Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

қазақ тілінен сабақ жоспары
1- сабақ
01.09.2015
Сабақтың тақырыбы:Қазақ отбасы. Буын.
Сабақтың мақсаты: 1. Жаңа сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту
Буын

Ашық
а-ға
қа-ла
Тұйық
ит
ат, ет Бітеу
төрт
бұлт, қант
ІҮ. Тапсырмамен жұмыс
 1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.
Қазақ отбасы.
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше.Әке – отбасының тірегі.Отбасы мүшелері әкені тыңдайды.
Ананың орны да ерекше.Әке де, балалар да ананы сыйлайды.
Әке мен шеше ақылдасып,үйленген ұлдарына енші бөледі,тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.
Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен.
Қызды ерекше құрметтейді.
Біздің отбасымызда тоғыз адам бар. Менің атам, әжем, шешем, үш ағам, бір сіңлім бар. Менің атам жетпіс екі жаста, әжем алпыс сегізде. Атамның аты-жөні Омар Әділұлы. әжемнің аты-жөні Зейнеп Рахымқызы. Олар кәрі кісілер, зейнеткерлер.
Әкем елуде. Шешем қырық сегізде. әкемнің аты – Кәрім. Шешемнің есімі – Асыл. Ағаларымның аты Еркін, Сұңқар, Ардақ. Сіңлімнің есімі Маржан. Еркін жиырма бесте, Сұңқар жиырма үште, Ардақ он тоғызда, мен он екідемін, Маржан сегізде.

2-тапсырма. Мәтін бойынша бес сұрақ құрастыр.
3-тапсырма.
А) Бірыңғай сөйлем мүшлері бар сөйлемдерді теріп жаз. Біреуіне синтаксистік талдау жаса.
Ә) Қазақ тіліне аудар.
Моя сестра учится в 9 классе. Твой брат студент. Моему отцу 50 лет. Твоей матери 48 лет. Твоему другу сколько лет?

Үйге тапсырма: Сұрақтар бойынша жұмыс жасау. Буынды қайталау.

2- сабақ
03.09.2015
Сабақтың тақырыбы:Қазақ қонақжайлылығы. Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты: 1. Жаңа сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту
Жаңа сөздер:
Құт, ырыс – благо
жолаушы — путник
сыбаға сақтаған — берегли причитающуюся долю, предназначенную для гостей
арнайы қонақ — званый гость
қылғыма қонақ – незваный гость

Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын қонақжай халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болы, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншім бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ болған. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады.
Мәтін бойынша тапсырма
1) Мәтінді түсініп оқыңыздар;
2) Сұрақтарға жауап беріңіздер:
Мәтінде кім туралы әңгімеленеді?
Қонаққа байланысты қандай нақыл сөздер бар?
Қазақ үшін не ұят саналған?
Қонақты үй иесі қалай қарсы алған?
Қазақ халқы қонақтарды қалай бөлген?
Жазылым.
1) Біріккен сөздердің анықтама ережесін еске түсіріп, мысал келтіріңіз.
2) Мәтіннен біріккен сөздерді теріп жазыңыз.
3) Қонақ, сый-құрмет, қарсы алу, құт, ырыс сөздерімен сөйлемдер құрастырыңыздар.
Тілдесім. Қыс мезгілі. Танымайтын бір қалада авто көлігіңіз бұзылып қалады. Оны жөндеуге екі күн кетеді. Сайман сатып алуға барлық ақшаңыз кетті. Қонақ үйге баруға қаражат жоқ. Мұндай жағдайдан қалай шығар едіңіз?
Үйге тапсырма: біріккен сөздер, ереже жаттау. 10 сөз жазып, талдау

3- сабақ
04.09.2015
Сабақтың тақырыбы:Қонақ төрге отырады. Біріккен сөздер
Сабақтың мақсаты: 1. Жаңа сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту
Жаңа сөздер:
сыйлы кісі — уважаемый человек
сыбаға сақтаған — берегли причитающуюся долю, предназначенную для гостей
отағасы — хозяин
мылтық — ружье
қалауын береді — исполняет желание
қонақ - гость
қымыз - кумыс, национальный целебный напиток, приготовленный из кобыльего молока
шұбат - шубат.напиток из верблюжьего молока

Қонақты қарсы алу
Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіреді. Бұл – қонақпен еріп келген «құт-береке» бірге кірсін дегені. Қазақ халқының дәстүрі бойынша сырттан келген жолаушы рұқсатсыз үйге кірмеген. Ол үйдің сыртында тұрып: - Үйде кім бар? - деп сұраған. Содан соң оны қарсы алып, үйге кіргізеді. Қонақ аяқ киімін шешіп, үй ішіндегі адамдармен сәлемдеседі. Қонақ төрге отырады. Алдымен қымыз береді. Содан кейін шай береді. Қазақ елінде қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған. Арнайы қонақ шақырғанда, сыйлы кісі келгенде қой сойған. Сыйлы қонаққа бас тартады. Кешке ауыл адамдары ән (ауылдың алты ауызын) айтады, содан соң қонаққа қолқа салып, ән (қонақ кәдені) айтқызады.
Мәтін бойынша тапсырма
1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер:
Қазақтар қонақты қалай қарсы алған?
Қонаққа келегн адам өзін қалай ұстауы керек?
Келген қонақтар көңілді отыру үшін отағасы не істейді?
Қонақты жақсылап күту кімдерге сын болған?
Дәстүр бойынша қонақ үй иесінен не сұрай алады?
2-тапсырма. Қонақ туралы әңгімелеп беріңіздер.
3-тапсырма. Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге морфологиялық талдау жасаңыздар;
4-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді дәптерлеріңізге жазып, жаттап алыңыздар.
Үйге тапсырма:
5-тапсырма. Диалогты толықтырыңыздар.
- Қайрат, бүгін Андрей мені қонаққа шақырған, сені де шақырды ма?
- ...
- Сенің қонаққа барғың келе ме?
- Менің ....
- Қонақ өзін қалай ұстауы керек?
- ....
- Андрей қазақ отбасында қонақта болып көрмепті. Мен оны келесі жексенбіге қонаққа шақырдым. Онымен бірге сені де шақырамын, кел
4- сабақ
07.09.2015
Сабақтың тақырыбы:Отбасы тәрбиесі.
Сабақтың мақсаты: 1. Жаңа сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту
Сөздердің байланысу түрлері:
Қиысу (согласование) – бастауыш+ баяндауыш – мен келдім
Матасу (примыкание) – менің кітабым – Ілік септік+ зат есім
Меңгеру(управление) – үйге бару – септік жалғау+ етістік
3 тапсырма. Мақалдардың орысша баламасын айтыңдар.
Әке – асқар тау.
Ана – сарқылмас бұлақ.
Бала тәрбиесі бесіктен.
Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар.
Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі.
Атаңа не қылсаң, өзіңе де сол келер.
4-тапсырма. Тапсырманы орындаңдар. Сұрақтар арқылы сұқбат жүргізіңдер.
Отбасының алты қазығы кім?
Отбасының алты қазығы – әйел адам.
Қыз қандай болу керек?
Қыз тәрбиелі, байсалды, ізетті болу керек.
Тәрбие неден басталады?
Тәрбие отбасынан, бесіктен басталады.
Біздің халқымызда қыз деген ненің символы?
Біздің халқымызда қыз деген әдеміліктің, әдептіліктің символы.
Үйге тапсырма: Диалог құрастыру
5- сабақ
08.09.2015
Сабақтың тақырыбы:Қонақ күту.
Сабақтың мақсаты: 1. Жаңа сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту

Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т.б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сияпат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған.
Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Ол үшін үй иесі әңгіме-дүкен құрып, қонақпен бірге отырады.
4-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді дәптерлеріңізге жазып, жаттап алыңыздар. Олардың мағыналарын түсіндіріңіздер.
1. Қонақ қойдан жуас...
2. Қонағым өз үйіңді де ойлай отыр.
3. Қонаққа бара білсең, шақыра да біл.
4. Қонақ бір күн қонса - құт, екі күн қонса - жұт.
5. Қонағы жаман болса, үй иесі қыдырады.
6. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.
7. Қонағын сүймеген баласын ұрады, не үйін сыпырады.
8. Қонақ келсе- құт келер
9. Қырықтың бірі – қыдыр
10. Келгенше қонақ ұялады, келгеннен соң үй иесі ұялады
11. Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ
12. Жаман үйдің қонағы билейді

Үйге тапсырма: мақал-мәтелдерді жаттау
6- сабақ
10.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Диктант «Жаз»
Сабақтың мақсаты: 1.Диктант мәтіні туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту
2.Ережелерді еске түсіру.
3.Диктант мәтіні.
Тапсырма:
Есімшелердің астын сызып, шақтарын анықта.
4.Диктант жаздыру.
5.Сабақты бекіту.
Тапсырманы орындау.
6. Сабақты қорытындылау:
ІІІ. «Ой-толғаныс» кезеңі.
Тапсырмаларды орындау барысында қай жерде қиындық туды?
Бағалау.
Үйге: Өткенді қайталау.
7- сабақ
11.09.2015
Сабақтың тақырыбы:Отбасындағы асыл адамдар.
Сабақтың мақсаты: 1. Жаңа сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту
Тасымал – сөзді жазған кездегі оның жолға сыймай қалған бөлігін келесі жолға көшіру
Тасымал буынға инегізделеді.
Тасымалдауға болмайтын жағдайлар:
Бір дауысты дыбыстан тұрған ашық буын: а – та, Ғали – я;
Бір буыннан тұратын сөз: төрт, бұлт, қант;
Қысқарған сөздер: ҚР, ҚарМУ, ШТК;
Адам атының қысқартылып алынған әрпі: М.Әуезов, А.Құнанбаев.
Екпін – сөздің айтылған кездегі белгілі бір буынның ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.Қазақ тілінде екпін тұрақты – сөздің соңғы буынына түседі.
Ескерту: Екпін түспейтін сөздер мен қосымшалар:
Жіктік жалғауына екпін түспейді: келе-міз, бала-мын;
Етістіктің болымсыз жұрнағына: -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе: барма, айтпа;
Көмекші сөздерге: шейін, арқылы: мектепке шейін, телефон арқылы.
Үндестік заңы:
буын үндестігі - сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың біріңғай жуан, не жіңішке болып келуі: қыз+дар, дәптер+лер;
Дыбыс үндестігі: қатар келген екі дыбыстың бір-біріне әсер етуә: кітап+тар, қыз+дар
Ү. Бекіту.Тапсырмаларды орындау.
3-тапсырма.
А) Жақшаны ашып аударыңыз:
Ләззаттың отбасы (не очень большая), ал Әлішердің отбасы (очень большая). әлішердің атасы және әжесі – (инженер, работает на заводе). Әлішердің екі ағасы ( в Астане в министерстве). Апасы (замужем). Інісі (учится в школе), қарындасы (ходит в детский сад).
Ә) Сөйлемдерді толықтырыңыз.
Ләззаттың отбасы ..., отбасында төрт адам бар: .... Әлішердің отбасы ..., отбасында он адам бар: .... ... зейнеткерлер, әкесі - ..., шешесі - ..., екі ағасы - ..., апасы - ..., інісі - ..., қарындасы - .... Ләззаттың әкесі - ..., шешесі - ..., апасы - .... Әлішер ... оқиды, Ляззат ... оқиды. Ләззаттың үйі ..., Әлішердің үйі ....
Б) Төмендегі сөздермен сөйлем құраңдар
Емес, біздің, онша, отбасымыз үлкен. Және, зейнеткерлер, адамдар, атам, егде, әжем, олар. Әкесі, зауытта6 жүр, Әлішердің, істеп, жұмыс. Құқық, Ләззат, «Әділет», оқиды, мектебінде, жоғары. Үйі, орталығында, Ләзаттың, қаланың.
ҮІ. Үй тапсырмасы: Ережені жаттап, үндестік заңына мысалдар келтіру.
8- сабақ
14.09.2015
Сабақтың тақырыбы:Отбасылық дәстүрлер - шаңырақ тірегі. Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1. Жаңа сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту
Шартты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
1 -са, се + жіктік жалғауы Сабақ оқысаң, бес аласың.
2 -ғаңда, генде,- қанда, -кенде Сабақ оқығанда, бес алар едің.
3-тапсырма. Берілген жай сөйлемдерден шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем құраңдар.
Марқакөл ел мақтанышы болса, ...
Қазақстанға туристер келсе,
Сен отаншыл адам болсаң,..
Осы жерді мемлекет қамқорлыққа алса,..
2-тапсырма.Мәтінді оқып, түсініп алыңдар.
Отбасындағы дәстүрлер
Біздің отбасымыз өте тату. Отбасымызда жақсы дәстүрлер көп. Олар: үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болу, мерекелерді бірге қарсы алу.
Мысалы, наурыз мейрамында әжем наурыз көше пісіреді. Біз дастархан жаюға көмектесеміз. Келген қонақты қарсы аламыз, мерекені көңілді өткіземіз.
Наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
3-тапсырма. Мәтін бойынша мына тапсырмаларды орындаңдар.
Мәтіннің мазмұнын айтып беріңдер.
Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерден лепті сөйлем шығарып жазыңдар.
Үйге тапсырма:
 ІІІ деңгей. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, жауап беріңдер

9- сабақ
15.09.2015
Сабақтың тақырыбы:Отбасы бақытының қағидалары. Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1. Жаңа сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту
Жаңа сөздер
Әдепті – прилежный Мейірімді – добрый
Еңбекқор – трудолюбивый Шыншыл – справедливый
Адал – честный

2-тапсырма. Берілген сызбаны пайдаланып үлгі бойынша сөйлем құрастырыңдар.
Айна Зәурені қонаққа шақырды. Шай ішіп болғаннан кейін олар көп әңгімелесті. Айна шифоньердегі өзінің киімдерін көрсете бастады.
-Мына жеңі қысқа қоңыр қызыл кофтаны жақында сатып алдым. Оны жазда киемін.
Есімдік Киімнің түсі Киімдер Киімдерді кию мезгілі Етістік
Мына қоңыр қызыл Кофтаны Жазда киемін
Қара
Сарғыш
Қысқа
Күлгін
Ұзын
Қалың
Жылы
Жеңіл

3-тапсырма. Төменде берілген сөздерге жатыс, табыс септік жалғауларын жалғап, сөйлем құрастырыңдар.
Орамал, тон, қамзол, көйлек, жүзік, киім.

Сөйлем мүшелері
Сөйлем ішінде басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түсіп, белгілі сұраққа жауап бере алатын мағыналы сөздер және сөз тізбегісөйлем мүшелерідеп аталады
Бастауыш: кім? не? _____________
Баяндауыш: не істеді? не істеді? ========
Анықтауыш : кімнің? ненің? нешінші? қандай? қай~~~~~~~~~~~~
Толықтауыш : кімге? неге? кімде ?неде? кімді? нені? кімнен?неден? кіммен? Немен?--------
Пысықтауыш: қашан?қайда?не себепті? кім үшін? қайтіп?-.-.-.-.-.-

5-тапсырма. Берілген сөйлемдердің баяндауышының ең соңғы қосымшасын жазыңдар
Сен таңдағаныңды ал... . Мен дүкенде жұмыс істей... . Сіз қашан келе... .
Үйге тапсырма: Сөйлем мүшелерін жаттау, дара , күрделі бастауыш пен баяндауышқа 6 сөйлем құрастыр
10- сабақ
17.09.2015
Сабақтың тақырыбы:Тәрбие тал бесіктен басталады. Сабақтас құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты: 1. Жаңа сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлем
1 -ғанда,-қанда Біз барғанда, ол мектепте жоқ еді.
2 -ғанша,-қанша Мен келгенше ол, ол үйге кетіп қалыпты.
4-тапсырма. Сөйлемдерді қазақ тіліне аудар.
Біз стадионға келгенде, орман арасынан ай көрінді.
Күн жоғары көтерілгенде, орман өте әдемі.
Жерде сары алтын жапырақтар жатқанда, олар оянды.
Күн енді шыға бастағанда, орман арасынан ай көрінді.
Үйдің іші жарық болғанда, біз орнымыздан қозғалдық.
Біз ауылға жақындағанда, кеш болды.
 1-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқыңдар.
Отбасы тәрбиесі
Қазақ отбасында әкенің орны ерекше.Әке – отбасының тірегі.Отбасы мүшелері әкені тыңдайды.
Ананың орны да ерекше.Әке де, балалар да ананы сыйлайды.
Әке мен шеше ақылдасып,үйленген ұлдарына енші бөледі,тұрмысқа шыққан қыздарына жасау береді.
Қазақ отбасында қыздың орны да үлкен.
Қызды ерекше құрметтейді.
Біздің отбасымызда тоғыз адам бар. Менің атам, әжем, шешем, үш ағам, бір сіңлім бар. Менің атам жетпіс екі жаста, әжем алпыс сегізде. Атамның аты-жөні Омар Әділұлы. әжемнің аты-жөні Зейнеп Рахымқызы. Олар кәрі кісілер, зейнеткерлер.
Әкем елуде. Шешем қырық сегізде. әкемнің аты – Кәрім. Шешемнің есімі – Асыл. Ағаларымның аты Еркін, Сұңқар, Ардақ. Сіңлімнің есімі Маржан. Еркін жиырма бесте, Сұңқар жиырма үште, Ардақ он тоғызда, мен он екідемін, Маржан сегізде.

2-тапсырма. Мәтін бойынша бес сұрақ құрастыр.
3-тапсырма.
А) Бірыңғай сөйлем мүшлері бар сөйлемдерді теріп жаз. Біреуіне синтаксистік талдау жаса.
Ә) Қазақ тіліне аудар.
Моя сестра учится в 9 классе. Твой брат студент. Моему отцу 50 лет. Твоей матери 48 лет. Твоему другу сколько лет?
Үйге тапсырма: Қазақ отбасы
4-тапсырма. Диалогтік сөйлесім
11- сабақ
18.09.2015
Сабақтың тақырыбы:Ата – ананың парызын өтеу сенің - қарызың
Сабақтың мақсаты: 1. Жаңа сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту
Жаңа сөздер:
нағашы, анаңның туыстары, шеше жағынан туыстар;
асырау, бағып-қағу, тәрбиелеу;
аялау, қамқор болу, сүю;
құлақ тосу, құлақ салу, тыңдау;
қас-қабағына қара, көңіліне қара, айтқанын істе, кейітпе, ренжітпе;
қамын ойла, жағдайын жаса, қамқор бол, тілін ал, тыңда;
қартайған шағында, кәрі болғанда, қария шағында;
ұдайы, үнемі.

Ой шақыру.
• Сіздің атаңыз, әжеңіз бар ма?
• Сіздің отбасыңызда көп жасаған адамдар болды ма?
• Адамдардың көп жасауының құпиясы неде?
• Өзіңіз атаңызға, әжеңізге қандай көмек көрсетер едіңіз?
• Өзіңіз қартайғанда қандай ата немесе әже боламын деп ойлайсыз?
Тыңдалым. Оқылым.
Ата-анаға деген қамқорлық
Әрбір баланың туған анасы, туған әкесі болады. Сенің әкең де – сенің атаң мен әжеңнің баласы. Сенің анаң да – нағашы атаң мен нағашы әжеңнің қызы.
Әрбір ана мен әке өз балам жақсы адам болып ер жетсе екен деп тілейді, асырайды, бағып-қағады, аялап өсіреді.
Ата-анаң сен үшін де, туған елі үшін де құлшына еңбек етеді, терін төгеді, бейнет шегеді.
Ата-анаң – сенің әке-шешең ғана емес, екеуі де еңбеккер, өз істерінің шебері, елдің елеулі азаматтары. Ата-анаңды мақтан тұт!
Ата-анаңның тілін ал, ақыл-кеңесіне құлақ тос, айтқанын орында. Әсіресе қартайған шағында қас-қабағына қара, кейітпе, қуант, денсаулығын сақта, ұдайы қамын ойла. «Кәріге құрмет – балаға міндет», «Өзің үлкенді сыйламасаң, өзіңнен кіші сені де сыйламайды» дейді қазақ мақалдары.

Мәтін бойынша тапсырма
1) Мәтінді түсініп оқыңыз;
Монолог. 2) Мәтіннің мазмұнын өз сөзіңізбен айтыңыз.
3) Мәтіндегі мақал-мәтелдерді теріп жазып, мағынасын түсіндіріңіз.
4) Төменде берілген сөздерді сөз құрамына талдаңыз.
Еңбекқор, азаматтары, кейітпе, сыйламасаң, ақыл-кеңесіне, бағып-қағады, әке-шеше.
5) Мәтіннің қандай стильге жататынын анықтаңыз.
Үйге тапсырма:
Диалог. Берілген жағдаятты жалғастырыңыз.
Асқардың әкесі жұмыстан шаршап келіп, төсекке жатса, ұйықтап кетіпті. Үйде Асқар ғана бар еді.
12- сабақ
21.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Қазақ отбасындағы ұлттық тағамдар. Зат есім, зат есім жасайтын жұрнақтар
Сабақтың мақсаты: 1.Қайталау сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту
3-тапсырма. Кестедегі сөздерді пайдаланып сөйлем құраңдар.

Адамдар

Лимон,пияз,сәбіз,қызанақ,с.т, картоп, ет, қияр, нан, котлет,шырын,қымыз, бұрыш,қант, тұз, қайнатпа, жұмытқа, күріш,айран, қаймақ, палау, мәнті, май кеспе,ұн, кофе, ботқа, балық, печенье, салат, дүнген кеспесі, бауырсақ, торт, балмұздақ,қуырдақ, шай, лағман,кәмпит, қуырады
пісіреді
кеседі
жейді
ішеді
сатып алады
құяды
4-тапсырма. Кестедегі сөздерді пайдаланып «Не жегіңіз келеді? деген тақырыпқа әңгіме құрастырыңдар.

Адамдарға

біріншіге
екіншіге
үшіншіге
салқын тағамдардан
ыстық тағамдардан
ет тағамдардан
тәтті тағамдардан
сүт тағамдардан қой еті, салат, торт, қарта, шырын,шай, балық, май, сиыр еті, сорпа, айран, су, нан, лимон, кәмпит, сәбіз, ботқа, қазы, картоп, қайнатпа, сүт, өрік, палау, шабдалы, борщ, кофе, лағман, қаймақ, ірімшік, кеспе,шұбат,жұмыртқа.


Алады.

3.3.4. Ұлттық тағамдарын атап, қиықшаларды толтырыңдар.

3.3.5. Берілген синонимдерді жаттап алыңдар.
тағам – дәм – ауқат пісіру – дайындау, әзірлеу
тәтті – дәмді нәрлі - құнарлы
пайдалы – қажетті

Үйге тпасырма: 3.3.4- тапсырманы орындау. Зат есім тудырушы жұрнақтарды жаттау.
13- сабақ
22.09.2015
Сабақтың тақырыбы:Ұлттық тағамның денсаулыққа пайдасы. Зат есім, зат есім жасайтын жұрнақтар
Сабақтың мақсаты: 1.Қайталау сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту
«Ас — адамның арқауы» деп халқымыз оны тiршiлiктiң негiзгi көзi деп таныған. Қазақы дастархан – айран ұйытып, iркiт дайындау, құрт қайнатып, ет сүрлеу сияқты ұлттық тағамдарды жасау да үлкен өнер. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас –адамның арқауы», «Жаман ауру-жақсы ас», «Ас қадірін білмеген аштан өледі, ат қадірін білмеген жаяу қалады»-деп халық тегін айтпаған.
Адамның тағам рационы калориялылығы жағынан энергия шығынына сәйкес болуы тиіс. Жеткіліксіз және дұрыс тамақтанбау организмдегі өсу процесін баяулатады, әлсіретеді, оның түрлі ауруларға қарсыласуын төмендетеді.
Тиімді тамақтанудың негізгі құраушысының бірі – тамақтану мәдениеті. Салауатты тамақтану дағдысын қалыптастырудың бірнеше қарапайым ережелері болады, олар: тамақты үстелдің басында отырып қабылдау керек. Тамақты асықпай қабылдау керек. Егер тамаққа зейін салмаған жағдайда, адам тойғанын білмей қалып, артығымен тамақтанады.

Тапсырмалар:
- Қайғысыз қара суға семіреді. Беззаботный и на одной воде толстеет.
- Қазаныңа не салсаң, шөмішіңе сол ілінер. Что в казан положишь, то оттуда и выудишь.
- Жетерін білсең жей тұр. Знаешь свою норму - ешь спокойно.
- Ас тұрған жерде ауру тұрмайды. Там где пища, там нет болезней.
- Жер асыңнан жемес асың көп болсын. Ешь меньше чем можешь.
- Аштың ақылы – тамағында, жаяудың ақылы – табанында. Все мысли голодного – о еде, все мысли пешего – о ступнях.
- Ауру астан, дау қарындастан. Все болезни - от еды, все скандалы – от родственников.
- Арық семіреді, ауру жазылады. Тощий человек пополнеет, больной человек выздоровеет.
- Асы жоқ алтын аяқты, алтынын ал да отқа жақ. Золотая чаша без еды пусть хоть сгорит.
- Есебін тапқан екі асар. Экономный человек растянет еду на два раза.

Үйге тапсырма: берілген ырымдарды жаттау.
14- сабақ
25.09.2015
Сабақтың тақырыбы: Мазмұндама
Сабақтың мақсаты: 1.Қайталау сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту
Мәтінді оқу, аудару
Сұрақтар құрау
Жоспар құрау
Мазмұндату
Жазғызу
Қазақтың ұлттық тағамдары
Қазақ халқы – қонақжай халық. Келген қонақты жақсы қарсы алады.
Қазақтың ұлттық тағамдары өте дәмді. Олардың үш түрі бар: ет тағамдары, ұн тағамдары, сүт тағамдары.
Ет тағамдарының ішіндегі ең бастысы - қазақша ет. Қазақ халқы ертеден мал өсірумен айналысқан. Оларды құрметтеген, өйткені олар ішсе –қымыз, жесе-тамақ, кисе-киім, мінсе-көлік болған.
Ұн тағамдарына нан, бәліш, бауырсақ, шелпек, ет наны жатады. Сүт тағамдарына айран, сүт, қаймақ, ірімшік және т.б.жатады
15- сабақ
28.09.2015
Сабақтың тақырыбы:Ет тағамдары
Сабақтың мақсаты: 1.Қайталау сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту
Бесбармақ асу үшін жылқы еті болсын, қой еті болсын, сиыр еті болсын жуылып, салқын су құйылған қазанға тұтас салынады да отты басыңқырап қойып, бабымен қайнатылады. Бір қайнаған соң көбігі алынады да, одан әрі – ауық – ауық сапырылып қойылады.
Сонда көбігі тарайды. Еттің маңызы сол көбігінде болады.
Етке қамыр дайындалады. Иленген ұн шұңғыл ыдысқа салынып, аздан су құйылады да шикі жұмыртқа жарылып, қамыр иленеді де, күлше қалпына келтіріп отыз – қырық минут жауып қояды. Содан кейін оқтаумен жұқалап жазып, төртбұрыштап кесіледі.
Еттің пісуіне отыз минуттай қалғанда қабығы аршылып, жуылған картоп салынады. Сорпаның беті кесеге қалқып алынып, тұз, сақиналап туралған пияз немесе көк жуа салынып, беті жабылып бұқтырылады.
Қамыр қазанға түсісімен бірден қайнап кетуі тиіс. Содан соң ғана оты басылып қойылады.
Нан піскен соң табаққа түсіріп алынады да, үстіне ет салынып, дастарқанға әкелінеді. Ет дастарқан басында қиялай туралып, үстіне бұқтырылған тұздық қойылады. Картоп табақтың жиегіне қойылады.
Қазіргі кезде қала жағдайында ет ас үйде туралып, дастарқанға күйінде келеді.
Тапсырмамен жұмыс
Мәтінді аудару
Сұрақтар құрастыру
3 қатар 3 сөзге морфологиялық талдау жасайды
Өзара тексереді
Үйге тапсырма Мәтінді мазмұндау. Сөз құрамы ереже жаттау
16- сабақ
29.09.2015
Сабақтың тақырыбы:Сүт тағамдары
Сабақтың мақсаты: 1.Қайталау сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту
Сүт тағамдары: айран, сыр, ірімшік, қымыз, шұбат, сүт, қаймақ.
Берілген сөздер бойынша сөз тіркестерін, кейін сөйлемдер құрастырту.
Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелер
Бастауыш: ---------------------, кім, не?
Баяндауыш: -------------------
-------------------, не істеді, не істейді, не істеп жүр?
Бала, оқушы, дәрігер, студент, ол, мен, сен...(кім?)
Ит, мысық, парта, орындық, көше, мектеп (не?), Шахтинск қаласы(не?) – күрделі баст.
Отыр, барды, жазды, айтты, жүрді (не істеді?) – дара баяндауыш (1 сөзден тұрады)
Жазып отыр, бара жатыр, сөйлеп тұр, оқып жүр (не істеп жүр?) – күрделі баяндауыш
(2 сөзден тұр)
Мысалы: Айжан(кім?) отыр(не істейді?) - Айжан (кто?) сидит (что делает?)
Ит ...., парта ...., көше ..., мектеп..., дәрігер... . .... жазды, ... айтты, .... құлады.
Үйге тапсырма: Күрделі бастауыш пен баяндауышқа 4 сөйлем құрау

17- сабақ
01.10.2015
Сабақтың тақырыбы: Ұн тағамдары
Сабақтың мақсаты: 1.Қайталау сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
ІҮ. Бекіту
Бауырсақ
1-тапсырма. Мәтінді оқып, түсінгендеріңді мазмұндап беріңдер.
Бауырсақты ашытқан қамырдан да, ашытпаған қамырдан да жасайды. Ашытқан қамырдан жасау үшін, ашытқы дайындау керек. Ол үшін ашытқыға бір шай қасық қант, жарты кесе су қосып, жылы жерге қояды.
Қазанға өсімдік майын құйып, қыздырады. Май қайнай бастағанда, кесілген бауырсақтарды салып қуырады.
Қазақтың ұлттық салтында ең алдымен шай дастарқаны жасалады. Оның басты асы-бауырсақ . Бұл сөздің мағынасы-«бауырмал, үйірсек, жақыншыл.»
Бауырсақ біркелкі қуырылу үшін, оны аударыстырып тұру керек.
Бауырсақтың турі көп: ши бауырсақ, ақ бауырсақ, жол бауырсақ, тұш бауырсақ, ашыған бауырсақ, бармақ бауырсақ, жалпақ бауырсақ, бұрма бауырсақ, еспе бауырсақ домалақ бауырсақ...
2.Сын есім сөздерді теріп жазындар. 3.Адамдарға,қонақтарға – сөзжасам талдауын жасандар. 4.Дәмді,табақ – сөздеріне №1 талдау жасандар.
4-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орында.
1.деңгей.
Қалалық базарға барып қазы сатып алу керек,себебі Россиядан жолдасың қонаққа келеді, дастарханға ұлттық тағам қойылады.
Үйге тапсырма:
Қазақ халқының ең жоғары бағаналатын ет тағамдары туралы айтып беріндер.
18- сабақ
02.10.2015
Сабақтың тақырыбы:Мейрамхана – қоғамдық тамақтану орындары

Сабақтың мақсаты: 1.Қайталау сабақ туралы қысқаша мәлімет беру
2. Жаңа сөздермен жұмыс жасай отыра, оларды дұрыс айтуға дағдыландыру
3. Эстетикалық тәлім-тәрбие беру
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Модульдің мазмұны мен мақсаттарын таныстыру
ІІІ. Сабақтың мақсатын айту
«МЕЙРАМХАНАДА». РӨЛДІК ОЙЫН
Ойынның мақсаты: «Мейрамханада» тақырыбына сұхбат жүргізе білуге, қарым-қатынас этикетін сақтауға дағдыландыру, тілдерін жаттықтыру, сауатты жазуға үйрету, мейрамханада қандай қызмет көрсетілетінін білгізу. Ойынның тәртібі: Ойыншылар өзара рөлдерді бөліп алады. Мұғалім бәрінің дұрыс сөйлеулерін бақылап жүреді. Ойыншылар сыныпта еркін қозғалыста болады. Қажетті заттар: Әр түрлі ыдыс-аяқтар, дастарқан мәзірін дайындап әкелу керек. Тапсырмалар:
1. Сіз мейрамханада киім ілгіште жұмыс істейсіз. Келген қонақтарға қызмет көрсетіңіз. 2. Сіз мейрамханада даяшы болып жұмыс істейсіз. Келген адамдарды қарсы алып, бос орынды көрсетіп, дастарқан мәзірін ұсыныңыз. 3. Сіз достарыңызды мейрамханаға шақырдыңыз. Және олармен (төрт адам) бірге мейрамханаға келдіңіздер. Дастарқан мәзірін алып, тапсырыс беріңіздер. Ол үшін әркімнен не жейтінін, не ішетінін нақтылаңыз. Достарыңызға арнап ән тапсыруды да ұмытпаңыз.
4. Сіз досыңыздың шақыруымен мейрамханаға келдіңіз. Дастарқан мәзірінен достарыңызға өзіңіз алғыңыз келген салатты ұсыныңыз. Себебін айтуды ұмытпаңыз. 5. Сіз досыңыздың шақыруымен мейрамханаға келдіңіз. Дастарқан мәзірінен достарыңызға өзіңіз алғыңыз келген ыстық тамақты ұсыныңыз. 6. Сіз мейрамхана әкімшілігінің қызметкерісіз. Келген адамдарға алғысыңызды білдіріп, жақсы демалуларын тілеңіз және мейрамхана тәртібін түсіндіріңіз. 7. Сіз мейрамханада әншісіз. Әнге тапсырыс алып, ән жолдаңыз. 8. Сіз досыңызбен мейрамханаға келдіңіз. Дастарқан мәзірін талқылап, өз көзқарасыңызды білдіріңіз және кешкі тамаққа не алғыңыз келетінін айтыңыз. 9. Сіз мейрамханаға түскі тамақ ішуге келдіңіз. Бұрын бұл мейрамханаға келген емессіз. Даяшыдан қандай тамақтарды алған дұрыс болатынын сұраңыз.
ІҮ. Бекіту
Үйге тапсырма: Ойынға қатысты заттарды әкелу, сөздерді жаттау
19- сабақ
05.10.2015
Сабақтың тақырыбы:Ас мәзірі

Сабақтың мақсаты: : оқушылардың асхана тақырыбы бойынша жан-жақты білімдерін кеңейту, толықтыру, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Жаңа сөздер үйрету. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сауатты жазу қабілеттерін, ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды тапсырма орындату барысында ұйымшылдыққа үйрету, дұрыс тамақтануға бейімдеу, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Нәтижесі: Ас мәзірі туралы түсініктері кеңейеді.Оқушылар байланыстырып сөйлеу қабілеттерін артады.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, суреттер, стикерлер, маркер, флипчарттар
Сабақтың
кезеңдері Мұғалімнің іс-
әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін
нәтиже Бағалау
1 кезең
Ұйымдас-тыру
5 мин. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару
Шаттық шенбері
Түрлі түсті қағаз арқылы топқа бөлу Назарларын сабаққа аударады
Топқа бөлінеді Сабаққа дайындалады
Топтың ережесін есіне сақтайды

Үй тапсырмасын тексеру
Сөздік жұмысы

1-тапсырма Мәтінмен жұмыс Синтаксистік талдау
Сергіту сәті

2-тапсырма Бір сөзге морфологиялық талдау жасау
3-тапсырма
Ас мәзірін құру

Сабақта оқып білген сөздерін санайды Сөздерді оқып, сөз тіркесін аударады
Берілген сөйлемдерге синтаксистік талдау жасайды Мәтін бойынша бір сөзге морфологиялық талдау жасайды Ас мәзірін құрады

Берілген сөздер-дің жалғауын анықтайды

Кластер құрады

Сабаққа арнап тілек жазады
Сөздерді меңгереді

Сөйлем мүшелерін біледі

Морфологиялық талдауды есіне түсіреді

Байланыстырып сөйлеу қабілеттері артады
Топпен жұмыс істей алады Бағалау парағы арқылы бірін-бірі бағалайды

Стикер арқылы өз тілегін жазады
Үйге тапсырма: мазмұндамаға дайындық
Топ басшылары ұпай санайды
Өзгелердің жұмыстарын бағалай біледі Формативті бағалау
Жинақтау
5 мин.

Үйге тапсырма: мазмұндамаға дайындық
Топ басшылары ұпай санайды
Өзгелердің жұмыстарын бағалай біледі Формативті бағалау
3 кезең
3 мин.
20- сабақ
06.10.2015
Сабақтың тақырыбы:Ыстық тағамдар
Сабақтың мақсаты: : оқушылардың асхана тақырыбы бойынша жан-жақты білімдерін кеңейту, толықтыру, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Жаңа сөздер үйрету. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру.
Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, сауатты жазу қабілеттерін, ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқушыларды тапсырма орындату барысында ұйымшылдыққа үйрету, дұрыс тамақтануға бейімдеу, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сөздік
сүйікті - любимый (-ая)
қазақша ет - мясо по казахски
қосады - добавляют
асықпай - неспеша
қамыр - тесто
тұздық - подлив
тойымды - сытный
ағза – организм

1-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңдар.
Менің сүйікті ыстық тағамым – қазақша ет. Ол қазақ халқының ұлттық тағамы. Сыйлы қонақ келгенде қазақша ет дайындайды. Оған жылқы еті, сиыр еті немесе қой етін қосады. Етті асықпай пісіріп, қамырын салады. Содан кейін пияздан тұздық жасайды. Ең соңында сорпа ішеді. Бұл тағам өте тойымды және ағзаға пайдалы. Сондықтан маған бұл тағам ұнайды.
2-тапсырма. Диалогты толықтырыңдар.
- Сенің сүйікті ыстық тағамың қандай?
- ...
- Ол неден дайындалады?
- ...
- Ол не үшін саған ұнайды?
- ...
- Сен оны дайындай аласың ба?
- ....
3-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алыңдар.
Ет етке, сорпа бетке.
Көже деген тоқ ас,
Тұра келсең жоқ ас.

4-тапсырма. Деңгейлік тапсырмаларды орындаңдар.
ІІІ-деңгей
Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауын жалғаңдар.
Менің мұғалім... Сенің күнделік...
Сіздің кітап... Оның дәрігер...
Біздің үй... Сендердің жиһаз...

ІІ-деңгей
Сөздерді тәуелдеңдер.
Көже, мақал, қазақ.

Үйге тапсырма:
І-деңгей
Берілген сөз тіркестерімен сөйлем құраңдар.
Біздің отбасымыз, сіздің оқушыңыз, оның баласы, менің мамандығым, сенің бөлмең.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Bayan6268 (2016-04-18) | Автор: Ибраева Баян Ондирхановна E
Просмотров: 5850 | Комментарии: 2 | Теги: орыс мектебіндегі қазақ тілі, 9-сынып, сабақ жоспары | Рейтинг: 2.2/4
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 11:39 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru