Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«КӨКТЕМ АРУЫ» байқауы. 8-сынып қыздар арасында сыныптан тыс сайыс сабақ
Алматы қаласы, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру, сауықтыру орталығы, «Өзін- өзі тану» гимназиясы,
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Нұрбасова Күланда Нұрбасқызы

8-сынып қыздар арасында сыныптан тыс сайыс сабақ

«КӨКТЕМ АРУЫ» байқауы
Мақсаты: 1. Қыздарымызды ата-анасының, ұстаздарының еңбегін бағалап, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Дүниедегі жақсылықтың бәрі күннің нұрынан, ананың мейірімінен таралатынын ұғындыру.
2. Қыздарымыздың бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын, ойлау шеберлігін, өзін көпшілік алдында ұстай білу, сөйлеу мәдениетін дамыту.
3. Рухани-адамгершілік құндылықтарды тереңдетіп өз өмірлерінде пайдалана білуге, өмірді сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге, ұлтымыздың салт-дәстүрі арқылы мейрімділікке, адамгершілікке, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Залды қыз тәрбиесіне байланысты нақыл сөздермен, көктем гүлдері мен қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіру.
1- жүргізуші: Құрметті жиналған қауым!
Бүгін бізде дүбірлі той,
Тойымызда Бөбектің сұлулары,
Ән мен жырдан шашу шашып,
Білімдерін, шеберлігін көрсетіп,
Сайыста өздерін сынамақ.
- «Көктем аруы» байқауын тамашалауға келген қонақтарды, осы байқауға қатысып отырған аруларды және төрелік жасайтын әділқазылар алқасына, «Қош келдіңіздер!, - дегіміз келеді.
2- жүргізуші: Мың бұралып арулар билей басып,
Келді міне ортаға толқын тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошаметпен қарсы алайық!

1- жүргізуші: - Енді бүгінгі байқауымызға төрелік жасайтын әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар. - Біздің Секер апайға кім жетеді?
Өзі әдемі, мейрімді,
Айтқан сөзі үлгілі
Бүгін біздің аруларға,
Әділ баға береді! – Секер Жұртбайқызы!
2-жүргізуші: Екінші біздің Рахима апайға
Қарасаң көзің тояды,
Шәкірттердің қамын ойлап,
Үнемі бәйек қағады.
Бүгін біздің аруларға,
Өз бағасын қояды! – Рақима Айтбайқызы!
1-жүргізуші: Өзі ақын, әнші сері,
Бахтиярұлы Садыр ағай.
Қыздарға арнап ән шырқап,
Құлақ құршын қандырар! – Садыр Бахтиярұлы!
2-жүргізуші: Байқаудың бағдарламасымен таныс болыңыздар:
1. «Сәлем – сөздің анасы» – /таныстыру/
2. «Болсашы қарындастың бәрі осындай» – /өнер сайысы/
3. «Ойланып, жауап бер!» – /сұрақ – жауап/
4. «Ас – адамның арқауы» – /аспаздық шеберлігін көрсету/
5. «Сұлулық сыры» – /шаш сәні мен киім үлгісі/
1-жүргізуші: І. «Сәлем - сөздің анасы» айдары бойынша қыздарымыз өздерін таныстырады.
Өнер қуып арулар өтер деймін,
Бір басына өнері жетер деймін.
Сайысатын арулар кезектесіп,
Таныстырып өздерін өтер деймін.
Бірінші қыз Алина, білімді,
Меңгерген бар ілімді. - Алина өзін таныстырады.
2-жүргізуші: Екінші қыз Мадина, тым елгезек,
Салт-дәстүрді білетін, өзі зерек. – Мәдина өзін таныстырады.
1-жүргізуші: Үшінші қыз Камила, үлбіреген,
Қос жанары мөлдіреп, күлімдеген. - Камиля өзін таныстырады.
2-жүргізуші: Қазақ тілін өз тіліндей сүйетін,
Төртінші ару Ирина,
Өнерден түйін түйетін - Ира өзін таныстырады.
1-жүргізуші: Бесінші аруымыз ең мейрімді,
Мерей аты затына сай келіпті,
Сайыста гүлдей жайнап құлпырады. - Мерей өзін таныстырады.
2-жүргізуші: Алтыншы қыз Аруа,
Тұла бойы тұнған нұрға,
Топ жарып шық , тек алға. - Аруа өзін таныстырады.

Кімдер жүйрік, өнерпазды білейікші,
Аруы боп «Бөбектің» жүрейікші.
1-жүргізуші:
ІІ. «Болсашы қарындастың бәрі осындай» сайысымыздың келесі шарты бойынша қыздарымыз өнер сайысына түседі.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреуі ән салыпты.
Бүгінгі бәсекеде бәйге алуға,
Арулар аянбай-ақ жан салыпты.
(қыздар кезекпен өз өнерлерін көрсетеді)

Әділ қазылар өз бағаларын қойғанша, кезекті күмбірлеген күйге береміз.
2-жүргізуші:
ІІІ. «Ойлан тап» айдары бойынша бойжеткендеріміздің білімділігін байқау мақсатында конверттегі тапсырмалар бойынша сұрақтарға жауап береді.
Ал, арулар, сайысқа қалайсыздар?
Сендер өтер әлі де талай сын бар.
Кімдер жүйрік, сұрақ ал, қымсынбай-ақ,
Жауап берсең сұраққа, жарайсыңдар!
(Нөмірленген конверттерді біртіндеп алып сұрақтарға жауап береді).

Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй – деп Абай атамыз айтқандай, кезек әсем әнге беріледі. /
1-жүргізуші:
«Ас адамның арқауы» айдары бойынша қыздарымыз үйге берілген тапсырма бойынша өз қолдарымен дайындаған тағамдарын ұсынып, аспаздық шеберлігін көрсетеді. (Қыздар біртіндеп, әзірлеген тағамдарын жоғары көтеріп, бір айналып өтеді, әрқайсысы өз тағамдары туралы (атауы, қалай жасалғаны ) бірер сөзбен айтып өтеді.
«Қазақтың дастарқаны» әні орындалады.
2-жүргізуші:
Сымбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын.
Өнеріне сәні сай келіп тұрған,
Аруларға қызығып қарасатын, - демекші, келесі сайысымыз
«Сән үлгісі» айдары бойынша сұлуларымыз өздерінің сұлуғын одан сайын айқындау үшін сән үлгілерін көрсетеді, қыздарымыз дайын болғанша біздің бишілеріміз қазақша би билейді. (би орындалады)
(Қыздар жеңіл музыка әуенімен біртіндеп шығып сән үлгісін көрсетеді.)
Әділқазылар алқасы «Көктем аруы» сайысының қорытындысын шығарады.
1-жүргізуші:
Әділқазылар әділ бағасын қойғанша біз көрермендермен ойын ұйымдастырамыз.
Мақалдың басын бастаймын, сіздер аяқтаңыздар. Дайынсыздар ма, бастаймыз.
1. Тойдың болғанынан ... /боладысы қызық/
2. Таз таранғанша ... /той тарқайды/
3. Әншейінде ауыз жаппас ... /той дегенде өлең таппас/
4. Бала жетіге келгенше ... / жерден таяқ жейді/
5. Ұлға отыз үйден тыю, қызға ... /қырық үйден тыю/
6. Ата көрген оқ жонар, шеше көрген ... /тон пішер/
7. Ұяда не көрсең, ұшқанда ... /соны ілесің/
8. Білекті бірді жығар, білімді ... /мыңды жығар/
2-жүргізуші:
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
Аруы боп «Бөбектің» жүрейікші.
Әділқазылар алқасына әділдікті берейік,
Ал аруларға сәттілік тілейік.
Сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

1-жүргізуші:
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпазды айқындау сәті де келіп жетті.
Жүзден жүйрік күшімен,
Мыңнан тұлпар шықты шын.
Арулардың ішінен
Шыққан, ( ... ) аруымыз мықтысың!
2-жүргізуші:
Құттықтайық ал енді,
«Көктем аруы» болған сұлуды.
Өрге жүзіп өнері,
Тауға өрлесін талабы.
Қуанышпен жанары,
Шоқтай болып жанады, - дей отырып, «Көктем аруы» атанған қызымызға қошемет көрсетейік. Өмірде әлі талай асулар бар, солардан сүрінбей өтіп, мұратына жетсін деп, сайысымызды аяқтаймыз. Бүгінгі сайысымызға төрелік еткен әділқазылар алқасына және қыздарымызға қолдау көрсеткен көрермендерге алғыс айтамыз!
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ТатьянаТатьянка (2015-05-26) | Автор: Нұрбасова Күланда Нұрбасқызы E
Просмотров: 1675 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-16, 1:15 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru