Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Дидактический материал по казахскому языку
Түсінік хат

Бұл жинақта деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен оқушылардың өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгеруді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударады.
Оның басты мақсаты - сынып оқушыларын "қабілетті", "қабілетсіз" деген жіктерге бөлуді болдырмау.
Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы:
- оқушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- оқушыны ынталандыруға;
- оқушы мен оқытушының ынтымақтастық қарым-қатынас достығына;
- оқушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Актуалдығы - деңгейлеп-саралап оқытудың басты сипаты - мақсатты нәтиже. Қоғам талабы да - нәтижелі оқушы даярлауда болып отыр.
Бастауыш сыныптарда жаңаша оқыту даралап, саралап оқыту технологиясына негізделеді. Өйткені жаңаша оқыту оқушының жеке мүмкіндігіне қарай жұмыс істеуіне, мақсат қою, оны жоспарлау, ұйымдастыра білу, өзін-өзі бақылау, өзін-өзі бағалауға үйретеді.
Осы технология арқылы оқытудың төменгідей мәселелерін шеше аламыз:
- Оқушының 100 пайыздық үлгерімі қамтамасыз етіледі.
- Оқушылардың жүктемесін оңтайландыруға мүмкіндік туады
( үй тапсырмасы азаяды).
- Оқушыларда сәтсіздік, қорқыныш, мазасыздық сезімі жойылады.
- Танымдық процестерді, оқушылардың таным қабілеттерін зерттеу әдістері жүйеленеді.
Бұл технологияның тағы бір ерекшелігі дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігі болып табылады.

Ақ аю.


Сөздік:
Тұқым - потомство
Сүтқоректі - млекопитающее
Ұзындық - длина
Биіктік - высота
Салмақ - вес
Солтүстік - север
Қорек - пища
Апан - берлога,нора
Ақ аю.

Ақ аю (лат. Ursus maritimus) - аюлар тұқымдасына жататын сүтқоректі. Дене ұзындығы 2-2,5 м, кейде 3 м, биіктігі 1,5 м, салмағы 800 кг. Жүні ақ, кейде сұрғылт, қалын. Білезіктері және табаны жүнмен қапталған. Арктика фаунасы: Солтүстік мұзды мұхитының жағалауларында және суда жүзіп жүрген мұздарды паналайды. Негізгі қорегі итбалықтар. Ұлуғу әдетте наурызда - жүкті ұрғашылары арктика аралдарындағы апандарда қыстайды (қысқы ұйқы). Қоңжықтары аналарымен бірге бір жарым жыл болады. Ақ аю терісі мен етін пайдаланады.

Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ деңгей
1. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.
2. Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.
3.Мәтіннен зат есімдерді теріп, жазыңыздар.

ІІ деңгей
1.Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп, жазыңыздар.
2. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: аю, салмақ.

І деңгей
"Ақ аю" сөзіне ребус құрастырыңыздар.

Қызыл қасқыр.

Сөздік:
Қызыл қасқыр - красный волк
Тұқым - потомство
Жыртқыш - хищник,хищный
Аң - зверь
Құйрық - хвост
Үлпілдек - пушистый, мягкий
Бүйірі - бок
Солғын - блеклый, бледный
Қызыл қасқыр.
Қызыл қасқыр ( лат.Cuon alpinus) - қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Қазақстанда Тянь-Шань мен Жетісу(Жоңғар) Алатауында кездеседі. Дене тұрқы 100-110 см, құйрығының ұзындығы 45-50 см. Құйрық жүні үлпілдек. Арқасы қызыл қоңыр, екі бүйірі солғын қызыл түсті.
Деңгейлік тапсырмалар:
ІІІ деңгей
1.Мәтіннен жалқы есімдерді теріп, жазыңыздар.
2.Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.
3.Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.

ІІ деңгей
1.Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: қасқыр, дене.
2. Мына сөздерді септеңіздер: қасқыр,дене.

І деңгей
"Қызыл қасқыр" тақырыбына диалог құрастырыңыздар.

Құлан.

Сөздік:
Жабайы жылқы - дикая лошадь
Құлан - Кулан
Кекіл - чёлка, чуб
Жал - грива
Тік - прямо, вверх
Жүріс -тұрыс - поведение
Ширақ - шустрый
Сымбатты - красивый,стройный
Сирақтар - ножки, голень
Құлан.
Құлан (лат. Equus hemionus) – тақтұяқтылар отрядына жататын жабайы жылқы. Сыртынан қарағанда құланның есекке де (басы үлкен, құлағы ұзын, құйрығы қысқа, кекілі жоқ, жалы тік), жылқыға да (жүріс-тұрысы ширақ, дене бітімі сымбатты, сирақтары ұзын) ұқсайтын ерекшелігі бар.
Деңгейлік тапсырмалар:

III деңгей
1. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.
2.Мәтіннен зат есімдерді теріп, жазыңыздар.
3.Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп, жазыңыздар.

II деңгей
1.Мына сөздерді септеңіздер: құлан, жылқы.
2. Сұраулық шылаулар арқылы сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.

I деңгей
"Құлан" сөзіне сөздік сөзжұмбақ құрастырыңыздар.

Барыс.
Сөздік:
Барыс - снежный барс
Өңір - окрестность
Мекендеу - обитать
Сұр - серый
Беткей - склон, долина
Тау теке - горный козел
Тау ешкі - горная коза
Елік - косуля
Іңір - вечерние сумерки
Барыс.
Барыс (лат. Uncia uncia) Орталық Азиядағы тауларда, Солтүстік Үндістан, Пәкістан, Байкал, Тибет өңірлерін мекендейтін мысық.
Барыс, ірбіс – мысық тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Дене тұрқы 125 – 135 см, биіктігі 60 см, құйрығы 90 – 100 см, салмағы отыз – қырық килограмдай. Түсі көк сұр, сақина тәрізді дөңгелек қара дақтары бар, жүні ұзын әрі қалың. Оның ең көп жүретін жері – басын мәңгі қар басқан тасты тік беткейлер. Барыс тұяқты жануарларды, әсіресе, арқарды, тау текені, тау ешкілерін, еліктерді ұстап жейді. Қорегін негізінен іңірде немесе түнде аулайды.
Деңгейлік тапсырмалар:

III деңгей
1. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп, жазыңыздар.
2. Мәтіннен сын есімдерді теріп, жазыңыздар.
3. Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.

II деңгей
1.Мына сөздерді тәуелдеңіздер: барыс,салмақ.
2. Мәтін бойынша 3 сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.

I деңгей
"Барыс" сөзіне ребус құрастырыңыздар.
Арқар.



Сөздік:
Арқар - архар, горный баран
Тұқым - потомство
Ірі - крупный
Сүтқоректі - млекопитающее
Солтүстік - север
Шығыс - восток, восточный
Теңіз - море
Арал - остров

Арқар.
Арқар(лат.Ovis ammon) - жұптұяқтылар қатарының қуысмүйізділер тұқымдасына жататын ірі аң , тау арқары туысының сүтқоректі жануары. Дене ұзындығы 110 - 120 см, шоқтығының биіктігі 65 -125 см. Таралуы: Жерорта теңізі аралдары алдыңғы орта орталық солтүстік шығыс Азияда.
Деңгейлік тапсырмалар:

III деңгей
1. Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.
2. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп, жазыңыздар.
3. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.

II деңгей
1. Мәтін бойынша 3 сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.
2. Мына сөздерді септеңіздер: арқар, жануар.

I деңгей
"Арқар" сөзіне ребус құрастырыңыздар.

Сілеусін.



Сөздік:
Сілеусін - Рысь
Мысық - кошка
Тұқым - потомство
Жыртқыш - хищник, хищный
Енгізу - включить

Сілеусін.
Сілеусін ( лат. Lynx lynx) - мысық тұқымдасына жататын жыртқыш. Тұрқының ұзындығы 87-104 см, құйрығы 20-31 см, салмағы 13-23 кг. Қазақстанда 3 түр тармағы бар, соның ішінде Түркістан сілеусіні Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Деңгейлік тапсырмалар:

III деңгей
1. Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.
2. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп, жазыңыздар.
3. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді тауып , жазыңыздар.

II деңгей
1. Мәтін бойынша 3 сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.
2.Мына сөздерді септеңіздер: жыртқыш, Қазақстан.

I деңгей

"Сілеусін" сөзіне сөздік сөзжұмбақ құрастырыңыздар.

Қарақұлақ.



Сөздік:
Сүтқоректі - млекопитающее
Тұқым - потомство
Ұқсас - похожий
Шорт - наотрез
Кемірушілер - грызуны

Қарақұлақ.

Қарақұлақ - мысық тұқымда сүтқоректі. Дене ұзындығы 65-82 см, құйрығы 25-30 см. Сілеусінге өте ұқсас, құлақтарының ұшында қара шашағы бар, құйрығы шорт, қысқармаған. Жүні қысқа. Кемірушілермен қоректенеді.

Деңгейлік тапсырмалар:

ІІІ деңгей

1. Мәтіннен зат есімдерді теріп, жазыңыздар.
2.Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.
3. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді тауып , жазыңыздар.

II деңгей
1.Мына сөздерді септеңіздер: мысық, сүтқоректі.
2. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: дене, мысық.

I деңгей

"Қарақұлақ" сөзіне сөздік сөзжұмбақ құрастырыңыздар.

Қарақал.


Сөздік:
Қарақал- Каракал
Жыртқыш - хищник, хищный
Ін - нора
Шапшаң - быстро
Күшік - щенок
Сәуір - апрель
Қарақал.
Қарақал - шапшаң қозғалатын жыртқыш. Олар ін қазбайды, өзіне баспана ретінде түлкінің індерін бірнеше жыл қатарынан пайдалана береді. Буаздық мерзімі 70 күндей. Аналығы сәуір айының басында 3-4 күшік туады. Күшіктер тез өседі.
Деңгейлік тапсырмалар:

III деңгей
1. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді тауып , жазыңыздар.
2. Сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.
3. Мәтін бойынша 3 сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.

II деңгей
1.Мына сөздерді септеңіздер: түлкі, ін.
2. Мына сөздерді жіктеңіздер: өседі, береді.

I деңгей

"Қарақал" тақырыбына диалог құрастырыңыздар.
Ақбөкен.

Сөздік:
Ақбөкен - сайгак, антилопа
Киік-сайгак
Ешкі - коза
Қой-овца
Ұқсас - похожий
Ірі - крупный
Теке - козёл Ақбөкен.
Ақбөкен, киік ( лат.Saiga tatarica) - жұптұяқтылар отрядының бөкендер туысына жататын. Тұмсығы ірі, қойға ұқсас, күйіс қайыратын түз жануары. Ақбөкендер Моңғолияда, Қалмақ даласы мен Қазақстанда ғана сақталған. Текелерінің дене тұрқы 126-150 см,салмағы 37-49 кг, ал ешкілері кішірек дене тұрқы 109-127 см, салмағы 22-37 кг дай болады.
Деңгейлік тапсырмалар:

III деңгей
1. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді тауып , жазыңыздар.
2. Сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.
3.Мәтіннен жалқы есімдерді теріп, жазыңыздар.

II деңгей
1.Мына сөздерді септеңіздер: қой, жануар.
2.Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: Қазақстан, дала.

I деңгей
"Ақбөкен" тақырыбына диалог құрастырыңыздар.

Үкі.

Сөздік:
Үкі -Филин
Жыртқыш - хищник, хищный
Қауырсын - перо
Жұмсақ - мягкий
Мекендеу - обитать
Үкі.
Үкі-негізінен орманды мекендеп, жемін көбіне түнде аулайтын жыртқыш құс. Басы үлкен, көздері бақырайған,қауырсындары жұмсақ. Еуразияда, сондай-ақ Қазақстанда кең тараған. Шөлді, далалы ,таулы орманды жерлерді мекендейді.
Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді тауып , жазыңыздар.
2. Мәтіннен сын есімдерді теріп, жазыңыздар.
3. Мәтінге 3 сұрақ құрастырыңыздар.

II деңгей
1.Мына сөздерді септеңіздер: дала, орман.
2. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: Қазақстан, дала.

I деңгей
" Үкі" тақырыбына диалог құрастырыңыздар.

Жалбағай.

Сөздік:
Жалбағай - Колпица
Ұзындығы - длина
Салмағы - вес
Сарғылт - желтоватый,бежевый
Қоректену - питаться
Жалбағай.
Қанатының ұзындығы 39 см, салмағы 1.5 кг. Ақ құс, басында сарғылт айдары бар. Сирақтары ұзын, қара. Су жәндіктермен,балықпен,бақамен қоректенеді.
Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.
2. Мәтіннен сын есімдерді теріп, жазыңыздар.
3. Жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.

II деңгей
1.Мәтінге 3 сұрақ құрастырыңыздар.
2. Мына сөздерді септеңіздер: жәндік, құс.

I деңгей
" Жалбағай" сөзіне ребус құрастырыңыздар.

Дуадақ.

Сөздік:
Дуадақ - Дрофа
Шөл - пустыня
Шөлейт - полупустыня
Мекендеу - обитать
Жолақ - полоска, полосатый
Жылы жаққа - в тёплые края
Дуадақ.
Шөл, шөлейт далада мекендейді. Қанатының ұзындығы 570-670 мм. Түсі ашық,қоңырқай,ұсақ қара жолақтары бар. Көктемде ұшып келеді де, қазан-қараша айларында жылы жаққа ұшып кетіп,Тәжікстан мен Түрікменстанда қыстайды.
Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Сан есімдерді жазбаша түрінде жазыңыздар.
2. Жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.
3. Мәтінге 3 сұрақ құрастырыңыздар.

II деңгей
1.Мына сөздерді септеңіздер: Түрікменстан, шөлейт.
2. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: қазан, қараша.

I деңгей
" Дуадақ" сөзіне сөзжұмбақ құрастырыңыздар.

Бірқазан.

Сөздік:
Бірқазан - Пеликан
Теңіз - море
Қауырсын - перо
Мекендеу - обитать
Күміс - серебро
Бірқазан.
Олар Каспий және Арал теңіздерін, Балқаш, сасықкөл көлдерінің алабын мекендейді. Дене тұрқы 1.8 м-дей, салмағы 13 килограмға дейін жетеді. Аяқтары қысқа,қанаттары ұзын ( 60-80 см) және жалпақ, ал қауырсындары қызғылт немесе күміс түсті болып келеді.
Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1.Мәтіннен 3 жіңішке, 3 жуан сөздерді тауып, дәптерге жазыңыздар.
2. Мәтіннен сын есімдерді теріп ,жазыңыздар.
3. Мәтіннен жалқы есімдерді тауып, жазыңыздар.

II деңгей
1. Сұраулық шылаулар арқылы сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.
2. Мына сөздерді септеңіздер: теңіз, көл.

I деңгей

"Бірқазан" сөзіне сөзжұмбақ құрастырыңыздар.

Ақбас тырна.

Сөздік:
Ақбас тырна - Журавль - красавка
Солтүстік - север
Шығыс - восток
Үндістан - Индия
Дән - зерно
Ұсақ жәндіктер - мелкие животные
Ақбас тырна.
Ақбас тырна - жыл құсы. Қыркүйек - қазанда жылы жаққа ұшып кетеді. Солтүстік - шығыс Африка, Палестина, Ирак, Үндістан, Палестина, Бирма жерлерінде қыстайды. Өсімдік дәнімен, бүршігімен және ұсақ жәндіктермен қоректенеді.
Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1.Сұраулық шылаулар арқылы сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.
2. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп, жазыңыздар.
3. Мәтіннен етістіктерді теріп, жазыңыздар.
II деңгей
1.Мына сөздерді септеңіздер: жер, жәндік.
2. Мына сөздердің буын түрлерін ажыратыңыздар: өсімдік, дәнімен, жәндіктермен, тырна, жерлерінде.

I деңгей
"Ақбас тырна" сөзіне ребус құрастырыңыздар.

Қосаяқ.

Сөздік:
Қосаяқ - Тушканчик
Салмақ - вес
Артқы - задний
Секіру - прыгать
Өсімдік - растение
Жәндіктер - мелкие животные и насекомые
Қоректену - питаться
Қосаяқ.
Дене тұрқы 4.5-50 см, салмағы 7-10 грамм. Жүргенде тек артқы аяқтарымен секіреді. Көздері аяғынан көктемге дейін қысқы ұйқыға кетеді. Өсімдіктермен , жәндіктермен қоректенеді.
Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1.Сұраулық шылаулар арқылы сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.
2. Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.
3. Мәтіннен етістіктерді тауып, дәптерге жазыңыздар.

II деңгей
1.Мына сөздерді тәуелдеңіздер: өсімдік, аяқ.
2. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: дене, көктем.
I деңгей
"Қосаяқ" сөзіне ребус құрастырыңыздар.
Орақтұмсық.



Сөздік:
Орақтұмсық - Серпоклюв
Кеуде - грудь
Ұя - гнездо
Орақтұмсық.
Арқасы және жемсауы сұрғылт келеді, кеудесінде қара жалағы бар. Орақ тәрізді имек тұмсығы мен аяқтары қызыл түсті. Жеке жұптары ұсақ тастар арасына шұңқырлап ұя салады.
Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1.Сұраулық шылаулар арқылы сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.
2. Мәтіннен 3 жіңішке, 3 жуан сөздерді тауып, дәптерге жазыңыздар.
3. Мәтіннен сын есімдерді теріп, жазыңыздар.

II деңгей
1.Мына сөздерді жіктеңіздер: келеді, салады.
2.Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: тастар, кеуде.

I деңгей
"Орақтұмсық" сөзіне ребус құрастырыңыздар.

Қоқиқаз.

Сөздік:
Қоқиқаз - Фламинго
Қорық - заповедник
Жәндіктер - мелкие животные и насекомые
Қоректену - питаться
Қоқиқаз.
Қызыл қанат деп аталады. Қорғалжан қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Ол суға басын батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді.
Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1.Сұраулық шылаулар арқылы сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.
2. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп, жазыңыздар.
3. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.

II деңгей
1.Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: қорық, теңіз.
2. Мына сөздерді жіктеңіздер: қопару,батыру.

I деңгей
"Қоқиқаз" сөзіне ребус құрастырыңыздар.

Ақ тырна.


Сөздік:
Ақ тырна - Стерх
Тұмсық - клюв
Ұсақ жәндіктер - мелкие животные
Қоректену - питаться
Ақ тырна.
Мойны, аяғы ұзын. Қанатының қарымы 2 метрге, салмағы 10 кг-ға дейін жетеді. Қанаты ақ, қанатының ұшы қара, тұмсығы қызыл. Өсімдік дәнімен, ұсақ жәндіктермен қоректенеді.
Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1.Сұраулық шылаулар арқылы сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.
2. Сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.
3.Мына сөздерге көптік жалғауын жалғап, жазыңыздар.
Өсімдік, қанат, жәндік, адам, жануар.

II деңгей
1. Асты сызылған сөйлемдердің буын түрлерін ажыратыңыздар.
2.Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: қанат, салмақ.

I деңгей
"Ақ тырна " сөзіне сөзжұмбақ құрастырыңыздар.

Қарақұйрық.



Сөздік:
Қарақұйрық - Джейран
Шөлді аймақ - пустынная зона
Қасақылық - браконьерство
Қарақұйрық.
Ертеде шөлді аймақта көптеп кездескен, бірақ қасақылыққа байланысты оның саны 200 мыңнан( 30-жылдары ) 10 мыңға (70-жылдары) дейін кеміді және көп жерлерде ол кездеспейтін болды. Түрді Қызыл кітапқа тіркеген соң оның саны тұрақталып, жан - жақты қорғалатын жерлерде өсе бастады. Қазір Қазақстанда 30-50 мыңдай қарақұйрық бар.
Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп, жазыңыздар.
2. Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.
3. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.

II деңгей
1.Асты сызылған сөйлемнің буын түрлерін ажыратыңыздар.
2.Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: Қазақстан , аймақ.

I деңгей
"Қарақұйрық " сөзіне сөзжұмбақ құрастырыңыздар.

Сабаншы.

Сөздік:
Сабаншы - Манул
Себептері - причины
Қасақылық - браконьерство
Қорықтар - заповедники
Жоңғар Алатауында - в Джунгарском Алатау
Сабаншы.
Каспийден Алтайға дейінгі шөлді аласа тауларда кең тараған, бірақ сирек кездесетін түр. Себептері: қар көп түскен жылдары азық қорының азаюы, қасақылық,қойшылардың иттерінің талап өлтіруі, адамның шаруашылық қызметіне байланысты олардың таралу аймағының тарылуы. Сарыарқа мен Жоңғар Алатауында қорықтар ұйымдастыру керек.
Деңгейлік тапсырмалар.

III деңгей
1. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп, жазыңыздар.
2. Мына сөздерге көптік жалғауын жалғап, жазыңыздар.
Адам, жыл, себеп, тау, ит, қойшы.
3.Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.

II деңгей
1.Мына сөздерді септеңіздер: шаруашылық , тау.
2.Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: шаруашылық,себеп.

I деңгей
" Сабаншы" сөзіне ребус құрастырыңыздар.
Шағыл мысығы.

Сөздік:
Шағыл мысығы - Барханный кот
Үстірт - Устюрт
Қызылқұм - Кызылкум
Мекендейді - обитает
Солтүстік Қызылқұм - Северный Кызылкум
Шағыл мысығы.
Аздаған мысықтар тек Үстірт пен Қызылқұмда ғана мекендейді. Санының кемуінің негізгі себебі - қалың қарлы қысты жылдары азық қорының азаюы, оған қоса адамның тікелей қызметтері әсер етеді. Қызылқұм қорығын ұйымдастырып, Солтүстік Қызылқұмның біршама бөлігін қорықша етіп жариялау керек.
Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп, жазыңыздар.
2. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.
3. Мына сөздерге көптік жалғауын жалғап, жазыңыздар.
Мекен, қорық, жыл, мысық, қызмет.

II деңгей
1.Мына сөздерді септеңіздер: адам, қорық.
2. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: мысық, қорық.

I деңгей
"Шағыл мысығы" сөзіне ребус құрастырыңыздар.

Орта азия тас сусары.


Сөздік:
Орта азия тас сусары - Каменная куница
Жоңғар Алатауы - Джунгарский Алатау
Қасақылық - браконьерство
Аңшылар - охотники
Орта азия тас сусары.
Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Алтайда тараған. Қасақылық әсерінен саны біртіндеп кемуде. Тас сусарды қорғау үшін көпшілік халық, әсіресе аңшылар, арасында кең көлемде үгірт-насихат жұмыстарын жүргізу керек.
Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп, жазыңыздар.
2. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.
3. Мына сөздерге көптік жалғауын жалғап, жазыңыздар.
Халық, жұмыс, тас, аңшы, адам.

II деңгей
1.Мына сөздерді септеңіздер: қасақылық , аңшы.
2. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: қасақылық,тастар.

I деңгей
" Тас сусары " сөзіне ребус құрастырыңыздар.

Қабылан.


Сөздік:
Қабылан - Гепард
Үстірт - Устюрт
Қызылқұм - Кызылкум
Мекендеген - обитал
Жыртқыш - хищник, хищный
Қабылан.
Бұрын Қазақстанда Үстірт пен Қызылқұмда мекендеген, бүгін де бұл жерлерде жойылып кетуі де мүмкін. Өйткені,70-жылдардың ортасынан бастап республика шеңберінде бұл жыртқыштың кездескені жайында анық деректер жоқ. Негізгі себеп-қабыланды және оның ең басты қорегі қарақұйрықтарды тікелей аулап, сандарын азайту.
Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Сұраулық шылаулар арқылы сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.
2. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.
3. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп, жазыңыздар.

II деңгей
1.Мына сөздерді септеңіздер: жер, шеңбер.
2.Мына сөздерді тәуелдеңіздер: шеңбер, жер.

I деңгей
" Қабылан " сөзіне ребус құрастырыңыздар.

Қаратау арқары.



Сөздік:
Қаратау арқары - Каратауский горный баран
Қаратау қорығы - Каратауский заповедник
Солтүстік - батыс шетінде - в северо-западной оконечности

Қаратау арқары.
Тек Қазақстанда Қаратауда ғана мекендейтін бұл арқар қазіргі кезде толық жойылу шегінде, бар-жоғы 100 - 150 -дей басы сақталған. Осындай өзіне тән ерекшелігі бар жануарды сақтап қалу үшін жеделдетіп Қаратау қорығын және осы жотаның солтүстік - батыс шетінде қорықшалар ұйымдастыру керек.

Деңгейлік тапсырмалар.

III деңгей
1.Сұраулық шылаулар арқылы сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.
2.Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.
3.Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.

II деңгей
1. Мына сөздерді тәуелдеңіздер: қорық,арқар.
2.Мына сөздерді септеңіздер: жануар , арқар.

I деңгей
" Қаратау арқары " сөзіне ребус құрастырыңыздар.

Итаю.

Сөздік:
Итаю - Медоед
Өте - очень
Сирек - редко
Оңтүстік Үстірт - Южный Устюрт
Итаю.
Өте сирек кездесетін аң. Қазақстанда Оңтүстік Үстірттің шағын ғана территориясында таралған. Ол жерде 15-20-дай ғана итаю мекендеуі мүмкін.Бұл жыртқыш кездесетін территорияларды Үстірт қорығына қосып, кен іздеушілер қатарындағы жұмысшылар мен шопандар арасында итаюды қорғау жайында үгіт - насихат жұмыстарын жүргізу керек.

Деңгейлік тапсырмалар.

III деңгей
1. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.
2. Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.
3.Сұраулық шылаулар арқылы сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.

II деңгей
1.Мына сөздерді септеңіздер: жұмысшы , қорық.
2. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп, жазыңыздар.

I деңгей
" Итаю " сөзіне ребус құрастырыңыздар.

Тоғай бұғысы.



Сөздік:
Тоғай бұғысы - Тугайный благородный олень
Қарашеңгел - Карачингиль
Іле өзені - река Или
Аңшылық шаруашылығына - в охотхозяйстве

Тоғай бұғысы.

Жойылып бара жатқан Орта азиялық түрше. Ертеде Қазақстанда Сырдария мен Іле өзендерінің бойында мекендеген, бірақ 60-жылдардың ортасында толықтай жойылған. 1981жылы Тәжікстаннан бірнеше бұғы әкелініп, оларды Іле өзенінің сол жағалауында орналасқан Қарашеңгел аңшылық шаруашылығына жіберілді. Саны 200-ге жетіп, одан ары қарай өсуде. Бұл бұғыларды Сырдария мен Іле өзенінің бойында тіршілік мекені әлі де болса сақталған жерлерге жіберу керек.

Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.
2.Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.
3. Сұраулық шылаулар арқылы сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.
II деңгей
1.Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: Қазақстан, мекен.
2.Мына сөздерді септеңіздер: өзен, Қазақстан.
I деңгей
" Тоғай бұғысы " сөзіне ребус құрастырыңыздар.
Үстірт арқары.



Сөздік:
Үстірт арқары - Устюртский горный баран
Үстірт - Устюрт
Маңғыстау - Мангышлак
Үстірт арқары.

Тек Үстірт пен Маңғыстауда ғана мекендейді.70-жылдары саны 7-10 мыңнан 3-4 мыңға дейін кеміді, бірақ Үстірт қорығын және 2 қорықша
( Ақтау-Бозашы мен Қарагие-Қаракөл) құрылғаннан соң саны өсіп, 1991 жылы 5,5мың басқа жетті. Бұл түршенің шектелген санын пайдалану жөнінде тәжірибелер жүргізу басталды. Үстірт қорығының территориясын кеңейтіп, бірнеше қорықшылар ұйымдастыру керек.

Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.
2. Мәтіннен жалқы есімдерді теріп, жазыңыздар.
3. Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.

II деңгей
1. Мәтінге 3 сұрақ құрастырыңыздар.
2.Мына сөздерді септеңіздер: қорық , тәжірибе.

I деңгей
" Үстірт арқары " сөзіне ребус құрастырыңыздар.

Тянь-Шань арқары.



Сөздік:
Тянь-Шань арқары- Тянь-шаньский горный баран
Жоңғар Алатауы-Джунгарский Алатау
Себептері-причины
Тянь-Шань арқары.

Тянь-Шань мен Жоңғар Алатауында тараған.Бұл түршенің саны шапшаң төмендеп, қазір оның саны 1,5 мыңнан аспайды. Себептері - басқа арқаларға әсер ететін факторлар . Ақсу-Жабағылы қорығына жақын жатқан арқардың қыстайтын жерлерін қосу, көршілес Қаратау жотасында бұл қорықтың бөлімшесін ашып, Жоңғар Алатауында қорық құруды жеделдету керек.

Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.
2. Мәтінге 3 сұрақ құрастырыңыздар.
3. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп, жазыңыздар.

II деңгей
1. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: қорық, арқар.
2.Мына сөздерді септеңіздер: жер,қорық.

I деңгей
" Тянь-Шань арқары " сөзіне ребус құрастырыңыздар.

Қазақстан арқары.



Сөздік:
Қазақстан арқары - Казахстанский горный баран
Орталық Қазақстан - Центральный Казахстан
Қасақылық - браконьерство
Қысқарды - сократились

Қазақстан арқары.
Орталық Қазақстанның аласа қырат жоталарында мекендейді. 60-жылдары саны мен таралу аймағы қасақылық пен етуге жарамды мекендердің тарылуына байланысты қысқарды. 90-жылдардың ортасына қарай оның саны 12 мыңға дейін өсіп, бұл түршені белгілі бір қорғалатын жерлерде олардың шектелген санын пайдалану жөнінде тәжірибелік жұмыстар басталды. Қорықшаларда арқарларды қорғауды күшейтіп, далалық қорықтар құрып, оларды Ұлытауға қайтадан жерсіндеру керек.
Деңгейлік тапсырмалар.

III деңгей
1. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.
2. Мәтінге 3 сұрақ құрастырыңыздар.
3. Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.

II деңгей
1. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп, жазыңыздар.
2.Мына сөздерді септеңіздер: Қазақстан , қорық.

I деңгей
" Қазақстан арқары " сөзіне ребус құрастырыңыздар.

Қызылқұм арқары.



Сөздік:
Қызылқұм арқары - Кызылкумский горный баран
Қызылқұм қорығы - Кызылкумский заповедник
Қасақылық - браконьерство

Қызылқұм арқары.
Қазақстанда Қызылқұмда мекендейді, бірақ ол жерде жойылып кетуі де мүмкін. Өйткені 70-жылдардан бастап бірде - бір рет кездеспеген. Себебі басқа да тұяқтыларға әсер ететін факторлар - қасақылық және үй малдарын көптеп жою. Бұл түршені питомниктерде қолдан өсіруді бастау және алынған төлдерді қорғалатын территорияларға жіберу мезгілі жеткен сияқты. Оларды қорғау үшін Қызылқұм қорығы мен бірнеше қорықшалар ұйымдастыру керек.
Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.
2. Мәтінге 3 сұрақ құрастырыңыздар.
3. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп, жазыңыздар.

II деңгей
1. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: мезгіл, Қазақстан.
2.Мына сөздерді септеңіздер: төл , қасақылық.

I деңгей
" Қызылқұм арқары " сөзіне сөзжұмбақ құрастырыңыздар.
Орта Азия өзен құндығы.



Сөздік:
Орта Азия өзен құндығы- Среднеазиатская речная выдра
Саны-численность

Орта Азия өзен құндығы.

Адамның тікелей араласуымен саны кеміп, таралу аймағы тарылған. Тек Іле Алатауының шығысындағы кейбір жерлерде, Жоңғар Алатауы мен Іле өзенінің алқабында ғана сақталып қалған түр. Саны үнемі азаюда. Шарын өзенінің төменгі ағысы мен Жоңғар Алатауындағы Өсек өзенінің бассейніндегі су қоймаларында қорықшалар ұйымдастыру қажет - ақ болып отыр.

Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1.Мәтіннен жалқы есімдерді тауып, жазыңыздар.
2. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.
3. Мына сөздерге көптік жалғауын жалғап, жазыңыздар.
Адам, жер, өзен, бассейн, қорық.

II деңгей
1. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: адамдар, жерлер.
2.Мына сөздерді септеңіздер: аймақ, өзен.

I деңгей
" Орта Азия өзен құндығы " сөзіне ребус құрастырыңыздар.

Шұбар күзен.



Сөздік:
Шұбар күзен - Перевязка
Саны - численность
Шөлді аймақта - в пустынной зоне

Шұбар күзен.

Қазақстанның шөл және шөлейтті аудандарында кең тараған, бірақ барлық жерлерде саны өте аз. Кейбір құрғақшылық жылдары саны күрт өзгеріске ұшырап, мүлдем азайып кетеді. Шөлді аймақта Бетпақдала, Балқаш өңірі, Қызылқұм қорықтарын ұйымдастыру, сонымен қатар сирек кездесетін жануарларды қорғау үшін бірнеше зоологиялық қорықшалар құру керек.

Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.
2. Мәтіннен жалқы есімдерді тауып, жазыңыздар.
3. Мәтінге 3 сұрақ құрастырыңыздар.

II деңгей
1. Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп, жазыңыздар.
2.Мына сөздерді септеңіздер: жер, жануар.

I деңгей
" Шұбар күзен " сөзіне сөзжұмбақ құрастырыңыздар.

Орман сусары.



Сөздік:
Орман сусары - Лесная куница
Жайылмаларындағы ормандарда - в пойменных лесах

Орман сусары.

Қазақстанда Жайық өзенінің жайылмаларындағы ормандарда мекендейді. Соңғы жылдары Солтүстік Қазақстанның ормандарында бірнеше рет жерлерге ол Россияның шекаралас аудандарынан өтіп келген. Санын шектеудің негізгі факторлары-қасақылық және азық қорының азаюы. Кирсанов қорықшасында қорғауды күшейтіп, азық қоры аз болған жылдары сусарды қыс айларында үстеме қоректендіруді ұйымдастыру керек.

Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.

2.Мәтіннен көптік жалғауы бар сөздерді теріп, жазыңыздар.

3. Мәтінге 3 сұрақ құрастырыңыздар.

II деңгей
1. Мына сөздерге фонетикалық талдау жасаңыздар: орман, қасақылық.
2.Мына сөздерді септеңіздер: орман , Қазақстан.

I деңгей
" Орман сусары " сөзіне сөзжұмбақ құрастырыңыздар.

Тянь-Шань қоңыр аюы.


Сөздік:
Тянь-Шань қоңыр аюы - Тянь-шаньский бурый медведь
Жоңғар Алатауы - Джунгарский Алатау
Мекендейді - населяет
Негізгі қауіп - главная угроза
Қорық - заповедник

Тянь-Шань қоңыр аюы.

Тянь-Шань тауы мен Жоңғар Алатауында мекендейді. Ол жерлерде тиісінше 200 және 300-дей аю тіршілік етеді. Бұл аңға тиетін негізгі қауіп-адамның тікелей аулауы және таулы аудандарды игеру барысында оны мекендейтін жерлерінен ығыстыру. Жоңғар Алатауында қорық ұйымдастырып, ал Алматы мен Ақсу-Жабағылы қорықтарында аюды қорғауды күшейту керек.
Деңгейлік тапсырмалар.
III деңгей
1. Мәтіннен жалқы есімдерді тауып, жазыңыздар.
2. Мәтіннен сан есімдерді теріп, жазбаша түрінде жазыңыздар.
3. Мәтіннен жуан, жіңішке сөздерді теріп, жазыңыздар.

II деңгей
1. Сұраулық шылаулар арқылы сұраулы сөйлем құрастырыңыздар.
2.Мына сөздерді септеңіздер: жер, қорық.

I деңгей
" Тянь-Шань қоңыр аюы" сөзіне ребус құрастырыңыздар.

№ 11 жалпы орта білім беру бейіндік мектебі

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін мектепте қазақ тілінен
тіл дамытуға арналған
дидактикалық құрал
(4- сынып)

Құрастырған:
Әлкеева Айнұр Қайырбекқызы

Павлодар, 2015 жыл

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қазақстан Қызыл кітабы беттерінен. Омыртқалы жануарлар. А.Ф.Ковшарь:-Алматы, ААҚ « Алматыкітап», 2004.-128 бет, суретті.
2. Интернет желісі.
3.Птицы Казахстана. Алма-Ата, 1974.
4.Редкие животные пустынь. Алма-Ата, 1990, 254 с.
5. Редкие и исчезающие звери и птицы Казахстана.( сборник статей) Алма-Ата, 1991,334с.
6.Долгушин И.А «Птицы Казахстана». Том 1. Алма-Ата, 1960,469 с.
7. Исмагилов М.И «Экология грызунов Бетпак-Далы и Южного Прибалхашья». Алма-Ата, 1961,368 с.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Стрела (2016-05-17) | Автор: Дидактический материал E
Просмотров: 1607 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 10:54 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru