Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қыс қызықтары. Ашық сабақ
Тақырыбы: Қыс қызықтары. Сын есім. (5-ші сынып)
Мақсаты:
Білімдік: Оқушылардың аталған тақырып бойынша алған білімдерін пысықтап,жүйелеу. Сын есімдерді тақырыппен байланыстырып, қолданып үйрену.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеу дағдыларын, қисынды ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Әдемілікке, табиғатты сүюге, салауатты өмір салтына, ынтымаққа тәрбиелеу.
Валеологиялық: Сабақ барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін үнемі ескеріп отыру.
Шығармашылық: Тақырыпты шығармашылықпен қабылдауға, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету.
Типі: Дәстүрлі. Түрі: Бекітіп, пысықтау және жүйелеу сабағы. Пән аралық байланысы: қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Әңгімелеу, суретпен жұмыс, көрнекілік, жартылай ізденіс, қисынды ойлау, мәнерлеп оқу әдісі.
Көрнекілік Тақырып бойынша жазылған сөздер, суреттер, деңгейлік тапсырмалары бар түрлі түсті кәртішкелер, ән.
Оқушылармен жұмыстың ұйымдастырылуы: жаппай, жекелей, жұптық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
- Сәлеметсіңдер ме,балалар?! Бүгін кім кезекші?... (Оқушыларды ашық сабаққа бағыттау, жұппен, жекелей жұмыс істейтіндіктерін, достық қарым - қатынаста болулары керектігін айтып түсіндіру) Мұғалім оқушыларға сәт тілейді. Оқушылар бір біріне: - Іске сәт! - деп жұмысқа кіріседі. (3-мин.)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Ақ киімді, денелі,ақ сақалды,
Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
Үсті – басы ақ қырау, түсі суық
Басқан жері сықырлап, келіп қалды. - Балалар, бұл өлеңнің авторы кім ? -Иә, Абай Құнанбаев. Абай қандай адам болған? Абайға былтыр неше жыл толды? Биыл неше жасқа толып отыр? Абай бұл өлеңінде не туралы жазады?
- Өлеңде қыс қандай? - Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, соқыр, мылқау. Қане, қысқа мінездеме беріңдерші, қыс қандай болады? (Айтылған сөздердің ішінен сын есімдерді бөліп, оқушылардың назарын аудару) 5 - мин.
Қандай деген сұраққа қай сөз табы жауап береді? –Сын есімдер. - Дұрыс айтасыңдар! Балалар, біз, бүгін қандай тақырыппен жұмыс істейді екенбіз? – Дұрыс. Қыс және сын есімдер. Жай ғана қыс емес, қыста ғана болатын қызықтар туралы айтамыз. Бүгінгі сабақтағы біздің мақсатымыз: Келген қонақтарға «Қыс» тақырыбын қалай меңгергендігімізді, сын есімдерді білеміз бе? Қолдана аламыз ба? Сын есімдерді қатыстырып сөйлемдер, диалог, әңгімелер құрастыра аламыз ба, соны көрсету.
ІІІ. Тереңдете тексеру.
- Ең алдымен,балалар, сын есімнің ережесін еске түсірейік! Сын есімнің ережесін әр қатардан бір оқушы айтады. - Балалар, сын есімнің жұрнақтары бар ма? Қандай жұрнақтары бар? Абайдың «Қыс» өлеңінің мәтінінінен туынды сын есімдерді ауызша тапқызу. Әрбір балаға бір - екі мысалдан айтқызу. Ал, енді, балалар, осы тақырып бойынша сөздік қорымызды, білімімізді көрсетейік.
3 - деңгей. «Қыс» тақырыбына 5 сын есім жаз, немесе берілген сөйлемдер ішінен сын есімдерді тауып,сұрақ қой.
2-деңгей «Қыс» тақырыбына 5 сын есімді қатыстырып сөз тіркесін құрастыр. 1 - деңгей. 5 сын есімді қатыстырып, сөйлем құрастыр. (6 - 7 мин). Әр деңгей бойынша бір - екі баланы тұрғызып,тексеріп жіберу. (Деңгейлік тапсырмалар әр түспен беріледі) Қыс туралы мәтіндермен деңгейлік жұмыс.
3-деңгей. Берілген мәтіннен сын есімдерді тауып, астын сыз. Бөлек көшіріп жаз. Сұрақ қой.
Суық қыс келді. Айналадағы табиғат өте әдемі. Қар - ақ, ұлпа. Ауа райы аязды. Түндер ұзақ.
2-деңгей. Өлеңдегі сын есімдерді тауып, астын сыз. Негізгі сын есімдерді бір бөлек, туынды сын есімдерді бір бөлек жаз, жұрнақтарын белгіле, сұрақ қой.

Қандай суық қыс деген? Қалтырайды құс деген.
Құлақшынды кимесең, құлағыңды тістеген.
Қандай қызық қыс деген? Бәрін шебер істеген.
Бақша - бауды, тауды да, бояған ақ түспенен.
Қыс дегенің ақ қана, үлбіреген мақта ма?
Тыным таппай күн ұзақ, тұрғызады ақ қала.

1-деңгей. Өлеңдегі сын есімдерді тауып, астын сыз. Негізгі сын есімдерді бір бөлек, туынды сын есімдерді бір бөлек көшіріп жаз, жұрнақтарын белгіле, сұрақ қой.

Шытынайды тыста аяз. Қызыл шұнақ үскірік.
Қалшылдайды жалаңдап, зәрлі деммен ысқырып.
Мұздай демі бет қарып, аяз аузын ашады.
Құлақтанып қызыл күн, жасыл ұшқын шашады.
(Мұғалім жиып алып, тексереді) - Балалар, берілген тапсырманы жақсы орындаған екенсіңдер, жарайсыңдар! Ал, енді мына жұмбақты шешіп көріңдерші!

-Шелек қалпақ басында,
Сәбіз екен танауы.
Қыста қардан туатын ,
тауып көрші сен оны!
-Бұл не, балалар? – Дұрыс, аққала. Сендер басқа жұмбақтар білесіңдер ме? Жұмбақтар осы қыс тақырыбында болсын. Балалар 4-5 жұмбақты естеріне түсірді.

Мамықтай аппақ Таудан түссем тоқтауды білмейді
Ақ ұлпа, Тауға қарай тартсам да жүрмейді.
Қыста жерді басады, (шана)
Көктемде сайға қашады.
(қар)

Отқа жанбайды. Суға батпайды.
(мұз)
Бүгін киген ақ тоным,
Ертең болар қара тон.
Қара тоным аздан соң,
Болады ала тон.
(жер)
2-тапсырма. Суретпен жұмыс. Мұғалім қыс тақырыбындағы бірнеше суреттер көрсетіп, оқушыларға ауызша сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыртады. Сөйлеу тілі жақсы дамыған 1-2 оқушыға үлкен мазмұнды сурет бойынша әңгіме айтқызады. Сергіту сәті.
Қыс келді қарымен,
Ақ түтек боранымен.
Қыс келді аязымен,
Шаңғының таяғымен.(Балалар айтып тұрып, тиісті қимылдар жасайды)
3 -тапсырма. Жұппен жұмыс. Диалог. Деңгейлеріне қарай сөйлем саны өсіп отырады. (6-7 мин.) Бірнеше жұп тыңдалып, бағаланады.
VII. Қорытындылау.
Мұғалім: - Балалар, сонымен қыста табиғатта қандай өзгерістер болады екен? Балалар айтады. Қане, тақтаға, қарайықшы. (Тақтада қысқа тән қасиеттер,қызықтар көрсетілген)
- Сонымен, балалар, қыстың пайдалы, жақсы жақтары бар ма екен? Әрине, бар! Қазір Валентина Толкунованың орындауындағы «Қыс болмаса егерде!» әнін тыңдап көріңдер. Мұқият тыңдаңдар. Маған не туралы екендігін қазақша айтып бересіңдер. (Балалар айтуы керек) Сонымен, балалар, біз бүгінгі сабақта не істедік? Не туралы айттық? Қандай шешімге келдік? Тақырып түсінікті болды ма?
Рефлексия: Сабақ сендерге қызықты болды ма? Ұнады ма?
Балалар, тақтадан қандай ағаштың суретін көріп тұрсыңдар ? - Иә, шырша ағашы. Шырша- қысы – жазы бір түсте болатын мерекелік ағаш екендігін барлығымыз білеміз. Ендеше, шыршамызды безендіріп қояйық! Сендердің алдарыңда қызыл, көкшіл, сары түсті шырша ойыншықтары жатыр. Әр ойыншықтың әдемі қазақы өрнектері бар. Үш түс - үш түрлі пікірді білдіреді. Қызыл түс - өте жақсы, көкшіл түс - жақсы, сары түс – нашар деген мағына береді. Қазір шыршамыз да безендіріледі, сабақтан алған әсерлерің де көрінеді.(Балалар қызыл, көкшіл түсті ойыншықтарын іліп, сабақтың өздеріне несімен ұнағандығын айтты).
Оқушылардың жұмысын бағалап,күнделіктеріне қою.
VІІ. Үйге тапсырма.
2-3 деңгейге тест сұрақтарына жауап, 1-деңгейге «Қыс қызықтары» тақырыбында шығарма жазып келу тапсырылады.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: aygulkumarova (2016-03-11)
Просмотров: 1302 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 3:39 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru