Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Тіл – тақтан да биік
Степногорск қаласы
КММ ОДБММИ №4 «Болашақ» мектеп-интернаты
Қазақ тілі және әдебиет мұғалімі: Қайдарова Сара Ермекқызы
Сабақтың тақырыбы: Тіл – тақтан да биік. 11 сынып

Cынып: 11
Сабақтың тақырыбы: Тіл – тақтан да биік.
Эпиграф: «Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады».
Ғ.Мүсірепов
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды өз ана тілінің қадір - қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғынуға үйрету.
2. Дамытушылық: Тіл әуезділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер, мақал - мәтелдер арқылы оқушы дүниетанымын, cатылай кешенді талдау технологиясын қолдана отырып оқушылардың ой - өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: Тіл тазалығын сақтау, мәдениетті сөйлеу, шешендік өнерді оқушы бойына сіңіре отыра, ана тіліне сүйіспеншілігін қалыптастыру, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге ат салысуға шақыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту, бірлесіп білім алу, жекелей, жұптық, топтық Әдіс- тәсілдері: Сұрақ - жауап, дәлелдеу, кеңейту, мақал - мәтелдер.сөйлесу, әңгімелеу
Көрнекіліктер: Тіл туралы нақыл сөздер, презентация, үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақтың жүру барысы:
Сабақтың кезеңдері Сабақтың мазмұны
Ұйымдастыру:

Психологиялық дайындық:

Кезекші әңгімесі:


Сабақтың ұраны:

Тілдік жаттығу:

Сөйлесу:
Мұғалім-оқушы

Үй тапсырмасын сұрау:

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

2 оқушы тақпақтарын жатқа мәнерлеп оқиды:

Мұғалім:

Сөйлесу:
Мұғалім-оқушы

Ой шақыру.

Мұғалім сөзі:

Слайд. Оқушылар экрандағы сөздік арқылы өлеңнің мазмұнын түсінеді

Жаңа сабақ:

Мәтінмен жұмыс

1. Мәтінді мәнерлеп оқу.
2. Мәтінді оқушыларға оқыту.
3. Мәтін бойынша пікірлесім. Жұптық жұмыс. Тілдесім.

А) Философиялық сұрақ.

Ә) Мәселелік сұрақтар.

Формативтік бағалау:

Рефлексия: -Сәлеметсіңдер ме балалар?
-Отырыңдар
1) Тілашар 2) Психологиялық ахуал. Шеңбер құрып алақанымыздың жылуы арқылы бір-бірімізге жылы сөз айтайық.
-Сыныпта кім кезекші?
- Сабақта кім жоқ?

-Балалар қазір қай сабақ?
-Олай болса, қазақ тілі сабағындағы ұранымыз қандай?
Бір ауыз сөз болса да дауыстап айт, ең бастысы үнсіз қалма. (әр оқушының алдына мақсат қою)

-Сендер қай республикада тұрасыңдар?
-Мемлекеттік тіл қай тіл?
- Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
-Сен қазақша сөйлейсің бе?
-Қазақша жақсы түсінесің бе?

-Олай болса бүгінгі сабақта қазақша сөйлесіп көрейік.
Қане үйге берілген Тіл туралы мақалдарды жатқа сұрап, олардың мағыналарын түсіндіріп беріңдер. Білімімізді тексереміз.

Қазақ тілі туралы
-Нені білулерің керек?
-Қазақ тілі өмірде қандай орын алады, маңызы неде?
-Жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен танысасыңдар.
-Нені үйренулерің керек?
-дұрыс сөйлеп,сұраққа дұрыс жауап беруге.

«Ана тілі туралы» тақпақты мәнерлеп оқиды

-Топпен жұмысты кеңірек жүргізуге баулу
-Сабақта 3: А-тобы, Ә- тобы, Б-тобы.Топ жұмыс жасайды. Сәлемдесу.Таныстыру. Топ басшылары бағалайды.


Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді...
Ғабит Мүсірепов.

А) Ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын таңбалар нелер?
( Елтаңба, әнұран, тіл)
Ә) Ұлт боп жаратылу үшін басты қажет құрал не? ( Тіл, дін, дәстүр)
Б) Қазақ тілі қандай тіл? ( Мемлекеттік тіл)
В) Мемлекеттік тіл туралы заң қашан қабылданды?
(1989 жылы 22 қыркүйек)
Г) Қайта қаралып қай жылы қабылданды?
( 1997 жылы 11 шілде)
Д) Қазақ тілі қандай тіл?

Тіл – сөзін естігенде ойларыңа не келеді?
( бай, көркем, дамыған, құнарлы, ырғақты, мұра, парыз, құрмет, ана тілі, қазына, мемлекеттік тіл, отбасы, рухани байлық, тәуелсіздік, қорғау, ата - баба)

Әр халықтың тілі - өзіне тән қымбатты да қимас қазынасы. Сол сияқты біздің ана тіліміз де – алтындай асылымыз, мөлдір маржанымыз, ғажап гауһарымыз.
Өткен ғасырда өмір сүрген француз ғалымы А. Жорри де Манси
« Қазақ тілі түркі тілдері ішіндегі ең таза тілдердің бірі» деген.

Мәртебе – статус
қатынас құралы – средство общения
қызмет ету – служить
Ресми – официальный
Жариялау – заявить
Мәлім – известно
жариялау – объявлять
ұйымдастыру – организовать
білгір – всезнающий
жүлделі – призовой
сайыс – состязание
мереке - праздник

Тақырыбы: Тіл – тақтан да биік.

Мәтін
« Асыл қазына»

Өте ертеде бір дана қария өмір сүріпті. Ол дүниеден көз жұмар алдында қасына ұлын шақырып алып:
- Балам, менің мына дүниемен қоштасар күнім жақын. Өзіңе қалдырып бара жатқан бір асыл қазынам бар. Сен соны іздеп тап, ұқыпты пайдалан, ұқыпты қолдан,- депті....
Күндердің күнінде бала әкесі қалдырған қазынаны іздеймін деп әбден шаршайды. Бірақ әкеден қалған қазына таптырмайды. Амалы таусылған бала ел ішіндегі көпті көрген бір қариядан сұрайды.
- Әкеңнің сөзі рас, балам. Оның саған қалдырған мұрасы – тіл. Сенің әкең сөзге шешен кісі еді ғой. Бәріміз де сөз асылын сол кісіден үйрендік. Тілден қымбат қазына жоқ,- деп ақылгөй қария аталы сөздің шешуін айтып беріпті.

1) Тілді неліктен мұра етіп қалдырған?
( Халықтың талай ғасырлар барысында жасаған материалдық байлығы мен рухани мәдениетін, әдебиетін, ұлттық дәстүрін ұрпақтан - ұрпаққа жеткізетін тіл. Қарияның баласына қалдырған асыл мұрасы - тіл арқылы жететін өнер - білім, мәдениет, ғылым, өткен - кеткен тарих, ата - баба дәстүрі.

1) Тілден қымбат қазына жоқ дегенге келісесіңдер ме?
2) Ана тілін неліктен қымбат қазынаға теңейді?
Б) Жеңіл сұрақтар.
1) Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады?
2) Тілді үйрену не үшін керек?
3) Сенің досың қазақша сөйлей ме?
4) Үйде ата - анаңмен қай тілде сөйлесесің?
5) Полиглот деген кім?

Тіл туралы Заң жауабы.

2. Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Тыңдалым. 1) Мәтінді мұқият оқып, түсіну.

Мәтін
Тіл туралы

Ана тілі дегеніміз – сол тілді жасаған, жасап келе жатқан халықтың өткені, бүгінгісі, болашағы.Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ тілі қасиетті, қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ана тілі – бұл әкенің тілі, туған халықтың тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізден, әжеміз бен атамыздан біле бастаймыз.Ана сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңеді. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадыр-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің аумағында салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды.Еліміз Қазақстан Республикасы егемен ел атанды. Ана тілімізге мемлекеттік мәртебе берілді. Тіл туралы заң қабылданды. Президентіміздің 2003 жылғы 15 қарашадағы жарлығымен қыркүйектің үшінші жексенбісі Қазақстан Республикасы халықтары тілдерінің күні ретінде атап өтілетін болды.Тіл адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді.Тіл арқылы біз оқып, білім аламыз, қалаған мамандықты игереміз.Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді.

Тапсырма:
1. Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқу, аудару.
2. 5-6 сұрақтар құрастыру.
3. Сұхбат құрастыру (жұптық жұмыс).

Сөздік жұмысы
үнімен – звуками үндесіп жатады – сливаеться біртіндеп – постепенно сіңеді – впитывается қадыр-қасиетін – достоинство, репутация, престиж
ұмтылады – стремяться кез келген – любое айрықша – особенно қабылданды – был принят жарлық– указ пікір алмасады – обмениваються мнениями
игеру – осваивать, усваивать
даналы - мудрый

4) Грамматикалық тапсырмалар. (жай және салалас, сабақтас құрмалас сөйлемдерді қайталау)
- Құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Құрмалас сөйлем неше түрге бөлінеді?
- Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?
- Салалас құрмалас сөйлемнің қанша түрі бар?

Жазылым. 1.Мәтіннен екі жай сөйлемдерден 1 салалас,
1 сабақтас құрмалас сөйлемдерді құрастыр. Сөйлемдерге синтаксистік талдау жасау.
2. 1 зат есімге, бір сын есімге, бір етістікке морфологиялық талдау.
3. Бес тармақты өлең стратегиясы.
1. Зат есім. Тіл.
2. Сын есім. Өткір, шешен.
3. Етістік. Сөйлейді, айтады, жүйелейді.
4. Сөйлем. Туған тілім - өз тілім.
5. Синоним. Сөз.

Балалар, қалай ойлайсыңдар, осы жұмысының мақсаты қандай?

Музыкалық үзіліс (1 мин)


1 А тобы: Мемлекеттік тілді жақсарту үшін не істеуіміз керек?
2 Ә тобы: Тілді үйренуге қандай күрделі мәселелері бар?
3 Б тобы: Қазіргі заманда қазақтар неге қазақша сөйлемейді ?

1. Міне сабағымыздың тақырыбы қандай болды?
2. Бүгінгі сабақта не білдіңдер? 3. Сабақта не істедік? 4. Неге үйрендіңдер?
5. Тілді үйрену үшін не істеуіміз керек?

Бүгінгі мәліметтерді пайдаланып, «Тіл- менің тағдырым» деген атты шағын эссе жазу

Бағалау. (формативтік бағадан сумативтік бағасын шығару).Топтарда бір-бірін өзара бағалау
Топ басшылары топтағы оқушыларға баға қояды

(стикер таратамын)
- Не білдім?
- Қай тапсырмаларда қиыншылықтар болды?
- Не ұнады?

-Сабақ аяқталды.
-Сау болыңдар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Сара4365 (2015-10-22) | Автор: Кайдарова Сара Ермековна E
Просмотров: 902 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 4:36 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru