Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ОРЫС ТІЛДІ АУДИТОРИЯДА БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
БАЗАРОВА ЛӘЗЗАТ ЕСІМҚЫЗЫ
Қарағанды қаласы,
Қарағанды агротехникалық колледжінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

ОРЫС ТІЛДІ АУДИТОРИЯДА БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ


Наибольший результат в преподавании казахского языка в русской школе приносит применение элементов национальной игры.
В данном докладе, видны конкретные достижения определенной цели. Преподаватель в своей практике убеждена в том, что игра воспитывает веру в себя, умение вести себя в окружении других, также игра сплачивает.

The application of the ethnic games in teaching of Kazакh language in Russian schools gives the highest results.
This report shows the monitoring of definite achievements. Тhe teacher is sure the game makes students confident, if shows them how behave in the soctefy and makes them f riendly.

Өнер көзі – халықта.

Педагогикадағы дәстүрлі құралдардың бірі - ұлттық ойындарды дұрыс пайдалана білу. Қазақ халқы қашан да бала тәрбиесін басты орынға қойған. «Тәрбие басы- бесіктен» деп тегін айтпаса, тал бесікті жалғастырар әртүрлі оқу орындарындағы педагогика мәселесі маңызды. «Ел боламын десең – бесігінді түзе» демекші, елдігімізді айқындайтын, тәуелсіздігіміздің тұғыры, төрт анамыздың бірі – ана тілімізді оқыту, жетілдіру бүгінгі таңның өзекті мәселесіне айналған. Сол сияқты орыс мектептерінде қазақ тілін оқытудың сапасын жақсартудың міндеттері білім беру тұжырымдамасында баса көрсетілген.
Орыс тілді мектептерде оқушылар қазақ тілінде еркін сөйлей алатындай деңгейге көтеру алғашқы міндеттердің бірі болуға тиіс. Өзім ұстаздық ететін колледжда осы бағытты мақсат етемін.
Сабақта тек қана көшіріп жазып, аудару, сөздік жаттау сияқты жұмыстар оқушыларды тез жалықтырып жіберуі мүмкін. Сондықтан сабақта сергіту, жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында ойын түрлерін көп қолдану қажет. Кәсіптік білім беру мекемелерінде болашақ мамандарды мемлекеттік тілде іс жүргізу мен қызметтік қарым-қатынас жасай білуге дағдыландыруды қазақ халқының ұлттық ойындарымен ұштастыра алсақ, ол үлкен жетістіктер беруі мүмкін. Ұлттық ойындардағы танымдық элементтерді сабақ барысында тиімді пайдалана алу, орыс тілді сыныптарда оқитын өзге ұлт оқушыларының пәнге деген қызығушылықтарын арттырады, қазақ халықының ұлттық ойындары мен салт-дәстүрімен танысып, оны құрметтеуге жол береді. Халықтың ұлттық ойындары – алуан түрлі, тәрбиелік мәні де өте зор. Мұнда ойын да, әзіл де, логиканы дамыту мен дене шынықтыру, эстетика бәрі де бар. Яғни, оқушы қазақ тілін оқып-үйреніп қана қоймай, ұлттық сананы сіңіру, патриоттық тәрбие қоса жүзеге асады.
Әртүрлі ұлт өкілдері тұратын мемлекетіміздің азаматтарын, қазақ халқының салт-дәстүрі мен өнері біріктіреді, өз Отанын сүюге жетелейді. Оқытушы өз сабағында осы мәселелерді ұйымдастыру жолдарын мақсат ету қажет. Сабақ соншалықты тартымды да мазмұнды өту ең алдымен оқытушының сабақты ұйымдастыруына байланысты екені белгілі. Сабақ барысында әр түрлі тәсілдер, әдістер қолданылып жатады. Өзім білім беретін колледжде қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қазақтың ұлттық ойындары мен салт-дәстүрлерін жағымды эмоция қалыптастыру, қызығушылықтары мен қабылдауларын арттыру мақсатында қолдануға тырысамын.
Осыған орай ұлттық ойындарды сабақ барысында қалай тиімді пайдалану керек, оның қаншалықты маңызы бар, неге үйрететінін талдап, ойындағы ең қажетті элементтерді дұрыс қолдануды қарастырамыз.
Ойын барысында бірден ойынның мазмұнымен таныстырып, негізгі міндеттері мен мақсаттарының айқын болғанын қадағалаймын. Жалпы ойын сабақта оқушыларды өзін еркін ұстап, шығармашылық белсенділігін арттыруға үлкен әсерін тигізіп, оқушыны қуанышқа бөлейді. «Ойын»- сөзінің өзі оқушы көңіліне өте таныс, құлақтарына жағымды естіледі. Яғни, «Қазір мынадай ойын ойнаймыз» - дегеннен-ақ бала көңіліне жылылық ұялайды. Ойын барысын түсіндіру кезеңі тез және жинақы болу қажет. Мысалы, оқушылардың сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеулерін дамыту мақсатында «Әрі оқу, әрі ойын» - сияқты ойын түрін қолданамын. Аталған ойын көп түсіндіруді қажет етпейді. Бірнеше рет оқытып, жазғызса есте тез сақталып қалады:
смех - күлкі, лиса – түлкі, народ - халық, рыба – балық т.б..
Дегенмен сюжеті мен шарттары көп ойын түрлерін оқытушы қызықты етіп және көрнекі құралдары пайдалана отырып, баяндап беруі тиіс. Бұл жерде оқытушының міндеті студенттерді өз бетімен жұмыс істей білуге дағдыландыру, ойынға белсене қатысудың мазмұны мен мәнін жете түсіндіру. Әбір оқушы ойын үстінде не соңында өзінің белсенділігі мен жақсы қатысқаны үшін бағаланып отыруы міндет. Мұны да ойынды түсіндіру кезеңінде ескертіп кетсе, оқушылар көңіліне жігер мен ынта бойлайды.
Н.Крупская балалармен жұмыста ұлттық ойындарды қолдануды қажет деп таныған. Жүйелі және дұрыс қолданылатын ойындар студенттерге жағымды жағдай қалыптастырады, патриоттық және интернационалдық тәрбие беретінін айтқан.
Сонымен ұлттық ойындар оқытудың түрлі әдістерімен бірлесе отырып тұлғаның қалыптасуы мен оқу сапасының артуына үлкен ықпалын тигізеді деп есептеймін.
Қазақ халқының ұлттық ойындарының ішінде көбі дене шынықтыру салаларына бағытталған. Сабақ өткізу кезінде осы спорттық ойындардың элементтерін қолдануға тырысамын. Мәселен, «Хан талапай» мен «Асық ату» ойындарын балалар аса қызығушылықпен ойнайды, жақсы көреді және оның мазмұны мен мәнін біледі.
«Хан талапай» - ежелден келе жатқан, баланың шапшаңдығы мен ептілігін, батылдығын сомдайтын ойындардың бірі. Екі-үш топқа бөлініп жарыс өткізу кезінде немесе топ жетекшісін таңдап алуда дәстүрлі түрде «сен мына топта боласың» немесе «топ жетекшісі - сен боласың» - деп бөліп жатқаннан көрі «Ханталапай» ойынының шарты бойынша асықты көп жинағаны арқылы бөлу, оқушылардың қызғушылықтарын арттырады. Сонымен қатар оларды қуантып, жақсы көңіл-күй туғызады және ойын әуелден қызықты басталады. Немесе топтық жарыстарда орын бөлу сәтінде тепе-тең түскен жағдайларда топ жетекшілері «Ханталапай» ойнайды. Қай топтың жетекшісі көп асық жинайды, соларға бір ұпай артық саналады.
Жалпы алғанда ойынды ыңғайға қарай, сабақтың мазмұнына сәйкестендіріп, әртүрлі элементтерін біріктіріп, қолдануға болады. Бұл жерде қатып қалған қағида жоқ.
«Асық ату» - дене шынықтыру ойындарының ішіндегі балалар үшін ең қызықты, ептілікті, мергендік пен батылдықты қажет ететін, логиканы дамытатын ойын түрі. Бұл ойын кімде кім берілген тапсырманы дұрыс және тез орындаса, сол балалар сабақ соңында 5-6 минут осы ойынды ойнай алады (ер балалар оқитын топтарда). Ойын оқушының ынтасын арттырады, пәнге қызығушылығын қалыптастырады. Алғашқыда сабақ үстінде асық ойнауды ұйымдастыру ерсі көрінгенмен өзінің тиімділігі мен мазмұнын аша білді. Топта 14-15 оқыса, оның 5-6 асық ойнап жатса қалғаны оны қызығушылықпен тамашалайды. Келесі жолы ойынға қатыспаған оқушылар да талпыныс білдіретінін дәлелдеді.
Негізінен асық ойындарының танымдық қасиетімен қатар сабақта бой жазуды ұйымдастыруға көмек береді.
Орыс тілді мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті сабақтары топқа бөлініп оқытылады. Яғни сабақты мазмұнды да тартымды етіп өткізуге барлық жағдай жасалған. Сондықтан әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізудің еш айыбы жоқ.
«Орамал тастамақ» ойыны өткен тақырыптарды қайталауды дәстүрден тыс негізде өткізуге тиімді әдіс. Сабақта «сен сөйле», «анау айтсын» дегеннен гөрі, ойын шарты бойынша «айыпты» оқушы өткен тақырыптар бойынша тапсырма орындайды. Бұл ойын түрі оқушының өзін-өзі басқаруға жетелейді, оқушылардың белсенділігін аттырады.
Әрбір ұлттың ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан салт-дәстүрлері бар. Олар жылдар өткен сайын өзгеріп, толықтырылып та отырады. Осы салт-дәстүрлері негізінде ұлттың тәрбиесі мен тәлімі байып жетіліп отырады. Қазақ халқының ең бір жақсы, ұлттың бауырмалдығы мен қайырымдылығын, мейірбандылығын көрсететін дәстүр - «Асар». Өз тәжірибемде осы дәстүрді ойын түрінде қолданамын. Әуелі осы салттың негізгі тәрбиелік мәнімен таныстырып өтемін. Оқушылар қазақ халқының салт-дәстүрімен таныс бола отырып, осы бір тамаша қассиеттерді бойларына сіңіреді, оған құрметпен қарайды. Негізгі қаралатын элементтер топтық жұмыстар жүргізуде ыңғайлы. Бұл тәсіл де өзінің оңды нәтижесін бере білді. Яғни, сабақ барысында жақсы оқитын, алғыр оқушылардың көмегімен үлгерімі төмендеу оқушылар бірге топтық жұмыстар жасай отырып сұрақтарға жауап бере алады, мәтіндерді аударады т.б. Тапсырмаларды топпен біріге орындау оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттырады. Ең тиімділігі бұл жерде оқушылар арасында лидер немесе жеңімпаз анықталмайды. Олар бір адамдай топтық жұмыс атқарады. Бұл әдіс оқушылар арасында өзара түсіністік пен татулыққа, сыйластыққа тәрбиелейді.
Ойында тәртіп пен шарттарды қатаң сақтау оқушыларды сабырлылыққа, шыдамдылыққа шақырады, жинақылыққа тәрбиелейді. Тек ойын түрлерін түрлендіріп отыру міндетті. Себебі, бір текті ойындардан бала тез жалығып кетуі де мүмкін.
Жалпы сабақта қолданылатын техникалық құралдар, көрнекі құралдар, ойын түрлері - сабақ кілті деп танимын. Олар сабақтың қызықты және тартымды өтуіне көмек береді.
Техникалық құралдарды мазмұнға сай, дұрыс пайдалану қажет. Мәселен қазақ халқының күйлерін тыңдау өзге ұлт өкілдерін былай қойғанда өзіміздің жас буын аз тыңдап, аса мән бере қоймайды. Өз тәжірибемде әр түрлі ойын түрлері немесе сабақ барысында ақырын ғана құлаққа жағымды күйлерді қойып қоюға тырысамын. Бұл әдістің сыры, бірінші рет тыңдалған күйге оқушылар аса мән бере қоймаса, екінші рет қайталанғанда ол күй құлаққа таныс үн болып естіледі, ал үшінші кезде оны тыңдау ауырға соқпайды. Бірте-бірте оны тыңдауға құштарлықтары да арта түседі.
Ойын ойнау барысында оқушылар әр қырынан көріне алады, ашылады. Ал, оқытушы оқушылармен өз қарым-қатынасын жеңілдетеді, оның жақын досы болып көрінуі де мүмкін.
Қорыта айтқанда, ұлттық ойындарды қазақ тілі мен әдебиеті сабағында қолдану қазақ халқының салт-дәстүрін терең үйретумен қатар тәрбиелік жағынан да, білім сапасын арттыруға да берері көп деп ойлаймын.


Пайдаланылған әдебиеттер
1. ҚР білім туралы заңы
2. Қазақстан мектебі, 2006 №9 27 бет.
3. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, 2008 № 2,3, 7,9.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: kittensiz (2015-10-16)
Просмотров: 704 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 11:19 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru