Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Ауызекі сөйлеу тілін дамыту
Искакова Эльмира Сериковна
Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Теміртау қаласының №1 жалпы білім беретін орта мектебі

Тіл дамыту жұмыстарын ұйымдастыру – оқушылардың ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттырады. Тілі жақсы дамыған бала ойын дәл жеткізеді, оқуды да ойдағыдай меңгереді. Оқушылардың тілін дамытуда сөздік жұмысының маңызы өте зор. Себебі, сөздік жұмысы- тіл дамыту жұмысының бастапқы негізі болып саналады. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту барысында бірнеше жұмыс түрлерін жүргізуге болады. Біріншіден, берілген сөздіктер арқылы жәй сөйлемнен тұратын мәтін құрастыртуға болады. Тіл дамыту деген - оқушылардың сөз байлығын молайту, дұрыс сөйлеуге үйрету. Мұны мен шамам жеткенше әр сабақта әрбір тақырыппен аралас жүргіземін. Тіл дамыту жұмысының нәтижесінде оқушылардың сөз байлығы молайып, олар тілдің фонетикалық жүйесін меңгереді.
Елбасы Н.Назарбаевтың « … қазақ ұлты өзінің мемлекеттік тілі және оны дамыту туралы айтуға қақылы» деген сөзі тіл проблемаларын шешудің, еліміздің алдында тұрған маңызды мақсаттарының бірі екендігін көрсетеді.
Қазір мемлекеттік тіліміздің дамып, өркендеп, қанат жаюына қатысты іс-шаралар жан-жақты жүргізілуде. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты - оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет-ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, тілін құрметтеуге тәрбиелеу, сонымен қатар Отанды, табиғатты, айналадағы құбылысты, тыныс тіршілігімен жан-жақты терең таныстыру. Оқушыларды қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарын түсініп, оған жауап беруге, үйренген сөздерін дұрыс айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйрету қажет.
Сабақта оқушылардың сөйлеу тілдерін арттыру барысында жұмыс жүргізудің бірі - мәтінмен жұмыс. Мәтінмен жұмыс - дегеніміз сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құрылады. Мәтінмен жұмыс істер алдында міндетті түрде мәтіндегі кездесетін таныс емес сөздермен тиянақты жұмыс істеу керек. Жаңа сөздердің мағынасын оқушылар түсініп, меңгерулері тиіс. Қазақ тілінде ұлттың дағды-дәстүрімен біте қайнасқан, елдің тарих, шаруашылық, мәдени, әдеби құндылықтарын молынан көрсететін — ауызша сөйлеу тілі. Ауызша сөйлеу тілі — күнделікті тұрмыста қолданылатын, бетпе-бет көріп отырған екі немесе одан да көп адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, пікір алысуы.

Источник: http://sholakova.gulnur@mail.ru
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: sholakovagulnur (2016-06-23) | Автор: Искакова Эльмира Сериковна E
Просмотров: 1119 | Комментарии: 1 | Теги: Қазақ тілі | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 7:23 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru