Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ф.Оңғарсынованың "Өлең,мен сені аялап өтем!" әдеби кеші
Ф.Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап
өтем!» әдеби кеші.
(Тілдер мерекесіне арналған.)
Пәні: Қазақ әдебиеті
Сыныбы: 8
Тақырыбы: Ф. Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем!» атты мәнерлеп оқу сайысы.
Мақсаты: Қазақтың ақын қызы Ф. Оңғарсынованың «Маржан» поэзиясымен тілдесу. Ақынның өміріне қысқаша шолу жасай отырып, өлең - жырларын оқушыларға жаттатып, білімдерін одан әрі шыңдауына үлес қосу. Оқушылардың еліміздің табиғатына, отанға, ана тілімізге деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: Слайд.
Әдісі: Мәнерлеп оқу, түсіндірмелі.
Сабақтың барысы:
1. Кіріспе сөз.
2. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беру.
3. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.
4. Бейне көрініске назар аудару.
Мұғалім сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ақын Ф. Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем!» - атты мәнерлеп оқу сайысына қош келдіңіздер.! Ақын өз заманының ар - ұжданы. Ол болашақ үшін өмір сүреді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде - кем.
Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. Фаризаның жырларында Жайықтың суындай жағаны соққан айбынды көңіл - күйі сезіледі. Фаризаның досы, сенері, мұңдасы, берер дәрі – дауасы – поэзия.
Ақынның өмірбаяны: (оқушылар Самара, Элина)
Фариза Оңғарсынова 1939 жылы Атырау өңіріндегі Манаш ауылында дүниеге келген. 1967 жылы «Бұлбұл» деген атпен тұңғыш жыр кітабы жарық көреді. Бүгінде Фаризаны білмейтін оқырман кемде - кем. Ақынның жазған жырлары сандуғаш болып сайрады. «Маңғыстау монологтары» ақынның отыз жасындағы қолтаңбасы. Содан бері «Мазасыз шақ», «Мен сенің жүрегіңдемін», «Шілде», «Сенің махаббатың», «Дауа» сияқты кітаптары адам атты күрделі жаратылысты сан зерттейді. Олар не туралы? Махамбеттің мұңын сезгенде, қайратынан жыр жанығанда өршіл сарынға ерік береді. Міне, Фариза ақынның халқына ұсынған өр мінезді жырлары осы еңбектері арқылы белгілі болды.
• 1939 жылдың 5 желтоқсанында Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында туған.
• 1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл - әдебиет факультетін бітіріп, Балықшы ауданының Еркінқала, Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектептерінде ұстаздық еткен.
• 1966 - 1968 жж. Гурьев облыстық "Коммунистік еңбек" газетінің партия тұрмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.
• 1968 - 1970 жж. республикалық "Лениншіл жас" газетінің Ақтөбе, Гурьев,
Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.
• 1970 - 1978 жж. республикалық "Қазақстан пионері" газетінің бас редакторы, 1978 жылғы желтоқсаннан "Пионер" журналының бас редакторы болып істеген.
• 1978 - 1996 жж - республикалық «ліно - Һеп» (қазіргі «Ақ желкен») журналының бас редакторы. ҚР Парламенті Мәжілісі 1 - ші және 2 - ші шақырылымдарының депутаты (1996 - 2004).
Лирикалары. (Мәншүк)
Ақын әйелдер жанының кұпиясын, арманын, махаббатын көп жазады. Ол сезім күйлерін шертуге, Әлия мен Мәншүктің тағдыры мен трагедиясына дастандар арнады.
Әйел – Ана тақырыбы.
Әйелдер жан дүниесіне барлау жасауда ақын жетістігі мол. Оны өзі де ашып айтады: Адам деген күрделі жаратылыс қой. Соның ішінде әйел халқының жан - дүниесі өз алдына бір әлем. Менің өз жырларымды сол әйел жанының сан күйін мүмкіндігім жеткенше жеткізгім келеді.
Көңілді, жайлы күнімді,
Азапты қайғы мұңымды
Өзімменен бөліскенің үшін,
Қатем мен жеңістерім үшін,
Менің мынау қиындау тағдырым болып
О, баста көріскенің үшін
Өлең, мен сені аялап өтем! – деп ақын өз өлең жолдарында толғайды.
Мұғалім: Ф. Оңғарсынованың өлеңдері – Каспийдің алапат толқынындай айбынды, аққуларындай пәк, туған даласындай кең, аруанасындай маңғаз, күніндей ыстық, тауларындай асқақ. Дара күндерімнің, нала түндерімнің, серігі болғанын үшін, біреудің пасықтығынан, біреудің жасып мұңынан, жүрегім сыздаған кезде, өлең, мен сені аялаймын,- деп жырлаған екен.
Оқушы Евангелина : Жыр жазбасам жабығам,
Онсыз маған дүние жел өтіндей,
Жұрт ұқпайды жүрем мен неге күлмей,
Ал сен болсаң қайрайсың, құлшынтасын,
Содан саған бір пайда келетіндей.
Мен бір қызық адаммын,
Қатал тағдыр сілкілеп мың санаған,
Құлап тұрып сонда да тыншымаған,
Жұртқа деген ызадан булыққанда
Сені орынсыз азаптап, ұрсып алам.
Сен – асқақсың, білемін
Маған ғана иіліп кешіресің
Иілуде бүгінде кісіге сын.
Қуаныштың мен үшін не екенін
Бұл жалғанда сен ғана түсінесің!
Слайд. Тақтадағы слайдқа назар аудару.
Қорытынды сөз:
Шынында да ақынның өлең жолдарында небір әдемі теңеулер, айшықтап суреттелген табиғат көрінісі, ішкі жан – дүниенің пәк сезімі, әйел жанының махаббаты, нәзіктігі көрініс табады. Осындай тапқырлықты тек Фариза ақын ғана таба алатын сияқты. Осылай еркелей жырлау Фаризаға тән секілді. Жыр әлеміне құлаш ұрған ақын жырлары өз оқырмандарын әліде қуанта берері сөзсіз.

Өткізген: Бакакова Айсұлу Қожанбердіқызы
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: bakakova1976 (2015-11-09) | Автор: Бакакова Айсулу E
Просмотров: 1455 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 9:34 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru