлейменов. Ол – ақын, Семейдегі 1991 жылы Ядролық полигонды жаптырды. Өзі құрып басшылық еткен «Невада Семей» қозғалысы ядролық жарылыстарды болдырмау, оның зардаптарын жою.
«Күз» тобының жауабы:
Бұл сурет – Мұхтар Шаханов. Ол қазақ халқының талантты ақын және қоғам қайраткері. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына тарихи әділ баға беруде көп еңбек сіңірді. Арал суының тартылуы, оның зардаптары,ойсыраған табиғат ортасы, қазір дүние жүзінің назарын аударуда. М. Шаханов аға осы мәселемен айналысатын қоғамдық комитеттті басқарады.
Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?



Бағалау.

Источник: http://Харынбай Калима
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Харынбайқызы (2015-04-01) | Автор: Харынбай Калима E W
Просмотров: 1604 | Комментарии: 1 | Теги: 302015 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 5:46 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru