Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Аузынан гүл, көзінен от төгілген» Бөлтірік шешеннің қанатты сөздері. Ашық сабақтың жоспары
Тақырыбы: «Аузынан гүл, көзінен от төгілген» Бөлтірік шешеннің қанатты сөздері.
Мақсаты: Баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін қанатты сөздер арқылы дамыту.

Міндеттері: 1.Білімділік: Оқушыларға Бөлтірік шешен туралы мәлімет бере отырып, білімін, сауатын тереңдете оқыту
2.Дамытушылық : Баланың ой - өрісін, есте сақтау қабілетін жыр арқылы дамыту.
3.Тәрбиелік : Білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, татулыққа, отансүйгіштікке, жырау бойындағы өжеттілікке тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі
Табыс критерийлері: Біз әр оқушыны дарынды деп есептеуіміз қажет. Әр сабақсайын оқушылардың сыни ойлауымен өз пікірін көпшілікпен бөлісуге машықтандыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер Сыни тұрғыдан ойлау, ой толғау. Түсіндіру, сұрақ-жауап, салыстыру.
Көрнекілігі құрал жабдығы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы. Карта
1. Ұйымдастыру кезеңі
1. Қызығушылықты ояту
● Ой шақыру
● Топтастыру
Ой толғаныс
Ой шақыру
2. БӨЛТІРІК ШЕШЕН

3. Бөлтірік Әлменұлы (1771 - 1854) осы күнгі Жамбыл облысы Шу ауданы Шоқпар Темір жол станциясы маңында кедей семьясында дүниеге келген. Бала кезінен-ақ ақындық, шешендік сөз өнеріне бейім болған. Ел арасындағы тапқыр, ұтқыр сөздерді, тақпақ, терме, аңыз-әңгімелерді жаттап, оны жастар арасында айтып, қызық-думан құрған. Бөлтірік сонымен бірге мерген саяткер, ат үстінен алдырмайтын шабандоз, батыр болған. Есейген шағында ел арасындағы жер, су, жесір дауына, жайлау, қоныс, еңбек жөніндегі талас, дауларға араласып, әділ де шешен төрелік айтқан. Сондықтан да халық оны қалап би сайлап алған. Зорлықшыл, қиянатшыл, барымташыл, басбұзар, жалақор, алаяқтар Бөлтірік бидің қара қылды қақ жара айтқан әділ билігінен беті қайтып, әшкереленіп отырған. Ондайлар Бөлтірік отырған жерден сескеніп аулақ жүрген. Бөлтірік шешен тек қана қазақтар арасында емес, қырғыз, өзбектерге де белгілі, беделді шешен болған. Небір төрелер, бектер, бай, манаптар оның өткір сөзінен, бетің бар, жүзің бар демей тік айтатын жөн-жосықты билік-шешімінен аяғын тартқан.
4. Бөлтірік шешен 83-ке қараған жасында дүниеден қайтқан. Әулие бабамыз көз жұмар алдында қазіргі Жамбыл облысы Талас ауданының "Ойық" совхозына жақын Жәдік көлінің жағасындағы Жәдіктер ауылына, өзінің ұзатылған қызының үйіне барады. Онда бірер жұма аялдап, тәуіпке қаралады. Меңдеп кеткен аурудан айыға алмай сол ауылдағы өзінің Байсейіт дейтін батыр туысының үйінде қайтыс болады. Өзінің "Мен осыдан олай-бұлай боп кетсем, алыстағы ағайын-туыстарым әкетеміз деп әурелемесін. Осында жастай шейіт боп кеткен Танабай ұлым жатыр. Соның қасына қоярсыңдар" деген өсиеті бойынша Жәдік көлінің жағасына жерленген. "Ойық" совхозының Бестам бөлімшесіне қарайтын бұл жерде тоғыз күмбезді Қарақожа мешіті де тұр. Оның жанындағы төрт құлақты Бөлтірік сағасына ары өткен, бері өткен мұсылмандар тізе бүгіп тағзым етеді. Бүгінде Бөлтірік бидің үрім-бұтақтары Жамбыл, Шымкент, Алматы облыстарының аудан, қалаларында еңбек етеді.
5. Ел аузында "Бөлтірік айтыпты" деген шешендік кесімді сөздер көп. Ондай сөздер басқа халықтарға да таралып кеткен. Бөлтіріктің Әлтөремен айтысы, Қырғыз Бәйтеке манапты тізе бүктіргені, Тезек төреге, Барақ, Диқанбай, Сыпатай батырларға айтқаны, Құнанбай аға сұлтанды сөзден сүріндіргені тағы сондай көптеген шешен сөздері бар. Олардың бірқатары баспа бетінде жарияланып та жүр. Халық ақындары Кенен Әзірбаевтың "Аңыздар сыры" (1969), Балтағұл Бигелдиевтің "Балқаш" (1970) жинақтарында және Шона Смаханұлының "Жалын" журналында (№ 3, 1969) Бөлтіріктің ақындығы, шешендігі, батырлығы бейнеленген әңгіме, аңыз, өлең, жырлар жарияланған. Енді Бөлтірік шешеннің бір топ шешендік сөздерін оқушы назарына ұсынамыз.
6. ***
7. Бөлтірік әке-шешеден жастай айрылады. Бұғанасы қатпай байлардың қозысын бағып, отынын тасып, күлін шығарып, күнін көріп жүреді. Бірақ ішсе тамаққа, кисе киімге жарымайды. Бір күні жанашыр ауылдасы:
8. - Әй, Бөлтірік, сегізге келдің сергелдеңде жүрсің. Жаным ашып айтамын, сонау Балқаш деген жерде Қоңырбай атты бай нағашың бар. Соның саясын паналап ер жеткенің дұрыс қой, - дейді.
9. Бөлтірікке ой түседі. "Бұл жерде жаны ашитын адамым жоқ, маңдайымнан сипайтын қол жоқ. Одан да түбі бір, туысы бір нағашымды паналағаным дұрыс болар. Етіне тояйын, тайына мінейін, киімімді бүтіндейін" деген шешімге келеді. Көп ұзамай сол жаққа баратын керуенге ілесіп, нағашысының ауылына келіп жетеді. Бөлтірікті көрген нағашысы қуанып:
10. - Жиенжан, жақсы келдің ғой, не істерімді білмей отыр едім. Қолыңа шыбық ұстап, қозыға шық, - деп мал соңына салып қояды. Мұнда да ішсе тамаққа, кисе киімге жарымайды.
11. Бір күні Қоңырбай төңірегіндегі өзі теңдес байларды қонақка шақырады. Бөлтірік бұған қатты қуанады. Іштей "етк тоятын болдым, етке тоймасам да сүйек, сорпа тиетін шығар" деп ойлады. Байлар табақтағы сүйекті бір-бірден ұстап мүжи бастайды. Босағада отырған Бөлтірік балаға көз қырын да салмайды. Осы кезде үй сыртына бір топ атты адам келіп тоқтайды, ат дабырын естіген нағашысы Бөлтірікке:
12. - Әй, сүмелек, мына келген кімдер екен көріп кел, - дейді.
13. Бөлтірік тысқа шықса, бастарына сәлде ораған бес молда екен. Баланы көрген бір ересектеуі:
14. - Үйде кім бар? - дейді. Сонда Бөлтірік жұлып алғандай:
15. - Үйде өңшең иттер отыр, - дейді де ішке енеді.
16. Нағашысы Бөлтірікке қарап:
17. - Келген кімдер екен? - дейді. Бөлтірік бәріне естірте:
18. - Бес қатын келіп тұр, - дейді. Отырғандар бір-біріне таңдана қарасып:
19. - Еркек үстіне келетін қандай қатындар?!
20. - Біздің тоқалдарымыз болмасын!
21. - Аттарынан түсіріп, үйге кірсін де! - деп бұйырады нағашысы.
22. Бір кезде Бөлтірік бес молданы бастап үйге кіргізгенде, бәрі таңданып балаға қарайды. Бірақ, ештеңе айта алмай, қызарақтап күлгенсіп бір-бірімен сәлемдеседі. Молдаларды отырғызып болған соң, босағадағы отырған Бөлтірікке нағашысы одырая қарап:
23. - Әй, бала, сомадай болып отыра бермей, қонақтарға қой әкеп сой. Молдалардан бата сұрауды ұмытпа! - деп зекиді.
24. Бөлтірік қойдың ішінен бір қара қошқарды ұстап алып келеді де, есіктің жабығын көтеріп:
25. - Ал, молдекелер, бата қылыңдар? - дейді. Нағашысы қошқарды көріп:
26. - Әй, иттің баласы, саған бірдеңе көрінген бе, семіз ісектер тұрғанда, қошқар әкелгенің қалай? - деп қолындағы қамшысын кетереді. Сонда Бөлтірік нағашысына тіке қарап:
27. - Ұрсаңыз ұрыңыз, таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді. Иттің баласы болсам сізден аулақ кетпегенім ғой! Бұл - бір. Екіншіден, адам қожасы - қожа, қой қожасы - қошқар. Бұл қожа-молдаларға қошқар сойған лайық. Оған несіне намыстандыңыз, нағашы? - дейді.
28. Отырған жұрт сасып қалады. Сонда әлгінде келгендердің ішінен жасы үлкен біреуі тұрып:
29. - Баланың сөзі дұрыс, соя берсін, аллһау-акбар! - дейді.
30. Нағашысы Бөлтіріктің соңынан шытынай қарап:
31. - Кешіріңіздер, молдекелер, мына қу жетімге бір нәрсе көрінген шығар. Сіздерді әлгінде "қатындар" деп айтты бұл жетім, - деп күйінеді. Сонда қонақтардың бірі:
32. - Біз де "үйде кім бар?" деп едік, "өңшең иттер отыр", - деп жауап берді. Сонда бұл балаға сүйек те тимегені ғой. Бізді қатын десе, басымыздағы сәлдеміз шығар. Бұл баланың тілегін орындап, ауылына тезірек қайтарған жөн болар түбі деген екен.
33. Бөлтірік кедейліктен үйлене алмай жүреді. Балқаш жақтағы нағашысына барғанда әуелі қозы, қой, бірер жылдан соң жылқы бағады. Ол ат үстінде ойнайтын әбжіл, мықты жігіт боп ер жетеді. Бұл өңірдегі палуан деген одан жығылады. Додапаз деген оған ілесе алмайды. Ақын біткен онымен айтысып жеңе алмайтын болады. Өзі көрікті, келбетті, насат, үнемі тауып сөйлейтін Бөлтірікке бозбала, әсіресе қыз-келіншектер үйірсек болады.
34. Бірде бие сауын кезінде құлын ағытып, салып тұрған Бөлтірік жеңгесімен сырласады.
35. - Шырайлым, еліңді сағындың ба? Иә, сағындым.
36. - Неге еліңе қайтпай жүрсің?
37. - Жалғыз келіп ем, екеу болып қайтсам деймін.
38. - Е, е бәсе ішім сезеді-ау, біздің еркежанға көңілің ауған екен ғой.
39. - Иә, жеңеше, өзің ептестірсең деймін.
40. - Нағашыңнан таяқ жеп жүрмейік.
41. - Оның есебін өзім табамын.
42. - Қалай?
43. - Әуелі еркежаныңды көндір, екеумізді кездестір, уәде байласайық. Біз аттанатын түні нағашым ауылда болмасын. Өзің сылтауратып оны төркініңе ертіп кет. Сонда біздің қашқанымызды сенен көрмейді. Бөлтірік байдың тоқалына осылай ақыл береді. Жеңгесі оның ақылын бұлжытпай орындайды. Сонымен, Бөлтірік өзінің сүйген қызын бір түнде алып қашады. Екеуі екі атпен түнделетіп жүріп отырып, Қосащыдагы ауылдың тұсына жетеді. Бұл Мәнеке байдың ауылы еді. Жылқы қарап жүрген байдың екі жігіті олардың ізін кесіп, соңына түседі. Ауыл сыртындағы өзеннен өте бергенде, әлгі екі жылқышы оларды ұстап алып, Мәнеке байға алып барады.
44. - Мына бір-екі жігітті ұстап алдық. Жылқыны ұрлап жүрген осылар болса керек. Бізге жөнін айтпады. Мына біреуінің қолы темірдей екен, әліміз келмеді. Өзіңіз сөйлесіп көріңізші? Мәнеке бай бұл екеудің тегін емес екенін сезеді де:
45. - Аттан түсіп, сусын ішіңдер, - дейді. Екеуі аттарынан түсіп үйге кіреді. Бөлтірік қасындағы сусар бөрікті, кемер белдікті сұлу «жігітіне» қарап:
46. - Бұл да өз аулымыз. Енді жігіт боп шіренбей-ақ қой. Шешініп отыр, - дейді. Қыз үстіндегі еркек киімдерін шешіп тастап, сырлы тегенедегі сары қымызды өзі сапырып, отырғандарға кесе жағалатады. сонда абрып Бөлтіріктің қалындығын еркекше киіндіріп алып қашқанын біледі олар.
47. Бөлтірік әңгіме дүкенін қыздырады. Бірде термелеп, бірде пернелеп талай әңгіме, жырдың басын қайырады. Таныса келе Мәнеке би:
48. - Ыстыда Бөлтірік деген шешен бала бар деуші еді. Сен сол екенсің ғой, - деп мал сойып күтіп ертеңіне аттандырыпты. Міне, Бөлтірік осылай үйленген екен дейді.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: tolkyn_030175 (2016-02-06) | Автор: Мухамадиева Толкын Байанбаевна E
Просмотров: 254 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2016-12-08, 5:09 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1474]
Школьный психолог [501]
История [695]
Опыт [471]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [217]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [247]
Английский язык [770]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1139]
Химия [374]
Классному руководителю [622]
Биология [578]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1762]
Краеведение [92]
Начальная школа [3905]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [353]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1491]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [280]
Самопознание [379]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [8]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru