Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ЭССЕ «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ»
ЭССЕ
«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ»

Айткенова Мөлдір Болатовна,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Қарағанды облысы бойынша ПҚ БАИ
аға оқытушы

Қазақстан Республикасы Орталық Азияда орналасқан, әлем бойынша алып жатқан аймағы тоғызыншы орынға ие мемлекет. Соңғы деректерге сүйенер болсақ, халық саны 16,4 млн. (2011ж. дерек бойынша) адамды құрайды. Ал оның 4-тен 1-і 14 жастағы және одан кіші жастағы жасөспірімдер. Білім жүйесін сөз етер болсақ, мектепке дейінгі, орта, кәсіби арнаулы, жоғары білім беру, ЖОО-нан кейінгі білім жүзеге асырылады. Шамамен, Қазақстанда (2011 ж. дерек бойынша) 7696 жалпы білім беретін мектептер бар. Ал осы мектептер бойынша жүргізілген халықаралық зерттеулер нәтижесі (TIMSS, PISA) біздің елімізде білім сапасы әлемдік көрсеткіштің ортадан төмен деңгейде екенін көрсетті. Осы халықаралық зерттеулердің төмен көрсеткіштері Қазақстанда білім беру мазмұнын жаңартудың, реформалаудың қажеттілігін анықтап отыр. Бұл білім сапасын жақсартуды, педагогтардың кәсіби дамуын, функционалдық сауаттылықты дамытуды мақсат етеді. Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында Үкімет 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуді жоспарлауда.
Аталған мәселелерді шешуде елімізде ауқымды жұмыстар басталып кетті. Соның бірі - жаңартылған білім беру аясында педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының жүзеге асырылуы. Бағдарлама білім беруді жаңартуда, критериалды бағалау жүйесін енгізуде педагогтардың шеберлігін жетілдіруді көздейді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне тоқталар болсақ, өзге тілді мектептерде кіріктірілген қазақ тілі мен әдебиеті пәні аясында білім беру төрт дағдыға (тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым) негізделген. Бұл дағдыларды жетілдіре отырып, бір-бірімен тығыз байланыста кешенді оқыту жүзеге асырылмақ. Ал оны жүзеге асыру оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерімен ұштасып, мұғалім жетекшілігімен жүргізілетін жұмыс, бірлескен жұмыс, дербес жұмыс арқылы негізделеді. Осы ойды Карелл пікірімен түйіндеуге болады, оның айтуынша, «Оқушылар үшін оқу әдіс-тәсілдерін білу ғана емес, тиісті де тиімді әдісті таңдай білу де маңызды» болмақ. Оқушылардың алған білімдерін алдыңғы білімдермен ұштастыра отырып спиральды оқыту мәселесі де терең, сапалы білім алуға негіз болады. Сонымен қатар критериалды бағалау да осы бағдарлама мазмұнында қарастырылатын болады. Ол оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне, кері байланысты қамтамасыз етуде ықпалы зор. Ал осының ең басында оқу мақсаттарын нақты құру маңызды болмақ.
Аталған мақсаттарды жүзеге асыру оқушылардың шынайы өмірде алған білімдерін, тілдік дағдыларын қолдануға мүмкіндік береді. Олай болса, мұғалім де Ғафу Қайырбеков айтпақшы «Өз уақытын аямайтын, өзгенің бақытын аялайтын» жан болуы қажет. Оған жол көрсету Сіз бен біздің, біліктілікті жетілдіруші мамандардың міндеті болмақ. Іске сәт, әріптестер!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Сакен0683 (2016-05-12) | Автор: Молдир E
Просмотров: 1459 | Теги: 12 жылдық, білім беру жүйесі, эссе, «ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА БАСТАР ЖОЛ» | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 5:37 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru