Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Бастауыш сынып оқушыларының тілдерін дамытуда заманауи әдістерді қолдану
Бастауыш сынып оқушыларының тілдерін дамытуда
заманауи әдістерді қолдану

Т.К.Калиева
"Павлодар қ. №13 ЖОМ" ММ
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі

Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез-құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үдеріс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан, мектептен бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Бастауыш мектептегі қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды.Тіл - қоғамдағы адамдардың бір - бірімен пікір алысып, қарым - қатынас жасайтын құралы. Таза мәнерлі тіл – бұл ойлау жемісі. Баланы қазақ тілінде дұрыс сөйлеуге үйрету арқылы олардың бойындағы тілдік мәдениетті қалыптастырамыз. Олай болса тіл адам баласы қоғамымен бірге туып, өмір сүріп, ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқан мұра. Баланы тілдік мәдениетке тәрбиелеуде отбасының, бала – бақшаның және бастауыш мектебінің қажырлы еңбегі орасан. Бастауыш мектептің тәрбие жұмыстарының басты мақсаттарының бірі - баланың тілін ұстартып, жақсы сөйлей білуге үйрету.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин атамызда балаларды оқу және оқыту, тәрбиелеу ісінде ауыз әдебиеті шығармаларының маңызды орын алатындығын айта келіп: «Өмірге қажетті ауызекі сөйлеу дағдыларына жаттықпайынша, қай - қай тілде болса да, еркін, жүйелі сөйлеу мүмкін емес» - деген болатын. Мектеп жасына дейінгі баланың тағы бір ерекшелігі – олардың еліктеу, қиялдау қабілетінің басым болуы. Сол себепті әрбір ата - ана, мұғалім баланың қойған сұрақтарына үнемі, дұрыс жауап берулері керек. Баланың тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады.
1. Айналадағы бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім - кешек, ыдыс - аяқ, тағам, үй жиһаздарын ) көрсетіп, атын сұрап айтқызу.
2. Осы заттардың қайдан, неден (ағаштан, шыныдан, жүннен, темірден жасалғандығын) түсіндіру.
3 Ойыншықтары жайында, жақсы көретін ертегісі туралы әңгімелесу.
Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным - сенімдерін, дәстүрін, жол - жоралғыларын, әдеп - ғұрыптарын өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіру мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуға баға жетпес нәтиже береді. Балаларға осы халқымыздың игі дәстүрлерін: бесікке салу, ат қою, тұсау кесу, қонақ күту, ас қайыру т. с. с әр сабақта тақырыпқа байланысты айтып отыру. Балаларға жасына қарай көркем әдебиет шығармаларын мазмұнын айтқызу, мақал - мәтел айту, жұмбақтар жасыру сияқты жұмыстарды да жүргізуге болады. Жұмбақ жаттау кезінде балалар өзінің білім дәрежесін байқап, көп білуге талпынады, ынта – жігері артып, жауапкершілікті сезінеді.
Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Менің алға қойған басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.
Мектептегі тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Сонымен қатар қазақ тіліне үйреткенде балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, сабақ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады.
Тіл үйренуде ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.
Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістердің бірі:
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек .
Ы. Алтынсарин «Натуральды әдіс» туралы былай деген: «Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды» деген.
Жемістер-көкөністер тақырыптарын қозғаса, баланы осы тақырыптарға сай қазақ тілінде сөйлетіп үйрету оқыту үрдісін әлдеқайда жеңілдетеді. Мысалы бала ата-анасымен дүкенге барады, азық-түліктерді сатып алады, соның ішінде жемістер мен көкөністерде бар, сол туралы орысша әңгімелеп береді. Ал мұғалім орыс тілінде айтып берген әңгімесін қазақ тілінде айтып беруді сұрайды: Бала дүкеннен сатып алған жемістердің, көкөністердің атауын қазақ тілінде еске түсіріп атап шығады.
Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу арқылы бір - бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір арнаға тоғысып жатады баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді. Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы өте зор.Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды сурет бойынша, техникалық құралдар және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады
Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады:
 Жұптық;
 Топтық;
 Ұжымдық.
Жұптық оқыту. Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат – екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б. сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі-екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір- бірімен отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі:ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себін тигезеді. Бұл қалып бойынша бүкіл тілдік материал диалогтың негізіңде меңгеріледі.
Топтық оқыту. Балаларды топтарға бөліп сабақ өткізу балалар арасындағы қарым- қатынасты жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, балалардың білімін жетілдіреді, әр түрлі мінез- құлықтағы адамдармен пікір алмасуға үйретеді, топтар арасында бала өзінің жеке - дара қасиетін көрсетуге мүмкіндік алады.
Ұжымдық оқыту. Тіл үйренудің ұжымдық формасы дегеніміз- үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасы арқылы олардың екеунің бір-бірін үйретуі, оқытуы,адамдардың бірінен- екеуінің үйренуі; пікір алмасуы және әр жұп сыңарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелерінің түгел қамтылып әрі жұптық: әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы. Сабақта балалардың коммуникативтік сөйлеуі, тіл дамытуы көрнекілік әдісі, ойын әдістер арқылы іске асады.
Сөздік жұмыстарын өткізбей тұрып, жалпы символдардан бейнелерді меңгерту керек, мұнда мнемокесте үлкен роль атқарады.
Мәселе:
- Орыс тілді балалардың қазақ тілінде сөздік қоры аз болуында
- Сөздің дыбыстық құрамын дұрыс айта алмауы
- Қойған сұрақты түсінбеу, қазақша дұрыс жауап бере алмауы үйренген сөздерді пайдаланып сөйлемді дұрыс құрастыра алмауы
- Қазақ ертегілерін, тақтақтарды, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды тыңдап түсінуге, жаттап алмауы
- Өз ойыншықтары, отбасы, киімдері т.б. туралы бір- біріне сұрақ қойып, жауап беруге білмеуі
Мнемокесте – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.
Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:
1. Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау
2. Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй – шатыр, қоян – ұзын құлақтар т.б
3. Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, тақтақтарды мазмұндап бер.
Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады:
1. Сөздік қорларын байыту
2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету
3. Сөйлем, әңгіме құрастыру
4. Әңгімені құрастыру
5. Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу
6. Тақпақтарды жаттау
Мнемокестелерді баланың деңгейіне байланысты беруге болады. Мнемокестеде символдарды бейнеге аударамыз. Сонда балаға қонымды болады.
Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады. Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілді үйретудің басты шарттары топта жағымды психологиялық климат, мейірімді орта, қазақ тілінде тілдесудің қуану сияқты факторлар өз себін тигізеді. Қазақ тілін үйретуде балалардың қорларын байыту, молайту, сөздіктерінің белсенділігін арттыру, күнделікті өмірде қолдана білуіне бағыт беру, қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтырып, тіл мәдениетін жетілдіру, сөйлем құрап, сөйлесу тәжірибесін ұдайы ұйымдастыру – балалардың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып, мемлекеттік тілдің мәртебесін ұғынып, тілінің жетілуіне ұстаздық әсер көрсетудің маңызы зор. Жоғарыда айтып кеткен топтық, жұптық, ұжымдық оқытуларда мнемокестелерді тақырыпқа байланысты өткізуге болады. Мысалы: жұптық оқытуда, балаларға жеке символдармен бейнеленген кестелерді беріп , балалар сол кестені пайдалана отырып диалог түрінде сөйлесе алада. Ал негізі монологтарды ең алғашқысында ұжымдық оқытуда пайдаланып, содан соң жеке – дара сол тақырыпта әңгіме жүргізе алады. Осы ең тиімдісі деп ойлаймын.
Балалардың ойын дамытуда тағы бір әдістің түрі бұл - үстел үстіндегі мнемокестені ұйымдастыру. Адам мәдениеті ойын арқылы дамиды, демек балалық шақтан бастап, қартайған кезге дейін адамды ойын жетелеп отырады.
Дидактикалық ойындар - баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі, сабаққа эмоциялық бояу береді. Заттық дидактикалық ойын – бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және әртүрлі ойын материалдармен ұйымдастырылады.
Сабақтарымда әр тақырыптарға байланысты сызба-схемаларды қолданамын. Сол сызбаларға қарап, балалар әңгіме құрастыруды тез үйренеді. Мұғалім өз балаларының қабылдау қабілетін, жас шамасын ескере отырып, сызбаны өзі жасап алуына да болады.
Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, сабақты көркемдеп отырса, балалардың сөздік қоры біршама толығады деп сенімдімін.
1.Қазақ тілі сабағында қолданылған аудиокітаптар балалардың қызығушылығын арттырады, зейін тыңдауға, қазақ тіліндегі тән дыбыстарды айтуға қалыптастырады.
2. «Сөйлетін кітаптар» арқылы кітап бетіндегі сабаққа қажетті сөздерді, шағын сөйлемдерді қайталап айту, сұраққа дұрыс жауап беруге баулиды.
3.Үнтаспаны пайдалану арқылы аңдардың, құстардың, табиғат құбылыстарын т.б. дыбыстарды ажырата білуге мүмкіндік бар.
4. «Музыка немесе дыбыстармен жұмыс» мәзірінен арнайы әуендерді ойнату арқылы сабақты түрлендіруге, балаларды түрлі байқауларға дайындауда көп көмегін тигізеді.
Осыдан шығатын нәтиже :
- әр бала өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады.
- Баланың жеке қабілеті анықталады.
- Балалар бір – бірлерінен қалмауға тырысады.
- әр бала өз деңгейімен бағаланады.
Қорытындылай келе, мектепалдындағы балаға дұрыс берген білімнің нәтижесінде олардың болашақта сөздік қоры мол, сауатты азамат болуларының негізі біздің сабақтарымызда қаланатынын дұрыс түсінгеніміз жөн. Тіл дамыту бойынша оқылатын әрбір сабақ өзінше ерекше болуы керек. Және де ол баланың бойына сіңіп, тамырын тереңнен алғаны жөн деп түсінемін.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Изучаем казахский язык, әдістемелік құрал
2. А.М.Бородич «Методика развития речи детей» Москва, 1981г.
3. О.Ушакова «Развитие речи детей»
4. «Отбасы және балабақша» журналдары
5. Е. Өтетілеуов «Дидактикалық ойындар мектеп жасына дейінгі басқа ұлт балаларына арналған»
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: torginka (2015-05-13) | Автор: Калиева Торгын Кайроллловна E
Просмотров: 1776 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 3:29 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru