Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сабақтың тақырыбы: Өнер алды - қызыл тіл
Пәні: қазақ тілі (оқыту орыс тіліндегі мектептер үшін)
Сыныбы 9 «В»
Сабақтың тақырыбы: Өнер алды - қызыл тіл

Мұғалім: Капашева Гүлдана Муратбековна
ШҚО, Семей қаласы "Н.Г.Чернышевский атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп" КММ

Сабақың мақсаты: сөз өнерінің құдіреті, және оның адам өміріндегі ерекше орны жайында түсінік қалыптастыру.
білімділік: қазақ халқының билері мен шешендері жайында білімдерін кеңейту, олардың қалдырған мұрасымен таныстыру, өткен тақырыптарды пысықтау.
дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін дамыту.
тәрбиелік: халқымыздың бай мұрасы мен шешендік өнерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, талдау, мәнерлеп оқу,топтық жұмыс, сұрақ-жауап, әңгімелесу т.б.
Пәнаралық байланыс: тарих
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Көрнекіліктер: бейне слайдтар, кеспе қағаздар т.б.
Оқытудың техникалық құрал-жабдығы: интерактивті тақта
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі
а) амандасу
ә) түгендеу
б) оқушылар назарын аудару
ІІ Жаңа сабақ
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Қазақ халқында «Өнер алды – қызыл тіл » деген жақсы мақал бар. Өнердің түрі көп. Олар: би өнері, мүсін, қолөнер т.б. Ықылым заманнан сөз қадірін түсіне білген қазақ халқы өнердің төріне қызыл тілді шығарды. Ал сөз құдіретінің айқын көрінісі би-шешендердің бізге қалдырған бай мұрасы. Бүгінгі сабағымыз шешендік өнер жайында болмақ. Қазақ халқы- ділмар халық, дана, шешен халық. Қазақтар әдемі сөйлеудің үлкен шебері. Бізде ежелгі Грек, Рим мемлекеттері сияқты арнаулы мектептер болмаған, әйтсе де халқымыз ел ішінен шыққан шешендерді ерекше бағалаған.Тілі қылыштың жүзіндей өткір, ойы терең,қысылғанда жол табатын шешендердің әділ төрелігіне тоқтай білген.Тарихқа үңілсек, билер мен шешендердің сөз тапқыш, суырып салма ақын екендіктерін көреміз. Қазақ халқының тарихында ондай шешендер көп болған. Мысалы: Жиренше шешен, Бөлтірік шешен, Асанқайғы, Бұхар жырау. Төле, Қаз дауыты Қазбек, Әйтеке билер- ірі тарихи тұлғалар, әділ шешендер болды. Асанқайғы мына өлең жолдарын келтіріп кетейін:
Таза мінсіз , асыл тас
Су түбінде жатады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой түбінде жатады.







Шешендік өнердің түрлері: шешендік дау, шешендік толғау, шешендік арнау.
Ал енді оқушылар, саяхат сабағымызды бастайық, қазір біз қазақтың ауылдарын аралаймыз.

1.«Билер» ауылы
2.«Жақсы сөз- жарым ырыс» ауылы
3.«Сөз атасы – мақал » ауылы
4.«Сөйлемдер» ауылы» ауылы



ІІІ Жаттығу-талдау жұмыстары

Бірінші ауылымыз «Билер ауылы» деп аталады. Бұл ауылда қазақтың атақты билері Қазбек би, Әйтеке би, Төле би тұрады.
1) Әйтеке би кім?
2) Қаз дауысты Қазбек туралы не айта аласыңдар?
3) Төле би жайында әңгімелеңдер.
Сұрақтарға жауап бердіңдер енді мұнда билер бізге өз сөздерін қалдырып кетті. Сол сөздердің мағынасын түсініп, талдап көрейік.

Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар.
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар.
Сөз қуған пәлеге жолығады.
Жол қуған олжаға жолығады.
Әйтеке би

Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп қарала.
Өзіңе-өзің кәміл бол,
Халқыңа әділ бол,
Жауыңа қатал бол,
Досыңа адал бол.
Төле би

1-тапсырма
Измайлова Фируза шешендік өнер үлгісіндегі сөзді оқиды. (Оқушылардың мақсаты шешендік өнердің қай түріне жататынын анықтау)
2- тапсырма
Келесі ауылымыз «Жақсы сөз-жарым ырыс» ауылы деп аталады. Шешенннің қаруы-сөз. Сөз ұғымына қатысты тіркес жасаймыз. Алдарында жатқан қағаздарға жаман және жақсы сөздің қандай болатынын жазыңдар.
Сөз әр түрлі болады бірақ сендер тек жақсы сөздерді айтуға тырысыңдар.

«Сөз атасы – мақал» ауылына келдік. Осы жерде қандай мақал – мәтел білесіңдер? Қане қай топ көп мақал біледі екен?
Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаевтың сөздері халық аузындағы мақалдарға айналып кетті. Алдарында Абайдың өлеңдері жазылған кеспе қағаздар жатыр. Осы өлең жолдарындағы мақалдарды тауып беріңдер. Мақалдарды дәптерлеріне жазып алыңдар.

Болмасын кекшіл,
Болсайшы көпшіл.
Жан аямай кәсіп қыл.
Орынсыз ыржың,
Болымсыз қылжың,
Бола ма дәулет, нәсіп бұл?
Еңбек қылсаң ерінбей-
Тояды қарнын тіленбей.

Досы жоқпен сырлас,
Досы көппен сыйлас;
Қайғысыздан сақ бол,
Қайғылыға жақ бол.

Басыңды күн шалса,
Қашып құтыла алмайсың.
Басыңды бұлт шалса
Іздеп таба алмайсың.

3- тапсырма
Дәптерімізге берілген сөйлемдерді жазып,сөйлем мүшелеріне талдау жасаймыз.

1.Көпшілік қазақ тілін жақсы білсе, оның мәртебесі жоғары болады.
2.Қазақ дана халық болғандықтан, болашақ ұрпаққа мәңгі өлмейтін мұра қалдырды.
3.Шешендік өнерді жақсы меңгеру үшін, әдеби кітаптарды оқы.

IV Сабақты бекіту



V Бағалау
IV Үйге тапсырма:

«Туған тілім» деген тақырыпқа сұхбат дайындау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: FNV (2016-01-23)
Просмотров: 194 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2016-12-07, 9:18 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1474]
Школьный психолог [501]
История [695]
Опыт [471]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [216]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [247]
Английский язык [770]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1138]
Химия [374]
Классному руководителю [622]
Биология [578]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1762]
Краеведение [92]
Начальная школа [3905]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [353]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1485]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [516]
Немецкий язык [51]
Технология [280]
Самопознание [379]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [8]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru