Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Менің қалам
Семей қаласы, «№ 9 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Мұғалім: Жумабаева Жанат Таупыковна
Пәні: қазақ тілі
Тақырып: Менің қалам.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Білімдерін жүйелеу, ойларын байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: Қазақша сөйлеу мәдениетін, ой-өрістерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ұстамдылыққа үйрену, патриоттық сезімдерін ояту, елін, жерін, Отаның сүюге тәрбиелеу, тілді құрметтеуге үйрету.
Әдістемелік мақсат: Коммуникативтік технология арқылы интерактивті әдіс-тәсілдерін қолдану.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақ әдісі: Сұрақ -жауап, сөйлету, қарым-қатынасқа түсу
Сабақтың көрнекілігі: Нақыл сөздер, компьютер, интерактивті тақта, слайдтар, қаланың суреттері.
Пәнаралық байланыс: география, тарих, әдебиет.
Сабақтың ұраны: «Біле бер қанша білсең тағы біл.
Жетерсің мақсатыңа біле-біле»
Жүсіп Баласағұни.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатын айту
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақ
1.Алғы сөз.
- Балалар уақыт бір орнында тұрмайды, қалалар жылдан-жылға көріктенеді, көркейеді. Өзіміз өмір сүріп жатқан қаламыз қай қала?
- Семей, дұрыс.
- Иә, бұл қасиетті ұлылардың топырағы.
- Бүгін біз осы туған өлкемізге саяхат жасаймыз, әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргіземіз.
Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңыздар.
Мына үлестірме парақтарды сабақтың барысында толтырамыз, одан кейін үйде толықтырып әкелеміз.

Оқушының аты Өзі тұратын қала Тұратын ұлт өкілдері Қаланың көрікті жерлері Оқу орындары Атақты адамдары Ескерткіш мұражайлар
Мысалы, Света
Семей Қазақ
Орыс
өзбек татар
кәріс әдемі ғимараттар,
кинотеатрлар, кітапханалар Жоғары оқу орындар Абай Мұхтар
Шәкәрім Шоқан
мен Достоевский Абай Мұхтар
Шәкәрім Шоқан
мен Достоевский өлкетану, Абай,
Достоевкий

1) Сұрақтарға жауап беру.
- Қазақстан қандай ел?
- Тәуелсіз
- Жері қандай?
- Ұлан байтақ
- Жақсы
2) Қазір біз өзіміздің еліміздің картасымен жұмыс жүргіземіз. Біраз қалаларды орналастырамыз.
- Біздің қала Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?
- Шығыс Қазақстан облысында.
- Дұрыс. Енді Семей қаласын дұрыс орналастырыңыз.
- Облыс орталығы қай қала?
- Өскемен (көрсетеміз).
- Енді Оңтүстік астанамызды көрсетеміз. Ол қай қала?
- Дұрыс. Алматы.
- Енді Отанымыздың жүрегі, бас қаланы көрсетеміз. Қай қала?
- Астана.
- Дұрыс
Міне, балалар, сіздер география пәнінен алған білімдеріңізді көрсеттіңіздер.

3) Балалар, біздің туған қаламызға арналған өлеңдерді оқығанда, бізді толғандырады, асқақтатады.
Өлеңді оқу ( мұғалім)

Семейім менің, Семейім
Қасиетті орманы көк қорғаған,
Жанға жайлы саяжай көп қоршаған.
Әсем қала – Семей бірлік, достықтың
Ортасында ерке Ертіс толқыған!

Асқақтап, биіктеп,
Түрленші, Семейім!
Сүйкімді, сүйікті,
Гүлденші, Семейім!
Болсыншы үстем мерейің,
Семейім менің, Семейім!

Тоғыз жолдың торабында жайнаған,
Бәр салада оқу, еңбек қайнаған.
Қысса нарық, полигонның зардабы,
Қиындыққа қарсы тұрып, таймаған!

Халқы бар ұлылардан нәр алған,
Дәстүр-салты бар әлемге тараған.
Рухани бесігі қазақ елінің,
Болашаққа үлгі – өнеге жалғаған

Жергілікті әуесқой ақынымыздың өлеңі.
- Қай қала туралы? Семей.
Қазір біз, балалар, қаланың куәлігімен танысамыз?
4) Қаланың куәлігі.
5) « Бізге таныс, бірақ әлі де құпиялары көп қала».

Қаланың куәлігі:
 1718 жылы Семей қамалы ретінде негізі қаланған.
 1783 жылы Семей деп аталды.
 1851 жылы қала елтаңбасы бекітілді.
 Жер көлемі – 2781 га.
 Халқы: 324600 адам.
 Қалада – 20 жоғарғы оқу орны, 14 колледж, 5 кәсіптік-техникалық мектеп, 83 жалпы білім беретін мектеп, 17 балабақша бар.
 6 кітапхана, 2 театр, 3 кинотеатр жұмыс істейді.
 Қала аумағында – 4 мұражай бар.

Өйткені ол ескі қалалардың бірі.
Мұғалім оқиды.
- Кәне қай жылы, қашан болды?
- Сандарды сызу тақтадан көрсету. Сандарды дұрыс айту. ( Сан есімді қайталап кету)

5) Мемлекетік тілді игеру әрбір азаматтың борышы, сондықтан біз сөздік қорымызды байытып, толықтырып, молайту керекпіз.

Сөздік:
 ұлт өкілдері – представители национальностей
 жаңа – новый
 орталық – центр
 оқу орны - учебное заведение
 атақты – известный
 ескерткіш – памятник
 мұражай – музей
 туу - родиться
Сөздік жұмысы. (Кейбір сөздерді мүмкін білесіздер)
Тақтадағы сөздерді дұрыс аудармасын табайық, егер аудармасы дұрыс болмаса сөз орнына тұрмайды. Сөздермен сөз тіркестерін құрастырамыз.

6) Енді балалар, біз шағын саяхатқа шығайық.
- Саяхатымызды қаламыздың орталық алаңынан бастаймыз. Бұл Абай атындағы алаң, алаңда біздің барлық мейрамдар өткізіледі.
- Қала тұрғындары мен қала қонақтарының сүйікті жерлерінің бірі.
- Абай кім ? Абай қазақ халқының ұлы ақыны.
- Мынау әкімшілік.
- Мұнда қаланың басқару жүйесі - әкім және көмекшілері отырады.
- Мынау театр.


- Кәне, балалар, театр туралы өздерің не айтасыңдар?
- Құрылған жылы.
- Семей музыкалық драма театры 1920 жылы құрылған. Труппа ұйымдастырушы М. Әуезов, Қ. Сәтпаев және режиссер Ғ.Төребаев бастаған болды. Өз шымылдығын І.Жансүгіровтің «Кек» драмасымен ашты. Алғашқы жылдары театр құрамында Ә.Қашаубаевта болды. 1945 жылы Абай Құнанбаев есімі берілді. Бір шатырдың астында 2 театр бар. Абай атындағы және Достоевский атындағы. Міне халықтар достығының айғағы. Абай - кім? Абай - қазақ халқының ұлы ақыны. Семей орыс драма театры 1935 жылы құрылды. 1975 жылы Ф.М.Достоевскии есімі берілді.1937- 1940 жылдары аралығында: А.Н.Афиногенов, В.М.Гузеев еңбек етті.
- Александр Песков - жас актер

- Әміре Қашаубаев кім?
- Семейде Абыралы деген жерде туған. Әміре бүкіл қазақ даласына, бүкіл дүние жүзіне әйгілі болған. Әміре 1925 жылы Парижде, 1927 жылы Майндегі Франкфуртте ән шырқады.

- Қандай атақты өнер адамдарын білесіңдер?

- Бибігүл Төлегенова 1929 жылы дүниеге келген - біздің жерлесіміз, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, еңбек жолын осы қаламыздағы ет комбинатынан бастаған.
- Роза Рымбаева – қазақ кеңес эстрада әншісі, Қазақстанның халық әртісі. Ол 1957 жылы 28 қазанда, Семей облысының Жарма ауданыңда туған. Бүгінгі күнде Р.Рымбаева – Қазақстан эстрадасының жұлдызы, танымал әншісі, ардақты ана, қоғам қайраткері.

- Әсем Омарова Семей топырағынан шыққан жас әншіміз.Әсем ел көлемінде ғана емес шет елдердегі байқауларда да жүлделі орындарға ие болып жүр. Ол «Жас қанат -2009» байқауының бас жүлдегері. Әсем біздің мектебіміздің түлегі .

- Алаңнан кішкене былай жүрсек біз Достоевский мұражайына тірелеміз.

Мұражай

- Достоевский кім?
- Орыс жазушысы. Ол біздің қалаға жер аударылып келген.1856 жылдың қараша айында Шоқан Уәлиханов Семейге келіп М.Ф.Достоевский мен кездеседі Шоқан Уәлиханов пен М.Ф.Достоевский арасында жылы достық қарым қатынас болды.
- Басқа қандай мұражайлар бар?

ә) «Абай» мұражайы


а) «Өлкетану»



б) «Невзоровтар отбасының»



в) Ұлы Отан соғысына қатысқандарға арналған «Музей боевой славы»

- Енді біз орталық саябаққа бет бұрамыз.
- Бұл жерде қала адамдары, қонақтар дем алады.
- Саябақта қандай ескерткіш бар? Кімге арналған?
- Шәкәрім Құдайбердіұлына.
- Ол кім?
- Шәкәрім Құдайбердіұлы ұлы ойшыл, ақын.
- Оның атында даңғыл бар.
- Жақында 150 жылдық мерей тойы өткізілді.
- Енді біз Бауыржан Момышұлы (- кім? Ұлы Отан соғысына қатысқан жазушы.) көшесімен қаладағы ең ескі оқу орнына бағыттаймыз.
- Бұл медицина академиясы.

- Халықаралық маңызы бар.
- Мұнда көрші елдер мен шет елдерден келген студенттер білім алады.
- Қаламызда басқа қандай жоғарғы оқу орындар бар?
- Семей педагогикалық университеті, Шәкәрім атындағы университеті, Заң университеті, Жаңа инновациялық университеті т.б.



- Ал енді қарсы бұрылайық?
- Қандай ескерткіш?
- Бұл ауған соғысында қаза болған біздің жерлестерімізге арналған


- Енді, балалар, қазір Абай , кеңес заманында Советская, ал одан бұрын Алаш Орда көшесімен саяхатымызды жалғастырамыз.
- Мынау «Ямышев» қақпасы.
-


- Не білесіңдер? 1718 жылы қамал салынған. Қамалдың үш қақпасы болған. Ямыш деп көлдің атына байланысты аталған. Бұл көлден тұз өндірілген. Біздің заманымызға дейін батыс қақпасы ғана сақталған. Өлкетану мұражайда осы қақпаның құлпы сақталған, оның салмағы 7кг 832 г.
- Осы қақпа арқылы ұлы жібек жолы өткен.

- Одан әрі қарай қозғалайық.
- Алдымызда аспалы жаңа көпір . Осы көпірде тұрып көз салайық, неше көпір бар?



- 3 көпір бар.
- Дұрыс.
- Қай өзен арқылы?
- Ертіс өзені.
- Ертіс өзені қаланы 2-ге бөліп тұр, сол жағалауы Жаңа Семей, ал оң жағалауы ескі қала Семей деп аталады.
- Көпірді кімдер салды?
- Жапониядан келген «ІНІ» компаниясы салған.2001 жылы қолдануға берілді.
- Дұрыс
- Бұл көпір өткен мен қазіргі заманды жалғастырады.
- Ата-бабаларымыз айтқандай: «Өткен өмірсіз болашағымыз болмайды» деген.
- Енді, балалар, саяхатымызды аяқтаймыз.
- Келесі сабағымызға сол жағалауды өздерің зерттеп, клип, презентация, шығармашылық жұмыс істеп әкелесіңдер.

- Ал, енді біздің өз мектебімізге Дастенов көшесі арқылы қайтып оралайық.
- Дастенов деген кім? Зерттеңіздер.
- Ал енді, балалар, сабағымызды жалғастырайық.
Қарсылықты салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
Бір сөйлем құрастырып дәптерлеріңізге жазамыз.
Менің қалам әдемі, бірақ құрылысы жағынан ескі.

Тақтамен жұмыс: Аудармасын дұрыс табу.
Енді сұрақтарға жауап беріңіздер:
- Сен қай қалада тұрасың?
- Ол қандай қала?
- Қалада қанша ұлт өкілдері тұрады?
- Олар қалай тұрады?
- Ол бұрын қалай аталған?
- Бұл қала облыс орталығы ма?
- Қалада қандай оқу орындары бар?
- Бұл қалада қандай атақты адамдар тұрған?
- Оларға арналған ескерткіштер, мұражайлар бар ма?
- Қалада қандай өзен бар?

Қорытынды: Міне бүгін біз бірталай өзімізге жаңалық аштық, есімізге түсірдік. Біздің қала туралы зерттеулерді келесі сабақтарда жалғастырамыз.

Бағалау.
Үйге:
1) Сөздік, жаңа сөздерді есте сақтау.
2) Шығармашылық 1 жұмадан кейін, сол жағалауды зерттеу.
3)Бір оқушыға Дастенов туралы мәлімет жазу.
4) Мына оқушылар эссе жазып келеді.
5) Диалог құрастыру.
6) Кестені толтыру.

- Енді, балалар, біздің қала туралы көптеген өлеңдер мен әндер жазылған. Біз мақтан етеміз, соның бірін тыңдап тамашалайық.
Клип көрейік.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: zhanatzhumabaeva1976 (2015-07-16) | Автор: Жанат E
Просмотров: 1103 | Комментарии: 4 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 5:35 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru