Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақтың ұлттық тағамдары
Северо-Казахстанская область,
Кызылжарский район,
с.Знаменское
Совхозная средняя школа.
Нутпаева Ботагоз Касеновна

Cабақтың тақырыбы:Қазақтың ұлттық тағамдары
(Наурыз мерекесіне арналған)
Мақсаты:
Туған ел тарихымен, қазақтың ұлттық тағамдарымен таныстыру, оқушыларды тұған жер табиғатын аялап қорғауға баулу, интернационалдық тәрбие, экологиялық тәрбие беру, оқушылардың белсенділік сөздік қорын байыту, қазақ халқының салт-дәстүрлеріне, ұлттық тағамдарына қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік:
Қазақ халқының ұлттық тағамдарының фотосуреттері, оқушылардың рефераттары, кітапшалары, буклеттердің шағын көрмесі, компьютерлік презентация.
Сабақтың типі:
Дәстүрлі емес, көрме – сабақ.
Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі, әдебиет, технология, этнография.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Лексикалық-фонетикалық жаттығулар.
- Балалар, мына мақал мәтелдерді естерімізге алып, толықтырып, аударайықшы.
Ас атасы -...(нан)
Ас - адамның …(арқауы)
Ас қадірін ... (тоқ білмейді)
Асы бар аяқтан - …(аттама)
Сыйлап берсе, …(суын іш)
- Бұл мақал мәтелдер не туралы?
- Ас, тағам туралы.
- Қалай ойлайсыздар, сонда бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қаңдай?
- Иә, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары.
2. Әңгімелесу.
- Қазақ халқының қандай салт дәстүрлерін білесіңдер?
(Экранға қазақ халқында кейбір кең тараған салт дәстүрлер, фото көріністер шығады).
- Мына слайдта қандай салт дәстүр көрсетілген?
- Бұл дәстүр туралы әңгімелеп беріңдер.
Оқушылар қазақ халқының салттары туралы шағын мәліметтер береді.
(Шілдехана, бесікке салу, тұсаукесер, беташар).
3. Наурыз мейрамы
(Құрманғазының күйі орындалады)
Наурыз парсы тілінде Жаңа күн деп аталады. Бүл айда Күн мен Түн теңеліп Жаңа жыл туады. Ол айдың 22-сі күні, оны “Наурыз мерекесі” дейді. “Ұлыстың ұлы күні” деп атайды. Бұл күні жұрт бұрынғы ренжіш-өкпені ұмытып құшақтасып көрісіп, жақсы тілектер айтады. Кісілер бір-бірімен кездескенде:
Жасың құтты болсын! Ұлыс бықты болсын! Ұлыс береке берсін! Өмір жасың ұзақ болсын! Төрт түлік ақты болсын! Пәле-жала жерге кірсін,- деп тілек айтады.
Оқушы:
Наурыз тойы әдемі
Әжем еске түсірді.
Біздерге арнап әдейі
Наурыз көже пісірді
Ашылды да кебеже
Дәм әзірлеу басталды
Әжем нурыз көжеге
Жеті түрлі дәм салды
Бидай, күріш, тары бар
Бар сүр ет пен шұжығы
Ащы құрты тағы бар
Көже елдің ырзығы.
Қазақ халқының ұлттық тағамдарының көрмесі
• Бесбармақ (асата) – қазақ халқының құрметті қонақтарға ұсынатын бас тағамы. Алдымен асатаны пісіріп алу керек. Ет қайнап жатқанда, қамыр илейді, жайып, бөлшектерге кеседі. Қамыр піскен соң табаққа түсіріп, үстіне ет салады. Етті турайды, тұздық құяды.
• Жал – жылқы етінің ең қадірлі мүшелерінің бірі.
• Қазы-қарта – жылқы етінен жасалатың тағамның бір түрі.
• Қуырдақ жаңа сойылған малдың өкпе–бауырынан, мойын, төстік етінен, жүрек, бүйрегінен, ішек–қарынынан ұсақтап турап әзірленеді.
• Айран– ұйытылған сүт. Оның сусын ретінде пайдаланады.
• Кілегей– шикі сүттін бетіне жиналатын маңызы қаймағы.
• Қаймақ – сиырдың, қойдың, ешкінің пісірілген сүтінің жиналатын маңызы.
• Қымыз – биенің сүтінен дайындалатын деңсаулыққа шипалы әрі жұғымды сусын. Қымыз – қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті дастарқан дәмінің бірі.
• Ірімшік – сиырдың, қойдың, ешкінің сүтінен қайнатып әзірленетін сүт тағамы. Ірімшік құрт сияқты көп уақыт бұзылмайды, сондықтан ол – тамаша тағам.
• Құрт – малдың сүтінен дайындалатын, ұзақ уақыт сақтауға арналған тағам.
Қорытынды кезең:
1. Қазы–қарта деген не?
2. Қазақтың ұлттық тағамдарын ата?
3. Қай сусын түйенің сүтінен жасалады?
4. Қай сусын дертке шипа, денеге күш береді?
5. Сүттен жасалатын, ұзақ сақталатын ұлттық тағам?
6. Құырылған ет тағамы...?
7. Бүйрек, өкпе, бауыр қай ұлттық тағамын әзірлеуде қолданылады?
(Қазақ ұлттық би биленеді)
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Alma777 (2016-02-17) | Автор: Нутпаева Ботагоз Касеновна
Просмотров: 1233 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 3:58 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru