Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Мемлекеттік тілді білу – өмір талабы
Алматы қаласы, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру, сауықтыру орталығы, «Өзін- өзі тану» гимназиясы,
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Нұрбасова Күланда Нұрбасқызы

Мемлекеттік тілді білу – өмір талабы
Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру негізгі төрт міндеттен тұрады. Біріншісі – мемлекеттік тіл ұлт бірлігінің басты факторы екендігін нығайту, екіншісі – мемлекеттік тілді кеңінен қолдауды көпшілікке тарату, үшіншісі – дамыған тіл мәдениеті зиялы ұлттың басты күш-қуаты екенін көрсету, сондай-ақ соңғы мақсат – Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.
Қазіргі кезде Қазақстан дамудың сапалы жаңа деңгейіне көтерілді. Ашық демократиялық қоғам орнатып, әлемдік кеңістікке кіру үстінде. Қазақстанның даму жолы бүгінгі күні посткеңестік елдердің көпшілігіне үлгі – өнеге боларлық деп түсіндіріледі. Мұндай жетістіктерге қол жеткізуде көптеген даму стратегиялары белгіленіп, сол стратегияларды жүзеге асыруды басымдықтармен жіктеп, жүзеге асырылуын елбасымыз қатаң қадағалап, жылма – жылғы халыққа жолдауында дәйім жұртқа мәлімдеп отырады. Осындай басты нысананың бірі – мемлекеттік тіл мәртебесіндегі қазақ тілінің, ұлттық тіліміздің даму үрдісін үдету, мерейін асқақтау, толыққанды өз қызметін атқара алатын, еркін өмір сүре алатын жанды, өшпес жүйе ретінде орнықтыру. Ата – бабамыздың ғасырлар бойы бойтұмардай сақтап, ұрпақтан – ұрпаққа мирас етіп қалдырған ана тіліміздің тұнықтай мөлдір тазалығын, ата түркі тілдерінің ішіндегі еш қаймағы бұзылмаған даралығын мақтан тұтып, бүгін бізде өскелең ұрпаққа өз қолымыздан аманат етуіміз – парыз іс.
Тіл – тәрбие діңгегі, тіл білім – ғылымды игеру көзі, тіл – ұлттың жаны, мемлекеттің нышаны. Ана тілінің құдірет – күшімен ана сәбиіне оған деген мейірімін жеткізіп, жарқын болашағына жол сілтейді, адамдық асыл қасиеттерді дарытады. Ата ұлына бабалардан жеткен мол мұра екендігін, оған оны болашаққа жеткізу борыш екендігін байыптайды. Ел қорғайтын өр мінезді де, намыс пен жігерді де ата-бабаға ана тілі арқылы сіңдіреді. Жылдардан – жылдарға ұласып жинақталған мол тәжірбие мен білім қоры да ұрпақтан – ұрпаққа сол тілде жеткізіледі. Ана тіліміз арқылы салт-дәстүріміз қалыптасып, ұлттық нышан ретінде өріле түседі. Ана тілі арқылы ұлттық болмыс бітеді. Тілінен айырылған ұлт барлық құндылықтарынан ада болады десек те артық емес. Осы аталғандардың барлығы тәрбие, білім, дәстүр ана тілінің арнасынан бастау алғанда ғана біздің мемлекетіміздің тұғыры қатайып, ішкі бірлігіміз нығайа түспек. Көкейдегі күдік кетіп, сенім атты бақыт таңы бізді қарсы алады.
«Адамның жаны бар сияқты ұлттың да жаны бар, оның тілі мен жаны табиғи тығыз байланысты. Тілінен айырылған халық міндетті түрде ұлттық қасиетінен айырылады» – деп Қадыр ағаның да сөзі менің пікірімді қуаттай түседі.
Елбасымыз «Қазақстанның болашағы – мемлекеттік тілінде» деп бекер айтпаса керек. Бір мемлекетте бір мемлекеттік тіл өмір сүруі рухани тұтастыққа қол жеткізеді. Ал рухани тұтастықтың апарар шегі – шын мәніндегі үлкен алтын әріптермен жазылатын - ТӘУЕЛСІЗДІК.
Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Ұлтаралық келісім өзара жарасымын тапқан, тату еліміз. Алайда, қазақ тілі әр қазақтың ар – ожданы, мақтанышына айналуы тиіс. Осы орайда Бауыржан Момыш ұлының «анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды ұмыту» – деген сөзді әрбір қазақ ұғынса, біздің тіліміздің жағдайы дәл қазіргі қалпынан әлдеқайда жоғары деңгейде болар еді.
Елбасымыз 2005 жылғы халыққа Жолдауында: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш – жігерімізді жұмсауымыз керек» – деп атап көрсеткен болатын. Демек, мемлекетіміздің Ата заңын сыйлайтын әрбір азамат ұлтына, тегіне қарамай, қазақша үйренуге міндетті. Осы ұстаным біздің темірқазығымыз болуы тиіс.
Иә, Қазақстан деген мемлекеттің тәуелсіз өмір сүруі, ешкімге бас игізбейтін тәуелсіздігі біздің елімізде, ең алдымен, қазақ деп аталатын халыққа қажет екенін біз түсінуіміз керектігін тағы да баса айтқымыз келеді. Қазіргі кезде мемлекеттік тілді қолдану – елімізде аса маңызды да өзекті мәселе. Тіл – халықтың жан дүниесі, рухани негізі, ел еркіндігі мен ұлтты танытатын басты белгісі. Ол ұлт болмысын ұғындырып, төңірегіне халықты топтастырып, біріктіретін фактор.
Тәуелсіздік 20 жылдығы қарсаңында Қазақстан азаматтары мемлекеттік тілді – өзінің жұмысында күнделікті өмірінде қолдана білсе ол мемлекеттік игі көрінісі болар еді. Мемлекеттік қызметшілер тарапынан құжаттарды мемлекеттік тілде әзірлеу, мекемелердегі қазақ тіл кабинетін оқу құралдарымен жабдықтау, қызметкерлердің қазақ тілі сабақтарына тұрақты қатысуларын қамтамасыз ету, мемлекеттік тілде іс-қағаздарды дайындау біліктілігін арттыру, басқармалар мен мекемелердегі атестациялау комиссияның құрамына мемлекеттік тілдің дамуына жауапты қызметкерлерді енгізу, қызметке орналасу кезінде үміткерлердің мемлекеттік тілде меңгергенін ескеру, бүгінгі күнгі негізгі талаптар болып отыр. Мемлекеттік тілді еркін меңгерген, елдің тарихын, салтын, дәстүрін жақсы білетін, Қазақстанды Отаным деп санайтын азамат, шыққан тегі қай ұлт екеніне қарамастан, кез келген лауазымды қызметке көтеріле алуы тиіс. Сондықтан мемлекеттік тілді өз дәрежесінде меңгеру мемлекеттік қызметкер үшін Конституциялық міндет екенін айтуымыз керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдаған “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!” атты Жолдауында мемлекеттік тілге қатысты ойларын білдірді. Елбасымыздың тіл турасында, бүкіл Қазақстан халқының ұйытқысы мемлекеттік тіл екенін, барша отандастардың осы тілдің айналасында бірігетінін айтып жүргені бәрімізге белгілі. Жолдауда: «Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі басым көпшілікті құрайды. Бұл Тәуелсіздіктің орасан зор жетістігі, біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға жеткізу. Ал 2020 жылға қарай олар кемінде 95 пайызды құрауы тиіс. Енді он жылдан кейін мектеп бітірушілердің 100 пайызы мемлекеттік тілді біліп шығатын болады. Ол үшін бәрін де жасап жатырмыз. Біз сол сияқты орыс тілін және өзге де қазақстандық этностар тілін дамытатын боламыз. Мен қазіргі қазақстандық үшін үш тілді білу – әркімнің дербес табыстылығының міндетті шарты екендігін әрдайым айтып келемін, сондықтан 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін» - деп атап көрсеткен.
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында ынтымақ пен бірліктің елімізді табысқа бастайтыны атап көрсетілген. Елбасы Н.Назарбаевтың «Біз қазығы берік, мемлекеттігі бекем, төрт құбыласы сай Қазақ елінің айбынын асырып, атағын әлемге әйгіледік… біз сияқты халықының саны аз, экономикасы даму үстіндегі елге технология ауадай қажет. Сонда ғана әлемнің алып мемлекеттері мен төңірегіміздегі елдер бізбен санасады. Бұл бағдарламаның түпкі мақсаты еліміздің тәуелсіздігін баянды ету, қазақтың ұлт болып өркендеуіне жол ашу,оның тіл мен мәдениетінің кең құлаш жаюына мүмкіндік туғызу», деп атап көрсеткені әрқайсымыздың күнделікті жұмысымыздың асыл арқауына айналуы керек. Тіл-халықтың жан-дүниесі, рухани негізі мен ел еркіндігін, ұлттың ұлылығын танытатын басты күш. Ұлт болмысын ұғындырып, жалпы жұртты төңірегіне топтастырушы, біріктіруші ретінде де саналады. Сондықтан мемлекеттік тілді білу-өмір талабы, заман сұранысы,қоғам қажеттілігі деген жөн. Тілді өмірдің барлық саласында қолданып, аясын кеңейту жолында әрбір қазақстандық өзінің азаматтық міндетін атқарғанда ғана ол нәтижелі болатынына күн сайын көз жеткізіліп келеді.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілге толыққанды көшу үшін және қазақ тілінің беделін одан әрі нығайту үшін, ең алдымен, бірнеше мәселені шешу қажет деп ойлаймын.
Біріншіден, мемлекеттік тілді білуге қажеттілік туғызу. Ол үшін мемлекеттік мекеме басшылары өзге ұлт өкілдері мен орыс тілді отандастарымызға мемлекеттік тілді білудің міндеттілігін түсіндірулері керек.
Екіншіден, бүгінгі таңда екі тілде жүргізіліп отырған іс қағаздарын біртіндеп мемлекеттік тілде дайындауға басымдық беру, яғни іс қағаздарының орыс тіліндегі нұсқасынсыз, тікелей мемлекеттік тілде дайындау немесе мемлекеттік тілде келіп түскен құжатты орыс тіліне аударып жатпай, келіп түскен тілде жауап беруді қолға алу керек.
Үшіншіден, құжаттарды мемлекеттік тілде дайындай алатын мамандар даярлау.
Төртіншіден, заң терминдерінің бірыңғай үлгілерін қабылдау кезінде әр саланың мамандарын қатыстырып, ресми құжаттардың мемлекеттік үлгілерін қалыптастыру.
Қолымыз бостандыққа жетіп, Тәуелсіз мемлекет құрып, оның тау тұғырын нығайтып, дәл бүгінгі таңда осы киелі де қасиетті ана тілімізді көзіміздің қарашығындай сақтауымыз қажет. Сөзімді аяқтай келе, Қазақстан халқы, мемлекет тіл – қазақ тілін үйренейік дер едім. Туған тілімізді игеруге пайымды парасаттылық пен табысты табандылық таныту әр қазақ азаматының қасиетті борышы болмақ!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ТатьянаТатьянка (2015-05-26) | Автор: Нұрбасова Күланда Нұрбасқызы E
Просмотров: 1828 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 12:39 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru