Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Қазақ тілі сабағында тиімді әдіс – тәсілдерді пайдаланудың ерекшелігі.
Бақыттың мәні – парасаттылықта,
әр кімнің өз алдына игілікті мақсат
қоя білуінде, ол мақсат тек кездейсоқ
рақат үшін емес, шынайы игілік үшін
бағытталуында.
Әл-Фараби

Қазіргі уақытта қазақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі. Біріншіден, қазақ халқының салт – дәстүрі мен тұрмысын, әдет – ғұрпын, мәдениетін, тарихын білуге жол ашады, екіншіден, көп ұлтты халықтың қарым – қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттілікті іске асыруға, халықтардың достық қарым – қатынасын күшейтудің құралына айналды.
Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде, оның ішінде естуі мен сөйлеуі нашар балаларға арналған арнайы мектептерде қазақ тілін үйренетін оқушылардың өзіне таныс емес тілдің дыбыстық заңдылықтарын, оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын жеткізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорларын меңгертуге тиіс екені анық. Қазақ тілін оқытып, үйрету – көптеген ізденістерді, жаңа технологияны қолдануды, тиімді әдіс – тәсілдерді пайдалануды керек етеді.
Ұстаз үшін басты міндет – оқушының қызығушылығын арттыру, оның дамуына жағдай туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту.
Кез келген оқыту технологиясы, әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдер іс әрекеттің қарқындығы мен белсенділігін арттырады, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады. Әсіресе, модульдік оқыту технологиясың маңызы – ол өте жеңіл, әрі жайлы. Ол оқушылардың өз мүмкіндіктерін тексеруге, қабілетін тануға итермелейді, өз күштері мен қабілеттерін тексеруге көмектеседі. Модульдік оқыту, сонымен қатар, топпен оқыту жұмысы, оқушылардың қарым – қатынасын және бірін – бірі оқытуды, «әлді, әлсізді оқытады» тұжырымы бойынша жүргізіледі. Мен өз сабақтарымда
М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясын» қолданып жүрмін.
Осындай арнайы мектептерде қазақ тілін оқытуда әр түрлі бағыттағы ойындарды жүзеге асыру мен үшін өте тиімді. Қазақ тілінде әр түрлі ойын түрлерін пайдаланудың артықшылығы ол – іс – әрекет, ол - таным, ол – оқып және үйрену құралы, ойын – белсенді шығармашылық, ойын – ол демалыс.
Мысалы “Қалалар” ойыны. Ойынның мақсаты: Буыннан сөз құрастырып, дұрыс жазуға дағдыландыру. Тақырып бойынша берілген атауларды есте сақтап, оқи білуге, күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.
Ойынның шарты: Сыныпты екі топқа бөліп, тақтаға қала атауының кезкелген буынын жазу. Қай топ дұрыс сөзді бірінші тапса, сол топ жеңеді. Бұл ойында кез келген тақырыпты алуға болады.
“Моншақ”ойыны. Ойынның мақсаты: Жуан, жіңішке түбірлі сөздерді қайталау және ажырата білу. Ойынның шарты: Қатты қағазға жуан және жіңішке түбірлі сөздерді жазу. Сыныпты екі топқа бөліп, қағазға жазылған сөздерді тарату. Белгіленген уақыттан кейін әр топ бір жуан, бір жіңішке түбірлі сөздерден жіпке моншақ тізулері қажет. Қай топтың моншағы бірінші тізілсе, сол топ жеңеді. Бұл ойынды да әр түрлі тақырыпқа қолдануға болады. Осыған ұқсас “Сұрақ – жауап”, “Соңы кім?”, “Сиқырлы ағаш”, “Орныңды тап ", “Жоғалған әріптер”, “Қожанасыр қоржыны” , “Аукцион”, “ Жалғасын тап”, “ Өз жұбыңды тап” секілді ойын түрлері естуі мен сөйлеуі нашар балаларға қазақ тілін меңгеруге жеңілдігін тигізеді, есте оңай сақтау мүмкіндік туғызады. Ойын түрлерін жас ерекшеліктеріне қарай қиындатуға болады.
Қай сабақ та болмасын жұмбақтар мен жаңылтпаштарды, мақал – мәтелдерді қолдану тиімді әдіс – тәсілдердің бір түрі. Әр тақырыпқа сай жұмбақтар, жаңылтпаштар, мақал – мәтелдер қолдану арқылы мен әр сабағымды қызықты етіп өткіземін. Бұл оқушыларды қазақ халқының салт – дәстүрімен ғана таныстырып қоймай олардың тілдерін жаттықтырып, жетілдіріп, сауатты сөйлей білуге үйретеді.
Өз сабақтарымда қолданып жүрген тағы бір инновациялық педагогикалық оқыту технологияларының бірі – ақпараттық коммуникациялық технология (АКТ). Компьютерлік технологияны пайдалану арқылы үлгілі, орташа және үлгерімі төмен оқушыға тілді ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік жасауға болады. Әр баланың ойлау қабілеті әр түрлі болады, біреуі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, ал біреуі тапқырыпты баяу қабылдап, оған тақырыпты қайтадан түсіндіруге тура келеді. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып, презентация жасау арқылы түсіндіруге болады. Бейне – сабақтарды қолдану мен презентацияларды көрсету оқу құралы ретінде қиялды, ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге деген қызығушылықты арттырады. Презентация бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар т.с.с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді. Бейне - сабақтар педагогикалық технологияның алға басқан тағы бір қадамы. Оқушылардың ақпаратты теледидар, компьтер және тағы басқа техникалық құралдардың көмегімен материалды жақсы қабылдайтынын көруге болады. Оларда көру арқылы есте сақтау қабілеттері дамиды. Тілді жеңіл әрі жетік меңгеруге АКТ – ны қолдану өте тиімді.
Ойымды қорыта келе мен шығармашылықпен жұмыс істеп, соңғы дамыған заманауи әдіс – тәсілдерді қолдана отырып еңбек етсем, өз білімімді жетілдіріп, әр дайым ізденіс үстінде болсам елімізде саналы, білімді жастар көбейіп, олардан болашақта біліммен қаруланған жақсы азаматтар шығады деп сеніммен айтар едім.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: gulmiraissineva (2017-01-19)
Просмотров: 1326 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 1:53 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru