Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

М. Мақатаев. "Фантазия" өлеңі
Пән аты: Әдебиет
Сыныбы: 5
Күні, айы, жылы: 14.03.2015
Тоқсан: ІІІ
Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Фантазия»
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың М. Мақатаев туралы әдеби білімдерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: М. Мақатаев өмірімен танысу, өлеңін меңгере отырып, идеясын ашу, өлең арқылы қазақ халқының тарихымен жете танысу.
2. Дамытушылық: Оқушыны өзіндік талдау, жинақтау жасауға, ойлана біліп, сөз мәдениетін, сөз қоры қолданысын дағдыландыруға, ойлылық пен тапқырлық арқылы сөз өрнектей білуге төселдіру.
3. Тәрбиелік: Өз елін, Отанын сүюге, қазақ елінің біртуар ғұламаларының елге жасаған игі істерін қадірлей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, әңгімелеу, талдау, СТО жобасының стратегиялары
Сабақтың көрнекілігі: Ақын портреті, шығармалар жинағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен сәлемдесу.
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
1. Қ. Шаңғытбаев өмірі мен шығармашылығы
2. «Сабалақ» мазмұндау
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық:
1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
2. Сабақ мақсатын түсіндіру.
ІV. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
1. Мұқағали Мақатаевтың (1931-1976) өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби білім беру.
ХХ ғасырдың екінші жартысында қазақ поэзиясының дамуына үлкен үлес қосқан ақиық ақын Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданына қарасты Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарына тұстас келді.
Мұқағали – жыр еліне ауыз әдебиетінің мөлдірінен сусындап, ұлы Абайдың тереңіне бойлап, өзіне дейінгі ақындарды пір тұтып, орыс пен еуропа, шығыс әдебиеттерінен тәлім алып келген ақын.
Оқырман ақынның кез келген өлеңін бейтарап, салқын оқи алмайды. М.Мақатаев өзінің естелігінде былай деп жазыпты: «Егер бір кездерде менің өмірім, шығармашылығым әлдекімнің көңілін аударса, оларға былай дер едім:
- Менің қымбатты достарым! Егер сіздер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, онда мен не жазсам, соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыздар. Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінемін. Естеріңізде болсын, менің өлеңім жеке тұрғанда түк те емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның құдды дауысындай... Жанымның мұңы мен қуанышы, бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын. 14 ақпан, 1976 ж.»
Сөз жоқ, Мұқағали шығармалары оқушысының жүрегіне сәуле түсіреді. Себебі ақын туған жерін, туған халқын, ана тілін жанындай сүйді. Оның кез келген шығармаларынан жердің, елдің биік рухы сезіледі. Өздеріңе талдауға ұсынылып отырған «Аққулар ұйықтағанда» поэмасын тебіренбей оқу мүмкін емес.
2. Ой шақыру стратегиясы бойынша ақын өмірі жайлы әңгімелесу.
Ақын 1931-1976
Поэма, жинақ

«Барлығы да Сүлеймен,
сендердікі» Нағиман.



«Мен таулықпын» Мақатай, Тиін.

«Қайырлы түн»
3. «Фантазия» өлеңін мәнерлеп оқу.
4. Сөздікпен жұмыс:
• Галилей, Коперник – жер мен жұлдыздарды зерттеген Еуропа ғалымы.
5. Өлең құрылысына қарай талдау
4 3 4
Ертегіден/ жаңарып/ қала тұрған// а
4 3 4
Ертегіден/ ғұлама/ дана туған// а
3 4 4
Бұл күнгі/ ғаламаттар/ алдыменен// б
3 4 4
Адамның/ қиялында/ жаратылған// а
Үш бунақты (4+3+4; 3+4+4), 11 буынды 4 тармақты 5 шумақтан тұратын, қара өлең ұйқасымен (а,а,б,а) жазылған өлең.
V. Түсінік тексеру:
Сұрақ-жауап:
• Ақын ертегідегі қиял мен бүгінгі шындықты қалай байланыстырған?
• Өздерің бұрын оқыған қиял – ғажайып ертегілерді естеріңе түсіріңдер.
VІ. Жаңа сабақты бекіту:
1. Салыстыру арқылы дәлелдеу.


2. «Бес жолды өлең» стратегиясы
1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік
4. Сөзді сөйлем
5. Синоним
VІІ. Сабақты қорыту:
1. Бағалау
2.Үй тапсырмасын беру:
1. М. Мақатаев өмірі мен шығармашылығы
2. «Фантазия» өлеңін жаттау
3. Ақынмен сырласу (эпостолярлық жанрдағы шығарма)
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Enlik (2015-05-10) | Автор: Енлик Кадырова E
Просмотров: 1040 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 0:15 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru