Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Зат есімнің септелуі
Солтүстік Қазақстан облысы
Ақжар ауданы
Ақжар негізгі мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Раисова Макпал Ажкеновна
Сабақ тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Сабақ мақсаты: а) Зат есімнің септелуінің анықтамасын жалғаулары, сұраулары сөйлемдегі қызметіне нақты мысалдар арқылы бағыт беру.
ә) Оқушыларды ұқыптылыққа, өз беттрімен жұмыс істеуге тәрбиелеу
б) Оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне ықпал ету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, көрнекілік арқылы салыстыру, талдау, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, кесте
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі
а) Оқушыларды түгендеу
ә) Үй тапсырмасын сұрау
-Балалар үйге қандай тапсырма берілді?
-Көптік жалғауының грамматикалық мағынасы қандай?
- Көптік жалғаулар үнемі көптік ұғымды білдіре береді ме?
- Тәуелдік жалғауы қандай грамматикалық мағынаны білдіреді?
- Тәу. жалғ. қосымшаларын ата.
Жаттығулар бойынша үй тапсырмасын қайталау
Жаңа сабақ.
Септік жалғау зат есімге жалғанғанда, оған грам/лық мағына үстеп, сөйлемде оны басқа сөздермен байланысқа түсіреді. Қазақ тілінде 7 септіктің түрі бар.
1. Атау септік ойдың, іс-әрекеттің иесін білдіреді. Мысалы: Ажар ойнады.
2. Ілік септік зат кімнің меншігі екенін, не нәрсеге тән екенін білдіреді. Мысалы: Ажардың ойнағаны ешкімді мазаламады .
3. Барыс септігі іс-қимылдың бағытын, мекенін ,мезгілін білдіреді. Мысалы: Анасына қарады, үйге барады.екі айға созылды.
4. табыс септігі іс-қимылдың объектісін білдіреді, затты нұсқайды. Мысалы: кітапты оқыды, інісін кездестірді.
5. Жатыс септік іс-қимылдың орнын, мекенін, мезгілін, кімде екенін білдіреді: бақшада өседі, күзде жауады ,анасында бар.
6. Шығыс септік заттық мағынаны, істелу тегін, әрекеттің шығу кезін,мекенін, мезгілін білдіреді: терезеден көрді, кірпіштен қалады, мектептен шықты, былтырдан білемін.
7. Көмектес септігі іс-қимылдың амалын, істелу құралын,бірлестікті білдіреді: балтамен шапты, сөзбен жеңді,Асқармен бірге істеді.
Септік жалғаулары сөзге буын үндестігі, ілгерінді ықпал арқылы жалғанады. Тек көмектес септік жалғауы ғана буын үндестігіне бағынбайды.
Зат есім көптік, тәуелдік жалғаулы тұлғада тұрып септеле береді.
Тәу.з.е. септілуін жай септеумен салыстырғанда барыс, табыс, жатыс септіктерінде айырмашылық бар.

Жай септеу Тәуелдік жалғау
А. домбыра А. домбырам
І. домбыраның І. домбырамның
Б. домбыраға Б. домбырама
Т. домбыраны Т. домбырамды
Ж. домбырада Ж. домбырамда
Ш. домбырадан Ш. домбырамнан
К. домбырамен К. домбырадан
Кубизм: 1. Зат есімнің жай септелуін мына өлең шумақтарынан тап, қай септікте тұрғанын айт.
Домбыра жан серігім, сүйген Сара,
Әлпештеп аялатқан қамқор ана,
Қош –сау бол, сөндірді үрлеп жарығым
Тар қапас, мылқау заман, түнді кек қара.
Асқақ ән, қоңырлап күй, адуын ая,
Дариға-ай, кетті-ау іште, бар ма шара?
2.Зат есімнің жай септеу, тәуелді септеу түрлеріне төмендегі үлгі бойынша өлең шумақтарын жатқа жаз.
Айдағысыз малды бол,
Ағайынның алды бол!
Отыз ұлды орда бол,
Оман жұрттың басы бол.
Лұқпандай мың жаса,
Береке дарысын басыңа,
Дұға тисін асыңа!

1. зат есімнің септелуіне «Сыбаға» атты тақырыпта мәтін құрастыр.
2. Түбірге қосылған қосымшаларды ажырат.
Оны жұрт сүйеді, құрметтейді. Оған арнап шкафтар жасап, үстіне шаң жуытпай, таза ұстайды.
Үлгі: Оны
О-түбір сөз
ны- табыс септік жалғауы
3. Сөздердегі септік жалғауларын тап.
Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі,
Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі.
«Жақсылық» сөзін септе
6.Мәтіннен ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерді тап.
–Мама, мына түріңде көзің мен мұрныңнан басқаның бәрі бөтен. Әжем түгіл мен әрең таныдым. Мама, сен қараңғы түндерде орман ішінде жүргенде неғып қорықпайсың? Түнде жиналысқа баратын болсаң, меніерте жүретінің есіңде ме мама! Қорықпайды деп әжемді айт. Ол түн ішінде қараңғы моншаға да жалғыз кіріп шыға алады, - деп, Лида ақырын ғана жымиып, шешесі алдында тұрғандай қолын соза беріп еді, әлсіз қолы сылқ ете түсіп кетті.
Қорытынды: сұрақ-жауап
Үйге тапсырма: 41,42,-жаттығуды. орындау
Ережесін жатқа білу.
Бағалау:
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: raisovamakpal70 (2016-01-19)
Просмотров: 1630 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 4.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 9:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru