Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақтың ұлы ғалымы- Шоқан Уәлиханов
Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлы ғалымы- Шоқан Уәлиханов
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды қазақтың ғалымы, белгілі қайраткері Ш. Уәлиханов туралы білімдерін толықтыру, оның өмірі мен шығармашылық жолына, ғылыми еңбектері мен зерттеу жұмыстарына шолу жасау.
2. Оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту, сөздік қорын молайту, ой - өрісін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, ойларын еркін жеткізе білуге қалыптастыру.
3. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ғалымның өнегесі мен еңбектері арқылы оқушыларды білімді, дарынды, өнегелі болуға тәрбиелеу, отансүйгіштік сезімдерін арттыру.
Сабақтың түрі: топтық жұмыс.
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру, ойландыру, салыстыру, іздендіру, пікір алмасу,шығармашылық жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Ш.Уәлихановтың портреті, интерактивті тақта,слайдтар,бейнебаян,тест, сөз жұмбақ.
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, әдебиет,тарих, география
І. Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасып, көңіл-күйлерін сұрау
ә) Оқушыларды түгелдеу
Сабаққа кіріспе:
Гүлдер солып, жұлдыздар сөніп, адамдар өліп жатады.
Бірақ адамзаттың бір ерекшелігі сол —
одан із қалады, іс қалады, сөз қалады./эпиграфты түсініп,аудару/
Цветы увядают,звезды гаснут,люди умирают.
Пікір алмасу.
— Қандай адамдардан із, іс, сөз қалады?
— Артына ұмытылмас із қалдырған қандай ұлы тұлғаларды білесіңдер? (тақтада ұлы тұлғалардың портреттері) Флипчарт
— Кез келген қарапайым адам артына із қалдыруы мүмкін бе?
ІІ. Ой қозғау
— Бейнесюжет тамашалау / Сабақты бастамай тұрып, бейнесюжет көрсетіледі (Ш.Уәлиханов І-бөлім). Оқушылар көрсеткен бейнесюжет негізінде сабақ кім туралы екенін, сабақтың тақырыбын анықтайды. Тақырып арқылы сабақтың мақсатын айқындайды.
— Бүгін сабақ кім туралы болмақ? / оқушылар сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтайды/
-Олай болса,Ш.Уәлиханов кім,қандай адам болған деген сұраққа жауап жазайық/ кластер бойынша/
-Шоқанды сегіз қырлы,бір сырлы адам деуге бола ма?
-Әрине болады.
- Шоқанға орыс достары қандай баға берген?
-Олай болса, Шоқанның ұлы адам болғандығына бүгінгі топ болып жұмыс істеу барысында көз жеткіземіз деп ойлаймын.
ІІІ.Жаңа сабақ.
Мәтін.
Ш.Уәлиханов/1835-1865/
Атақты ғалым,кемеңгер ойшыл,от жалынды азамат Ш.Уәлихановтың есімі жұртшылыққа мәлім.Ол Орта Азия мен Қазақстанды зерттеудегі ұлы еңбегімен дүние жүзіне аты шықты. Ш.Уәлихановтың ұлы қасиеттерінің бірі-өмірін де,білімін де асқан дарынды талантын да туған халқының игілігіне жұмсағандығы.Ол қараңғы даланың аспанынан сәуле түсірген шам-шырақтай аз уақыт жанды да,тез сөнді.Өз басы кішіпейіл,еңбекқор,елгезек,жарқын жүзді адам болды.
Шоқан 1847жылы,12 жасында Омбының кадет корпусына түскенде,орысша бір ауыз сөз білмеген.Өзінің зеректігі,алғырлығы арқасында орысшаны тез үйренген.Корпустың соңғы кластарында Шоқан ғылым,философия,көркем әдебиет кітаптарын оқып,әлеуметтік тіршілікке көңіл аударған.
1855 жылы Шоқан генерал Г.Х.Гасфортпен бірге ұзақ сапарға шығып,Орталық Қазақстанды,Жетісу мен Тарбағатайды аралады. Алматы,Қарқаралы,Баянауыл,Көкшетау жерлеріне соғып,Омбыға оралады.1856 жылдан бастап,Шоқан қырғыз халқының тұрмысын,Ыстықкөл жағасын,Алатау,Алматы,Қапал тауларын кезіп,халықтың әдет-ғұрпын,тұрмыс-салтын,әдеби мұраларын зерттеп,бай мағлұмат жинады. 1856 жылы Шоқанның Қашқарға жасаған саяхаты оның ғалымдық атағын көкке көтерді.Шоқанның күнделік дәптері КСРО Ғылым академиясының мұражайында осы күнге дейін сақтаулы. Ш.Уәлиханов шығармалары ,ең алдымен,өз халқының тарихын,этнографиясын және фольклорын зерттеуге арналған.
І .Тапсырмалар орындау/5 мин/
І топ. Мәтінді оқып,азат жолдарға бөліп,әрқайсысына ат қойыңдар.
ІІ топ. Жоспар құрып,әр азат жолдың мазмұнын қысқаша айтыңдар.
ІІІ топ. Мәтін бойынша сұрақ-жауап, диалог құрастырыңдар.
ІІ. Грамматикалық тапсырма/3 мин/
І топ.Мәтіннен синоним,антоним,омоним сөздерді табыңдар.
ІІ топ.Мәтіннен бір құрмалас сөйлемді таңдап,оған синтаксистік талдау жасаңдар.
ІІІ топ.Бір сөйлемге морфологиялық талдау жасаңдар.
ІІІ.Шығармашылық жұмыс /5 мин/
І. « Шоқанның шыққан тегі.» /Шежіре бойынша тарқатып жазу/
ІІ. «Европаға ашылған терезе» /Шоқанның жетістіктері бойынша пирамидалық өсу жасаңдар/
ІІІ. «Шоқан жүрген жерлер»деп алып,карта бойынша саяхат жасаңдар.
ІҮ.Мақал-мәтелдер жарысы /Сабақтың тақырыбына байланысты ғылым,өнер ,білім туралы/Қай топ көп табады,сол жеңіске жетеді/2мин/
Ү.Рефлексия. Тест арқылы.
1.Шоқанның әкесінің аты?
А)Уәли Ә)Шыңғыс Б) Ғұбайдулла
2.Шоқанның атақты саяхаты?
А)Орталық Қазақстан Ә)Қашқар Б)Жетісу
3.Шоқанның арғы атасы?
А) Уәли Ә) Шыңғыс Б)Абылай
4.Шоқанның шын аты?
А)Еркетай Ә)Мұхамедханафия Б) Мұхамеджан
5.Шоқанның достары ішіндегі аса көрнекті орыс жазушысы
А)Ф.Достоевскиий Ә)Т.Шевченко Б)Г.Потанин
6.Шоқанның өз атасы кім?
А) Абылай Ә)Уәли Б) Шыңғыс
7.Шоқанның немере інісі,елтаңба авторы кім?
А) Шота-Аман Ә)Ш.Ниязбеков Б)М.Жандарбеков
8.Шоқан нешінші жылы туған?
А) 1830 Ә)1835 Б)1845
9)Шоқан бала жастан қандай болды?
А)Зерек Ә)Аңқау Б)Нашар
10) Шоқан кімнің ұрпағы?
А)Тәуке хан Ә)Шыңғыс хан Б)Төле би
«Сүйер ұлың болса,сен де сүй, сүйенерге жарар ол» (Мұғалімнің қорытынды сөзі)
VІ. Үйге тапсырма: Ш.Уәлиханов туралы қосымша материал жинау.Эссе жазып келу
VІІ. Бағалау
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: bizhanova-71 (2015-05-20) | Автор: Бижанова Сандугаш Турсунгалиевна E
Просмотров: 1520 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 5:32 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru