Урок казахского языка. 3 класс тема «Қазақстан картасы» 3- сынып Тақырыбы: Қазақстан картасы Саб.мақсаты: 1. Қазақстан картасы тарауы бойынша өтілген тақырыптарды пысықтау, бекіту. Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту. 2. Оқушылардың дұрыс сөйлеу,ойлау,есте сақтау дағдыларын дамыту. Сөздік қорын молайту, Қазақстанның қалаларын,теңіздерін, өзендерін, көлдерін, тауларын ажырата білу, сауатты жазуға үйрету. Бағалау парағын толтыруды, өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру. 3.Тілге деген қызығушылықты арттыру. Топта жұмыс істеуге үйрету. Сабақтың түрі: қорытынды сабақ Көрнекілігі: ватман , презентация, мәтін, видео, бағалау парағы, стикер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Тренинг өткізу: Кел,балалар,тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық. Шаңырақты көтеріп, Керегені құрайық. Уықтарша иіліп, Шаңыраққа қосылып, Қазақ үйді құрайық. Оқушыларды үш топқа бөліп.Осы ойыннан бастап олар топпен жұмыс істеуді бастайды, сөздерді қайталайды. Жақсы көңілімен сабақты бастайды. ІІ. Білім актуализациясы: Бір - біріне «Қазақстан картасы» тақырыбы бойынша сұрақтар қояды ІІІ. Грамматикалық тапсырма: 1-топ: Фонетика талдау «қала». 2-топ:Септік жалғаулары «өзен». 3-топ:Тәуелдік жалғау «теңіз» IV. «Қазақстан» тақырыбы бойынша сөйлемдерді теріп жазып, мәтінді құрастыру.
Қазақстан. Қазақстанның жері бай. Бұл - біздің спортзал. Табиғаты өте әдемі. Спортзал бірінші қабатта орналасқан. Қазақстанда Алатау, Қаратау, Алтай, Ұлытау, Оқжетпес таулары бар. Спортзалда дене тәрбиесі сабағы болады. Екі үлкен теңізі бар. Спортзал үлкен,әдемі,таза. Олар – Каспий және Арал теңіздері. Үлкен өзендері: Іле,Ертіс, Есіл, Сырдария,Шу, т.б. Біз сабақта жүгіреміз, секіреміз,жаттығу жасаймыз, әр түрлі ойындарды ойнаймыз. Спортзалында жарыстар өтеді. Қазақстанның көлдері:Балқаш, Зайсан, Алакөл,Марқакөл,Сасықкөл.Біз жарыстарға қатысамыз. V.Сергіту сәті: видео - ән VI.Қазақстан картасын толтыру . Қазақстанның қалаларын,теңіздерін, өзендерін, көлдерін картаға белгілеп және оны қорғау. Қазақстанның картасы VІІ.Рефлексия: «пьедестал почёта» 2 жұлдыз, 1тілек. VІІІ.Бағалау: Оқушылар өзін – өзі бағалау парағын толтырады. ІХ. Мұғалім сабақтың қорытындысын жасап, бағалайды Х. Үй тапсырмасы: мәтінді әңгімелеп айту. Сабағымыз аяқталды. Сау болыңыз!
|