Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Өнер. Шешендік сөйлеу өнері. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың тақырыбы: Өнер. Шешендік сөйлеу өнері. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Шешендік өнер туралы аталған білім- дағдыларын бекіту, ойларын ортаға салып қорытындылау, студенттерге өз ойын ашық айтқыза білуге үйрету дағдыландыру;
2. Дамытушылық: Сөздерді оқыта отырып, студент бойына көркем, әдеби сөйлеу өнерін дамыту, шығармашылық ізденістерін арттыру;
3. Тәрбиелік: Шешендік сөз өнерінің құдіретін сезінуге баулу және туған елінің тарихын, әдеби мұрасын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдіс- тәсілдері: сөз әдісі, көрнекілік әдісі, сұрақ-жауап, жазылым, тыңдалым, оқылым, сөзжұмбақ шешу арқылы қызықты еткізіп өткізу.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, кітапша, кестелер, үлестірме қағаздар, тірек сызбалар.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті,тарих.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
2. «Өткеннен салауат,келешек ғаламат»
3. «Сөз құпиясы»
4. «Сөз қозғау»
5. «Ойланайық,орындайық!»
6. «Есту қабілетін жетілдіру!»
7. «Байқайық, көрелік»
8. Қорытынды
9. Бағалау
10.Үйге тапсырма беру.
1.Ұйымдастыру кезеңі: Студенттермен амандасу, түгендеу, сабаққа дайындығын байқау.
«Армысыз – қайырымды, Аспан ата,
Армысыз – шұғылалы, Жер ана,
Армысыз – қадірменді апайлар,
Армысыз – қадірлі ұстаздар!»
2. «Өткеннен салауат,келешек ғаламат»
Студенттер сөзжұмбақты шешеді:
1.Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.Ұлттың сақталуына да,жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзіде жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздырға тырысады,-деген кім? (А.Байтұрсынұлы)
2. «Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басында да алып жүре алмайды»,-деген кім? (Ә.Бөкейхан)
3. «Мақаланы қалам өзі тілегенде жазса – сөз кестелі болады», деген кім? (Ә.Бөкейхан)
4. «Оқу құралының ең ұлығы – бала оқытатұғын кітап», деген кім? (А.Байтұрсынов)
5.Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды.Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы- тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзіде жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздырға тырысады,- деген кім? (А.Байтұрсынұлы)
6. «Егер де біз қазақ деген ұлт болып тұруды тілесек, қарнымыз ашпас қамын ойлағанда тіліміздің де сақталу қамын қатар ойлау керек»,- деген кім? (А.Байтұрсынов)
7. «Ұмытпаңыз. Өзімізді басқа ұқсас халықтан айыратын белгіміз болған ана тілімізді білсек қана осы мақсаттарға жетпекпіз», -деген кім? (Ғ.Қаращ)

491-тапсырма. Шартты бағаныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдерді тауып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңіздер.

Атаң жақсы болса, Әйелің жақсы болса,
Ер жігіттің пырағы. Бірінші - иманың,
Балаң жақсы болса, Екінші - жиғаның
Жан мен тәннің шырағы. Үшінші – ырысыңның тұрағы...
Тату болса,ағайын жақын, Сыбайлас болса,нағашың жақын,
Ақылшы болса,апайың жақын. Адал болса , досың жақын.
Бауырмал болса,інің жақын. Жан серігің жас кезіңнен
Алдыңа тартқан адал асын – бәрінен де әйелің жақын.
Қимас жақын қарындасың.
3. «Сөз қозғау»
Сөздікпен жұмыс жасау. Х -тарауда өткен кейбір сөздерге жалпы шолу жасау. Тақтада орысша сөздер берілген , студенттер дәптерлеріне тек қазақшасын жазу керек. Соңында сол сөздер дәптер алмастырып тексеріліді.
1.Сөз- слова
2.Сөйлеу- говорить
3.Ойлау- думать
4.Айту-говорить, разговоривать
5.Әдеби сөйлеу-литературный речь
4. «Ойланайық,орындайық!»
Сызбамен жұмыс. Тақтада берілген сызбаны Жиренше шешеннің сөзімен сөйлету.
ә) Жиренше шешеннің жауабын талдау.
Ағын судың өлгені –
Алты ай қыста қатқаны.
Асқар т аудың өлгені –
Басын бұлттың жапқаны.
Ай мен күннің өлгені –
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені –
Қар астында жатқаны.
Ажал деген атқан оқ,
Бір алланың қақпаны.
Дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді.
5. «Ойланайық, орындайық!»
1. Сабақтас құрмалас сөйлемге жалпы шолу жасалып,ережелері сұралады
Сабақтас құрмалас сөйлем деген не?
Сабақтас құрмаластың неше түрі бар?
Соңғы тарауда біз қай сабақтастың түрін өттік?
Шартты сабақтас құрмалас сөйлемінде баяндауышта қандай жұрнақ жалғанады?
Ыңғайлас құрмалас сөйлем сөйлем дегеніміз не?
2. Студенттерге карточкалар таратылады,берілген шартты сабақтас құрмалас сөйлемдерді олар синтаксистік таңдау жасау керек.
№1.Жазым болса,быламыққа тіс сынар.
№2.Жау құтырса,шаңырағыңда қобыз тартар.
№3.Жарлы атқа мінсе, «Қайдан алды» дер,
Бай атқа мінсе, «Құтты болсын» дер
№4.Құлан құлдыққа құласа,құлағына құрбақа ойнайды.
№5.Біреу зәбір етсе,сен сабыр ет.
№6.Бай болсаң жауға найзаң тисін.
№7.Батыр болсаң жауға найзаң тисін.
6. «Есту қабілетін жетілдіру!»
Студенттер билердің сөздері туралы тақтадан қарап,мұқият тыңдайды. Содан соң оларға берілген кеспе қағаздары бойынша сол естіген сөздерін тақтада ілулі тұрғн қағаздардан ауып, нөмерлерін жазып алу керек, содан соң, дұрысынан мұғаліммен бірге тексеріп, қателері бола түзеу керек.
Қазыбек бидің толғауы
Өркенім өссін десең,
Кекшіл болма –
Өскеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма –
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жалыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын – қыстау күндерді
Өзі келер қасыңа.
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба!

Әйтеке би
Суалмайтын суат жоқ
Тартылмайтын бұлақ жоқ,
Құйрығы суда тұрса да,
Уақытысы жеткенде
Құрамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәне бұл,
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен де қиын сол екен,
Артыңда жанған шырақ жоқ...
7. «Өзіңді тексер»
Студенттер тест сұрақтарын жазбаша шешеді, болған соң тақтада берілген кілт бойынша тексеріп бағалайды.
1.“Краткое руководство к красноречию” еңбегінің авторы кім?
А) М.А.Шолохов
Ә) М.В.Ломоносов
Б) М.Горький
2. Шешендік сөздердің түрлерін тап.
А) арнау,толғау,дау
Ә) жуан, жіңішке, ашық, қысаң
Б) аралас,сабақтас, салалас
3. Қазақтың алғашқы биін ата?
А) Малайсары би
Ә) Төле би
Б) Майқы би
4. Кіші жүздің биі кім?
А) Әйтеке би
Ә) Қазыбек би
Б) Төле би
5. Шешендік арнау дегеніміз не?
А) бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл, бата.
Ә) заттық мәселелерді реттейтін әдет заңы
Б) шешендік мақал, нақыл, мысал, жұмбақ
6. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемдегі жұрнақтар
А) –у ушін, -мақ
Ә) –ып, -іп, -п, -а, -е, -й
Б) –са, -се
7. Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем деген не?
А) Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін білдіретін сабақтастың түрі.
Ә) Бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемдегі істің шартты болып келетін сабақтастыі түрі
Б) Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мақсатын білдіреді.
8. Шешендік толғау-
А) шешендік нақыл, мақал, мысал, жұмбақ, жауап.
Ә) сәлем, сын, әзіл, бата
Б) заттық, рухани мәселелерді реттеу.
9. «Сөз өнерінің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы туындайды»-
А) М.Әуезов
Ә) К.Д.Ушинский
Б) М.А.Шолохов
10. Мына ұлағатты сөзді аяқтаңдар:
«Жақсы сөйлеу - ...»
А) ардың ісі
Ә) жақсы ойлау деген сөз
Б) ұлт қасиетінің негізгі белгісі

Қорытындылау
-Балалар біз бүгін қандай тақырыпты өттік?
-Балалар біз бүгін сабақта қандай жұмыстар жасадық?
-Сабақтың қай кезеңі ұнады?
Рефлексия:
-Алақанымыздың жылуы арқылы бір-бірімізге жылы сөз айтайық.
Бағалау. Студенттерді берген жауаптарына қарай, сабақта белсенділік танытқанына қарай бағалау
Уйге тапсырма: Барлық студенттерге үш бидің сөзі жазылған және үй жұмысы жазылған кітапшалары таратылады.
1.Үш бидің сөзін жаттау;
2. 112- беттегі бақылау сұрақтарына жауап беру.
Ережелерді жаттау
Тест кілті:
1Ә 6Б
2А 7Ә
3Б 8А
4А 9Ә
5А 10Ә

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А. Ш. Бектурова, Ш. К. Бектуров «Казахский язык» для всех, Алматы «Атамұра», 2004
2. К. Тасибеков «Ситуативный казахский» Алматы 2012
3. Қазақ тілі қысқаша анықтама Алматы, 2014
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: zhantik2721 (2015-04-04) | Автор: Айтжанова Марал Умбеткалиевна E
Просмотров: 276 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2016-12-09, 8:20 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1475]
Школьный психолог [501]
История [696]
Опыт [473]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [219]
Мастер-класс [206]
Семья и школа [174]
Компьютер-бум [248]
Английский язык [771]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1140]
Химия [375]
Классному руководителю [626]
Биология [579]
Думаем, размышляем, спорим [92]
Казахский язык и литература [1763]
Краеведение [92]
Начальная школа [3910]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [355]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [290]
Экология [180]
Дошколенок [1492]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [441]
Мой Казахстан [228]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1158]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [281]
Самопознание [381]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [12]
Педагогические программы [4]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru