Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ФУНКЦИОНАЛДЫ ГРАММАТИКАДАҒЫ ЕТІСТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
ФУНКЦИОНАЛДЫ ГРАММАТИКАДАҒЫ ЕТІСТІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Х.В.Бекбосынова, магистрант ИнЕУ, Павлодар қ.

Етіс категорясын функционалдық тұрғыдан қарастыруды сөз етпестен бұрын, ең әуелі, қазақ тіліндегі фукционалдық грамматиканың теориялық саласындағы өткен ғылыми зерттеулерге тоқталуға жөн көрдім.
Функционалды грамматиканың негізін қалауға көп еңбек еткен алыс және жақын шетел басылымдары болғанын айта кету керек. Функционалды стилистиканың негіздерінің қалануына Пермь мектебінің зерттеушілерінің етіс категориясына функционалдық тұрғыдан назар аударуы тікелей себепкер болды. Етіс категориясын функционалдық тұрғыдан қарастыру оның алдындағы жеке ғылыми зерттеулердің ғылыми көзқарастар нәтижесінен жалпы функционалдылық термині толық тұрақтана бастады. Ал етістің функционалдылық тұрғыдан назар аудару бұрынғы ежелгі интеллектуалды ағымдардың концепциялдарына тікелей байланысты болатын. Функционалды грамматиканы зерттеуші ғалымдар осы саланың ғылыми салаға ілігуінің басты ғылыми концепцияларына негіз болған ғылыми еңбектердің зор маңызын әруақытта атап көрсеткен. Олардың қатарында ең бастылары болып саналатын Ф.Брюнд – «Тіл және әлем» (1922) еңбегі мен О.Есперсеннің «Философия грамматикасы» (1924) еңбектерінің жалпы функционалды грамматика үшін маңызының орасан зор рол атқарғанын атап айтады. Осымен қатар функционалдық талдауға негізделген тілдік функцияның алғашқы жеке жанама концепцияның ұсынған копенгагендік лингвистикалық үйірменің тілдік талдаудың да қосқан үлесі де аз болған жоқ. Белгілі ғалымдар Г.Гийоманың сөйлеу сәтіндегі тіл функционалдығын басшылыққа алынған еңбектің де маңызын айта кету керек.Осы салаға қатысты жазылған еңбектердің ішінде тілді функционалдық тұрғыдан қарастыруды назарға алып, ғылыми айналымға ендіруге негіз болған ғылыми зерттеулердің қатарына француз мектебінің өкілі А. Мартини тағы басқа ғалымдардың да ғылыми ұстанымдары негіз болды. Олар тіл функциясының коммунативтік аспектіде қарастыруға тікелей көңіл бөлген болатын. Бұл ғылыми ұстанымдардың да функционалды грамматиканың негізінің қалануына ықпал еткен әрі осы бағытқа қосылған жаңалық болып табылады.
Функционалдық грамматиканың өзіндік теориясын А.В.Бондарко дамытты. Бұл теорияның орталық түсінігі фунуционалды-семантикалық өріс болып табылады. Бұл нақты семантикалық категориялармен келісіліп, атқару қызметтерінің жалпылығының негізіне біріккен тілдік бірліктердің, категориялар мен басқа құбылыстардың жүйесі. Функционалды грамматиканың негізгі объектісі – грамматиканың ішінде «мазмұннан – тұлғаға, тұлғадан мазмұнға қарай» сияқты тілдік бірліктерді зерттейтін бағыт болып табылады. Алғашқылардың бірі болып бұл бағытты орыс тіл білімінде А.В.Бондарко кеңінен қарастырған болатын, «ономасиологиялық функционалды грамматика» деп аталған болатын. А.В. Бондарконың айтуы бойынша, «функционалды грамматиканың өзінің заты бар – грамматикалық бірліктердің мен ойлардағы олармен өзара байланысқан тілідік тәсілдердің функциялануы. Функционалды - грамматикалық зерттеу ерекше түрдегі жүйені ашуға тырысуда...- грамматикалық формалардың, лексика мен контекстің өзара байланысының жүйесі, ойдың негізгі мағынасын беруде қызмет атқаратын тілдік құралдардың функциялануының ережесі мен заңдылығының жүйесі» [3].
Функционалдық грамматиканың негізінің қалануына О.Есперсен зерттеулері мен басқалардың еңбектерінің игі ықпалы болған. Функционалды грамматиканың теориялық негізін қалап әрі дамытқан грамматиканы бірнеше ғылым салаларымен атап айтқанда, психологиялық, типологиялық және прагматикалық түрлері жайында айтқан – С.Дик болды.
Функционалдық грамматикасының негізгі нысаны функционалды-семантикалық өріс болып табылады. Функционалды-семантикалық өрістің өзі мағыналық категорияларға жатады. Алғаш рет «мағыналық категория» терминін ғылыми айналымға ендіріп қолданған О.Есперсен болатын.
Жеке ғылым саласы басқа ғылымдармен шектескенде жаңа бағыттарының тууына тікелей ықпал етеді. Қазақ тілінің функционалдығын зерттеу барысында тілдің функционалдығын сөйлеу актісінде адамдық фактордың ұғымдық, танымдық , іс-әрекеттері өзара байланыста, бірін-бірі толықтыра, логикалық жүйемен үздіксіз дамытылып отырғандықтан, осы пән туралы ғылыми – тәжірибелік білім қоры көптеген шектес ғылымдармен сабақтастырыла байланыстырыуды негізге мақсатқа алып отырады.
Қазақ әдеби тілін зерттеудің барлық аспектілері тілдік бірліктердің семантикасына, функциясына, оның қолданыс заңдылықтарына тоқталмай немесе адамдық факторды есепке алмай нәтижелі зерттеулер жүргізе алмайды. Функционалды грамматиканың негізгі өзегі болып табылатын функционалды-семантикалық өріс теориясы туралы ғылыми концепциялар, ол туралы ғылыми-ақпараттық көзқарастарды жүйелеу басшылыққа алынды. Сонымен қатар функция терминінің сипаты туралы да ғылыми - танымдық ақпараттар мәселесі айқындалды. Функционалды грамматиканың негізгі ұғымдарының бірі категориялық жағдаят болып табылады. Қатегориялық жағдаят функционалды-семантикалық өрістің тілдегі көрінісі болып табылады. Функционалды грамматиканың өзіне тән ғылыми-теориялық базасы, ұғымдары мен категориялары бар. Функционалды грамматиканың негізгі өзегі функционалды-семантикалық өріс, онымен тікелей жалғасып жататын категориялық жағдаят, персоналдылық, предикативтілік, темпоральдылық, каузативтілік, т.с.с. назарға алынды.
Қазақ әдеби тілінің сөз сөйлеу актілеріндегі мазмұннан формаға қарай ойысқан тілдік бірліктердің функционалды-семантикалық өрісінің мазмұнын және адамдық фактордың ойлау-пікір білдіру «әрекетіндегі» танымдық, интенциялық, пресуппозияциялық сипатының мәнділік қызметін тұтастай алғанда, құзыреттілігін анықтау болып табылады.
Сондықтан қазақ тілінің функционалды грамматикасын зерттеу барысында тілді зерттеудің антропоцентристік бағытының басты ұстанымдары көптеген ғылым салаларымен байланысын тудырып, тілдің көп аспектілі жүйесін басқа да ғылым салаларын байланыстыра зерттеуді қажет етеді. Қазақ әдеби тілінің грамматикалық бірліктердің қолданылу ерекшелігіне ерекше мән беріліп, ұғымдардың өзара қатынасына, олардың тілдегі қолданысына қазақ ғалымдары басты назар аудара бастады. А. Байтұрсынұлы, Т. Шонанов, Қ. Кемеңгерұлы, Қ. Жұбанов, С Аманжолов еңбектерінде функционалдылық бағыттың негізі қаланған болатын. Бұл бағыттардың ортақ идеясы адамдық факторды басты қағида етіп ала отырып, ақиқаттың тілдік концепциялары мен субьектілік концепцияларды ақиқат ретінде тану мәселелерінің ерекше моделін жасауды басты ұстаным етіп алады.Тілді қолдануда адамдық фактор қоршаған шындық өмірдің ақикатын тануға арналған сөйлеу әрекетінде ақыл – ой санасымен тілдің граматикалық заңдылықтары арқылы сөз түзеді. Осы сөз түзілісінде айтушының белгілі ақикат ұстаным түсініктерінің мазмұны қалыптасады. Ең басты ескеретін нәрсе, грамматикалық заңдылықты негізге ала отырып, айтушы мен қабылдаушының сыртқы фактормен тілдің ішкі субстанционалдық қасиеттерінен грамматикалық функцияның аспектілерін толық айқындауға мүмкіндік болатыны анықталды. Тілдің құрылымдық жүйесінен әр түрлі аспектіде қаралуы функционалды грамматикалық негізіне бағыт берді. Сондықтан функционалды грамматика әр түрлі аспектіде қарастырыла бастады. Қазақ тіл ғылымында да бұл ғылыми пікір өте ерте айтылған болатын. Сонау өткен ғасырдың 50-шы жылдары қазақтың белгілі ғалымы С.Аманжолов:« Енді көп сөздер бір – бірімен ойлау жүйесі жағынан қалай байланысады (әрине, бұл жерде орын, қиысу, қабысу, меңгеру... сияқты арнаулы бөлімде айтылатын қарым – қатынастарды сөз қылайық деп отырғанымыз жоқ), соны әңгіме қылмақпыз. Ескі грамматикадағы логистер сөйлемдегі сөздердің логикалық байланысын қарауы,тек формальді логиканың заңы бойынша еді. Сондықтан сыртқы тұлға мен ішкі мазмұн қайшылықтары мүлде айтылмаушы еді. Бұл мәселені шамамыз келгенше, диалектиканың заңдарына сүйене отырып қарап шығуды мақсат еттік» деген болатын [2].Тілдің көп функционалдығы адамдық фактордың логикасымен, танымдық білімі мен сөз «әрекетінің» құзыреттілігін өзара бірлікте қалыптастырудың алғышартының негізгі өзегінен тарайды. Тілдің функционалдығын толық тану оның көп жүйелілік қызметінің мәнін анықтау үшін тіл білімінің өз ішіндегі салаларымен және гуманитарлық білім бағыттарымен біртұтас, үздіксіз бір байланыста қарастыруды қажет әрі талап етеді.
Тілді зерттеудегі классикалық дәстүрлі немесе құрылымдық грамматика айтушының ойлауын және тілден тысқары факторларды ескермеді. Тілді айтушы мен оған ықпал ететін факторлар арқылы қарастыру тілдің функционалдығын әрі мағыналық өрісін анықтауға тікелей ықпал етті. Ежелгі грамматикалық категориялардың негізі бастауын логикадан бастау алғаны белгілі.Сондықтан тіл функционалдылығын зерттеушілерде осы негізді басты қағида ретінде алады. Олай болса, логикалық тұжырымдар мен нәтижелер барлық адамзатқа тән болғандықтан барлық тілде түзілетін грамамтикалық заңдылықтар барша халыққа тән құбылыс болып саналады. Тілдік категориялар әр халықтың өз тілінің грамматикалық жүйесіне бағынып, өзінше тілдік заңдылық ретінде көрініс табады. Қазақ тілінің функционалды грамматикасының негізгі ұғымдарына мен категориялары туралы, функционалды грамматиканы зерттеудегі басқа ғылым салаларымен байланысына қатысты ғылыми зерттеулер соңғы уақытқа біршама жазылды. Олардың алғашқыыларына Е.Н.Жанпейісовтің қызметтік грамматиканың бастау ұғымдарына арналған еңбегін атап кету керек. [4].
Қазақ және орыс тілінің функционалдығын зерттеген еңбектердің қатарына Ахметжанова З.К, Құнанбаева С.С. Салқынбай А. функционалды грамматиканың негізгі түсініктері туралы зерттеулерінің айтарлықтай маңызы бар. [5,.6,.7.]. Басқа да ғалымдар осы саланың негізгі ұғымдары мен категориялары туралы функционалды-коммуникативтік табиғаты, жалпы функция атқаратын тілдік бірліктердің сөйлеу кезіндегі мағынасы мен қызметі туралы еңбектерін атаған жөн . Олардың қатарына Рысалды Қ. Қапалбеков Б. , Шалабай Б, Әбдіғалиева Т. Жұбаева О.С, Ж.Сәдуақасұлы, А.Жаңабекова , Жолшаева М т.б еңбектерін жатқызуға болады. Тілдің көп функционалдығы адамдық фактордың логикасымен, танымдық білімі мен сөз «әрекетінің» құзыреттілігін өзара бірлікте қалыптастырудың алғышартының негізгі өзегінен тарайды.Тілдің функционалдығын толық тану оның көп жүйелілік қызметінің мәнін анықтау үшін тіл білімінің өз ішіндегі салаларымен және гуманитарлық білім бағыттарымен біртұтас, үздіксіз бір байланыста қарастыруды қажет әрі талап етеді.
Тілді зерттеудегі классикалық дәстүрлі немесе құрылымдық грамматика айтушының ойлауын және тілден тысқары факторларды ескермеді. Тілді айтушы мен оған ықпал ететін факторлар арқылы қарастыру тілдің функционалдығын әрі мағыналық өрісін анықтауға тікелей ықпал етті. Ежелгі грамматикалық категориялардың негізі бастауын логикадан бастау алғаны белгілі.Сондықтан тіл функционалдылығын зерттеушілерде осы негізді басты қағида ретінде алады. Олай болса, логикалық тұжырымдар мен нәтижелер барлық адамзатқа тән болғандықтан барлық тілде түзілетін грамамтикалық заңдылықтар барша халыққа тән құбылыс болып саналады. Тілдік категориялар әр халықтың өз тілінің грамматикалық жүйесіне бағынып, өзінше тілдік заңдылық ретінде көрініс табады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Лингвистический энциклопедический словарь .1991. – 760 б.
2. Аманжолов.С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы, «Санат»,1994.—320 бет.
3. Бондарко А.В. Общая характеристика семантики и структуры поля таксиса // Теория функциональной грамматики: Введение. Аспектуальность. Временная локализованность. Таксис. Л.: Наука, 1987. С. 234-242; См.: Ивин А.А. Логические теории времени // Вопросы философии. 1969. №3. С. 117-126
4.Жанпейісов Е. Қызметтік грамматиканың бастау ұғымдары // ҚР БжҒМ мен ҰҒА Хабарлары. Филология сериясы. – 2003. – №1. – 41-50 бб.
5. Ахметжанова З.К. Функциональные-семантические поля русского и казахского языков. −Алма-Ата: Наука, 1989. −108 с.
6.Құнанбаева С.С. Темпоральные отношения в казахском художественном тексте. Автореферат диссертации на соискание ученой степени доктора филологических наук. −Алма-Ата, 1991. −50 с.
7. Салқынбай А. Функционалды грамматиканың негізгі түсініктері туралы // әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Хабаршысы. Филология сериясы. −Алматы, 2001 ж. № 42, 26-29 бб.
8.Имамбаева Ғ.Е. Қазақ тіліндегі етіс категориясының лексика- грамматикалық табиғаты.Монография.- Павлодар: ЭКО, 2014. -352 бет.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Толганай (2015-06-12) | Автор: Бекбосынова Халида Васильевна E
Просмотров: 918 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 5:39 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru