Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Абайтану курсын оқытудағы өзекті мәселелер
Абайтану қолданбалы курсының көкейкестілігі.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жаткан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінен тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.
Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшеліктерімізді айқындайтын рухани мәдениетінімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Тәуелсіздік жолына түсіп, өркениетті елу елдің қатарына қосылу мақсатын жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан үшін халқымыздың ұлттық сана-сезімі мен ұлттың дүниетанымын қалыптастыру бүгінгі таңда аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Сондықтан елімізде жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.
Н. Ә. Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс».
Ел президенті НӘ. Назарбаевтың Абайдың 150 жылдық мерейтойында (1995) сөйлеген сөзінде айтқан мына салиқалы ойы кімге болса да бағыт берері сөзсіз: «...Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас темірқазық іспетті. Соған қарап тірлігіміздің дұрыс-бұрысын сараптай аламыз. Өйткені, жанды жегідей жеп жүрген көп сауалдың жауабын Абай әлдеқашан айтып кеткен. Абайды оқып отырып-ақ, көштің басын баяғыда-ақ жөнге салып алуға болатын еді. Сорлатқанда біреудің уақыты жетпейді, біреудің ұғымы жетпейді, біреудің атымен зауқы жоқ. ...Қазіргідей заманда Абай жырларына айына емес, аптасына емес, күніне бір үңіліп қоймай болмайды. Сонда жан қинап жүрген қай күмәннің де бәріне жауап таба аласың».(Қосымша 1 слайд)
Қазіргі кезде рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударылып отырғанының себебі де осы. Жастар тәрбиесінде халқымыздың рухани мұраларын пайдаланып, жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да ұлттық мәдениетіміздің дамуына зор үлесін қосқан ұлы дала ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасын зерделеу ешуақытта маңыздылығын жоймайды.
Бұл процеске қоғам танушы ғалымдар–тарихшылар, филологтар, философтар, психологтар мен қатар педагогтарда жан-жақты зерттеп келеді. Бәрінің мақсаты – тамыры тереңде жатқан ұлттық философиялық ой-санасының ерте дәуірлерден күні бүгінге дейінгі тарихын зерделеу, оның дамуына өзіндік үлес қосу. Қазір ұлттық сананың көтерілуіне байланысты тарихтың "ақтаңдақ" беттеріде ашылып рухани байлықтарымызбен төл мәдениетімізге және білім мен тәрбие беруге жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отырғаны белгілі.
Өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау – жалпы ұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік байланысын қалыптастырудың, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықты, ұлттық сананы тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі. Тарих – халықтың зердесі, ол содан сусындап, әлеуметтік шығармашылыққа, жарқын болашаққа бастайтын күш-қуат алады. Сондықтан да Абай мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер жас ұрпақ бойында адамгершілік, имандылық т.б. қасиеттерді қалыптастырып дамытуға, қадірлеуге, ұлттық мәдениетті дамытуға зор ықпал етеді.
Жалпы орта білім беру деңгейлерінің 9-11сыныптары үшін «Абайтану» курсының оқу бағдарламасына сүйенер болсақ, біздің басты мақсатымыз -Абайдың ақындық тұлғасын, жан дүниесін, арман-мұратын поэзиясы арқылы таныту. Асқақ шабыттың қуатымен жүрегін жарып шыққан өлеңдерін, сөздерін оқушы бойына сіңіру.
Жалпы, курстың мақсаты – Абай Құнанбайұлының қазақ жазба әдебиетінің көшбасшысы ретінде құбылыстық сипатын, бүкіл ақындық әлемін, өлең өнеріндегі өзгешілігін, шеберлігін танытуға бағытталған. Бұл курс өзіне төмендегідей міндеттерді жүктеп, содан қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндіктер береді.
- Абай Құнанбайұлының шығармашылығының зерттелу жайына тоқталып, абайтану ғылымының тарихынан мәліметтер беру;
- Ұлы ақынның ғұмырнамасына байланысты тың деректерге иек сүйеп, ақынның жазба әдебиеттің көшбасшы ретіндегі орынын айқындау;
- Абайдың қазақ поэзиясына әкелген жаңалығын айтып, өлең өрнектерін дамытудағы рөліне тоқталу;
- Ғұлама ойшылдың философиялық нақыл сөздерінің мән – мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымы жайында сөз ету;
- Ақынның аудармадағы еңбегіне тоқталу, басқа ел шығармаларын қазақ тіліне аударудағы шеберлігін айқындау.

Абайдың қара сөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына деуге болады. Бұл қарасөздердің құндылығы сол замандағы жағдайды, тарихтың шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып беруінде. Әрине, қазіргі заман үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы және Абайдың сол кездегі күнделік өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныстары - ескірген. Қазіргі тұрғыдан қарасақ қарасөздердің мазмұны мен мұраттары тек тарихи жағынан бағалы болмақ. Ал, Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес.

10 сыныпқа арналған бағдарламада Абайдың 32-қара сөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударуы, хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымысөз етілсе,отыз үшінші қарасөзінде қазақтың қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы, жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі, қолөнерді дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік, мақтаншақтық, тамыршылдық кеселдерінен сақтануды айтады.
Үшінші қарасөзіндегі халық мүддесіне қызмет ету жөніндегі пікірлері, биліктің құрылымы жөнінде ой айтылады.
9 сыныпқа берілген «Сегізінші» қарасөзінде ақыл, насихат туралы пікірі, ғылым, білім, ар, ұят жайлы пайымдаулары, ақыл, білім жөніндегі философиялық тұжырымы беріледі.
«Он жетінші» қарасөзінде адамгершілік, имандылық, адалдық, парасаттылық, еңбекқорлық, қайырымдылық сияқты ізгі қасиеттер жайындағы ойлары, ақыл, қайрат, жүрек туралы философиялық ойы түйінделген.
«Жиырма бесінші» қарасөзінде озық елдердің өнерін, ғылымын, білімін үйреніп, зарарынан қашық, пайдасына ортақ болуға үндеп, «Балаң бала болсын десең, оқыт» деп өсиет айтады.
«Екінші» қарасөзіндегі ақынның халқын намысқойлыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке шақырған идеялары, халықтың бойындағы жағымсыз қылықтарды сынай отырып, одан арылудың жолдарын көрсетуі, ұлттық дамудың тиімді экономикалық маңызын назарға салуы, еліне еңбекқорлықты, іскерлікті, мал табу жолдарын айтқан өсиетнамасы болып табылмақ.
«Оныншы» қарасөзіндегі бала тәрбиесі туралы ойы, «Ғылымсыз ахирет те, дүние де жоқтығын» айта отырып, баланы оқуға, білім алу жолына бағыттаудың маңызын көрсетуі т.с.с.
Сондай ақ Абайдың қара сөздері жалпы тақырып мазмұны жағынан алғанда, оның ақындық мұрасымен тығыз байланысты. Көп сөздеріндегі ойлар, пікірлер өлеңдерімен ұштасып, солардың мән-мағынасын кейде қайталап, пысықтап, әрі қарай жалғастыра дамытып отырады.
Ақынның қарасөздері мен нақылдары- ақын творчествосының елеулі саласы, өлеңдерімен мұңдас, идеялас, бірін-бірі толықтыра түсетін маңызды шығармалары. Бұл қара сөздер жанрлық, стильдік жағынан әр алуан. Мұнда терең публицистикалық тебіреністер де, жүйелі философиялық толғаулар да, ойға оралымды нақыл сөздер де, ғибрат ретінде жазылған аңыз-хикая да, тарихи эссе-очерк те табылады. Қара сөздерді алғаш жазуға кіріскенде ақын: «...Ойыма келген нәрселерді жаза берейін... кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым» - деп қарапайымдылық білдірсе де, бұл жазбалар ғылыми-танымдық және әдеби көркемдік мәні өте зор, ақынның жалпы ақыл-ой өрісін, дүниеге көзқарасын танытуға баға жетпес мағлұмат беретін аса құнды қазына болып табылады.

Абай Құнанбаевтың педагогикалық ой-пікірлері.
Абай шығармаларынан туған халқының жан дүниесі мен салт-санасы, әдет-ғұрпы дәстүрінің лебі аңқып тұрады. Соның ішінде заманына қарай жаңадан енген халқының санасына, әдет пен ғұрпына жат қылықтармен бірге ғасырлардан бері келе жатқан кертартпалық, керенаулықты да өлтіре сынайды. Сөйтіп, халқын ілгері дамыған жұрттардың қатарына жетуге, өнер, білім, ғылымды меңгеруге шақырады.
Ақын мұрасының өміршеңдігін, замана озған сайын маңызы, әсері қаншалықты күшейе түскенін зер салып байыптап қарасақ, оның өз заманының озық тілек-қасиеттерін айқынырақ танимыз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының ой-сана, ұғым-түсініктерінің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыры арыда жатқанын ескерсек, Абайдың өнегелі өсиет сөздері қай заманда да мәнін жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт жағдай өзгерді дегенмен халықтық ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып жаңаша сипат алып, жалғасын тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай мұралары кейінгі дәуірдің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір-шындығын танып-білуге үлкен себеп болатындығын мойындауымыз қажет.
Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми-теориялық шығармалар жазып, тікелей педагогикалық қызметпен шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қара сөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі -өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады.
Бұл жөнінде педагогика, философия, психология, әдебиет, тарих тұрғысынан зерттеуші белгілі Қазақстандық ғалымдар С.Қирабаев, Х.Сүйіншәлиев, Г.Есімов, З.Ахметов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев т.б. тәлім-тәрбиелік ой-пікірлердің бар екендігін жан-жақты көрсетсе, Ш.Әлжанұлы, А.Көбесов, А.Дайрабаева, Т.Төретаева ақын мұрасындағы оқыту, оқу, яғни дидактика мәселелері де орын алғанын атап көрсеткен.
Абай шығармаларындағы оқу, оқыту, ғылым, білім мәселелерін бүгінгі дидактиканың талаптарымен сабақтастыруға келерлік.

Абайдың «толық адам» ілімі.
Абай – адамзат ақыл -ойы, ақындығының ірі тұлғасы. Оның тағылымы білімнің де, тәрбиенің де қайнар бұлағы екені түсінікті. Ұлы дананың қай шығармасын алмайық, оның алтын қазығы – Адам. Ол нағыз Адам, Толық Адам қандай болу керек деген сұраққа жауап іздейді, әрі оған жауап береді. Мысалы, «Атымды Адам қойған соң қайтып надан болайын», «Адамды сүй, алланың хикметін сез, не қызық бар өмірде одан басқа» - дейді. Тағы да «Әуелі бір суық мұз – ақыл зерек» өлеңінде: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боларсың елден бөлек»- деп, ой тастайды. Ары қарай ақын: «Үш -ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деп, толық адамның қасиеттерін санамалап береді. «Толық адам» ұғымын талдай келіп, оның мәні үш сипатты (ғылым, рақым, әділет) болуға талаптану деп көрсеткен. Абай көтерген «Толық адам» қағидаты – ұлттық педагогикада «Сегіз қырлы, бір сырлы» ұрпақ тәрбиесінің қағидатымен үндестігін байқамау мүмкін емес. Ұлы гуманист адамды сүю туралы айта отырып, «Адамзаттың бәрін сүй» деп ақыл айта отырып, «Адамзатты сүю – хақтың жолы, ғаділеттің жолы» деген анықтама береді. Қазіргі білім берудегі басты ұстаным болып отырған гуманистік педагогиканың негізі «Адамды сүюден басқа қызық жоқ» деген пікірімен ұштасады. Ақын адамды әкенің емес, адамның баласы болуға үгіттейді. «Әкенің баласы – адамның дұшпаны, адамның баласы – бауырың» - деп, ғибрат тастайды. Абай адамдықтың басты қасиеті – адамгершілік екенін баса жырлайды. Адамшылқытың алды – «махаббат, ғаділет, сезім» дейді. Адамшылықтың тәрбие арқылы келетініне көз жеткізеді. Жас ұрпақты тәрбиелеу ісі ең алдымен адамды сүюге баулудан басталуы керек. Абай мұрасы, тағылымының өміршеңдігін бүгінгі тәрбие үрдісінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер арқылы дәлелдеуге болады. Жеке тұлғаға бағдарлап оқыту мәселесін жүзеге асыруда Абай шығармалары маңызды орын алады. Абай адамның адамдық қасиеті еңбекте, ғылым -білім үйренуде, адамгершілік мінез-құлықта деп түсіндірді. Елін еңбекке шақырып, өнерге үндеді, ескіше көзқарасқа, қазақ ортасының жағдайлары тудырған мінезқұлықтағы ұнамсыз көріністерге қарсы күресті. Абай өзі мұрат тұтқан толық адамдыққа жеткізетін ең басты қасиетке әділеттілікті жатқызады. Ақынның тікелей басшылығымен жазылған «Қарамола Ережесінің» заңдық, әділеттілік бағасымен қоса, жас жеткіншекке азаматтық-құқықтық тәрбие беру ісінде тәлімі зор шығарма болып табылады. Абай шығармасындағы рухани -тағылымдық тәрбие идеяларын жас жеткіншектердің өз бойларына біршама сіңіргеніне қарамастан, оның әдеби шығармашылығына қажеттілікті арттыруда мұның өзі, біріншіден, Абай шығармаларын тұтас алғанда толыққанды оқыту мен пайымдауды қоғамдық тұрғыдан қажет етсе, екіншіден, бүгінгі күнгі Абайдың тәрбие мен оқыту саласындағы көзқарастары мен пікірлерінің жас ұрпақты оқыту мәселесінде әлі де жеткіліксіз екендігі сезіледі.
Абайтанушы М.Мырзахметұлы: «Абайдың «толық адам» ілімі бізді аласапыран дүниеде адастырмай, тура жолға бастайды» деген.Сондай ақ ,«Су басынан тұнады, ал біз көбінесе судың лайланған тұсын тұндыруға тырысып жатамыз. Біздің қазақ тілінің кеңге қанат жаюы үшін күресіп жүрген әрекетіміз де сол секілді. Сондықтан мен суды басынан тұндыру үшін мектепке келдім. Өйткені мектеп – «судың басы». Мектеп оқушылары, жастар жаппай қазақша сөйлеп кетсе, бәрі біртіндеп өзінен-өзі сол көшке ілеседі», – Мекемтас Мырзахметов. «Абайдың ашылмаған тұстары көп. Неге көп? Себебі Кеңес дәуірінде Абайдың шығысын айтқызбай тастаған. «Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла» дейді. Сонда Абайдың жұмбағы қайда жатыр? Жазушылар өзінше тауып жатты. Ал Абайдың жұмбағы шын мәнінде шығыста, шығыстың ішінде өзі жасаған «Толық адам ілімінде» жатыр. Мынаны ойлау керек. Орыстың классик ақындары бар, бірақ оларды біз хакім дей алмаймыз. Біздің Абай – ақын, бірақ оны хакім дейміз. Хакім деп Аристотельмен, Әбу Насыр әл-Фарабимен тең тұратын деңгейдегі адамдарды айтады. Неліктен кеңестік жүйе Мұхтар Әуезовтің абайтану концепциясын бұзды? Себебі бізді рухани тамырымыздан ажырату керек болды». Осылай деп ой толғаған Мекемтас Мырзахметов біздің қолымызда қазақ баласын рухани кемелдікке жетелейтін үлкен құрал тұрғанын айтады. «Ол – Абайдың толық адам туралы ілімі. Кімде-кім Абайдың осы толық адам ілімін меңгерсе, ол өзінің жан дүниесін, жүрегін тазалайды. Жүрек таза болғанда, Алланы тануға, басқа нәрселерді тануға жол ашылады. ХХІ ғасыр көгіндегі абайтануды біз осы тұрғыдан қарауымыз керек. Ендігі зерттеу осылай қарай бұрылады», – дейді ғалым.
Біз Абайдың өлеңдерін жаттап өскенімізбенен, оның түп мағынасын түсіне бермейміз. Жылда "Абай оқуларын" өткізгенде, оның мәнін терең ашып барып түсіну орынды болмақ.Менің өз ойымша ,оқушылардын қанша өлең жаттағаны емес , сондағы айтылған ойдың түйінін білгені керек сияқты.


Абайтану курсын оқытудағы мәселе.
Мектепте Абайтану курсын оқытудағы қиындық тудыратын мәселе, алдымен мектеп оқушыларына арналған оқулықтың қолымызда жоқтығы.
М.Мырзахметұлының идеясы бойынша "Абайтану әліппесі" деп аталатын электрондық әліппе жасап шығарылды.Оған «Жақсы бала», Жақсы ұстаз», «Жақсы ата-ана», «Жақсы құрбы-құрдас» деп аталатын сөйлейтін интерактивті қалам-оқулығының нұсқаларын кіреді. Оны Білім және ғылым министрлігі қолдаса, мектептерге даярланатын болады делінген. Бұл әліппенің ерекшелігі сол, ол Абай туралы жаңа танымды насихаттайды. М.Мырзахметұлы бұл жөнінде былай деген: «Жаңа таным деп отырғаным, Абайдың шығысқа қатысы. Әліппе ғылыми тілмен, қарапайым сөзбен оқушыларға түсінікті етіп айтып береді. Бұл Абайдың ілімін жас ұрпақ санасына сіңірудің бір жолы деп те айтуға болар. Ол әліппенің жас өскінге "рухани жол" табуына көмектесері сөзсіз. Бүгінде батыстың әсері біздің жастардың мінез-құлқына әсер етіп жатқаны өтірік емес, шындық. Осы кері құбылыстан құтылудың рухани жолы Абайдың әдеби мұрасы деп білемін. Өйткені қазақ халқының ой-санасының, дүниетанымының шыңы Абайдың әдеби мұрасында жатыр.» деген.
Мектептің білім беру мазмұнында Абай шығармаларын төл өлеңдері, қарасөздері, аударма өлеңдері деп үш жүйеде қарастырамыз. Абай өлеңдері мен қарасөздерінің тәрбиелік мәні зор, идеялық деңгейі жоғары. Абай көтерген мәселелер бүгінгі күні де маңызды, өзектілігін еш жойған жоқ.
Бүгінгі жеткіншек ұрпақ арасында Батысқа еліктеп, халықтық салтдәстүріміз бен ата-бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбиеден алыстап бара жатқандардың жиі кездесіп қалатыны өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан осындай жағымсыз құбылыстан құтылудың рухани жолы ұрпақты Абайдың әдеби мұрасы арқылы тәрбиелеу болып табылатыны сөзсіз.
Таңдау курсы сабақтары сан-алуан шығармашылық сипаттарда түрліше құрылып өтіледі: мәтінді зерттеу – ізденіс сабағы, мәтін үзінділерінен белгілі бір түсінікті құрастыру сабағы, философиялық ойтолғау сабағы, семинар сабақ, ақынмен диалог сабағы, өзара диалог (пікірсайыс) сабағы, қиял сабағы, конференция, дебат, қарама -қайшылықтар сабағы, демонстрация, өлең мен, қарасөздер мәтіндерін өзгерту сабағы, жағдаяттар құру сабағы, оқушы мұғалім ретінде өтетін бинарлы сабақ, әртүрлі ойындар сабағы, шығармашылық жұмыстарды қорғау сабағы, топтық жұмыс сабағы, жоба қорғау сабағы, рефлексия сабақ, рецензиялау сабағы, өзара бақылау сабағы, спект акль сабақ, «дөңгелек стол» сабағы, шығармашылық есеп сабағы, панорама сабағы (шолу сабақтарының орнына өтіледі) т.б.
(Қосымша 2)
Қорыта келгенде, Абай мұрасы еліміздегі білім беру жүйесіндегі өзіндік мәні бар, ағартушылық маңызы зор, педагогикалық идеяларға толы, психологиялық ой-пікірлерге бай тәлімгерлік тағылымы баға жетпес өміршеңдігімен ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, ұлттық қазынамыз бола берері сөзсіз. Абайдың адам тәрбиесі хақындағы педагогикалық көзқарастары аса үлкен мәнге жетіп, әлі де болашақ ұрпақтың көкірегін оятар деп сенемін.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: kokbaevas (2016-01-19) | Автор: Кокбаева Шарбат Бапановна E
Просмотров: 3210 | Теги: Абайтану, баяндама | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 4:30 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru