Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Зерттеу сабақтарында Lesson Study тәсілін қолданудың тиімділігі
Зерттеу сабақтарында Lesson Study тәсілін қолданудың тиімділігі

Ғ.Мұстафин атындағы № 83 мектептің І (ілгері)
деңгей мұғалімі Абдрасилова Айжан

Біз өмір сүріп отырған ақпараттық қоғамда, көп мәдениетті ортада бәсекелестік заманда, жаһандануға қарыштап қадам басқан уақытта халқымыз үшін маңызы аса зор оқу-ағарту ісін халықаралық талапқа сәйкестендіру қажеттігі туындағаны даусыз.Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрену қажет. Адам бойындағы қабілеттерді дамытып, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға, адамның өз болмысын тануға ұмтылысына көмектесіп, тереңде жатқан талап-тілегін қанағаттандыру, қабілеттерін дамыту, сол арқылы оған толыққанды өмір сүру үшін рухани күш беру – білім берудің басты мақсаты. Бұл асқан жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әрбір адамзаттың жеке басының қасиетін, қабілетін дамытып, талантын ұштайтын болып ұйымдастырылуы тиіс. Сонда ғана мектептерден өзгермелі қоғамда өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бетінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады. Шындығында, адам баласы өз табиғатында жасырын жатқан рухани күш –қуатын тап басып қайнар бастауына бағыттай білсе, көңіл көкжиегіндегі шектеудің шырмауынан құтылып, рухани дүниесі қыран қанаты талатын шырқау көкке самғай алады. Сонда ғана Бағдарламаның күтілетін нәтижесіне сәйкес, еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе алатын, ынталы, сенімді, сыни пікір- көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптаспақ. Осы тұста оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгерумен өлшенеді. Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр. Қазіргі заманның талабы өте жоғары, еліміздің болашақ өкілдері ұрпақтарымызды осы талаптарға сай ету үшін оларды парасатты, білімді, дүниетанымы кең , мәдениетті әрі отансүйгіш етіп тәрбиелеу керек. Ол үшін білім берудің жаңа әдістерін пайдалануымыз керек.
Осы ретте, мектеп мұғалімдері бірлесіп зерттеу сабақтарын өткіздік. Бүгінгі таңда халықаралық білім кеңістігінде кеңінен танымал жапондық Lesson Study тәсілін қолдана отырып оқушылардың білім деңгейін көтеруге шешуге қаншалықты септігін тигізетінін анықтау, оны оқыту үдерісіне ендіру, одан әрі жетілдіру болатын. Біз сабақ өткізбес бұрын мынандай мәселелерді анықтап алдық. Олар:
1. Оқу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында өз сабақтарымызда сынап көргіміз келген оқытудағы жаңа тәсілді айқындау.
2. Оқу жоспарының қандай бөлігінде бұл тәсіл аса ықпалды болатынын шешу.
3. Тақырыпқа байланысты біздің оқушыларымызға лайықты, нақты күтілетін оқу нәтижесін айқындау.
4. Зерттеу сабағы бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына ықпал ететін жағдайларды анықтау.
5. Зерттеу сабағы бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына бөгет жасайтын кедергілерді анықтау.
6. Зерттеу сабағы бойынша мұғалімдердің бірлескен жұмысына сіз қалай ықпал ете аласыз?
Осындай сұрақтарды тізбектей отыра бірлесіп жоспар құрдық.
Мақсатымыз: Ынтымақтастық ортаны қалыптастыру. Тапсырманы орындау барысында ынтымақтастық ортаны қалыптастыру сабақтың басты бөлігі болды. Сыныпта бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен ғана шектеліп қоймай, ол сонымен қатар ынтымақтастық ортамен қамтамасыз ету. Осы іс тәжірибенің екінші күні әріптестер арасында ынтымақтастық орта қалыптастыруды талқыладық. Мерсер мен Литлтон (2007 нұсқаулық 39-бет) өз зерттеулерінде ересектермен және достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және коммуникативті дамуына әсер ететіндігі айтылған. Оқушылар арасында ынтымақтастық ортада басты көңіл бөлетін негізгі жағдай оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету. Осы орайда топпен талқылау кезінде әріптестер арасында мынадай ортақ шешімге келдік:
- Сұрақ қоя отырып, оқушылардың жан дүниесін танып білеміз.
- Сыни ойлауға бағыт береміз.
- Ашылмаған қырларын тани бастаймыз.
Оқушыларға сұрақ қою және олардың жауаптарына қарай әрекет ету. Сабақ барысында оқушыларға жаңа мәтінмен жұмыс жасап, талқылағаннан кейін, тапсырманы пысықтау негізінде сұрақ қою арқылы іске асырылады. Сұраққа жауап алу арқылы мәтіннің меңгерілгенін байқаймыз. Әріптестерімнің арасында осы сұрақ қою әдісінде көптеген қиыншылықтар мен жетістіктер кездескен. Қиыншылықтарды артқа тастап жеңіп келген.
Бағалау балалардың сабаққа ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Зерттеу сабағы барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі әріптесім өзінің сабағында қазақы салт-дәстүрге байланысты болғандықтан бағалау сатысында қазақтың ұлттық киімдері мен ат әбзелдерімен бағалады.
Түсіну дәрежесін бағалау. Бұл кезеңде де оқушыларды бағалау жүзеге "Оқыту үшін бағалау мен оқу үшін бағалау" сабақ барысында іске асады. Түрлі бағалау әдістері қолданылады. Әріптестеріміздің пікіріне сүйенсек, басбармақпен, үш шапалақпен, кубикпен, домбыра, жетігін, қылқобыз т.б. бағалау түрлерін пайдалануға болады. Бастауыш сынып мұғалімі өзінің сабағының барысында жетонмен, смайликтермен, басбармақпен бағалағанына тоқталып өтті. Сонымен бірге бағалау оқушылардың өзін - өзі бағалау критериін толтыру арқылы да жүзеге асады. Мұғалімнің бағасы мен оқушылардың өздерін бағалау критерийлерін басшылыққа ала отырып баллдық жүйе есептеліп сол бойынша баға қойылады. Бұл әдістің өзіне тән ерекшелігі бар, әр пәнді меңгерту барысында соған лайық бағалау әдісін таңдап аламыз. Мұғалімдер мен балалар үшін қай мақсаттарға жеткісі келетінін білу маңызды, ал ол мақсатқа жету өлшемдерін түсінуді талап етеді.
Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме. Сыни ойлау – бағдарламаны негізігі мақсаты. Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» бойынша қазақ тілі пәнінен дәріс беретін әріптесім өзінің сабағында сыни ойлауға тапсырмалар беріп, оқушылар деңгейін анықтады. А деңгейлі оқушысының дарындылығы ерекше көзге түсті. Барлық сынып оқушыларына бағыт бағдар беріп отырады. Ал жұп болып, топ болып жұмыс жасап, сыныптастарымен теңесе отырып, ортақ іс-әрекетке араласып, өзінше ой түйген оқушы – мұғалімнің ұйымдастыра білген еңбегінің жемісі болып табылады. Осы орайда А және В деңгейлі екі оқушыны зерттеген болатынмын. Оларды зерттеу барысында төмендегідей критерийлер қойған болатынмын. Тәртіпті, реттілікті сақтай отырып, әңгімеге өз бетімен кіріседі. Жоспарланған тапсырма туралы өз ойын айта алады. Өзін бағалай алады. Топтық таныстырылымға белсенді қатысады. Сабақты жұптасып талқылай алады. Осы аталған әрекеттердің барлығын оқушы бойынан көре алдым.
Өзін - өзі реттеу тапсырмасы бойынша сыныпқа арналған сұрақтар мен жауаптар беру арқылы жүзеге асты. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Жалпы сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар сұрақ қойып, дәлелдерді талдайды, мағынаны анықтау үшін саналы түрде стратегиялар қолданады; олар ауызша, жазбаша, көзбен шолу дәлелдеріне сенімсіздікпен қарай отырып, ештеңеге сенбейді, мұндай адамдар жаңашыл идеялар мен келешекке ашық болады. (Нұсқаулық 49-бет). Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты, ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс – әрекетімізге және түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. (нұсқаулық 39 -бет) .
Топтық таныстырылым кезіндегі бірлескен оқу: талантты және дарынды оқушылар ды анықтау кезінде әріптестеріміз өз жетістіктері мен қиыншылықтарын ортаға салды. Топқа бөлу кезінде қиыншылықтар туындаған, оқушылар өздерінің ыңғайларына қарай бөлініп, талантты оқушылар бір жаққа, С тобының оқушылары бір жаққа бөлініп кеткен. Мұндай қиындықтан шығу барысында белгіленген тапсырмаларын ауыстыру арқылы қиындықтан шыққан. Қазақ тілі мен әдебиетінен дәріс беретін әріптесім төрт сабағын өткізу барысында С тобына жататын оқушының талантын байқағанын айтып өтті. Үнемі сабаққа аралспайтын оқушы тәжірибеде сабақ өткізген кезде, өзінің өлең шығаруымен көзге түскен. Сабаққа белсенді болмаса да, бойында туа біткен талантын байқаған. Сөйлей мәнері өте жақсы, тек грамматикалық қате көп кездесетінін айтқан болатын.
Сыни тұрғыдан ойлаудан бағалау: тапсырманы орындау кезінде оқушылардың сыни ойлай отырып, жауап беруін бағаладым.Зерттеу сабағында бастауыш сыныптың әдебиеті пәнінен дәріс беретін әріптесім өзінің сабағында құстар туралы шығармашылық тапсырма бергде оны орындау барысында оқушылар ақ параққа құстардың суреттерін сыни ойлау арқылы бейнелеп, әңгімелеп берді. Құстар сан алуан болса да оқушылардың ойының ұшқырлығы да сан алуан болатынын көрдік.
Бұл бағдарламаны жүзеге асыру барысында жеті модуль бір - бірімен тығыз байласнысты кіріктірілді. Бағдарламаның өзі де өн бойына сыни ойлауға бағытталған. Бұл әдіс бойынша математика пәнінен дәріс беретін әріптесім өзінің сыни тұрғыда тапсырма беріп, бағалау кезінде доллар, рубль, теңге арқылы бағалаған. Оқушылар осы сәтті бағалау деңгейлерін өздерінің сыни ойлаулары арқылы жүзеге асырған. Мысалы; доллар - өте жақсы, рубль - жақсы, тенге - орташа деп бағалағанын айтып өтті.
Қортындылай келе, бағдарламаның іс жүзінде тиімді екенін байқадым. . Мұнда біз бағдарламаның жеті модулін қамти отыра құрған қысқа мерзімді жоспарымыздың нәтижесін көре алдық. Жалпы бұл бағдарлама сабақтың өн бойына сыни ойлауға бағытталған. Сабақтан соң әріптестерімізбен ой бөлісіп, сабақ өткізу барысында кездескен қиыншылықтарын ортаға салып, "қалай еткенде түзетуге болады?" - дегендей сұрақтарға жауап алдық. Әріптестеріміз көшбасшы бола білген, ынтамқтастық ортаны қалыптастыра білген, бағдарламаның негізін басшылыққа ала отырып, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, сыни тұрғыдан ойлау жұптық әңгіме, өзін - өзі реттеу, бірлескен оқу, сыни тұрғыдан ойлауды бағалау тапсырмалары бойынша барлығы жақсы жұмыстанғандығын байқадым. Алдағы уақыттарда да әріптестеріміздің бұл әдістерді жан - жақты жандардыра түсетініне көзім жетті. Әр адамның ойлауы, ұйымдастыру әртүрлі болғандықтан әр сабақтар сан түрлі өткізілгенін ойыма түйдім.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 2012 ж.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Anzhelika (2015-04-07)
Просмотров: 3437 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 2:11 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru