Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Көлік түрлері. Етістіктің шақтары. 6 сынып
« Д. Қонаев атындағы №3 орта мектебі» КММ-сінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Кумарова Айгуль Амангельдиновнаның 6 сыныпта өткізген ашық сабағы.
Тақырып: Көлік түрлері. Етістіктің шақтары.
Мақсаттары:
Білімдік: Өтілген материалдарды қайталау арқылы оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелеу, бекіту; тақырыпқа байланысты әңгіме құрастыруға, сөйлесуге, өз ойларын айта білуге үйрету. Тапсырмалар орындау арқылы етістіктің шақтары, көліктер туралы алған білімдерін еске түсіруге жағдай жасау;
Дамытушылық: Шақтарды ажырату, жіктеу,сұрыптау, сызба бойынша әңгімелеу, топта бірлесе жұмыс істеуге дағдыландыру. Проблемалық жағдай туғыза келіп, оқушының ойлау, сөйлеу дағдыларын, танымдық қасиеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Жолда жүру ережелерін қадағалау, ынтымақтастықта жұмыс істеуге баулу.
Валеологиялық: валеологиялық талаптардың орындалуын қадағалау.
Шығармашылық: Балалардың аталған тақырыпта шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Әдіс - тәсілдері: интербелсенді оқыту әдісі, «иә-жоқ» әдісі, кластер, постер,сұрақ-жауап,түсіндіру, сұхбаттасу,жартылай ізденіс т.б.
Түрі: саяхат- сабақ. Типі: Білімді жүйелеу, бекіту сабағы.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта, семантикалық кәртішкелер, тесттер 2 нұсқа «иә»-«жоқ» стратегиясы бойынша тақырыпқа байланысты сөйлемдер, бағалау парағы, рефлексияға арналған көрнекілік т.б.
Оқушылармен жұмыс түрлері: жаппай, жекелей, жұптық, топтық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Кезеңнің мақсаты : оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
1) Оқушылармен сәлемдесу.
2) Кезекшімен сұхбат.
Фонетикалық жаттығу: көлік, көлік түрлері,қозғалады,жүреді,сым арқылы, пайда болды,жүре бастады, жол жүру ережелері,даңғыл, алаң,жол,тас жол, әуе жолы, теңіз жолы, су жолы, темір жолы т.б.
Лексикалық жаттығу:
1. Трамвай қалай қозғалады?
2. Қандай қалалық көлік түрлері бар?
3. Қандай жерасты көлігі бар?
4. Трамвай атауының мағынасы қандай?
5. Қазақстанда метро бар ма?
6. Қандай қалада, қашан ашылды? / басқа лексикалық- тақырыптық сұрақтармен де алмастыруға болады/
Жақсы балалар, сабаққа кіріспес бұрын әдеттегідей бір- бірімізге сәттілік тілейік! (- Мен саған сәттілік, табыс т.б. тілеймін,- деп айтады). Біз бүгін сабақта немен, қалай жұмыс істейміз ? Балалар, сабағымызға мақсат қойып, тақырыпты анықтау үшін тақтаға қарайық:
Тақтадағы кезектесіп шығып отыратын суреттер мен жазуларға қарап отырып, сабақтың тақырыбын, мақсатын анықтаймыз / Слайдтармен жұмыс/. Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабағымызда «Көлік түрлері», « Етістіктің шақтары» тақырыптарын қайталаймыз және бекітеміз. Келген қонақтарға осы тақырыптар бойынша алған білімдерімізді көрсетеміз.Балалар, біз сабақ барысында көптеген жұмыс түрлерін көрсетеміз, бірақ біздің басты жұмыс түріміз- топтық жұмыс . Сондықтан қазір топқа бөлінейік, үстелдің үстіндегі ұнаған түсті таңдап,сол түс жапсырылған орындықтарға жайғаса қойыңдар. Өте жақсы . Сендердің үстелдеріңде топтық жұмыс ережесі жатыр, сендер сол ережені ұмытпай ұстануларың қажет. Сендердің алдарыңда сондай-ақ бағалау парағы жатыр, бұл парақта бүгінгі орындайтын тапсырмаларың және әр тапсырмаға қойылатын ең жоғарғы балл да көрсетілген. Тайм-спикер әр тапсырма бойынша сендердің алған ұпайларыңды жазып отырады. Біздің бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, саяхат- сабағы. Балалар, Астана қаласы қандай қала айтыңдаршы? Астанада қандай көрікті орындар бар ? Астана қаласында 2017 жылы қандай оқиға болғалы жатыр? Ия,біздің мемлекетімізде халықаралық EXPO көрмесі болады. 153 елдің ішінде Қазақстан ғана үлкен құрметке ие болды, сондықтан біз де бүгін тек үлкен табыстармен сол көрмеге аттанғалы отырмыз. Ол үшін бірнеше көлікке мінеміз, тапсырмалар орындаймыз. Әрине, көліктерге мінер кезде, жол жүру ережелері туралы бір сәт те естен шығармауымыз керек! Жол жүру ережелерін білу – біздің міндетіміз. Астана қаласына жету үшін біздің қаламыздан темір жол көлігі пойызға отырған тиімді. Ал темір жол вокзалына жету үшін, біз автобусқа отырамыз. Автобусқа міну үшін 1-ші тапсырманы орындаймыз.
ІІ. Үй жұмысын тексеру. Ол үшін үй жұмысын «иә»-«жоқ» әдісімен қысқаша тексеріп жіберейік. Мұғалім кәртішкелер таратады.
І нұсқа
1. Автобус- қалалық көлік түрі.
2. Автомобиль темір жолмен жүреді.
3. Өткен шақтың жұрнақтары:-а,-е,-й
4. Ұшақ- әуе көлігі.
5. Трамвай сөзінің мағынасы- жол вагоны.
ІІ нұсқа
1. Кеме- тас жолмен жүреді.
2. Троллейбус- электр тоғымен жүреді.
3. Осы шақтың етістіктері: отыр, тұр, жатыр, жүр.
4. Келер шақтың жұрнақтары: - ды, -ді, -ты,-ті.
5. Метро- жерасты көлігі.

Жауаптарыңның дұрыс- бұрыстығын тақтаға қарап, тексеріңдер және тайм- спикерге неше дұрыс жауаптарың бар екендігін көрсетіңдер. Келесі тапсырмаға кіріспес бұрын, сөздік қорларыңды тексеріп алыңдар, бір-бірлеріңе айтып беріңдер. Сендерге 5минут уақыт беріледі.
Ал енді біз сабаққа дайынбыз, жұмысымызды ары қарай жалғастырайық.
ІІІ. Үй тапсырмасын тереңдете тексеру.
Балалар, біз темір жол вокзалына келдік, енді пойызға отырамыз. Пойызбен ұзақ жүруге тура келеді, сондықтан екі тапсырма орындаймыз. Тапсырмаларды орындау үшін тақырыпты таңдап алыңдар. Ол үшін топтан бір бала шығып, тақырыбын алады ( жасырылған 4 тақырыптың бірін таңдап алады). Тақырыптар: «Автобус», «Метрополитен», «Троллейбус», «Трамвай» Сендердің бірінші тапсырмаларың: аталған тақырыпта кластер құрып, әңгімелеу. Екінші тапсырмаларың: осы тақырыпта диалог құрастыру. Сендерге берілетін уақыт- 10 минут.
Кластер, диалогты қорғауға әр топқа 5 минуттан беріледі.
Топтардың жұмысы тыңдалады. Тайм- спикер топ мүшелеріне ұпай қояды.
Баллдарды қойып отыру туралы ұмытпау ! Сергіту сәті- «Қызыл өрік»-2 минут. Жолда демалып, сергиміз, көңілімізді көтереміз.
Балалар, біз Астана қаласына жетіп те қалдық. Енді екі аялдамамыз қалды. Троллейбусқа отыру үшін етістіктің шақтары бойынша семантикалық картамен жұмыс істейміз, ол үшін шақтар бойынша, жағын дұрыс анықтап, жіктік жалғауын таңдауымыз қажет. Сендерге 2-3 минут уақыт беріледі. Дұрыс жауапты тақтамен тексереді. Тайм-спикер ұпайларды түгендеп отырады. Жақсы, балалар, бұл тапсырманы да орындадыңдар. Троллейбусқа отырдыңдар, енді тағы да автобусқа отыруға даярланыңдар. Келесі тапсырма постер құру. Постерді құру үшін тақырыпты таңдаңдар. Тақырыптар көліктердің жүру жолына байланысты болады. Көліктер жүру жолына қарай қандай болады екен?- темір жол , теңіз жолы, әуе жолы, тас жолы т.б көлік түрлерін естеріне түсіреді. Тақырып таңдайды. Постер құруға сендерге 6-7 минут уақыт беріледі, тайм- спикер балл санауды ұмытпаңдар.
Постер қорғауға әр топқа 3 минут уақыт беріледі (6 минут) . Жарайсыңдар, балалар! Міне, біз EXPO көрмесіне де жеттік. Енді, балалар, мен сендердің білім деңгейлеріңді анық бағалауым үшін тест өткізгім келіп тұр. Тест 7 сұрақтан тұрады, 2 нұсқамен беріледі. Тест шешуге 5 минут уақыт беріледі.
І нұсқа
1. Қалалық көлік түрлерін көрсет:
А) пойыз,электричка В) ұшақ,тікұшақ
Ә) автобус,трамвай С) кеме, қайық
2. Өткен шақтың етістігін көрсет:
А) барады В) пайда болды
Ә) келеді С) жүзіп жүр
3. Рельс жолымен қозғалатын көлік:
А) автобус В) ұшақ
Ә) трамвай С) троллейбус
4. Троллейбусты басқаша қалай атауға болады?
А) «өздігінен жүретін» В) «ұшатын көлік»
Ә) «сымды көлік» С) «жүзетін көлік»
5. Жалғауы дұрыс жалғанған өткен шақ етістігін көрсет:
А) келдіміз В) келдісіздер
Ә) келдісіңдер С) келді
6. ІІ жақта тұрған осы шақ етістігін көрсет:
А) оқып отырсың В) оқыдың
Ә) оқисың С) оқыдыңдар
7. Теңіз көлігін көрсет:
А) ұшақ В) жеңіл автомобиль
Ә) тікұшақ С) кеме

ІІ нұсқа
1.Ұшақпен не істейміз?
А) жүреміз В) жүземіз
Ә) ұшамыз С) қозғаламыз
2. Осы шақтың етістігін көрсет:
А) пайда болды В) пайда болады
Ә) пайдаланды С) пайдаланып жүр
3. Тас жолмен қозғалатын көлік:
А) автобус В) ұшақ
Ә) трамвай С) троллейбус
4. «өздігінен жүретін» қандай көлік
А) автобус В) автомобиль
Ә) трамвай С) метрополитен
5. Келер шақ етістігінің жұрнақтарын көрсет:
А) –а,-е,-й В) –п,-ып,-іп
Ә) –ды,-ді С) –ғы,-гі
6. ІІІ жақта тұрған өткен шақ етістігін көрсет:
А) кетеді В) кетемін
Ә) кетіп жатыр С) кетті
7. Әуе көлігін көрсет:
А) троллейбус В) жеңіл автомобиль
Ә) тікұшақ С) кеме

Тестеріңді жинап бере қойыңдар. Тайм –спикерлер, топта қандай оқушы қанша балл жинады? Қандай бағаға лайық, соны шешіп алайық.
VІІ Бағалау.Тайм-спикерлерді тыңдап,оқушыларды бағалау
Рефлексия
Сонымен, бүгінгі сабағымызды қорытындылайық! Балалар, біз бүгін қандай тақырыптарды қайталадық? Қандай жұмыстар атқардық? Жақсы. Сендерге бүгінгі сабағымыз ұнады ма? Біз сендермен үлкен жұмыс атқардық, көрмеге жақсы табыстармен жеттік. Мына EXPO алаңын алдарыңдағы қызғалдақтар мен безендірейік, сабақ ұнаса, қызылын, онша ұнамаса, ағын мына тақтаға жапсыра қойыңдар.
VIII Үй жұмысы : қайталау етістіктің шақтары, көлік түрлерін қайталау.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: aygulkumarova (2016-03-04)
Просмотров: 152 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Понедельник, 2016-12-05, 5:31 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1473]
Школьный психолог [501]
История [695]
Опыт [471]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [216]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [247]
Английский язык [769]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1134]
Химия [374]
Классному руководителю [622]
Биология [577]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1762]
Краеведение [92]
Начальная школа [3903]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [352]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1477]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1152]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [514]
Немецкий язык [51]
Технология [280]
Самопознание [379]
Профессиональное образование [100]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [6]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru