Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Білім берудеге жаңа технологияларды қолданудың маңызы
Білім берудеге жаңа технологияларды қолданудың маңызы
Ғ.Мұстафин атындағы
№83 ЖББОМ
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Ищанова К.Б.

XXI ғасырда барлық елдер бірінші орынға білім беру сапасын қойып отыр.Бұл проблемаларды шешуде жаңа технологиялардың атқаратын орны бөлек. Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқаруы керек. Жаңа технология арқылы оқушыны оқыта отырып, оны өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру,мұғалімнің ең басты талабы. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісін жаңашылдандыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс-тәжірибесі мектеп өміріне енуде. Педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, өзін-өзі тұрақты жетілдіруге талпынған табысты, біліктері қалыптасқан, өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімдерінің жұмысы мектебімізде үстіміздегі жылы жақсы жолға қойылып отыр.
Мектеп әкімшілігінің тікелей жетекшілігімен жаңа білім беру жүйесі бойынша түрлі деңгейдегі шаралар: коучингтер, семинарлар жүйеленген түрде өткізіліп жүр. Бұл – мектеп ұжымы үшін аса игі бастама деп ойлаймын. Себебі 3 айлық курстан өтіп келген ұстаздарымыздың көрсеткен жұмыстары бойынша тәжірибе бөлісудің нәтижесінде өзіміз үшін көп пайдалы дүниелермен таныстық, педагогикалық шеберлігімізді арттырып, әдістемелік тұрғыда білім саласына еніп жатқан жаңаша өзгерістер жайында білдік. Жаңа әдіс-тәсілдер арқылы өткізген әрбір сабағымыз оқушылардың ойлануына және қиялына негізделіп келеді, баланың тереңде жатқан ойын дамытып оларды сөйлетуге үйретеді. Жаңаша оқыту формалары түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балалардың ортасынан қабілеті жоғары баланы анықтап, онымен жұмыс жасау барысында шығармашылық деңгейін жан-жақты бақылап отыруды, сонымен қатар тура осылайша үлгерімі төмен оқушының соңғы партада «жалғыздықтан жапа шекпей» топ ішінде қандай да болмасын бір әрекетке талпынуына жағдай жасауды әрбір мұғалімге міндеттейді. Өз бетінше жұмыс жасау қазіргі жеке тұлғаны қалыптастыру мен тәрбиелеуді, білім берудің приоритетін түбегейлі алмастыруды, яғни бұрынғыша оқушыны пәндік білім, біліктердің белгілі бір жиынтығымен қаруландыруды түбегейлі өзгертуде. Интеграция мен ғаламдастыру қатар жүріп келе жатқан бүгінгі таңда мектептегі жеткіншектердің білім деңгейін жан-жақты көтеруде жаңаша ойлайтын, оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын күнделікті жұмысында қолдана білетін ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Бұл жаңаша өзгерістер нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптардың барлығына бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі жауап береді.
Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты оқушылардың танымдық міндеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге қүштарлығын ояту. Топтық оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларды шағын топтағы бірлескен жұмысқа тарту. Топтық жұмыстың оқушы үшін қолайлы тұсы кез-келген жағдайда оқушылар бір- бірінен көмек сұрай алады, ортақ міндеттерді бірлесіп отырып шешеді т.б. Жекелеме оқыту түрі оқушыға кейбір тапсырмаларға тереңінен тоқталуға мүмкіндік береді, өзінің де, мұғалімнің де алдында тапсырмаларды орындау нәтижесіне жауапты болуға үйретеді. Демек, білікті ұстаздарымыздың шебер оқытуының нәтижесінде болашақ ұрпағымыздың осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы, жедел шешім қабылдаушы, ерекше ұйымдастырушылық қабілеті бар нақты бағыт-бағдар беруші болып шығуы – бұл қазіргі заманның талабы.
Білім беру саласында озық технологиялардың енуі мұғалімнің ойлану стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді. Елді өсіретін де, елді төмен түсіретін де – білім.
Қандай да болмасын педагогтың қоғам алдындағы жауапкершілігі өте жоғары.Мұғалім әрдайым үлкен ізденіс үстінде болып, қазіргі өмір ағымына ілесіп отырғаны жоқ.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: kalasik (2015-05-11) E
Просмотров: 837 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 9:02 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru