Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Әбілхан Қастеев.Қазақ тілі мен «өзін-өзі тану» пәні бойынша кіріктірілген сабақ
Алматы қаласы, «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру, сауықтыру орталығы, «Өзін- өзі тану» гимназиясы,
қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі
Нұрбасова Күланда Нұрбасқызы
Қазақ тілі мен «өзін-өзі тану» пәні бойынша кіріктірілген сабақ
Сабақтың тақырыбы: Әбілхан Қастеев
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Көрнекті қазақ суретшісі Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек мәлімет бере отырып, адам өміріндегі өнердің маңыздылығын, алатын орнын, оның жан дүниесін түсінуге әсерін тигізу.
2. Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, зейінін, пәнге деген қызығушылығын, сөйлем құрауын дамыту; 1. Сыни тұрғыдан әртүрлі тапсырмалар беру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту. Өнерге, өнер адамдарына деген құрмет және сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Ұлы суретшінің өмірін үлгі- өнеге тұту. Оқушыларды отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа, еңбекке, өз білімін бағалай білуге тәрбиелеу, ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Рухани-адамгершілік құндылықтарды тереңдетіп өз өмірлерінде пайдалана білуге, өмірді сұлулық, жақсылық қырынан қабылдай білуге тәрбиелеу.
Құндылық: Ақиқат; қасиеттер: шындық, сүйіспеншілік.
Күтілетін нәтиже: –Сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамиды.Алған білімдерін өмірде қолдана алады. Жалпыадамзаттық құндылықтарды біледі.Ақиқат құндылығы мен шындық қасиеттерін ашады.
Пән аралық байланыс: Өзін-өзі тану, әдебиет, тарих, бейнелеу өнері.
Сабақтың түрі: кіріктірілген, шығармашылық, интерактивті
Сабақтың типі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс, түсіндірмелі, рольге бөліп оқу, талдау, әңгіме, ой қозғау, Венн диаграммасы, сатылай кешенді талдау, АКТ, аудио-видео әдістері,.
Көрнекіліктері: Қастеевтің суреттері, газет – жұрналдар, қосымша көркем әдебиеттер интерактивті тақта, нақыл сөздер, үлестірмелі парақшалар, түсті қарындаштар, стикерлер.
Сабақтың барысы:
I .Ұйымдастыру кезеңі.1. Амандасу.
2.Тыныштық сәті . « Күннің нұры». (Музыка ойнап тұрады)
Денемізді тік ұстап, орындықта еркін отырамыз. Көзімізді жұмамыз. Көз алдарыңда көк шалғынды дала. Жұмсақ самал есіп тұр. Аспанада күн нұрын ерекше төгіп, сенің маңдайыңнан өтіп жүрегіңе құйылды. Нұрға бөленген жүрегің жаңа ашылған гүлдей сүйіспеншілік қауызын ашады. Сүйіспеншілікке толы жүректен күннің нұры сенің аяғыңа түседі. Аяғыңнан күннің нұры қолыңа барды, тек жақсыны ғана ұстау үшін. Күннің нұры қолыңнан ауызыңа барды, жақсыны ғана айту үшін. Ауызыңнан күннің нұры құлағына барды, тек жақсы сөз есту үшін. Күннің нұры көзіңе барды, тек жақсыны көру үшін. Сенің бүкіл тұла бойың сүйспеншілік нұрына бөленді. Сен осы сүйіспеншіліктеріңді досыңа, ата-анаңа, барлық мектептегі таныстарыңа жібер. Айналаң сүйіспеншілік нұрына бөленсін. Біздің сыныпта нұрға бөленіп сүйіспеншілікке толды. Көзімізді жаймен ашайық.
Мұғалім: Рахмет. Балалар міне біз жағымды көңіл- күйге ендік,енді 5Т ұстанымын еске сақтай отырып, сабағымызды жалғастырайық
5 «Т» ұстанымы 1. Тәртіп
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
5.Татулық
II.Үй тапсырмасын сұрау
1. « Қазақ бейнелеу өнері тарихынан» мәтінінен етістіктерді теріп жазып, қалау райға айналдыру,
2. Сұрақтарға жауап беру
3. Мәтінді тірек сызбалар негізінде мазмұндау
4. Венн диаграмасын жасап Шоқан Уәлиханов пен Әбілхан Қастеевті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табады.
III. Жаңа сабақ.
Мақсат қою кезеңі.
Нені білуіміз керек?
1. Қазақтың бейнелеу өнерінің салалары туралы
2. Шоқанның суретшілік шеберлігі
3.Ұлы бабаларымыздан қалған даналық өсиет сөздерін білу
Нені үйренуіміз керек?
1. Қазақ суретшілері туралы;
2. Етістіктің қалау райының жалғауларын дұрыс қоя білуді;
3. Жалпыадамзаттық рухани –адамгершілік құндылықтарды бабалар сөзінен үйрену
2. Дәйексөз.
«Озар елдің ұлы өнерлі , қызы мінезді келеді »
Мақал
1.Дәйексөзді оқыту.
2.Дәйексөздің мағынасын қалай түсінеcіңдер?
3. Дәйексөзді дәптерге жаздыру.
4. Қорытынды сөз.
Озар елдің дегенде балалар, менің ойыма Ахмет Байтұрсынов атамыздың
« Басқалардан кем болмас үшін бізге білім, байлық және күш керек» деген сөзі келіп тұр. «Білімді болу үшін оқу керек, бай болу үшін еңбек ету керек, күшті болу үшін бірлік керек. Осының бәрі болу үшін сабырлық керек» дейді. Сабырлықтың арқасында еліміз озық, ұл, қыздарымыз өнерлі болмақ.
І. Қызығушылығын ояту. Ой шақыру.
1. Қазақ халқының сурет өнерінің басында кім тұр?
2. Шоқан туралы не білесіңдер?
3. Біздің қаламызда Қастеев атында не бар?
4. Қастеев туралы өздерің оқыған тың мәліметтер туралы айтыңдар?
5. Әбілхан Қастеев ұстазының «Бұл өнерді қайдан үйрендің?» - деген сұрағына не деп жауап береді?
Таудың бұлағынан,
Қойдың құлағынан.
Анамның киізінен,
Ешкінің мүйізінен – үйрендім деп жауап береді. Осы жауабынан нені байқауға болады?
- Оның өз елінің табиғатын шексіз сүйгенін, оның әрбір затынан өзіне үлгі алғанын және анасына деген құрметін, сүйіспеншілігін, сағынышын байқауға болады.
Бүгін біз еліміздің ардақты ұлы, аты аңызға айналған суретші Әбілхан Қастеев туралы, оның өмір жолының қалыптасуы және шарықтау кезеңдері туралы әңгімелейміз. Әбілхан Қастеев өзінің
табиғи сезімталдығының арқасында талай көркем дүниелерді өмірге әкелді, олардың негізгі арқауы туған жерге, өз халқына деген орасан зор сүйіспеншілік еді.
( Топпен жұмыс) Оқушылар екі топқа бөлініп отырғызылады, топтың аттары:
1. «Өнер»
2. «Білім»
Тапсырмалар:
1. Әр топқа мәтіннің тиісті бөлігін талдату.
2.Етістікті қалау райға айландырту, түсінгенін мазмұндату.
3.Рухани-адамгершілік құндылықтарды таптыру.
І. Дәлелдеу.
1. Әр топ өзінің атына сәйкес, яғни “өнер” тобы Қастеевтің бойынан өнерге деген сүйіспеншілікті тауып, оны өмірмен байланыстырып дәлелдеу.
2. Ал, “білім” тобы бірінші топтың айтқан жауабына баға бере отырып, кемшілігін, жетістігін айтады.
3. Сендердің өз бойларыңда осындай қасиеттер бар ма?
Енді балалар жаңа сабақ бойынша алдымен мәтінді талдауға кірісеміз.

І топ - Қастеевтің өмір жолының қалыптасуы бойынша,
ІІ топ - оның шығармашылығының шарықтау кезеңі бойынша әңгімелейді.
1. Топтастыру әдісі. Топпен, шығармашылық жұмыс (3мин. музыка)
І топ ІІ топ
Қалыптасу кезеңі Шарықтау кезеңі
1.Қастеев есімі 1. Мәскеуге сапары
2. Кедейшілік, дарындылық . 2.Көрмеге қатысуы
3.Алматыға келуі 3. Ресей көркемсурет
студиясында білім алуы
4. Көркемсурет студиясы 4.Суретшілер одағы
2. Мәтін бойынша жұмыс. (сұрақ-жауап – сөйлем құрау)
І топ зат есімді басшылыққа алады ІІ топ сан есімді басшылыққа алады
1) ІІ топқа өздері құраған әңгімесі І топқа өздері құраған әңгімесі
бойынша сұрақ қояды. бойынша сұрақ қояды.
Мысалы: Әбілхан Қастеев кім? Мысалы: 1904 жылы не болды?
(Шоқан, Хлудов, (1920, 1928, 1917,
Ғалымбаева, т.б.) 1930, 1934-1936, т.б.)
Енді зат есімдер мен сан есімдерге етістіктерді қосып сөйлем құраңдар.
Мысалы: Шоқан Уәлиқанов 1835жылы туылып,1865 жылы қайтыс болды.
3. Грамматикалық жұмыс.
1) Етістіктің қалау райы қалай жасалады?

Етістіктің қалау райы - Жасалу жолдары - Негіз + ғы, -гі, -қы, -кі + кел + т.ж.
М.: Менің сурет салғым келеді

2) Қалау рай туралы мәліметтерді есте сақтап, берілген етістіктерден қалау рай формасын жасап, сөйлемдер құраңдар.
Бару, болу, көру, салу, үйрену.
Бар+ барғым келеді, бол+ болғым келеді, көр+ көргім келеді, сал+ салғым келеді, үйрен+ үйренгім келеді
Мысалы: Мен Қастеев атындағы мұражайға барғым келеді.
IV. Бекіту.

1) Сандарды сөйлетіңдер.
1904, 1973, 1920, 1929, 1930, 1934, 1934-1936, 1937, 1930-1940, 1942,
1944, 1967, 1973, 1976, 1984, 2004
2) Мақал – мәтелдерді аяқта .( Ойын « Кім жылдам? »)
1. Жақсыны көріп, ... елге мәлім боларсың.
2. Жер елсіз болмайды, . . . адам болып қалу көп қиын.
3. Ғалым болсаң. . . . жан семіреді.
Білімді өлсе, қағазда аты қалар, . . . ел ерсіз болмайды.
4. Наданмен дос болғанша, . . . рухани азығы.
5. Адам болып оңай туғанмен, . . . ұста өлсе істеген заты қалар.
6. Өнер – адамның ... . кітаппен дос бол.
- Жарайсыңдар балалар, осы мақалдың бәрі не туралы? Өнер-білім, достық, жақсылық туралы.Біздің арамызда да өнерлі жастар бар, енді солардың өнерін тамашалайық (домбырада күй тартылады)


9. Түйіндеу
Адам ақиқатты танып, сүйіспеншілікпен дұрыс әрекет еткенде, оның жан дүниесінде ішкі тыныштық орнап,біреуге қиянат жасамаса іс- әрекеті өз жемісін береді.
-Ендеше , балалар, бүгінгі сабағымыздың дәйексөзін еске түсірейік.
«Озар елдің ұлы өнерлі , қызы мінезді келеді » - деп аяқтайық.
Ендеше, барлығың оқуларыңды жақсы оқып, өнерді сүйе біліңдер, келешек елге қалаулы үлкен азамат болып, еліміздің өркендеуіне еңбек етіңдер. Көк туымызды әрқашан биіктен желбірете берейік!
3) Топпен ән айту. «Көк тудың желбірегені» әнін бірге орындайық.
Қазіргі орындайтын әніміз «Көк тудың желбірегені» әні - сағымды сағынышқа
толы, жанды тебірентіп, рухты оятатын нағыз патриоттық ән. Ол арнайы тапсырыспен жазылған ән емес. Ол атамекенге деген ыстық сағыныш пен бойдағы
елге деген сүйіспеншіліктен туған ән. Өзге елдердегі қазақ бауырлардың жүрегінің лүпіліндей естілетін осы әннің авторы Ермұрат Зейіпхан. Ал сөзін ақын Алмас Ахметбекұлы жазған. Екеуі де қытайдан елге келген қазақ бауырларымыз. Орындаушысы: Ибрагим Ескендір
Көк тудың желбірегені
Қайырмасы:
І. Көк тудың желбірегені - Көктудың желбірегені -
Қазақтың асқақ беделі. жаныма қуат береді.
Махаббат, қайрат екеулеп, Таласқа түссе жан мен ту
шымырлатқаны денені. жан емес, маған керегі -
Көктудың желбірегені.
Қайырмасы.
VI. Инсерт картасы.
білемін білгім келеді қызықтырды зерттеймін


VІI. Үйге тапсырма. Қастеев атындағы өнер мұражайы туралы реферат әзірлеңдер.
Шығармашылық деңгей: Ұлы бабаларымыздың даналық сөздерінің қазіргі өмірдегі құндылықтары қандай?? Болашақта құнын сақтай ала ма ? (ойтолғау)
VI.Бағалау. Сарапшылар үкісі санымен бағалау
1.Рефлексия. сабаққа деген өз көңіл-күйлерін білдіру. «Басбармақ»
Сабақ «өте жақсы» ұнады, «жақсы» ұнады, «онша» ұнаған жоқ
VІІI. Келесі тыныштық сәтi.
- Ал енді балалар, бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді
еске түсіріп, жүректеріңе түйіп, нұрға бөлеп ол нұрды қасыңдағыларға, жақындарыңа,
әке-шешеңе, достарыңа , бүкіл әлемге ойша таратыңдар. Осымен бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
«Өнерлінің өрісі кең» – дейді, сендер де өнерлі болып, өмірден өз орындарыңды табыңдар – дейміз. Рахмет балалар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ТатьянаТатьянка (2015-05-26) | Автор: Нұрбасова Күланда Нұрбасқызы E
Просмотров: 1688 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-16, 2:08 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru