Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сабақтың тақырыбы:Сүндет той
Сабақтың тақырыбы:Сүндет той
I.Сабақтың мақсаты:
а) білімділігі
Ғасырлар бойы қалыптасқан қазақтардың рухани өмірін осы кезге дейін жеткізген халықтың әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрлерінің мән-маңызы, қазақтың халықтық әдет-ғұрпы мен дәстүрлері көбінесе көшпелі малшылардың күнделікті шаруашылық қызметінде атқарылатын әр түрлі салт-жораларында , отбасы-неке қатынастарында сақталатын әр түрлі салт-жораларда мейлінше толық ашылғанын айта келіп, дала өңірінде қонақжайлылық, қазақтар арасында дос-бауыр болу(тамыр болу), өзара көмек көрсету, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде , әдет-ғұрпында ерекше орын алатын ғұрып- бата–тілектердің мән-мағынасы туралы білімдерін толықтыру, кеңейту.
ә) тәрбиелігі
Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың озық дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының тәрбиелік мәнін терең түсінетін тәрбиелі, саналы ұрпақ ретінде оқыта отырып қалыптастыру, халықтық дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
б) дамытушылығы
тақырып бойынша өз ойларын еркін айтқызу, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлер туралы өз беттерімен ізденіп жинақтауға, ізденуге, ой-талқыға қатыстыру.
Сабақтың әдіс-тәсілі:топтастыру,ой-толғау,сұрақ-жауап

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Әңгімелеу
Әр шаңырақтың қарапайым, салтанатты түрде атап өтетін мереке, тойлары бар. Олардың кейбіріне көп қонақ шақырылса, кейбіріне ең жақын туған-туыс, көрші-көлем ғана келеді. Той – қуаныш-қызықты бірге бөлісу үшін ағайынның басын қосу, туған-туысты ынтымақ-ырысқа шақыру, өзара қарым-қатынасты нығайту, ұлттық салт-дәстүрді ұлықтау. Алайда мал-мүлік шашып, атын шығару үшін көл-көсір той жасау – астамшылық, ысырапқорлық. Тек, Аллаһ Тағала әр шаңырақты «Баласына бір той жасап бере алмай, бұл өмірден өтіп кетті-ау, қанша адам!», — деп ақын жырлаған өкініштен сақтағай!
3.Жаңа сабақ
Сүндетке баланы алдын ала дайындау
Қалыптасқан дәстүр бойынша ата-бабаларымыз ер балаларын бес-жеті не тоғыз жасында сүндетке отырғызады. Сүндетке отырғызбас бұрын әрбір ата-ана баласын алдын ала психологиялық тұрғыдан дайындайды. Алдымен "бір, екі, үш, төрт, бес, шүметайымның басын кес!" деп тақпақ үйретеді, "сүндетке отырғаннан кейін ғана сен нағыз жігіт боласың" деп күнделікті құлағына құя береді. Осындай әңгімелерге әбден еті үйренген бала осы бір күнді асыға күтіп, іштей дайын болып жүреді.
Сүндет тойына шақыру
Сүндет тойын өткізетін сәтті күн алды ала белгіленеді. Бұл тойға тән ерекшелік - тойға қонақтарды баланың өзі шақырады. Айшықты тарланбозға мінген, сәнді киінген бозбала мен құйрығын шарт түйіп, жорға мінген сүндет бала көпшілікті тойға шақырады. Оның бауырсақ пен мәмпәси толтырылған қоржынынан тойға шақырылған үй иесі дәм татады да, түсті матадан жыртыс жыртып, бала мінген жорғаның жалына байлайды.
Сүндетке отырғызу барысы
Сәрсенбінің сәтті күні ауыл молдасы баланы сүндетке отырғызады. Бұл рәсім былайша жүргізіледі: әкесі баланы дастарқанға шақырып, күлдіргі әңгімелер айтады, мақтауын жеткізе отырып, төсекке жатқызады. Үйде жалғыз қалған молда қолын үш рет сабындап жуып, құрал-саймандарын отқа ұстап, таза ақ шүберек, ұнның кебегі, кесе дайындайды. Молда бала көңілін аулайтын түрлі хикаялар айтып отырып, шүметайының артық терісін қаз майымен әбден уқалап, жанын кетіреді, оның қалайша шорт кесіліп қалғанын баланы өзі де аңғармай қалады. Ұнның кебегін сеуіп, қанын тоқтатады да, үстіне кесе төңкереді. Қара қотырланған жарасы қажалып, қанамас үшін етегі кең көйлек киген бала бір-екі күннен кейін жүгіріп кетеді. (Шүметайдың артық терісін перзенті немесе ұлы жоқ ата-аналар қалап алатын жоралғы бар).
Той сыйлары
Тойға келген адамдар "сүндетің қабыл болсын!" деп баланың айналасына жеміс-жидек пен тәтті дәмдер толтырып, жастығының астына ақша тығады. Сүндетелген бала ата-анасының сұрауы, өзінің қалауы бойынша жиналған қаржыны жұмсайды. Сүндет тойында ауқатты адамдар ат шаптырып, көкпар тартқан.

Сүндет тойға арналған Қазақша Бата - Тілек : Қол жайыңдар халайық, сүндетке арнап, Қырық парыздың біреуі осы дейді.
4.Қорытынды
Құттықтау Бата
Қатарыңның алды бол, Шырағын жағар ұлысың,
Бақытты бол,малды бол. Ата менен ананның.
Бақытыңа мастанып, Таудай болсын талабың,
Бола көрме қанды қол. Алтын менен күмістен
Жас берсе,бірге бақ берсін, Жасалсын барлық жарағың,
Жарылқап тәуір нақ берсін. Көріндігің мінеки
Қайырыңды елі көріп, Бар ма тағы қаларың ?
Жомарт деген ат берсің Қой сұраса-қой берем,
Жолдарыңды оңдасып, Тай сұрасаң-тай берем
Қыдыр болсын жолдасың. Зат сұрасаң-зат берем.
Қырық шілтен,Ғайып-ерен Әуелі,құдай оңдай көр,
Қорғаштап сені қолдасын. Оң жолына бастай көр.
Адасса жолға сана көр.
Сүрінсе қолдан ала көр!
Кездессе шайтан қаға көр,
Жұлдыздармен жалғастыр.
Жақсылармен жанатар
Жамандардан адастыр!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Избасаровна (2015-06-10) | Автор: Каражигитова Еркежан Избасаровна E
Просмотров: 2017 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 9:00 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru