Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

сабақ жоспары "Күрделі сөздер. Қайталау"
Атырау қаласы,№3 мектеп-гимназиясы
Юсупова Айнур Мадениетовна
І санатты орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәні мұғалімі
Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: а) Сөзжасам,оның ішінде күрделі сөздерден өткен матиралдарды қайталау.Ауызша,жазбаша талдау жұмыстарын жүргізе отырып,білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: ә) Теориялық материалдарды дұрыс баяндау машығын қалыптастыру,ойлау,
сөйлеу қабілетін дамыту.
Тәрбиелілік: б) Оқушылардың туған жерге,Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру,табиғатты қорғауға тәрбиелеу,оқуға,білім алуға деген санасын қалыптастыру,төзімділікке баулу.
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың түрі: қайталау сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,ой қозғау, топтастыру
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Сәлемдесу,сабаққа қатысын түгендеу.
ІІ. Өткен сабақтар бойынша сұрақтар.
А) Топтастыру әдісі: (слайд 7)



Ә) Ой қозғау әдісі: (слайд 8)
1.Сөздер неден тұрады?
2. Түбір сөз деген не? Мысал келтір.
3.Түбірлес сөздер деген не? Мысал келтір.
4.Біріккен сөздер деген не?Қалай жасалады?
5.Қос сөздер деген не?Неше түрі бар?
6.Қысқарған сөздер деген не?Қалай жасалады?
ІІІ. Кім жылдам? (ауызша) (слайд 9)
Төмендегі сөздердің қайсысы дара, қайсысы күрделі сөздер екенін ажыратып айтыңдар.
Арқар, арқан, арқар мүйіз, аспан, аспаз, аспан көк, асқазан, асығып-аптығу, астан-кестен, дәнекер, жолсерік, жылы ұшырау, көркемөнерпаз, қара бүлдірген, қара күрең, қара торы, жомарт, дәреже.
ІV. “Сөзстан” еліне саяхат. (слайд 10-12)
І топ – Біріккен сөздер
ІІ топ – Қос сөздер
ІІІ топ – Қысқарған сөздер
І тапсырма.
( Біріккен сөздер)
Атырау облысы аумағындағы біріккен жер, су атауларын жаз.
( Қос сөздерге )
Қос сөздерді табыңдар, түрлеріне ажыратыңдар.
Көп кешікпей бұларға көрші – қолаң, ағайын – туғандар келе бастады. Кішкентайлар улап – шулап қуаныштарын жасыра алмай, дабырласып кетті.
Анда – санда күн күркіреп қояды.
( Қысқарған сөздерге )
Қысқарған сөзді табыңдар, толық мәнін айт.
Кеңшардан қаладағы элеваторға астық тасып жатқан кез.
ҚБТУ –ға талапкерлер көп жиналды. Олар 20 км – ден астам жүрді.
V. “Ойлан тап” (слайд 13-15)
(Біріккен сөздер)
Қонақ...
...асы
...бақан
ақ...
...аралық
мүшел...
(үй,қонақ,алты,сүйек,халық,той )
(Қос сөздерге)
Сөздерді толықтыр.
Дәрі –
Бұрын –
төмен
Ата –
Дос –
-кеш
- кешек
Әзіл –
Сый –
( дәрмек, соңды, жоғары, ана, жаран, ертелі, киім, оспақ, сияпат)
(Қысқарған сөздерге)
Сөйлемді қысқартыңдар.
Тәуелсіз Мемлекеттер достығы, Алматы педагогика университеті, Кәсіптік техникалық колледж, Халық шаруашылық жетістіктерінің көрмесі, Қазақтың телеграф агенттігі, Машина трактор станциясы, Санитарлық эпидемиялық станция, Жылу электрлік станциясы.
VІ. Дәптермен жұмыс (слайд 16-17)
Мына қос сөздерді пайдалана отырып, өлеңді әңгімеге айналдырып жазыңдар.
Ертелі – кеш, қызылды – жасылды, ұшан – теңіз, қатар – қатар, анда – санда, жеміс – жидек,

Саяжайда алма бағы өседі,
Жапырағы жыбырлап
Күнмен сәлемдеседі.
Жайнауын – ай өзінің,
Жаңбырдан соң кешегі.
Атам маған арнап тіккен ағаш бұл,
Тұңғыш рет гүлдерін де жаңа ашты.
Қатар өскен ағаштардың ішінде
Көбелектер бір – бірінен адасты.
Ағаштардың көлеңкесі – қол шатыр.
Күн тимейді,ығына кеп қанша тұр.
Ағаш егіп,терін төгіп құлшынған
Бір атамның басында ғой сонша ақыл.
( Т.Мұратұлы )
VII. Бекіту. (слайд 18)
Жұмбақ
Тарбаң – тарбаң тарбиған,
Түрі жаман жарбиған.
(Тасбақа )
Сап сары көйлегі,
Қап – қара түймелі.
Көрсетер сүйгенін
Басының игені.
( Күнбағыс )
Қайсысы тіркесті сөздер?
Ақсүйек, күні бойы, ауыл шаруашылығы, мәдениет сарайы, алуан – алуан, ата – ана, ыдыс – аяқ, Көкшетау, темірқазық, белбеу, Екібастұз, бидай өңді, ұзын бойлы.
VIII. Сабақты қорытындылау.
IX. Үйге тапсырма.
Күрделі сөздерге сөйлем құрау, мақал – мәтел, жұмбақтар жазу.
Х. Бағалау
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: abubakarovislam (2015-05-08) | Автор: Юсупова Айнур Мадениетовна E
Просмотров: 614 | Комментарии: 1 | Теги: Қазақ тілі, ашық сабақ Күрделі сөздер | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2016-12-11, 11:00 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1476]
Школьный психолог [501]
История [697]
Опыт [473]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [219]
Мастер-класс [206]
Семья и школа [174]
Компьютер-бум [248]
Английский язык [771]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1142]
Химия [375]
Классному руководителю [627]
Биология [579]
Думаем, размышляем, спорим [92]
Казахский язык и литература [1764]
Краеведение [92]
Начальная школа [3913]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [355]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [290]
Экология [180]
Дошколенок [1494]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [441]
Мой Казахстан [228]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1158]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [518]
Немецкий язык [51]
Технология [282]
Самопознание [381]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [12]
Педагогические программы [4]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru