Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақшаңыз қалай?
Тақырыбы: Қазақшаңыз қалай?
Мақсаты:
Оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттыру. Отанын, туған жерін, елін сүюге, халық дәстүрлерін сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: суреттер, интерактивті тақта, кеспе қағаздар.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың назарын танымдық ойынға аудару.

ІІ. Негізгі кезең.
1-жүргізуші: Құрметті әріптестер, оқушылар!
Бүгінгі «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз - басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге құрметпен қарауын, сонымен қатар, теледидарда жүргізілетін қазақша хабарға қызығушылықтарын арттыру.

2-жүргізуші:Қадір Мырза Әлі айтқандай, ұлы қазақ даласында 130-дан астам басқа ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны бәрімізге мәлім. Қазақстан жерінде тұратын әр адам Отанын сүю, мәдениеті мен тілін білу және оларды қастерлеу қасиетті борышы екенін сезіну қажет. Осындай мақсатпен біздің мектебіміздің 7-ші сыныптар арасындағы «Қазақшаңыз қалай?» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1-жүргізуші:Бүгінгі сайыс мынадай кезеңдерден тұрады.
Жүрісі:
1. Таныстыру.
2. Дода.
3. Сөз мәйегі-мақал.
4. Ойлан, тап
5. Әріптер сайысы.
6. Сен білесің бе?
7. Кім тапқыр?
8. «Өнерпаз болсаң...»- үй жұмысы.

2-жүргізуші: Сайыскерлердің білімін таразылап, өздеріне баға беруші әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1-жүргізуші:
Беташарын сайысымыздың бастайық,
Көрермендерді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін.
Өнеріне ду қол соғып қостайық.

2-жүргізуші:
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Ана тілін білмеу қандай заңдылық?!
Өсер балаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік!

І кезең. Таныстыру.
І-топ. «Жасқыран»
Қалықтап көкте жас қыран,
Халықпыз сөзге тоқтаған.
Тілімен топты жаратын.
Тобымыз біздің - «Жасқыран»

ІІ-топ. «Топжарған»
Шығарар намыс топты алдан,
Дуалы ауыз тілге арман.
Сайысқа келдік біліммен,
Тобымыз біздің - «Топжарған»

ІІ кезең. «Дода»
Бұл кезеңде әр топқа 10 сұрақ қойылады. Берілген сұрақтарға тоқтаусыз, дұрыс әрі жылдам жауап беру керек.

І топқа:
1. Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
2. ҚР Мемлекеттік тілі?
3. Қыста не жауады?
4. Жаңылтпаштың сөздері қалай айтылады?
5. Күздің бірінші айы?
6. Тұрлаулы мүшеге не жатады?
7. Абай Құнанбаевтың шын аты кім?
8. Бір тәулікте неше сағат бар?
9. Наурызда пісірілетін басты тағам?
10. Қазақстан туының түсі қандай?
ІІ топқа:
1. Абай Құнанбайұлы кім?
2. Қазақ тілінде жалғаудың неше түрі бар?
3. Қыс айларын ата:
4. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар?
5. Тұрлаусыз мүшелерді ата?
6. Тышқаннан қорқатын аң?
7. Тамақты бұзбайтын салқын жәшік?
8. Бір жылда неше күн бар?
9. Жүз жасаған ақын?
10. Сөйлем неден құралады?
ІІІ кезең. «Сөз мәйегі-мақал»
Сайыскерлер тіл туралы мақалдардың жалғасын айтудан жарысады.
1.Тіл -тас жарады,тас жармаса,...........бас жарады.
2. Жақсы сөз-........жарым ырыс.
3. Піл көтермегенді ,......тіл көтереді.
4. Көп сөз- көмір,.......аз сөз- алтын.
5. Жеті елдің тілін біл,жеті түрлі...... білім біл
6 Өнер алды-.......қызыл тіл
7. Тіл жүйрік емес, .......ой жүйрік
8.Басқа пәле-.......тілден
9.Ана сүті бой өсіреді, ана тілі...... ой өсіреді
10.Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-........ой

ІҮ кезең. «Ойлан, тап» (Жұмбақ жасыру, екі топ кезекпен жұмбақтың шешуін айтады)
Ти десем тимейді, тиме десем тиеді (ерін)
1.Сойса қаны жоқ, жүрсе ізі жоқ (қайық)
2.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
(Күн)
3.Қабат-қабат қаттама,
Ақылың болса, аттама.
(Кітап)

4. Қол созсаң, ақ күміс
Алақаңға толады.
Ашып-жұмсаң, із-түссіз
Лезде жоқ болады?
(Қар)
5. Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын,
Тауып көрші, сен оны.
(Аққала)
6.Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар да, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінең.
(Кітап)
7. Үй үстінде алтын тас,
Алайын десем табылмас.
(Жұлдыз)
8. Қимылдаса қос шебер,
Қыруар-қыруар іс өнер.
(Қол)
9. Қолы жоқ –сурет салады,
Аузы жоқ – тістеп алады. (Аяз)
10. Үй үстінде жарты қалаш (Ай)
Ү кезең. «Әріптер сайысы»
Топтың әр мүшесі әріп таңдап алып, қойылған сұрақтарға сол әріптен басталатын сөздермен жауап береді.
І топқа:(ә, е, т, о, с)
1. Қазақ тілі пәні ұнай ма?
2. Досың кім?
3. Әдемі адамның арманы не?
4. Бүгін қандай күн?
5. Сенің көзің қандай?
6. Жігіттер сырға таға ма?
7. Бала оқытатын адам?
8. Бос уақытыңда не істейсің?
9. Қандай тағамдар ұнайды?
10. Жасың нешеде?
ІІ топқа: (қ, б, м, н, ж)
1. Мақал білесің бе?
2. Есімің кім?
3. Аспанда не бар?
4. Мектеп мұғалімдері қандай?
5. Қар қай кезде жауады?
6. Алма тәтті ме?
7. Кім болғың келеді?
8. Адамдар неден қорқады?
9. Сыныбыңда неше оқушы бар?
10. Қандай қаланы білесің?
І кезең. «Сен білесің бе?»
Тақтада алты ұяшықта сұрақтар берілген. Берілген сұрақтарға ойланып, дұрыс жауап берейік.
3---6---2
4---1---5
1) Қазақтың үш биін ата:
2) Наурыз көже қалай жасалады?
3) Абай Құнанбайұлының сүйікті ойыны қандай?
4) Әнұранның әнін жазған кім?
5) Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?
6) Қазақтың ұлттық ойындарын ата:
ҮІІ кезең. «Кім тапқыр?»
Бұл кезеңде топ басшылары тақтада берілген суреттерді іс-қимылмен, ыммен түсіндіреді.
ҮІІІ кезең. «Өнерпаз болсаң...»
Оқушылардың дайындап келген өнеріне тоқталайық.
1-жүргізуші:
«Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты», - дегендей, сайыскерлерімізді бағалау үшін әділ қазыларымызға сөз берейік.
ІІІ. Қорытындылау.
2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, «Қазақшаңыз қалай?» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Тіл - әр ұлттың қайталанбас байлығы. Тіл бар жерде ұят та, ел де, жер де болмақ. Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Сау болыңыздар
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: karbozkhova (2015-10-23) | Автор: Аяужан Жамантаевна E
Просмотров: 632 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 5:01 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru