Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература |
Сабақтың тақырыбы: Сен ән айтасың Сынып: 2 а,б,в,г Күні: 05.12.16 Сабақтың білімділік мақсаты: Әннің орындалу әдіс – тәсілдеріне, ережелеріне тоқтала отырып, оқушылардың білімін тереңдету. Дамытушылық: Әр оқушының мүмкіндігін, қабілетін, музыка өнеріне деген қызығушылығы мен ынта-ықыласын дамыту. Тәрбиелік: Оқушылардың музыкаға деген ынтасын тудыру арқылы рухани байлығын арттыру, қайырымдылық пен мейірімділік, адамгершілік, ізгілік парасаттылыққа тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, СТО әдісі, «араласқан сөздер», «сиқырлы таяқша» тәсілі, суретті тану. Көрнекіліктері: Баян, интерактивті тақта. Пәнаралық байланыс : Әдебиет, өнер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі ІІ. Үй тапсырмасын сұрау ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру Ү. Жаңа сабақты бекіту ҮІ. Қорытындылау ҮІІ. Үйге тапсырма ҮІІІ. Бағалау І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу. Олардың назарын сабаққа аудару. Балалар, бүгінгі сабағымызды жақсы көңіл – күймен өткізейік. Олай болса, бір – бірімізге жақсы лебіздер айтып сабағымызды бастайық. Намысты бол Табысты бол Жігерлі бол Әділ бол Сезімтал бол Жаңашыл бол Салмақты бол Турашыл бол Шешен бол Өнерлі бол Дауыс жаттығуы: М: Күй сандықты ашайық О: до – до – до М: Тілдерін біз басайық О: до – до – до М: Бас дыбысты бастайық О: до – до – до М: Жайлап әнге салайық О: до – до – до Бірге: До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до М: Шалқып шығар сонда күй О: до – до – до М: Бәрі до – дан басталар О: до – до – до М: до – ны қоштар басқалар О: до – до – до М: До – ны қоштар басқалар О: до – до – до Бірге: До, ре, ми, фа, соль, ля, си, до До, си, ля, соль, фа, ми, ре, до ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Үйге берілген тапсырманы сұрау. | |
Просмотров: 448 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|