Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

"Лирикалық шығармаларды оқытуда оқушыларды әдеби талдауға жетелеудің маңызы"
"ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫ ӘДЕБИ ТАЛДАУҒА ЖЕТЕЛЕУДІҢ МАҢЫЗЫ"

Кадырова Айнур Сапуановна

Батыс Қазақстан облысы
Орал қаласы
Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектебі

ХХІ ғасырға аяқ басқан жаңалықтарға толы заманаға үн қосу қазіргі заман мұғалімінен үлкен еңбекті талап етеді. Заманауи мұғалім қай жағынан болса да жаңалықтар мен идеялардың жаршысы бола ала ма? Бұл көкейтесті мәселелер ұстаз жүрегіне ой салары сөзсіз. Қай кезеңде де адам руханиятын алға жетелейтін басты күш әдебиет болып келеді. Бүгінгі таңда "Жастарымыз әдебиеттен қол үзіп барады. Көркем шығарманы мүлдем оқымайды,"- деген пікірлерді жиі естіп қаламыз. Осындай сыни пікір әдебиетші мұғалімдердің намысын қамшылайтыны да бар.
Әдебиет-сөз өнері. Ол баланың талғамын, мінезін, танымын қалыптастырады.
Әдебиеттің ғажап жанрының бірі- лирика. Ғалымдар лирикаға "адамның көңіл күйін күйттейтін поэзия" деген анықтама береді. Жалпы лирикалық шығармаларды қалай оқытамыз, оқушы жүрегіне қалай жеткіземіз деген мәселелер туралы ой бөліскім келеді.
Лириканы оқыту күрделілігі оның жанрлық ерекшелігінде ғана емес, ең бастысы, оқушылардың оған деген көзқарасы мен қарым-қатынасында. Лириканы оқытудың басты мақсаттарының бірі- оқушыларды поэзияны сүйе білуге баулу, оның кестелі тілін сезіне білуге, эстетикалық ләззат ала білуге, әдемі, көркем сөйлей білуге баулу болып табылады[1, 133-б.].
Оқушылардың көбі поэзиядан гөрі қызықты сюжеті, мазмұны бар прозаны жақсы көреді.
Ендеше өз әдістемелік тәжірибемде кездескен лириканы оқытудағы қиындықтарды төмендегіше жүйелегім келеді:
 Лирикалық шығарманың идеясын таныту;
 Лирикалық қаһарманға мінездеме беру;
 Өлеңнің көркем тілін талдау.
Осы бағытта жұмыстана жүріп, поэзияны оқытуда мына жағдайларға көңіл бөлуді жөн көрдім:
 Оқушыларды сөздікпен жұмыс жасауға үйрету;
 Пәнаралық байланысқа мән беру;
 Әдеби-теориялық ұғымдарды таныту;
 Оқушылар шығармашылығын дамыту.
Осы мәселелер ұстаздың жетелеуі арқылы шешімін табады, бірақ жаңа заман

1
мұғалімінің міндеті оқушыны білімді "тұтынушы" емес, жаңаны "өндіруші" рөліне енгізу.
Заманауи білім берудегі негізгі мақсат "ХХІ ғасырда нені оқыту керек?" және "Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды?" деген көкейтесті сұрақтарға жауап іздейді. Жаңа білім берудің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады. Оқытудың қандай жолы қолданылса да, "оқыту тиімділігі" ұғымына қатысты қарастырылатын екі түрлі көзқарас бар: біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы[2, 9-б.].
Ж.Аймауытов: "Мағжан- сыршыл ақын. Мағжан сөзінде "тілге жұмсақ, жүрекке жылы тиетін" үлбіреген нәзік әуез қазақтың бұрынғы ақындарында болған емес" деген.
5-сыныпта М.Жұмабаевтің "Сағындым" өлеңі берілген. Өлең белгілі тарихи кезеңнен хабар береді. Сондықтан қазақтың зиялы қауымына қырғындай тиген Қуғын-сүргін жылдарын оқушы білмесе, ақынның көңіл-күйін, оның сағынышын оқушы қалай таниды? Жалпы өз тәжірибемде оқушыға алдын-ала берілген тапсырманың нәтижесі мол екеніне көзім жетті. Тапсырманы жалпы сыныпқа емес, қабілетті оқушыға беруге болады. Осы өлеңді оқымас бұрын мен оқушыға Алашорда туралы мәлімет жинақтауды тапсырамын. Қазіргі оқушылардың дүниетанымы кең, олар кез келген ақпаратты жинай алады. Осы -мәліметпен танысып алған соң ғана өлеңді талдаймыз.
Сонда "Ақынның негізгі ойы қай шумақта берілген?"деген сұраққа оқушы:
-Не көрсем де Алаш үшін көргенім,
Маған артық ұлтым үшін өлгенім.
Мен өлсем де Алаш өлмес, көркейер,
Істей берсін қолдарынан келгенін,- деген жауапты оңай табары сөзсіз. Өз сабақтарымда сын тұрғысынан ойлау технологиясын кеңінен қолданамын.
"Екі жақты күнделік" әдісі арқылы оқушылардың өзіндік ойын, пікірін дамытуға болады.
Ақын сөзі Менің ойым
Қарашығым, құлыным деп зарлаған,
Алыстағы сорлы анамды сағындым. Оқушы: Ақын өзі қиналса да, анасын көп уайымдайды. Ол анасын сорлы деп сипаттайды. Себебі баласы түрмеде отырса, анасы одан екі есе көп күйзеледі.
Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым. Оқушы:Абақтының іші өте қараңғы. Ақын кең дала, еркіндікті аңсап отыр.

7-сыныпта берілген С.Сейфуллиннің "Сырсандық" өлеңін талдау кезінде :

2
-Шырқ айналар шіркін тауық
Жемің болса қолыңда.
Жем таусылса жалт береді,
Сенерлік дос санама, деген шумақтағы "жанама" сөзіне сөздікте "қосарлану, қабаттасу әрекеті" деген түсінік берілген. [3, 191-б.].
Осыны білген оқушы "жанама" сөзінің сенімсіз дос ұғымында қолданылғанын түсінеді. Өлеңдегі лирикалық қаһарман:
Сарыарқаның бір тауы бар,
Бір тауы бар сымбатты, деп суреттеледі. Осыны түсіндіре отырып, символ ұғымына тоқталуымыз қажет. Өлеңге сатылай кешенді талдау жасау нәтижелі екенін білдім. Себебі оқушы "Сарыарқаның тауы" дегенді символ деп ойласа, неге олай ойлайтынын, яғни символдың анықтамасын айтып беруі тиіс.
Қадыр Мырза Әлі шығармашылығын оқытудағы негізгі мәселе – Қадыр поэзиясы мен өмірін қазақтың тарихымен сабақтастыру, сол арқылы ақынның идеялық мұратын таныту. Ақын поэзиясы қазақ халқы өмірінің көркемдік шежіресі, әдебиеттегі образды тарихы деуге де болады.Әркім-ақ айта алатын, әркім-ақ көре алатын құбылысты Қадыр ақын өзінше танып, өзінше толғайды.
Жанартаудың сөнгендері даңқты,
Атылмаған жанартаулар қауіпті,- деп ақын өзі жырлағандай, өлең өлкесіне жанартау шабытпен келіп, тыңнан соқпақ салған Қадыр ақынның өмірі өлеңінде, ал өлеңі өмірінде жатқандай.
З.Қабдолов "сылдырап өңкей келісім" деп көркемдегендей, поэзия- жанның толғанысы. Айналамыздағы құбылыстарды ақындық түйсікпен танып, ақын көңілімен зерделеп, ақын тілімен жырлай алмаймыз. Бір құбылысты әр ақын өзіндік көзқараспен, өзіндік шабытпен жырлайды. Сондықтан поэзияны оқу өз алдына, ондағы идеяны, ақынның айтқысы келген ойын кез келген адамның бірден түйсінуі – қиын нәрсе. Көпшілік тәжірибеде өлеңді өткен кезде оқушы сол өлеңді тиянақты жаттап, мәнерлеп айтып берсе, оқушы сол өлеңді мықты түсінді деп ойлайды. Оқушы оны түсінді ме, әлде механикалық түрде жаттап алды ма, белгісіз. Сонда мұғалім оқушыны өлеңді талдағаны үшін емес, жаттағаны, яғни есте сақтау деңгейін бағалайды.
Өлеңнің идеясын тану өлеңді түсінуден басталады. Поэзиялық шығарманы оқып өздігінен түсіну 5-сынып оқушысына қиын тиері анық. Ал мәтінді меңгерту үшін оның көркем тілін талдау арқылы қол жеткізуге болады. Ол үшін топтық тапсырмаларды пайдалану ыңғайлы.
Тапсырма үлгісі:
Бәрі де, Ана,
Бір өзіңнен басталды.
Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.
Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,
Жасқандым ба,
Тек өзіңнен жасқандым.

3

1. Ақынның анасына деген сезімін білдіретін сөздердің астын сыз.
2. Ауыспалы мағынада тұрған сөздерді табыңдар.
3. Анаңа деген ыстық сезіміңді білдіретін сөздерді жаз.
Өлеңнің мазмұнын талдауда мұғалім қоятын сұрақтардың маңызы зор. Дұрыс бағытталған сұрақ – дұрыс жауаптың кепілі. Сондықтан балаға қоятын әр сұраққа үлкен жауапкершілікпен қараймын. "Өлеңді оқығанда қандай күйде болдың?" дегеннен гөрі "Өлеңде сезіміңе әсер еткен жолдарды айтасың ба?" деген тиімді болар еді.
"Кәрі қыран" өлеңі – терең философияға құрылған өлең. Алғаш оқыған кезде өлеңді түсіну қиын. Оқушының бойында аяныш сезімі пайда болары анық. Бірақ өлеңді талдауға оқушыны дұрыс бағыттай алсақ, оның алғашқы әсері серпілері сөзсіз. Осы тақырыпта А.есімді оқушым өз эссесін былайша толғапты

Бұл- оқушының сөз құдіретін тануы. Жалпы, қазір "компьютербасты" балалар кітап оқуды қойды деген пікірді жиі естіп жүрміз. Біздің оқулықтарымызда ақын-жазушылар өмірі аз ғана мәліметтермен шектеледі. Орта мектеп оқушысының білім сапасы Ұлттық бірыңғай тест қорытындысымен өлшенетіні белгілі. Ал тестілеу оқушының сөйлеу тілін, сөздік қорын байытпайды. Мысалы, Абайдың "Жаз" өлеңінің мазмұны мен көркем тілі маңызды емес, оның қашан жазылғанын білу маңыздырақ.
Сондықтан өз тәжірибемде ақын өмірін меңгертуге арналған мәтін-тапсырмаларды қолданып жүрмін. Мысалы: ақын өзінің "Иірім" атты кітабында қиын кезеңге тап келген балалық шағы туралы:
"Жартылай аш, жартылай жалаңаш өмір кештік. Нанды талонмен алатынбыз. Оның өзіне түнімен кезекте тұрып, әрең қолымыз жететін. Сондықтан оқуды қоя тұруыма тура келді. Мені төрт жыл бойы оқытқан ұстазымның арқасында ғана мен мектеп интернатқа орналасып, оқуымды жалғастырдым,"-деп жазады.[4, 15-б.]. Қазір адамдар тойынған. Бала кезімізде әжеміз наннан ауыз тиіп бізге беретін. Ал бүгінгі бала шеті бөлінген нанды біреудің қалдығы деп аузына алмайды.Бұл үзінді арқылы оқушыны бір үзім нанның қадірін түсінуге,

4
өзіне жақсылық жасаған адамның мейірімін үнемі ұмытпауға тәрбиелесек, оқушы сыныпта алған білімді өз өмірінде пайдалана алар еді. Мұндай мәтін тапсырмалар арқылы біз балаларды реферат жұмыстарын жазған кезде интернеттен алып келген дайын нәрсені оқып беріп баға алудан алшақтатар едік.
1956 жылы Бенджамин Блумның төрағалық етуімен білім беру комитеті әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Бұл жұмыстың мақсаты үш бағыт бойынша: танымдық, эмоционалдық және психомоторлық жағынан оқушыларды оқыту мақсаттарының тізімін жасау болатын. Блум таксономиясының мақсаты-оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру мақсатында педагогтерді өздерінің күші мен назарын барлық үш салаға бірдей аударуға ынталандыру.
Деңгейлік курс кезеңінде тренеріміз айтып берген мысал менің Блум таксономиясына қызығушылығымды оятты. Ол Блум жүйесі бойынша ойыншық машина сатып алып берген баланың әрекеті негізінде сипатталады.
Білу: кішкентай бала машинаны көрді, оның машина екенін білді.
Түсіну: бала оның ойнау үшін алынғанын түсінді.
Қолдану: оны жүргізіп ойнай бастайды, борты болса, құм салады.
Талдау: енді оның бөлшектерін ажыратады, алып тастайды.
Жинақтау: машинаны қайтадан жинақтайды, кейбір бөлшектері керек емес, оны салмайды.
Бағалау: баланың қызығушылығы басылды. "Маған енді жаңа машина сатып алу керек" деп өз бағасын береді. Осы бір қарапайым мысал күрделі де қиын таксономияның мәнін ұқтырды. Себебі жанымызға жақын, етене таныс жағдаят өмірден алынған еді.
Блум таксономиясы арқылы мен оқушылардың ойлау дағдыларының қаншалықты деңгейде екенін бағдарлауға болатынын түсіндім. Жоғары дәрежелі сұрақтар балалардан ақпаратты белгілі бір дәрежеде қолдануды, дамытуды, бағалауды, талдауды талап етеді. Ал Блум таксономиясы сұрақтарға берілген жауаптарды жіктеудің тиімді моделін ұсынады. Ал оқушы әрбір лирикалық шығарманы ойыншық машина сияқты талдап берсе, қандай ғажап!
Блум таксономиясы ойлаудың алты деңгейін сипаттайды.Өз сабақтарымда Блум негінде жасалған бағалау парағын қолданып келемін. Бұны оқушы өзі толтырады. Мысалы: Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңі туралы ойлау деңгейін Г.есімді оқушым былайша анықтапты:

5

Білдім Оқу мен білім маған қажет. Ақын бізді жақсылыққа жетелейді.
Түсіндім Өлеңдегі араб сөздерінің мағынасын таныдым.
Қолдана аламын Абай айтқан бес асыл қасиетті бойымда қалыптастыруға тырысып жүрмін. Мен еріншектіктен арылуым керек.
Талдаймын Абайдың осы өлеңін С.Торайғыровтың "Шәкірт ойы" деген өлеңімен байланыстыруға болады екен.
Жинақтаймын Ақынның:
Ондай болмақ қайда деп,
Айтпа ғылым сүйсеңіз, деген жолдары маған ой салды.
Бағалаймын Бізге тәрбие беретін асыл сөздер Абай жырларында екен ғой.

Оқушы тек өзінің ойлау деңгейін ғана бағалап отырған жоқ, сабақтың нәтижесін бағалап отыр. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, әрбір он баланың біреуі дарынды болады екен. Сыныптағы барлық оқушының ең болмаса бесеуі шығарманы осылай талдай алатын болса, біздің, әдебиетші мұғалімдердің, мақсатының орындалғаны шығар деп ойлаймын. Сондықтан оқушылардың бойында әдебиетті сүю, өлеңді сезіне оқу, оны зерделі талдауға ұмтылу дағдыларын қалыптастыру жолында еңбектеніп келемін.
Ұстаз еңбегі ізденіске, тынымсыз еңбекке толы болғанда ғана жемісті, нәтижелі болмақ. Бұл- менің ұстаздық қағидам. Біздің жемісіміз- оқушы. Ол- болашақтың жасаушысы, азат елдің ұрпақтары. Мен шәкірттеріме сенемін. Осы сенім мені үнемі алға жетелейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1."Әдебиетті оқыту әдістемесі мен технологиясы" Қ.Бітібаева
2. "Мұғалімге арналған нұсқаулық"
3. "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі" Б.Қалиев
4. "Иірім" Қ.Мырза Әлі

[b]

Категория: Казахский язык и литература | Добавил: aynurks74 (2015-12-24) | Автор: Айнур E
Просмотров: 2102 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 1:43 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru