Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫ
ЕТІС КАТЕГОРИЯСЫНЫҢ ҚОЛДАНЫС АЯСЫ

Х.В.Бекбосынова

Етіс категориясы тілдің грамматикалық жүйесінде көрнекті орын алатын қимыл, іс-әрекеттің, субьекті мен обьекті арасындағы әртүрлі қатынасын білдіретін, белгілі қосымшалар жүйесі арқылы жасалатын етістіктің лексика-грамматикалық категорияларының бірі. Етіс категориясы субьекті мен обьектінің өзара әр түрлі қатынаста болуынан, яғни бастауыш пен толықтауыштың сөйлемдегі қатынасынан пайда болатын категория. Әрі етіс етістіктің салт, сабақты мағынада жұмсалуымен де байланысты, өйткені етіс түбір етістіктерге қосымшалардың қосылу арқылы жасалады. Етіс категориясы қимылдың субьекті мен обьектіге әр түрлі қатынасын көрсететін жұрнақтар қосылу арқылы, түбір сөздің бастапқы грамматикалық мағынасын өзгертіп, сөйлем мүшелерін синтаксистік байланысқа түсіреді.
Етіс туралы алғашқы пікір ХІХ ғасырдың басында түрік тілдерін зерттей бастаған тіл мамандарының еңбектерінде бар. Онда етістіктің рай, шақ, жіктік жалғау категориялары қатарында етіс категориясының бары да айтылған. Кейінгі шыққан грамматикаларда бұрынғы айтылғандарға қосқан айтарлықтай жаңалық болмағанымен, етістік категорияларын жеке-жеке атап, әрқайсысына тоқталып, солардың ішінде етіске де анықтама беріп, жасалу жолдарының көрсетілуі етіс туралы зерттеудің де кеңи бастағанын көрсетсе керек.
Белгілі қазақ зерттеуші Аққал Қалыбаева – Хасенова өз еңбектерінде осы туралы мынадай пікір айтқан: «Етістік деген тұтас ұғыммен оның түбірін айырып, ғылыми тұрғыдан шегін анықтап, дәлелдеп, жүйелі түрде көрсету үстінде бұлардан басқа да толып жатқан ерекшеліктер мен қиыншылықтар, даулы мәселелер мен қайшылықтар кездеседі. Соның бірі етістіктің етіс категориясы. Бұл категория жөнінде қазақ, қарақалпақ, башқұрт, өзбек, түркімен, азербайжан, қырғыз т.б. түрік тілдерінде арнайы зерттеліп жеке еңбектер, мақалалар жарияланып, тюркологтар бас қосып, айтыс, жиналыстар өткізіп, белгілі топшылаулармен ғылыми қорытындылар жасап, әрі қарай зерттеуді керек ететін даулы мәселердің бетін ашып салды».[3-6]
Етіс категориясының зерттелуіндегі осындай жетістіктерге қарамай, қазақ тілі грамматикасында бұл мәселе күңгірт қалып өз орнын ала алмай келеді. Қазіргі кезде мектепте тіл оқыту барысында да етістіктің етіс категориясына көп көңіл бөлінбейді. А.Хасенова айтқандай: «Ең алдымен етіс категориясының бөлінуі, сөз жасау және сөздерді түрлендіру категорияларына қатысы, сабақты және салт етістіктер мен ауыстүйгесі, етістіктердің басқа грамматикалық категориясымен байланысы, сондай-ақ, лексика мен грамматиканы, морфологиямен синтаксисті жақындастырудағы рөлі». Орта мектептерде қазақ тілін жүргізетін ұстаздар етіс категориясы туралы көптеген сұрақтар қойып жүреді, өйткені мектеп грамматикасында, жоғары оқу орнындарына арналған құралдарда да ғылыми тұрғыдан жеткілікті мағлұмат аз. [3-10] .
Р. Сыздыкова етіс категориясының тарихын зерттеп айтса, өз кітабында етіс туралы мынадай мағлұмат береді: "Қимылдың объекті мен субъектіге қатысын білдіретін етістіктің түрін етіс дейміз" [4-30].
А.С. Аманжолов орыс тіліндегі "Глагольное управление в языке древнетюрских памятников " деген еңбегінде етіс туралы осылай жазған: "Өзара бірлескен етіс аффикспен бірліскен қимыл, екі немесе бірнеше субъектік қосылған қимылы (көпше түрге сәйкес келеді) айтылса тура ауыспалы етістіктің тура толықтауышпен меңгеруі өзгермейді (форма жасауы) мысалы: үлэ "бөлу" - үләш -үлэс-бірге болу , бөлісу (салыстыру қазақша үлес бөлу, тарату) Сөзлэ - сөйлеу, айту - сөзлэш- "бірнемені" бірлесіп айту, яғни таллқылау, "кэс"- кесу , аралау -кәсім- кесуге көмектесу немесе кесуде жарысу, тут- ұстау , тұту, ұстап алу - тутум - бірге ұстау , бірлесіп ұстау , ұстауға көмек көрсету және т.б. Руникалық мәтін тілінде өзіне назар аударылатың ауыспалы етістік йоққыш жою, құрту, ол йоқ "жоқ" атауынан-қыш форманта арқылы жасалған, онда –қ тарихи етістіктің интенсивтік аффиксі болып табылады, ал -ыш- аффиксі өзара бірлескен етіс аффиксі. Жалпы йоққыш етістігі интенсивтік жинау қимылын білдіреді.(құрту, жою) және тура объектіні меңгереді. Мысалы: Булмыш түші-н тәң үлхүр біз. (USP-28) Одан (сол жерден) алынған тән бөлшектерге бөлеміз; Ол маңа йығач кәсіліді (МК2, 110, үзб. бас) Ол маған ағашты кесуге көмектесті, ол мана кэйік тутушды (МК-2, 94 үзб. бас), ол маған аңды ұстауға көмектесті. Ортақ етіс аффиксімен бір-бірімен бірлескен қимыл, екі немесе субъектерледің қосылған қимылы айтылады. Бірлескен қимылдың екінші субъекті жиі грамматиқалық жалама септікпен көрсетеледі(аты көмектес, барыс септіктірде немесе бірлэ деген шылаумен) Сонымен бірге ортақ етіс аффиксі тура ауыспалы етістікті жалама ауыспалы етістікке айналдырып жібереді: соқ-соғу , ұру>соқуш "қағысу , біреумен кездесу , біреумен кездесіп қалу" Мысалы: Утру әкі айлығ кіші оғлы- н-соқушмыш (ТҺS,2) Ол екіайлық баламен кездесіп қалды; Бай эр қоны үркүрэт бармыш бөрікэ сооқушмыш (ThS,40), Байдың қойы, үркіп , қашты да қасқырмен кездесіп қалды;
Егер бірлескен қимыл субъектілері логика арқылы бір біріне тура объекті болса, бірақ грамматикалық бұл көрсетілмесе, онда ортақ етіс тура ауыспалы етістікпен ауыспалы емес өзара ортақ өздік етістік ретінде уғыға болады, мысалы; көр-көру>көруш - өзара көрісу, кездесу. Мысалы; олар іккі тутушдылар (МК-2,94узб.басыл.), ол екеуі бір-бірімен ұстасып қалды.
М. Кашгарский сөздігінде ортақ етіс аффиксі қимыл етістігінде бірлескен, қос қимыл күй етістігі -бастау , біртелігі , интенсификациясы және т.б. орта бірліскен (медиалдық) мазмұнын білдіріп ауыспалы емес етістікке қосыла алады. Мысалы: тэз-"жүгіру">тэзім -"бірге жүгіру", қачө "қашу" қағыш - "бір-бірінен қашу", бар- "кету, жүру " барыш "бару, біреу-біреуге бару;жүріге көмектесу немесе жарысу", сүчі- "тәтті болу" сүчүш-""тәттіге айналу"(МК-2,107,98,100,92 үзб. бас.қара) [5-77-79].
Тіл білімінің атасы А.Байтұрсыновтың «Тіл тағылымы» деген еңбегінен қарасақ, етістікте 10 түрлі етіс бар деп жазады. Олар: сабақты, салт, ортақ, өздік, өзгелік, беделді, ырықсыз, шығыс, дүркінді, өсіңкі етістер. Ортақ етіске ғалым осындай анықтама береді: «Ортақ етіс дейміз – іс жеке істелмесе, мәселен, бала жарысты, жау соғысты, балуан күресті. Бала жалғыз жарысуға болмайды, біреумен жарысады, жау өзімен өзі соғыспайды, біреумен соғысады; балуан өзімен-өзі күреспейді, біреумен күреседі». Осындай жеке істелмейтін екі жақтан істейтін істерді көрсететін сөздерді ортақ етіс дейіміз [6-23]. Академиялық грамматикада етіс категориясы осылай көрсетіледі: «Мектеп оқулықтары мен арнаулы курстарда негізінен 4 түрге бөлініп баяндалып келген бұл категория арнаулы зерттеушілер еңбегінде 5-ке бөлініп тұр. Мұның өзі соңғы жылдары дәстүрге айналып отыр. Мағыналық ерекшеліктері мен синтаксистік қызметіне және тұлғалық ерекшеліктеріне негізделіп, қазақ тіліндегі етістерді де: негізгі етіс, өздік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етіс және өзгелік етіс деп 5-ке бөлуге болады» [7-169]. Бұл пікірді А.Ысқақов та толық қолдайды: «Етістер жұрнақтарының түрлеріне, олардың мағыналары мен қызметіне қарай төмендегідей 5 түрге бөлінеді: 1) негізгі етіс 2 ) ортақ етіс 3) өзгелік етіс 4) ырықсыз етіс 5 ) өздік етіс.
Оның ойынша, ортақ етіс – с (ыс, - іс) жұрнағы арқылы негізігі етіс формасынан (етістік негізінен) жасалады. Бұл жұрнақ негізгі етістікке амалды (істі) кем екі я онан да аса субъекті қатысып жүзеге асыратындықты білдіретін мән үстейді, демек, бірнеше субъектінің қатысы арқылы жүзеге асатын амалды білдіреді. Мысалы: айтыс, әкеліс, ат салыс, апарыс, көріс, келіс, қарас, таныс, артыс т.б. [ 8-283-284].
М.Ә.Қараев өз пікірі осындай: «Тілімізде жылқы тебісті, сиыр сүзісті, Әбіш Шәкенмен сөйлесті дегендер дағдылы құбылыс. Тебісу, сүзісу, сөйлесу қимылдарын екі жақтан бірдей болғандықты көрсетеді,сондықтан мұндағы қимылдар бір ғана субъектінің жеке қимылы емес, бірнеше субъектіге тән ортақ қимыл.
Бір ғана субъекті тарапынан істелмей, бірнеше субъект арқылы ортақ істелетін, я болатын іс-қимыл туралы ұғымды білдіретін етістіктің семантикалық құбылуы ортақ етіс деп аталады. Ортақ етіс түбір етістікке және есім негізді, кейде етістік негізді туынды етістіктерде – с (- ыс, - іс) жұрнақтарының жалғануы арқылы жасалады: көр-көріс, өр-өріс, таны-таныс, сүй-сүйіс, сана- санас, сұра-сұрас т.б. Ортақ етіс формасындағы сөздердің туынды етістік, етіс я есім мағыналары ерекше формалармен сараланбайды, айтылмайды, олардың грамматикалық құбылуынан (жіктелуінен, септелуінен т.б.) айқындалады: Бөліс, жарыс, егіс, алыс дегендер етістік, етіс мағынасында жіктеледі де, шаққа, райға түрленеді. Ал есім мағынасында бұлар септеледі, тәуелденеді. Мына мысалдарды қараңыз (кесте)

Етістік
Етіс Есім
1. Жарыстым
2. Жарыстың
3. Жарысты Жарыстық
Жарыстыңдар
Жарысыпты Жарысқа түсті
Жарысқа қатысты
Жарыс басталды
1. Жарысады
2. Жарысқан
3. Жарысты Жарысып келеді. Жарыс бастады
Жарыстың нәтижесі
Жарыстан қалмайды

Ортақ етіс формасындағы сөздердің кейбіреулері көбінесе, етіс сөз болып қалыптасып кеткен. Мысалы: сөгіс, туыс, жиналыс, отырыс, мәжіліс, жел + іс, ағыс (заманның ағысы) [9-22].
Жоғары оқу орындарына арналған проф. С.Аманжолов «Қазақ әдеби тілі систаксисінің қысқаша курсы» атты еңбегі күні бүгінгі дейін үлкен мәнге ие болған.
Ғылыми еңбекте етістердің туралы маңызды сөз болады. Әсіресе автордың: «Бұл жұрнақтар жалғанған етістіктер де сөйлемдегі өзінен бұрыңғы жалғаулы сөздерді өзіне тартатын солай болса, басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсетін ерекше қасиеті бар дәнекерлер», - деген ойларына назар аударайық. Мысалы: ортақ етіс жұрнағы туралы айтқанда, ғалым оның негізінде бір түрлі: - л, - ыл, -іл екендігін көрсетеді. Автордың пікірі бойынша: «Бұлар етістік түбіріне жалғанып, табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларды керек қылады» - дейді. Аманжоловтың айтуынша, барлық – с,
- ыс, - іс жұрнақтары жалғанған етістіктің бәрі ортақ етіс бола бермейді.
Мысалы: «Ат жемін жеп тауысты» дегенді «Мен оның түйісің қарастым» дегенмен салыстырыңыз. Алдыңғысы ортақ етіс бола алмайды, түбірі айқын емес. Алдыңғы «тауысу» жалпы айтылған, белгілі бір субъектің қимылына дербес қатысы жоқ.
Ал, соңғынікі, біреудің істеп жатқан ісіне дербес қатынасып, істеу бар екенін көрсетеді. Білекке – білек, іске – іс жалғасады. Міне осындай ғана ортақ қимыл (етіс) дей аламыз. Қазақ тіл білімінің негізгі салушы, белгілі түркітанушы С.Аманжоловтың «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы» еңбегінде етіс категориясына берген анықтамасы тарихта болған басқа зерттеулердің етіс категориясына деген көзқарастарынан өзгеше екендігін аңғарамыз. Бұл туралы тілші – ғалым А.Қалыбаева «Қазақ тіліндегі етіс категориясы» деген еңбегінде С.Аманжоловтың өз сөзімен өзгешелікті келтіріп жазады: «Кемі екі субъектінің қимылы қатыспаған етістік етіс қатарына қосылмайды… кейбіреулердің ойында, жұрнақ жалғанған етістік түбірі түгелімен етіс болатын сияқты. Бұл нағыз формализм, мағынаны керексіз қылушылық, - деп етісті: өзгерек, ырықсыз және ортақ деген үш түрге бөлген» [3-10].
Өз еңбегінде С.Аманжолов ең алдымен етістердің жұрнақтары негізінде үшеу екенін көрсетеді. Олар: өзгелік етіс жұрнақтары, ырықсыз етіс жұрнақтары, ортақ етіс жұрнақтары. Сонымен қатар, автор осы еңбегінде етіс жұрнақтарының әрқайсысына толық мынадай сипаттама береді:
1. Өзгелік етіс жұрнақтарының өзі үш түрлі:
1) –қыз, -ғыз, -кіз, -гіз;
2) –дыр, -дір, -тыр, -тір;
3) –т;
1. Ырықсыз етіс жұнақтары. Бұлар екі түрлі:
1) –л, -ыл, -іл;
2) –н, -ын, -ін;
2. Ортақ етіс жұрнағы. Бұл негізінде бір түрлі: -л, -ыл, -іл; [2-73]
Сонымен, етіс категориясының қазіргі қазақ тілінің грамматикасынан алатын орнын белгілей отырып, мынадай қорытынды жасауға болады. Орыс ғалымдары XIX ғасырдың екінші жартысынан түрік тілдерін зерттей бастады. Сол кезден бері жазылған еңбектерде тілдің басқа салаларымен бірге етіс категориясы да сөз етілді. Бұл мәселе жөнінде қазақ тілін зерттеушілер түрік жүйелі тілдерді тексеруге алғашқы қадам болған бұл ғалымдарды, олардың ішінде «Алтай тілі грамматикасының» авторы А.Архангельский және П.М.Мелиоранский, тағы басқалардың кейбір пікірлеріне сүйеніп, күні бүгінгі дейін пайдаланып келді. Бұл жерде етіс категориясын беруде профессор С.Аманжоловтың рөлі ерекше. Өйткені етіс саласындағы басқа зерттеулерге қарағанда проф. С.Аманжолов негізінен етістің үш түрін қалыптастырды. Бұлар осы күнге дейін кеңінен қолданылуда. Қазіргі таңға дейін С.Аманжоловтың қазақ тілінің етіс категориясының зерттеу еңбегі мектеп оқулықтарында ғана емес, жоғары оқу орындарының оқу құралдырында да тиісті орнын алып келеді [2-74]. С.Аманжоловтың зерттеуіне сүйене отырып, қазақ тілідегі етіс - өз алдына белгілі мағыналық ерекшелігі мен тұлғалық көрсеткіштері бар, қалыптасқан синтаксистік категория екендігін анықтаймыз. Қорытынды: етіс – грамматикалық құрылыста әбден қалыптасқан, қызметі мен мағынасына сай, белгілі тұлғасы бар, етістіктің синтаксистік категориясының бірі.
Қазақ тіліндегі етіс категриясының зерттелу тарихына шолу жасасақ етіс категриясы туралы көптеген еңбектер жазылғанмен, оның синтаксистік құрылысынан нақты зерттелу болған жоқ екендігін аңғарамыз. Мәселен, М.А. Казем-Бектін жазған еңбегінде біріншіден, «етіс деген терминді дұрыс пайдаланбағантықтан, етістің болымсыз түрін «отрицательный залог» деп қате айтса, етіске жататын атауларды «етіс» деп атамай, «етістік» деумен қанағаттанғанын көреміз. Екіншіден, М.А. Казем-Бектін өздік пен ырықсыз етістердің жасалуындағы тұлғалық ұқсастығының себебін көрсетпек болып, тілдің ерекшеліктерін, мазмұнның тілден алатын орнын жоққа шығарғаны» [1-74].
Қазақ тіліндегі етіс категриясы туралы ең үлкен зерттеу еңбектерінің бірі – А. Қалыбаеваның «Қазақ тіліндегі етіс категриясы» деген кітабы. Мұнда еңбек авторының қойып отырған ең басты мәселесі: түрік системалы тілдерде бір түбірге бір ғана емес, екі не бірнеше етіс жұрнақтарының қатар қосылып, айтылуы заңды екендігі.
Етістің морфологиялық кейбір негізгі белгілерін көрсетіп, «етіс» деген терминді дұрыс қолданып, етісті:
1) өздік, 2) ырықсыз, 3) ортақ, 4) өзгелік, - деп төрт түрге бөліп қараған П.М. Мелиоранский мен А.К. Боровков [10,11].
Тіл маманы А. Қалыбаева етістіктің салт және сабақты болып бөлінуін өз алдына бір мәселе екендігін, ал етіс те өз алдына тиянақты дербес категория екендігін анықтай отырып, бұл екеуінің бір-бірімен тығыз байланыста болатындағын көрсеткен.
Етіс категориясын мүмкіншілігімізше жан-жақты зерттеуіміз қажет. Етіс категориясын етістіктің тұлғалық ерешеліктерінің негізгі етістіктің негізгі бір саласы екендігін айқындап жүйеге салумен ғана тыңбай, оның беретін мағынасы мен сөйлемде атқаратын қызметтінің ерекшеліктеріне де кеңінен тоқталумыз керек.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Аймауытов Ж. Романдар, повесть, әңгімелер, пьесалар//Шығармалар.-Алматы:Жазушы,1989.
2. Казем-бек М.А. Общая грамматика турецко-татарского языка.-Казань,1846.-170с
3. Қалыбаева (Хасенова) А. Қазақ тіліндегі етіс категориясы.-Алматы,1951-6,10 б
4. Сыздықова Р.Қазақ әдеби тілінің тарихы. –Алматы,1993.-30 б
5. Аманжолов А.С. Көне түркі жазу ескерткіштері тіліндегі етістіктің меңгеруі. –Алматы:Ғылым,1969.-77-79 б.
6. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы.-Алматы:Ана тілі,1992 -23 б.
7. Қазақ тілінің грамматикасы.-Алматы:Ғалым ,1967-169 б.
8. Ысқақов А.Қазіргі қазақ тілі ,-Алматы, 1964. -283-284 б.
9. Қараев М.Ә. Қазақ тілі .-Алматы,1993.-
10. Мелиоранский П.М.Краткая грамматика казак-киргизского языка.-СПб,1984.
11. Боровков А.К. Учебник уйгурского языка-Л.,1985.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Толганай (2015-06-12) | Автор: Бекбосынова Халида Васильевна E
Просмотров: 2223 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 1:08 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru