Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам" поэзия кеші
Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам

«Жас қалам» үйірмесінің ұйымдастыруымен 9-11 сыныптар арасында өткен поэзия кеші.

Мақсаты: Оқушыларды ақынның өлеңдерін сүйе білуге, өлеңдерінің,
әндерінің мазмұнын терең ұғына білуге үйрету.

Дамытушылығы: Оқушыларды ақынның өлеңдері арқылы халқын сүюге,
туған жерін қадірлей білуге, өлеңдерін нақышына келтіріп
жатқа оқи білуге дағдыландыру.

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, Мұқағали портреті, слайдтар, кітап
көрмесі,өлеңдері жазылған плакаттар.

Барысы: Поэзия кеші музыка пәнінің мұғалімі Қарлығаш
Советқызының орындауында «Есіңе мені алғайсың» әнімен
басталды.

1-жүргізуші: Өлеңдері қандай еді ақынның,
Себелетіп жүрегіне нұр шашқан.
Ал әндері қандай еді мөп-мөлдір,
Тыңдай бергің келе береді тыңдасаң.

2-жүргізуші: Сен ешқашан, ағажан,
Заман көшінен қалмайсың,
Өйткені сенің қашанда,
Ұрпағың бар жалғайтын,- дей келе құрметті ұстаздар мен оқушылар сіздер ақиық ақынымыз М.Мақатаев туралы «Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам» атты поэзия кешіне қош келдіңіздер!
1-жүргізуші: Мұқағали шынында да өмірдің ащы-тұщысын көп тартқан. Өмірдегі бар жұбанышы, қызығы ұл-қыздарымен, жүректен шыққан жауһар өлеңдері болған.Қазақ басына бұйырған ақиық ақын еді. Ақынның артында аққу өлеңі қалды. Ал, сол өлеңді ары қарай жетелеу біздің мойнымызда емес пе? Мерей, қалай ойлайсың?
2-жүргізуші: Иә! Сенің айтып отырғанын өте дұрыс. 9-шы ақпан – Мұқағали ағамыздың туған күні, ағамыз егер тірі болса 80- жасқа келеді екен. Бұл мереке баға жетпес қуаныш, ол біздің мойнымыздағы міндет, бір үлкен парыз.
1-жүргізуші: Олай болса, құрметті халайық, бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
2-жүргізуші:
1. Әділ қазылар алқасымен таныстыру.
2. Кештің өту барысымен таныстыру.
1. «Поэзия менімен егіз бе едің?» бөлімінде ақынның өлеңдерін жатқа оқу.
2. «Ал әндері қандай еді мөп-мөлдір, тыңдай бергің келе берет тыңдасаң» бөлімінде ақынның әндерін орындау.
3. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» бөлімінде оқушылардың өз шығармашылықтары бойынша ақынға арнаған өлеңдерін оқу.
1-жүргізуші: 1-бөлімі бойынша оқушыларды ортаға шақырайық.
1-оқушы. 9-сынып оқушысы Құмашева Арайлым. «Арыз жазып кетейін»
Бүгін менің туған күнім, ой, бәл-ай,
Неге жатыр мына жұрттар тойламай.
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірдің бір жарытпай-ақ қойған-ай...
2-оқушы. Жұман Махаббат. «Отан»
Отан! Отан!
Сен болмасаң, не етер ем ?
Мәңгіліке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем...
3-оқушы: Зекенов Назар. «Бесік басында»
Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.
Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ.
Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге...
4-оқушы: Дүйсенбинова Мадина. «Қара өлең»
Қалқам, мен Лермонтов, Пушкин де емен,
Есенинмін демедім ешкімге мен.
Қазақтың қара өлеңі –құдіретім,
Онда бір сұмдық сыр бар естілмеген...

2-жүргізуші: 2-бөлім бойынша оқушыларды ортаға шақырсақ.
1-жүргізуші: Бұл өмірден сұрамаймын ештеңе,
Сұрамаймын алтын менен көп жақұт.
Бір өзіме жетет маған берсе де,
Халық, Отан, тіл дейтұғын үш бақыт,-деп ортаға «Үш бақы-
тым» өлеңімен оқушыларды шақырамыз. Қабыл алыңыздар!
2-жүргізуші: Даусын көп жұрт аңсайтын,
Ал әні қазір шырқалар. «Аңса жаным» әнімен Мұқанов Асхатты
ортаға шақырайық.
1-жүргізуші: Тербетеді әуенімен отырған барлық халықты,
«Сенің көзің» әнімен ендеше сахнаға шақырайық Бектібаев
Нұрланды қарсы алайық.
2-жүргізуші: «Саржайлау» әнін Калимбек Толқынның орындауында
тамашалаңыздар.

1-жүргізуші: Келесі тыңдайтын әндеріңіз орындауында Слямғазиев Серікбол-
дың орындауында «Сәби болғым келеді».
2-жүргізуші: Ал енді келесі кезек 3-бөлімге де келіпті. Осы бөлімге қатысатын
оқушыларды ортаға шақырайық.

1-жүргізуші: Сатыбалдин Манарбек «Музамен мұңдасу».

2-жүргізуші: Бектібаев Нұрлан «Мұқағалиға арнау»
Мұқағали, о, ұлы Мұқағали,
Ешқашан да есімін өшпес сенің,
Бағындырған себебі, ақынды өлім,
Бағындыра алған жоқ өлеңдерін...

1-жүргізуші: Сатыбалдин Манарбек «Ақиық ақынға»
Шынында да Мұқағали ұлы еді,
Кең еді ғой оның дархан жүрегі.
Ол адам боп бұл фәниден өткенмен
Өлең болып мәңгі өмір сүреді...
Кеш соңында әр бөлім бойынша әділ қазылар алқасы оқушылардың өнерлерін бағалап, марапаттады.

2-жүргізуші: Өзің болдың жалғастырған Абайды,
Байқап өттің, көз қырыңмен талайды.
Осы күнде халқың сізге бас иіп,
Поэзияның қыраны деп санайды,-дей келе «Ғашықпын, қайтіп оны жасыра алам» атты поэзия кешімізді аяқтаймыз. Келесі жыр дүбірінде жолыққанша аман болыңыздар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Мака (2015-10-04) E
Просмотров: 972 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 9:11 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru