Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Әдебиеттік оқу Астана
Әдебиеттік оқу
Астана
Сабақтың білімділік мақсаты:
Астана туралы мағлұмат беру. Өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Оқушыларды мәнерлеп оқуға үйрету.
Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, белсенділігін арттыру. Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Сауатты жазуға, өзіндік ой- пікірлерін көркем де әдеби тілде жүйелі айтуға машықтау.
Тәрбиелік мақсаты:
Балалардың ел жүрегі- Астана туралы танымын кеңейту, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі суреттер, ребус, ҚР картасы, интерактивтік тақта.
Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу, көрнекілік.

Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық даярлық « Шаттық шеңбері».
Астананың көгінде,
Атамекен төрінде
Күндей күліп жадырап,
Судай мөлдір көңілмен,
Сабағымызды бастайық.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
« Кімнің мекені жақсы?»
а) Мәтінді мәнерлеп оқу
ә) Мәтінді мазмұндау
б) Сұрақ- жауап
- Жолға шыққан жануарларды ата.
- Олар жолға не мақсатпен шықты?
- Жолға шыққан жануарлар нелерге кезікті?
- Олардың мекені, қонысы жайлы не деді?
-Көкқұтан, Бозторғай, Жауынқұрт өз мекені, қонысы туралы не деді?
- Қандай тарауды өтіп жатырмыз?

III. Жаңа сабақ
Ребус шешу.
Мына ребусты шешетін болсақ, астында жасырынған біздің бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы шығады.
Аспан, кітап, нан ( Астана)
Алма, тау, домбыра (Алматы)

Автордың өмірбаянымен танысамыз.
1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда дүниеге келген. Жамбыл облысы, Талас ауданындағы Үшарал орта мектебін бітірген. Күлаш Ахметова – ақын, мемлекет сыйлығының иегері.
Танып білу кезеңі.
Астана қаласы туралы не білеміз? Кестемен жұмыс.
Оқушылар Астана қаласы туралы білетін мәліметтерін жазады, оқиды, бірін- бірі толықтырады.
Картамен жұмыс.
а) Қазақстанның астанасын көрсет.
ә) Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан?
б) Өз облысымыздың орталығы қалай аталады? Картадан көрсет.
г) Өзіміздің тұратын елді мекенді көрсет.

Интерактивтік тақтадан көрсету.
Қаланың қалыптасу кезеңдері.
Қаланың негізі 1830 жылы қаланған.
1961 жылға дейін Ақмола қаласы.
1962- 1992 жылға дейін Целиноград қаласы.
1992 жылы қалаға тарихи атауы қайтарылды. (Ақмола)
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 жылы 10 желтоқсаннан бастап Ақмола қаласы тәуелсіз Қазақ мемлекетінің астанасына айналды. Ал Елбасының 1998 жылғв 6- мамырдағы Жарлығымен Ақмола атауы Астана болып өзгерді.

1. Оқулықпен жұмыс. «Астана» өлеңін мәнерлеп оқу.
2. Тізбектеп оқу.
3. Дәптермен жұмыс. Дәптерді ашып бүгінгі күнді жазамыз.
4. Сөздік жұмыс жүргіземіз. Таныс емес сөздерді жазып, талдаймыз.
Саф- таза ауа
Өзек- адамның мүшесі, жұтқыншақтан асқазанға дейінгі ас өтетін жол, өңеш.
Ұлылық- үлкендік.
Түп қазық- берік орныққан.
Көздің ағы мен қарасы- бірінен- бірін бөліп қарауға болмайды, ең жақын.

Сергіту сәті
Үнемі талмау керек,
Биікке самғау керек.
Бойында бар жақсылықты
Халқыңа арнау керек.

IV. Мағынаны тану.
Астана ғимараттары туралы не білеміз?
«Астана- Бәйтерек» монументі (4 слайд)
«Хан Шатыр» (5 слайд)
«Нұр Астана» мешіті (6 слайд)
«Тәуелсіздік сарайы» (7 слайд)
Ақ Орда резиденциясы (8 слайд)
Бейбітшілік пен Келісім сарайы (9 слайд)
Президент саябағы (10 слайд)
«Атамекен- Қазақстан картасы» этно- мемориалдық кешені (11слайд)
«Думан» Ойын- сауық орталығы
Мұхитаралы- ТМД- дағы тұңғыш мұхитарал.
V. «Ой шақыру». Шығармашылық жұмыс.
1 топ. Астана, Отан сөздеріне сойлем құра.
2 топ. Астан туралы сурет салу, әңгімелеу.
3 топ. «Бес жолды өлең» құрастыру.
Қорытынды.
- Алматы мен Астана аттары неге қатар аталады деп ойлайсың?
- Астана еліміздің қандай қаласы?
- Астананың туған күні қашан тойланады?
Үйге тапсырма: Өлеңді жаттау. Астана туралы мәліметтер жинақтау.
Бағалау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Жыргау (2016-02-09) | Автор: Нұрбану НАЗАРБАЕВА E
Просмотров: 139 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2016-12-10, 11:27 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1476]
Школьный психолог [501]
История [696]
Опыт [473]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [219]
Мастер-класс [206]
Семья и школа [174]
Компьютер-бум [248]
Английский язык [771]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1142]
Химия [375]
Классному руководителю [626]
Биология [579]
Думаем, размышляем, спорим [92]
Казахский язык и литература [1763]
Краеведение [92]
Начальная школа [3913]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [355]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [290]
Экология [180]
Дошколенок [1492]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [441]
Мой Казахстан [228]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1158]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [282]
Самопознание [381]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [12]
Педагогические программы [4]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru