Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақстан – көпұлтты мемлекет
Қостанай облысы Науырзым ауданы Қарамеңді ауылы
«Науырзым ауылшаруашылығы колледжі» КМҚК
Ермағамбетова Мадина Қуанышбайқызы
қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Тақырыбы: Қазақстан – көпұлтты мемлекет.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақты ұйымдастыру формасы: фронтальді

Ұйымдастыру кезеңі:
Сәлеметсіңдер ме! Бүгінгі сабақта біз жаңа тақырыппен танысып, сөз қорымызды байытамыз, сол сөздерді дұрыс айтуға, пайдалануға тырысамыз және дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландырамыз. Сендерше өздерінің білім қабілеттерін, ойларын, пікірлерін ортаға салуға ұй алмаңдар.
Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Сонымен сабағымыздың тақырыбы «Қазақстан – көпұлтты мемлекет». Біздің Отанымыз – Қазақстан. Қазақстанды Отанымыз дейтін себебіміз, бұл жерде ата-бабаларымыз тұрған, енді осы жерде біз тұрамыз. Адал адам Отанын сүйеді. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды, Отансыз да өмір сүре алмайды. «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген қазақ мақалы осыны дәлелдейді.
Сендердің алдарында «Қазақстан – көпұлтты мемлекет» атты мәтін жатыр. Қазір осы мәтінді оқимыз, аударамыз. Ең алдымен жаңа лексикамен танысайық /жаңа лексикалық минимум тақтада жазылып тұр/.
ЛЕКСИКА:
қабылдау – принять, одобрить
егеменді – суверенный
басқару нысаны – форма управления
орнықтыру – укрепить, закрепить
өкіл – представитель
теңқұқылы – равноправный
ресми – официально
қолдану – использовать
қарым-қатынас – отношение

Мәтінге көшейік, бір сөйлемнен оқимыз және аударамыз.

«Қазақстан – көпұлтты мемлекет.
Қазақстан – көп ғасырлық тарихи мен мәдениеті бар мемлекет.
1990 жылы 25 қазанда мемлекеттік суверенитеті туралы Декларация қабылданды. Бүгінгі Қазақстан – тәуелсіз мемлекет, егеменді ел. Тәуелсіз Қазақстанның негізі унитарлық, демократиялық, зайырлы, құқықтық және президенттік басқару нысанындағы әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылады.
Бүгінгі күнде Қазақстанда шамамен 130 ұлттың өкілдері өмір сүреді. Бұл 17 миллионнан астам адам. Қазақстанды мекендейтін барлық халықтар теңқұқылы. Конституция бойынша Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады (7-бап, 1-тармақ). Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады (7-бап, 2-тармақ). Бірақ бұл басқа тілдердің маңызы төмен деген сөз емес. Еліміздің әрбір тұрғыны өзі қарым-қатынас жасағысы келетін тілді таңдай алады.
Әр халықтың өз салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптары, тілі бар. Ал біздің мемлекетіміз Қазақстан халықтарына олардың өз ана тілдерін сақтауына және оқып-үйренуіне жағдай жасауды уәде етеді (7-бап, 3-тармақ). Республикамызда ұлттық мәдени орталықтары, театрлар мен өзбек, ұйғыр, тәжік, украин және басқа тілдерде мектептер жұмыс істейді (19-бап, 2-тармақ).»

Жаңа тақырыпты бекіту:
№ 1. Келесі тапсырма. Тақтаға назар аударыңдар. Сендердің алдарында Қазақстан Республикасының Конституциясынан кейбір алынған баптар. Берілген баптар мен тармақтарға мәтіннен сәйкес сөйлемдерді табу.

1. 7-бап, 1-тармақ
Қазақстан Республикасындағы мемелекеттік тіл – қазақ тілі. (ҚР Заңы)
Конституция бойынша Қазақстанда мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады. (мәтін бойынша)
2. 7-бап, 2-тармақ
Орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады. (ҚР Заңы)
3. 7-бап, 3-тармақ
Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды. (ҚР Заңы)
Қазақстан халықтарына олардың өз ана тілдерін сақтауына және оқып-үйренуіне жағдай жасауды уәде етеді. (мәтін бойынша)
4. 19-бап, 2-тармақ
Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңда п алуға құқығы бар. (ҚР Заңы)
Республикамызда ұлттық мәдени орталықтары, театрлар мен өзбек, ұйғыр, тәжік, украин және басқа тілдерде мектептер жұмыс істейді. (мәтін бойынша)

№ 2. 1990 жылы 25 қазанда мемлекеттік суверенитеті туралы Декларация қабылданды. Тәуелсіз Қазақстанның негізі унитарлық, демократиялық, зайырлы, құқықтық және президенттік басқару нысанындағы әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырылады /жаңа сөздер тақтада жазылып тұр/. Жазылған сөздердің сәйкес аудармаларын табу.

ГЛОССАРИЙ
суверенитет /француз тілінен/ – тәуелсіздік, независимость
декларация /латын тілінен/ – жариялау, провозглашение
унитаризм /латын тілінен/ – бірлік, единство
демократия /грек тілінен/ – халық билігі, власть народа
социум /латын тілінен/ – әлеумет, общество

№ 3. Тақтада жұмыс. Орыс тілінен қазақ тіліне аудару.
1. У каждого человека есть право пользоваться родным языком и своей культурой.
(Әр адамның ана тілі мен өз мәдениетін пайдалануға құқығы бар).
2. Никакая религия в Республике Казахстан не является государственной религией.
(Қазақстан Республикасында ешқандай дін мемлекеттік дін болып табылмайды).
3. Каждый житель нашей страны выбирает удобный язык для отношений.
(Еліміздің әрбір тұрғыны қарым-қатынас жасау үшін өзіне қолайлы тілді таңдайды).

№ 4. Айырмашылығы және ұқсастығы /Венн диаграммасы /
ҚАЗАҚ ҰЛТЫ ОРЫС ҰЛТЫ
алтыбақан лапта
көкпар чехарда
шапан лапти
тон сарафан
қалпақ валенки
қамзол ортақ үйіміз Қазақстан тепляк
шілдехана масленица
тұсау кесер крестины
құырдақ окрошка
шұжық борщ
бесбармақ блины

Үйге тапсырма:
Жаңа өткен сөздерді жаттау, есте сақтау. Жаңа 5 сөзбен (суверенитет, декларация, унитаризм, демократия, социум) 5 сөйлем құрастырып келу.

Бағалау:

Құрметті оқушылар! Бүгінгі сабағымызды қорытындылай келе сендер болашақ жұмыскер маманы ретінде ел экономикасына өздерінің үлестерін қосасыңдар. Сондықтанда әрқашанда ынтымақтастыққа жұмыс жасай білейік деп – Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың жолдауындағы мына «Ырыс-ынтымаққа жолығады, дәулет-бірлікпен толығады», деген сөздермен сабағымызды аяқтаймыз.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: madina-emk (2015-04-01) | Автор: Ермагамбетова Мадина Куанышпаевна E
Просмотров: 3663 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/5
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 10:01 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru