Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Қазақ тілі» пәнінен ашық сабақ
«Қазақ тілі» пәнінен ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Ауыспалы келер шақ. Мәдениет.Театрда.

Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: Етістік туралы алған білімдерін нақтылау, етістіктің шақтарының өзіндік ерекшеліктерін ажырата білуге дағдыландыру; лексикалық тақырыппен ұштастырып, қарапайым ауыз-екі сөйлеу дағдысын қолдана білу.

2. Тәрбиелік: Оқушыларды қазақ тілін үйренуге, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу, пәнге деген қызығушылығын жандандыру, жеке және топта жұмыс істей алуға үйрету.

3. Дамытушылық: Оқушылардың ой-өрісін өсіру, сөз байланыстарын молайту, шығармашылық біліктерін арттыру, тапқырлыққа баулу; жаңа сөздерді қазақ тілінің дыбыстық ерекшеліктеріне қатысты дұрыс айта алуын дағдыландыру.

Сабақтың типі: Білім, білік, дағдыны қалыптастыру сабағы

Сабақтың түрі: Практикум сабағы

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, аудару, мазмұндау, көрініс көрсету.

Пәнаралық байланыс: Орыс тілі «Времена глагола»
Қазақ әдебиеті. А. Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасы

Сабақтың жабдықталуы
Сабақтың көрнекілігі: Эпиграф, үлестірмелі мәтіндер, кеспе қағаздар, сөзжұмбақ, «Киіз үй» түріндегі слайд, көрініске қажетке жабдықтар, сөздіктер.
Оқытудың техникалық құрал-жабдығы: компьютерлер, теледидар.

Әдебиеттер тізімі:
1.Доскеева Б.Ж. Қазақ тілі /Алматы, 2000.
2.Кулмағамбетова Б.Қазақ тілі / Алматы, 2004
3.Адамбаева Ж. Қазақ тілі. Әдістемелік құрал /Алматы, 2006
4.Ш. Бектұров. А. Бектұрова Казахский язык для всех /Алматы,2002.

Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер.
Халық мақалы

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Ауыспалы келер шақ. Мәдениет. Театрда.»
Сабағымыздың негізгі мақсаты сабақ барысында етістікті, етістіктің шақтарын пысықтап, мәдениет, театр туралы түсінікті меңгеріп, театр түрлерімен таныса отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, ой -өрістерін дамыту. Сабағымыздың эпиграфы ретінде «Ақыл көпке жеткізер, өнер көкке жеткізер»,- деген халық мақалын алып отырмыз. Расында да ақыл, білім арқылы жетістікке жетеміз, өнер арқылы биік шыңға көтерілеміз.
Сабағымызды топтық жұмыс арқылы өткіземіз. Ол үшін екі шағын топқа бөлініп отырмыз. Ал, қолымда 2 түрлі түс тұр. Сол түсті таңдап өздеріңнің топтарыңның аттарын табасыңдар. Ал 1-ші топ оқушылары сендер қандай түсті таңдайсыңдар? (Қызыл). 2-ші топ сендер қандай түсті таңдайсыңдар? (Жасыл). Қызыл түсте қандай топтың аты жасырынған екен тақтаға қараңдар? (Театр). Енді міне, жасыл түс қалды соны ашамыз, ол қандай топтың аты болды екен? (Мәдениет). Міне, енді біз топтарымыздың атын тауып алдық.
ІІ.Жаңа сабақ.
1.«Қайталау- білім анасы» демекші сабағымызды етістік категориясын қайталау арқылы бастаймыз. «Етістіктің шақтары» тірек сызбасын құрастырамыз.
-Етістік қандай сөз табы? (Етістік- заттың іс-әректін, қимылын білдіріп, не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы).
Етістіктің шақтары
Осы шақ Өткен шақ Келер шақ
1.Нақ осы шақ 1.Жедел өткен шақ 1.Мақсатты келер шақ
2.Ауыспалы осы шақ 2.Бұрынғы өткен шақ 2.Болжалды келер шақ
3.Ауыспалы келер шақ
2. «Жаңа білім құпиясы».
Ауыспалы келер шақ нақ осы шақ сияқты етістіктің негізіне –а,-е,-й жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Сондықтан ауыспалы келер шақ пен ауыспалы осы шақ сөйлемдегі мағынасы арқылы ажыратылады.
Мысалы:
Осы шақ Келер шақ
Ол колледжде оқиды. Ол сабағын кешке оқиды.
Мен күнде ерте тұрамын. Мен ертең ерте тұрамын.
Ол өлең жазады. Өлеңді ол есейгенде жазады.

Ауыспалы келер шақ Алдағы уақытта болатын іс-қимылды білдіреді.
Етістік + (-а,-е,-й) + жіктік жалғауы

Біздің лексикалық тақырыбымызға байланысты мәдениет сөзінің аудармасын айтыңдаршы? Қандай адамды мәдениетті дейміз?
Мәдениет- жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі. (дәптерге жазу)

3. Электронды тапсырма орындау үшін әр топтан екі бала компьютерге отырып, «Театр» тақырыбындағы аудиожазбадан етістіктерді тауып, шақтарын ажыратады.

4.«Кім бұрын?» ойыны. Экранда көрсетілген мақалдармен жұмыс.
Мақал-мәтелдерден етістікті тауып, шақтарын ажырату.
1.Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны алады.
2.Тәрбие тілден басталады.
3.Үлкенді сен сыйласаң, кіші сені сыйлайды,
Кіші сені сыйласа, кісі сені сыйлайды.
4.Ата көрген оқ жонар,
Ана көрген тон пiшер.
5.Жақсылық еткен, алғыс алады.
6. Жақсы байқап сөйлер,
Жаман шайқап сөйлер.
7. Аттан тай озады.
Атадан бала озады.
8. Басыңа іс түссе,
Жақсы көмек етеді,
Жаман күліп өтеді.
9.Күлме досыңа, келер басыңа.
10.Өнер ағып жатқан бұлақ
Білім - жанып тұрған шырақ.

5.Экранда берілген сөзжұмбақтарды шешу.
«Театрда» сөзжұмбағы
1.Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы.
2. «Искусство» сөзінің аудармасы.
3. «Сцена» сөзінің аудармасы.
4. Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болған іс-әрекет.
5. «Мастер» сөзінің аудармасы.
6. «Занавес» сөзінің аудармасы.
7. Өнерлі сөзінің синонимі.
«Мәдениет» сөзжұмбағы
1. «Жизнь» сөзінің аудармасы.
2. «Традиция» сөзінің аудармасы.
3. Сөз табы.
4. Драмалық мәдени шығармалар қойылатын орын.
5. «Талантливый» сөзінің аудармасы.
6. «Здание» сөзінің аудармасы.
7. Сөйлеп тұрған сәттен кейін болатын іс-әрекет.
8. Сыпайы сөзінің синонимі.

6. Талдау-табыс кілті. Театрда, мәдениет сөздеріне фонетикалық талдау жүргізу.
Театрда, те-атр-да (ашық буын, тұйық буын, ашық буын).
Т- дауыссыз, қатаң, шұғыл
Е- дауысты, жіңішке, ашық, езулік
А- дауысты, жуан, ашық, езулік
Т- дауыссыз, қатаң, шұғыл
Р- дауыссыз, үнді, ауыз жолды
Д- дауыссыз, ұяң, шұғыл
А- дауысты, жуан, ашық, езулік
7әріп, 7 дыбыс, 3 буын

Мәдениет, мә-де-ни-ет (ашық буын, ашық буын, ашық буын, тұйық буын).
М- дауыссыз, үнді, мұрын жолды
Ә- дауысты, жіңішке, ашық, езулік
Д- дауыссыз, ұяң, шұғыл
Е- дауысты, жіңішке, ашық, езулік
Н- дауыссыз, үнді, мұрын жолды
И- дауысты, жіңішке, ашық, езулік
Е- дауысты, жіңішке, ашық, езулік
Т- дауыссыз, қатаң, шұғыл
8 әріп, 8 дыбыс, 3 буын.

7. Мәтінмен жұмыс
Театр
Театр- ойын-сауық орны.Мұнда ойын-сауықтан басқа драмалық шығармалар, мәдени шаралар өтеді.Театр ең алғаш Грецияда ашылған. Драма, опера және балет, балалар мен жасөспірімдер театрлары бар.
Қазақ театр өнері салт-дәстүрлерімізге негізделген.Үйлену салты, шілдехана тойымен байланысты өтетін ойын-сауықтар, ақындар айтысы театр өнерінің алғашқы көріністері болған. Театр шымылдығы 1926 жылы ақпанның 13-інде Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашылды.
Бұл күнде Семей қаласындағы Абай атындағы драма тетрының сахнасында «Қарагөз», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Еңлік-Кебек», «Ана-Жер-ана» спектакльдерін көруге болады.

ойын-сауық - развлечение
шығарма - произведение
шара - мероприятие
өнер - искусство
шымылдық - занавес
сахна -сцена
салт-дәстүр -традиция
көрініс -представление

-Мәтінді аудио жазбадан тыңдау;
-Мәтінді аудару;
-Мәтінді мазмұндау;
-Мәтін бойынша бір-біріне сұрақ қою.

III.Сабақты бекіту.
1. «Киіз үй» тігу әдісі бойынша сұрақтарға жауап беру.
- Заттың іс-әрекетін, қимылын білдіретін сөз табы.Мысал келтір.
-Сөйлеп тұрған сәтте болып жатқан іс-әрекет, оның түрлері. Мысал келтір.
-Сөйлеп тұрған сәттен бұрын болған іс-әрекет, оның түрлері.Мысал келштір.
-Сөйлеп тұрған сәттен кейін болатын іс-әрекет, оның түрлері. Мысал келтір.
-Етістіктің тұлғасына қарай түрлері.Мысал келтір.
-Етістіктің құрамына қарай түрлері. Мысал келтір.
-Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай түрлері. Мысал келтір.



2. Театрландырылған көрініс.
«Ескендір» поэмасы бойынша театрландырылған көрініс
Қажетті жабдықтар: патшаның тәжі, ғалымның бас киімі, күзетшінің бас киімі, қанжар, таразы, бас сүйек, ұсақ тиындар, құм.
Ескендір әскер жиып қаруланды,
Жердің жүзін алуға ой ойлады.
Жазасыз жақын жердің бәрін шапты,
Алған сайын көңілі бір тоймады.
Жүре-жүре бір елсіз шөлге түсті,
Алып жүрген суының бәрін ішті.
Долылықпен хан Ескендір ашуланды,
Ашуланып, қақпаға жетіп барды.
Ескендір:
Қақпаңды аш!- деп, барынша айғай салды.

Күзетші:
Қақпаны ашуға рұқсат жоқ,
Бұл –құдайға бастайтын қақпа!

Ескендір:
-Білмесең, мен Ескендір патша деген,
Жер жүзінің соғыста бәрін жеңген.
Қақпаңды аш, хабарыңды айт, білдір маған!
Қорлығым өзім туып, көз көрмеген.

Күзетші:
Мықтымын, деп мақтанба!
Іші тар, көре алмастың біреуі сен.

Ескендір:
Ең болмаса, халқыма көрсетейін,
Сый қылып, белгі болар бір нәрсе бер.

(Қақпадан лақтырды бір орамал)
Күзетші:
Сыйым- осы, патша, мынаны ал!

(Қараса, ішінде бір қу сүйек)
Ескендір ашуланып:
Осы менің теңім бе?- деп ақырып,
Лақтырып жібереді сол сүйекті.

(Осы кезде Аристотель шығады)
Аристотель:
-Таразыны әкел де, сүйекті сал,
Бір жағына алтын сап, өлшеп қара!
(Қанша алтын-күміс салса да, бір кішкентай сүйекті аудара алмайды)

Ескендір:
-Мына сүйек қазынаның бәрін жеңді.
Бұл сүйекті басарлық нәрсе бар ма?
Ақылыңмен ойланып тапшы!

(Аристотель жерден топырақ алып сүйекке шашады, таразының басы төмен түседі)

Ескендір:
-Таң қаларлық іс болды, мұның өзі,
Мәнісін, айтып берші.

Аристотель:
Бұл-адам көз сүйегі,
Тоя ма адам көзі мың мен санға?
Жеміт көз жер жүзіне тоймаса да,
Өлсе тояр, көзіне құм құйылғанда.

Автор:
Ойлап-ойлап патшаның мойны түсті,
Құдайым көрсетті деп бұл бір істі.
Бекерлік екен менің бұл ісім деп,
Қолын алып жұртына қайта көшті.

IV.Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау парақтарына қарап бағалау.

V.Үйге тапсырма: «Театрда» тақырыбына келер шақты қолданып шығарма жазу.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: vkhamilaeva (2016-02-03) | Автор: Сулейменова Айгуль Кадылбековна E
Просмотров: 934 | Комментарии: 1 | Теги: ашық сабак | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 9:10 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru