Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Мемлекеттік тілді меңгерудегі қиындықтар
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
ГЛУБОКОЕ АУДАНЫ

Ғылыми-тәжірибелік жоба

Бағыты: гуманитарлық
Секция:тіл мен әдебиет

Тақырыбы: Мемлекеттік тілді меңгерудегі қиындықтар

Жоба авторы:Соколова Диана
"Бобровка орта мектебі"КММ
6 -"Б"сынып оқушысы


Жетекшісі:Карибаева Сания Рахматуллиновна
"Бобровка орта мектебі"КММ
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі

Бобровка селосы
2015жыл

Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы , "Бобровка орта мектебі"КММ 6- «Б» сынып оқушысы Соколава Диананың қазақ тілі секциясы бойынша «Мемлекеттік тілді меңгерудегі қиындықтар» атты ғылыми-зерттеу жұмысына

П І К І Р
Глубокое ауданы ," Бобровка орта мектебі" КММ 6- «Б» сынып оқушысы Соколова Диананың бұл ғылыми-зерттеу жұмысы тақырыптардың біріне жатады.
Тақырыптың көкейкестілігі: орыстілді оқушылардың санасына қазақ тілі мемлекеттік тілде сөйлейік, осы тілді қолданамыз деген берік түсінік қалыптастыру.

Осы тақырыпты таңдап алып,қосымша тіл туралы жазылған мақалалармен танысып,оқушылар арасында зерттеу жұмыстарын өз дәрежесінде жүргізуі үлкен еңбек деп бағалаймын.
Қазақ халқының тілін орыстілді оқушылардың санасына жеткізуде бұл зерттеу жұмысының үлкен орны бар деп ойлаймын.

Карибаева С.Р ____________ "Бобровка орта мектебі"КММ
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі





Абстракт (Аннотация)
" Мемлекеттік тілді меңгерудегі қиындықтар " атты ғылыми жобамен жұмыс бірінші жыл жүргізіліп отыр.
Зерттеудің мақсаты: Мемлекеттік тілді меңгерудегі қиындықтарды анықтау оны шешу жолдарын қарастыру.
Болжам: Егер мен мемлекеттік тілді меңгерудегі қиындықтарды зерттесем,орыстілді оқушылардың және олардың ата-аналарының қазақ тіліне деген көзқарасын оятып,пәнге деген ықыласым арта түседі.
Болжамды шешу мен мақсатқа жету үшін төмендегі жұмыстар жүргізілді:
1-кезең- Еліміздегі басқа ұлт өкіл¬дерін қазақ тілін міндетті түрде үйрену қажеттігіне көзін жеткізу үшін тіл жанашырлардың еңбектерімен танысып,қосымша әдебиеттерді іздеп,зерттеу.
2-кезең-мектеп оқушыларымен сұхбаттасу,сауалнама алу,алынған мәліметтерді сұрыптау,зерттеу,бір арнаға тоғыстыру.
3-кезең-ұсынылатын зерттеу жұмысын дайындау,рәсімдеу.
Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Материалдарды талдау,оларды салыстыру,жүйелеу,қорытындылау.
Өзектілігі: Мемлекеттік тілді меңгерудегі қиындықтармен танысып,орыстілді ұлттардың ана тілімізге деген құрметін арттыру.
Жаңашылдығы: Қазақ¬станда барлық орыстілді халық қазақша сөй¬ле鬬тін болса, ұлттық идеясы бар бір елге ай¬на¬ламыз.

Мақсаты:
1. Мемлекеттік тілді меңгерудегі қиындықтарды анықтау оны шешу жолдарын қарастыру.
Міндеті:
1.Тіл жанашырлардың еңбектерімен танысып, қосымша мақалаларды қарап шығып сұрыптау.
2.Мектеп оқушылары арасында сауалнама алу.

Өзектілігі: Мемлекеттік тілді меңгерудегі қиындықтармен танысып,орыстілді ұлттардың ана тілімізге деген құрметін арттыру.

Зерттеу нысаны: Мемлекеттік тіл

Болжам: Егер мен мемлекеттік тілді меңгерудегі қиындықтарды зерттесем,орыстілді оқушылардың және олардың ата-аналарының қазақ тіліне деген көзқарасын оятып, қазақ тілі пәніне деген ықыласым арта түсер еді.

Зерттеудің әдіс-тәсілдері: Материалдарды талдау,оларды салыстыру,жүйелеу,қорытындылау.

Жаңашылдығы: : Мектептегі барлық орыстілді оқушылар қазақша сөй-ле鬬тін болса,мемлекеттік тілдің мәртебесі арта түседі.

Кіріспе
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл

Тіл - ұлт байлығы. Әр ұлт өз тілін қадірлейді, сыйлайды және болашаққа, келешек ұрпаққа аманат ретінде жеткізіп отырады. Тіл - ғасырлар бойы әр ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа берілу арқылы жинақтаған бағасы жоқ мәдени байлығы. Біздің отанымыздың тілі – қазақ тілі.
Қазір қазақ тілі – қазақ халқының ұлттық тілі. Ол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ жазуы 1929 жылға дейін араб графикасын, ал 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын алфавитін қолданған. Одан бері қарай орыс графикасын қолдануда.
1989 жылы “Тіл туралы заң” қабылданып, қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі мәртебесін алды. Кейін 1993 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында бекітілді.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттік рәміздердің бірі болып табылады.
Қазақстан - егеменді, тәуілсіз ел. Қазақстанды дамыған өркениетті елу елдің қатарына енгізетін біздің болашығымыз- бүгінгі жастар. Олардың міндетті – елінің намысын қорғап, оны әлемге таныта білу. Әлемге таныту үшін әр жас өз елінің тарихын, тілін жетік білуі керек.
Қазақстан Республикасының 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай мемлекеттік тіл болып- Қазақ тілі белгіленді.
Қазақ тілі- батыс түркі тілінің қыпшақ тармағына жатады, бұл тармаққа кіретін тілдер- қарақалпақ, ноғай, башқұрт, қырғыз, қырым татары, қарашай, балқар, құмық және тағы басқа тілдер. Қазақ тілі – өзіндік әдеби, ғылыми және саяси жазу нормасы қалыптасқан бай тіл.
Қазақ тілінің тарихы әртүрлі тарихи кезеңдерді бастан кешкен қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Оның қалыптасуға бет алуы ХІ-ХІІ ғасырлардағы Түрік қағанатының пайда болу кезеңінен басталып, ХҮ ғасырдағы қазақ хандығы тұсында әбден қалыптасып болған еді.
Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту –бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Өйткені тіл- біздің ана тіліміз- Туымыз, Ел таңбамыз, Ән ұранымызбен қатар біздің елдігіміздің басты белгілерінің бірі болып саналады.
Мемлекеттік тіл-тек қазақтың тілі емес, Қазақстанда тұратын барлық ұлттардың ұлтаралық ортақ тілі.
Қазақ тілін дамыту еліміздің стратегиялық бағыты болып табылады.
Қазақстан Республикасында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік қазақ тіліне өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.
Елбасымыз айтқан «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.



Негізгі бөлім
Зерделеудің келесі кезеңінде қазіргі мектеп оқушыларының арасында тіл нормасы қандай деңгейде екенін анықтау болды. Орыстілді оқушылардың тіл білу деңгейінің төмен болғаны жақсы емес. Қазіргі оқушылар мектептегі сабақ үстінде қазақша сөйлегенімен, сабақтан тыс уақытта ортаның әсерімен орысша сөйлеп кетеді. Мен оны өзімнің сыныптастарымен білемін. Өйткені, орыс тіліндегі телехабарлар, орысша газет, журналдар, іс жүргізу жұмыстары әлі де басым.
Мені мазалайтын бір ой бар. Неге орыстілді оқушылар қазақша сөйлемейді? Қазақ тілінде сөйлеуге кімнен, неге қымсынады екен? Менің күнделікті байқағаным,орыстілді қазақтар мектепте, көшеде, қандай ортада¬ болсын, ата-аналар балаларымен¬ орысша сөйлесіп тұрады. Сондықтан, ба¬ла қазақшасын ұмытып, орысша¬лай бе¬реді, себебі, сөздік қорын то¬лық¬ты¬руға ата-аналары көмек бермейді.
Тіл білмеген соң сабақты да көздері мөлдіреп, ша¬ла ұғады, тіпті, кейбірі ештеңе ұқ¬пай, жаутаңдап отырғанда жаның аши¬ды.
Қала мектептерінің оқушылары сабақ үстінде қазақша сөйлегенімен, мектеп ауласында өзара орыс тілінде тілдеседі. Сондықтан қазақ тілі әлі күнге дүбәра күй кешуде. Осы орайда Елбасымыздың тапсырмасына орай, әрбір мектеп бітіруші қазақ тілін толықтай меңгеруі керек.

Қазіргі оқушылардың тіл білу деңгейінің төмен болу себебін іздестірдім. Жазушы Ә. Әбішев бұл туралы былай дейді: «Жастар ізденбейді, олар қазақ әдебиетін оқымайды... Жастар сөйлемді әдейі бұзып жазады, олар ерекшеліктің белгісі түсініксіз жазу деп ойлайды... Тіл мәдениетінің төмен болуына ғылыми-техникалық прогрестің де әсері бар", - десе, И. Нұғыманов: «Оқушылардың тілінде болатын кемшіліктердің себептері:
1. Ортаның әсері;
а) оқушының сөйлеуіне жергілікті тіл немесе басқа тіл әсер етеді деп көрсетті.
2. Ата-аналардың балаларының тіл білуіне жете мән бермеушілігі;
3. Тілдік ортаның әсері;
4. Бастауыш сыныпта казақ алфавитін терең меңгермегендігін ескермей, , шетел тілі пәндерін қосып үйрету. Бірнеше тілді игеру ауыр тиетіндігіне көңіл бөлінбеу;

Қазақ сыныптар арасында төмендегі сұрақтар аясында сауалнама жүргіздім


Сұрақтары
Иә
Жоқ

1
Сабақта толық қазақша сөйлейсің бе?
85%
15%

2
Үзілісте орыстілді достарыңмен таза қазақша сөйлесесің бе?
0%
100%

3
Отбасыңда таза қазақша сөйлесесің бе?
70%
30%

Күнделікті сөйлеу тілінде мақал-мәтелдерді қолданасың? 10%
90%

5
Әдеби кітап, көркем әдебиет оқисың ба?
5%
95%

6
Ұялы телефондардың бағдарламасы қазақ тілінде ме?
0%
100%

7
Сөйлегенде жаргондар қолданасың ба?
80%
20%

8
Қазір оқушылар арасында қазақ тілі деңгейі ауызекі сөйлеу тілінде жоғары ма?
25%
75%

Қазақстандық қазақ тіліндегі сериалдарды көресің бе? 40% 60%

Бұдан оқушылар арасында тіл тазалығы деңгейінің төмендеу құбылысы жоғары екенін байқауға болады.

Орыс сыныптары арасында «Орыстілді оқушылар неге қазақша сөйлемейді?» деген сауалнамаға
Тілдік ортаның әсері
Сөйлеу дағдыларының жоқтығы
Ойымды нақты жеткізе алмаймын.
Орысша сөйлейтін ортада жүремін.
Орыстілді оқушылардың үйлерінде қазақша телеарналардың жоқтығы
Қазақстанда қазақ тілінің мәртебесі төмен, деп жауап берді.

Ал, ғаламтор мәліметіне қарайтын болсақ, бүкіл Қазақстан халқының 50 пайызы ғана мемлекеттік тілді меңгердік, жақсы білеміз деген пікір айтқан. Орыс тілін 88 пайызы біледі. Ал ағылшын тілін 2 пайызы білетін болып шықты.

Елбасы: «Қазақстан халқы үш тілді жетік меңгерген және барлық әлемге
жоғары білімді ел ретінде танылуы керек» деген еді.
Ендеше осы жетік меңгеру деген сөзді санамызға сіңіре алмай тіліміздің шұбарлануына жол берудеміз. Ал қазақ халқының тілінің келешегі мектеп оқушыларында.

Қорытынды
Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса да қарсы тұруға тиіс.
Өз атамекенімізде жүргендіктен, өз тілімізде сөйлеу парызымыз.
Әр халықтың ғұмыры – оның тілінде. Тіл жоғалса, ұлт та жоғалатыны белгілі. Барлық қазақстандықты біріктіретін – қазақ тілі сондықтан, егемен елімізді сақтап қалу үшін ұлттық құндылықтар мен мемлекеттік тілге ерекше ықылас қажет.
Қазақ тілі Қазақстан халқының ортақ тіліне айналып қоғамдық қатынаста мемлекеттік тіл мәртебесімен өз тұғырында нық орныққан тіл болып қалыптасуы үшін атсалысу әрбір қазақстандықтың мемлекет алдындағы жауапкершілігінің басты шарты деп айтсақ, артық айтқандық емес. Ел болашағы -біз. Мемлекеттік тілдің болашағы – біздің қолымызда. Сондықтан орыс мекетептерінде білім алып жүрген оқушылар бір- бірімен мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, ел тілінің мәртебесін көтеріп, мемлекеттік тіліне деген сыйластығы мен құрметі жойылмағанда ғана тіліміздің болашағы жарқын болады. Мемлекеттік тілсіз Қазақстан Республикасындағы өмірді елестету қиын. Сондықтан, болашағымызды бұлыңғыр қылуға жол бермей, тіл дағдарысына төтеп беріп , тілімізді қастерлеу біздің қолымызда. Тіл - барша адамзаттың ең басты қазынасы.
Қазақ тілі
Қазақ тілі- кең пішілген даласы сен
Назды сұлу нәзіксің дарасың сен.
Жүректерді жібітіп тебірентер
Сезім тілі болып та қаласың сен.

Білемін мен әлі талай жанасың сен
Шоқтығы биік тіл боп барасың сен.
Мақтанамын сол үшін шаттанамын
Тамырыңды тереннен жаясың сен.

Жинаймын да әлі талай байлықты,
Өмір мені тілім саған байлапты.
Бақытты мын осыныма ризамын
Қылышымды тілдің жақсы қайратты.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.М.Шаханов. Тілсіздендіру анатомиясы.
2. «Жалын» Республикалық әдеби-көркем және әлеуметтік журнал.
№11 2014ж, №10 2014ж.
3.Ғаламтор ресурстары
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: saniyakaribaeva (2015-04-24) | Автор: Карибаева Сания Рахматуллиновна E
Просмотров: 393 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2016-12-04, 11:09 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1473]
Школьный психолог [501]
История [694]
Опыт [471]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [216]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [246]
Английский язык [767]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1134]
Химия [373]
Классному руководителю [622]
Биология [577]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1761]
Краеведение [92]
Начальная школа [3901]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [350]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1477]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [514]
Немецкий язык [51]
Технология [279]
Самопознание [379]
Профессиональное образование [100]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [6]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru