Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Атадан қалған асыл сөз
Мақсаты: Халқымыздың сандаған ғасырлар бойы жинақтаған баға жетпес қазынасы,бабалардан қалған ұлағатты, ғибрат аларлық сөздерді балаларға ұғындыру, сол сөздерден өнеге алуға баулу, тілдерін дамыту;
Сабақтың түрі: сахналау
Көрнекіліктер: үш бидің суреті, ұлағатты сөздер жазылған плакаттар
Барысы:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Біздің ата-бабаларымыздың бізге жеткен көптеген ұлағатты ғибарт аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер көп.
2.Сұрақ-жауап:
1. Қазақстан қандай мемлекет?
2. Мемлекеттік тіліміз қандай?
3. Қазақ жері неше жүзге бөлінген?
4. Жүздерді басқаратын кімдер болған?
5. Ұлы жүздің биі кім?
6. Орта жүздің биі кім?
7. Кіші жүздің биі кім?
8. Билер қандай адамдар болған?
3.Ән «Менің Отаным»
Орындайтындар: Потрасенко Ангелина
Айсуакова София
4.Оқушылар өлеңі:
Төле би (Алина).
..Сипаттайын Төле би.
Әлібек бидің баласы,
Бекбике деген анасы.
Тұңғыш би боп сайланған
Құдайберді бабасы.
Тексере келсең аңғарып,
Үш жүздің де ағасы.
Ағалығын айтайын,
Ұлы жүздің баласы,
Ұлы жүздің ішінде,
Сомдаған болат сияқты,
Тұтас ұзақ саласы.
Он бір ата үзілмей,
Билігінің шамасы.
Басқа би мен Төле би,
Аспан мен жердей арасы.
Қазақта сансыз көп билер,
Үш биден бөлек үш жүздің,
Жеткен жоқ түгел шамасы
Қазыбек би (Карина
Қазаққа деп заң жасап,
Қазыбектің қасқа жол,
Артында мирас қалғаны.
Шариғат айтқан жол емес,
Заңға тағы қол емес,
Соларменен бірдей ғып,
Қазаққа бір жол салғаны

Әйтеке би:(София)
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі-соқпақ, өзі нәр
Ата салты ардақты
Әрбір сөзі салмақты
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты
5.Көрініс «Төле бидің төрелігі» (Жолдыбеков Ч , Буркеев Рамиль)
Төле би жас кезінде талай жасы үлкен атақты абыз билердің алдынан өтіп батасын алады. Төле бала әуелі әкесіне барыпты.Жасы жүзге тақап отырған әкесі ынтымақ, ел бірлігі жөнінде әңгіме айтып отырады.Төле: «Әке, қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ» дегенді сұрайды. Сонда әкесі әуелі жауап айтпас бұрын бір бума солқылдақ шыбық алдырады: «Балам, мынаны сындырып көрші». Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.
-Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы.
Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп,біртіндеп,пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді.Әлібек би:
«Бұдан не түсіндің балам?»- дейді.Сонда Төле бала:
«Түсіндім ,әке.Ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі,ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой»
-Бәрекелді балам,дұрыс таптың.Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке,ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын» дегеннің мәнісі осы
6.Оқушылар өлеңі:
Алсу:
Ашу бар жерде ақыл тұрмайды
Ашу деген ағын су
Алдын ашсаң, арқырар
Ақыл деген дария
Алдын тоссаң торқырар
Кісіге бірге туыспау керек
Туысқан соң сөз қуыспау керек
Сөз қуған пәлеге жолығады
Жол қуған олжаға жолығады
Олег:
Асқар тау сенде бір мін бар
Асу бермейсің
Тасқын су сенде бір мін бар
Өткел бермейсің
Билер сендерде бір мін бар
Басқаға сөз бермейсің
7.Көрініс«Қазыбектің тапқырлығы»(Жолдыбеков Ч.Потрасенко А, Сарманов Ә)
Төле би тоқсан жасқа келгенде Қаз дауысты Қазыбек сәлем бере барыпты.Елдің жақсылары,шешендер,ойшылдары жиналып,әңгіме-дүкен құрып отырғанда:
-Қаз дауысты Қазыбегім келді.Бәрің түгел жиналыңдар.Сендерге айтар он түрлі жұмбағым бар, соны шешіңдер,-дейді Төле
-Айтңыз,айтыңыз
-Айтсам он түрлі жұмбағым мынау: бір,екі,үш,төрт.бес,алты,жеті,сегіз,тоғыз,он
Отырғандар таң-тамаша болады.
-Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ болады ма?
-Төке бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз-дейді Қаз дауысты Қазыбек
-Бір дегеніміз-бірлігі кеткен ел жаман
Екі дегеніміз-егесіп өткен ер жаман
Үш дегеніміз-үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман
Төрт дегеніміз-төсектен безген жас жаман
Бес дегеніміз-белсеніп шыққан жау жаман
Алты дегеніміз-Асқынып кеткен дерт жаман
Жеті дегеніміз-жас келіншек жесір қалса, сол жаман
Сегіз дегеніміз-серпілмеген қайғы жаман
Тоғыз дегеніміз-торқалы той,топырақты өлімде бас көтертпесе сол жаман
Он дегеніміз-оңалмас кәрілікке дауа болмас деген,-дейді Қаз дауысты Қазыбек
-Рахмет,дәл тауып шештің.Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым,-деп Төле би Қазыбекке риза болыпты.
8.Мұғалім сөзі:
Сөздің құдіреті биік, қасиеті бөлек. Ал сөздің құдіреті деген не? Сөз құдіреті дегеніңіз - тауып айтып, таңдай қақтырар тапқырлық, ойға жетелейтін даналық, қиял-сезімді қозғайтын әсерлі ақыл және... әрине, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін шиырып әкелетін бір ауыз сөз. Сонау замандарда, жазу-сызу болмаған шақтарда ұлы мәртебелі сөз ауыр жүкті арқалады, ғасырлар қойнауынан халықтың небір асыл қазынасын көтеріп, бүгінге жеткізді, болашаққа да апарады. Оның қасиеттілігі де осында.Сөз - қару, сөз - саясат, сөз - құдірет! «Жоқтан бар жасалмайды, бардан жоқ болмайды» деген пәлсапа бар. Ендеше, бағзыдан келе жатқан сөз жоғала ма? Жоқ, халықпен жасаса береді.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: 444 (2016-02-06) | Автор: Конисбаева Мирамгул Аралбаевна
Просмотров: 1307 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 5:47 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru