Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Көлік түрлері
РМҚК «Бөбек» ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шайкулова Меруерт Алшымбаевна

Сабақтың тақырыбы: Көлік түрлері

Сынып: 1 «Б» Қатысқан оқушылар саны: 8 Қатыспаған оқушылар саны:0
Сабақтың оқу мақсаттары 1.5 Аудиовизуалды материал мазмұнын түсіну
1.2 Сөздердің лексикалық мағынасын меңгеру, жазу
1.4 Мәтіндегі негізгі қосалқы ақпараттарды түсіну
1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын ұғу
1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың кім/не? туралы екенін білу
Т5.1.1 Тыңдаған мәтінді түсінеді, түсінгенін пікір, сұрақтар немесе қимыл арқылы білдіреді
О1.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді
А1.1.1 Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.
Ж1.1.1 Білетін дыбыстарды пайдалана отырып, сөздер жазады.

Сабақ мақсаттары
(бағалау критерийлері) Оқушылардың барлығы күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсінеді.
Көбі тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап бере алады.
Барлығы дерлік тыңдау-көру материалдары бойынша заттардың таныс атауларын жаза алады. Оқушылардың басым бөлігі:
О1.1.1 Таныс сөздерді буынға бөліп оқиды және сөздердің мағынасын түсінеді
Кейбір оқушылар:
А1.1.1 Таныс сөздерді қолдану арқылы сұрақ қояды және сұраққа жауап береді.

Тілдік мақсат
(әдебиет, лексика) Оқушылар орындай алады:
Нақты тақырыпқа арналған сөздік қоры мен терминология:
Айтылым және жазылым үшін қолданылатын тіркестер жиынтығы (жиынтықтары):
Пәнаралық байланыс Орыс тілі, ағылшын тілі, өзін-өзі тану
ЖОСПАР
Жоспарланған мерзімдер (уақыт) Жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Басы
(Ұйымдастыру кезеңі)
3-5 мин • Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу. Сыныпты түгендеу.
Сәлеметсіздер ме, балалар?! Бүгінгі біздің сабағымыз, ерекше сабақ. Өйткені, мектебіміздің ұстаздары сабағымызға қатысып отыр. Алдымен, сәлемдесіп алайық!
«Өзін-өзі тану» гимназиясының
Тәрбиелі баласы,
Алдыменен қонақпен,
«Сәлемдесіп алады » - Сәлеметсіздер ме?!
Балалар үстел үстінде жатқан суреттерді келіп алыңдар. Кімге ұшақтың суреті түссе, «Ұшақ» тобына, кімге тікұшақтың суреті түссе, «Тікұшақ» тобына барып отырсын. Сабағымызды бастамас бұрын,
5 «Т» ұстанымын еске түсірейік:
1. Тәртіп
2. Талап
3. Татулық
4. Тазалық
5. Тыныштық

Тыныштық сәті: Тыныс алу жаттығуын орындау.
Тыныс алуға зейін қою.
Мұғалім: Сіздерден аяқ-қолыңызды айқастырмай, түзу отыруыңызды өтінемін. Біз қазір тыныс алу жаттығуын жасаймыз. Тыныс алуға зейін қойған кезде, біздің ақылымыз дем алады. Ауаны ішке жұту кезінде тыныштық пен қуаныш қабылдаймыз. Демді сыртқа шығарған кезде іштегі мазасыздықтарды сыртқа шығарамыз.
Кәне, дайындалайық, балалар. Көзімізді жұмамыз...,арқамызды тіктейміз..., қолдарыңды тізеге қоюға болады...
Д е м а л..... ш ы ғ а р... (жаймен 5-6 рет).

Тіл дамыту сұрақтары:
1.Балалар,айтыңдаршы, Отан дегеніміз не?
(менің үйім, туған жерім)
2.Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
(Қазақстан Республикасы
3.Біз қандай мемлекетте тұрамыз?
(Тәуелсіз,егеменді елде тұрамыз).
4.Біздің Елбасымыз кім? (Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев).
5.Біздің мемлекеттік рәміздеріміз қалай аталады?
(Ту, Елтаңба, Әнұран).
6. Еліміздің халқы қай тілде сөйлеу керек? (Қазақ тілінде).
7. Тәуелсіздігімізге неше жыл болды? (25жыл).
Балалар, сендер өз жауаптарыңда айтқандарыңдай, Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Көреген Елбасымыз, көк Туымыз, Елтаңбамыз Әнұранымыз бар, тауымыз, кең байтақ жеріміз бар. Ата-бабамыздың арманы да осы еді. Мәңгілік ел – ол Қазақстан, еліміздің болашағы – сендердің қолдарыңда!
Балалар өткен модульді жақсы меңгеріпсіңдер. Ал, енді үй тапсырмасына көшейік.
Алдыңғы оқу (Үй тапсырмасы)
10 мин Мен анаммен барамын тақырыбына қатысты 2-тапсырманы сұрау (сурет арқылы) 5 мин
Тауға, мектепке, дүкенге, саябаққа, үйге, аулаға, футболға, кітапханаға, атаммен, әжеммен, әкеммен, анаммен, ағаммен, әпкеммен, ініммен, сіңліммен, қарындасыммен, досыммен.
Ортасы (Жаңа сабақ)
15-20 Миға шабуыл. Көлік туралы жұмбақ жасыру
1. Құстан аумайды,
Көкте заулайды. (Ұшақ)

2 . Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялдайды. (Автобус)

3. Өздігінен жүрмейді, жарыспайды,
Кісі мінсе, жарыстан қалыспайды. (Велосипед)

4. Жүрген жері сілкінеді. (Пойыз)

Жауаптарың дұрыс. Бір сөзбен айтқанда бұлар – көліктер. Ендеше, бүгінгі біздің жаңа тақырыбымыз – көлік түрлері.
Ортасы: Ертеде адамдар бар ауыр жүкті өздері арқаларына салып баратын жерлеріне жаяу барған. Содан адамдар көлік ретінде ең алғаш үй жануарларын пайдаланған. Қазақ халқы ат,түйені көлік қылып мінсе,үндістер пілді,ал кейбір шығыс халқы есек,бұқаларды көлік қылған екен. Содан кейін адамдар ең алғаш көлікті ойлап тапқан оған күйме-онымен адамдар баратын жерлеріне барған, ат арба онымен адамдар шөп,ауыр жүк тасыған. Қазіргі таңда бұл көліктердің маңызы төмендеді.
Қазір көліктердің түрлері өте көп. Оларды бірнеше топқа бөлуге болады ,мысалы:суда жүзетін, жерде жүретін, әуеде ұшатын және жер асты көліктері.
Жерде жүретін көліктерге:
Жеңіл көлік, велосипед, пойыз,
автобус, троллейбус, жүк көлігі.
Әуеде ұшатын көлік түрлеріне:
Ұшақ, тік ұшақ, зымыран.
Суда жүзетін көлік түрлеріне:
Кеме, қайық .
Жер асты көліктеріне: метро жатады
2. Суретке қарап, ондағы көліктерді атап айту.
Жаңа сөздерді қайталау(хормен), жекелей
Сөздерді танып-білу дағдыларын дамыту; Әріптердің дұрыс дыбысталуын меңгеру.
Оқушыларға сөздерден сөз тіркесін, сөйлем құрату.
мәшине – машина-car
ұшақ – самолет- airplane ['eəpleɪn]
тікұшақ-вертолет- helicopter ['helɪkɔptə]
кеме – корабль – ship
қайық – лодка -
автобус – автобус- bus [bʌs]
троллейбус-троллейбус- троллейбус
пойыз – поезд-train[treɪn]
метро – метро-
велосипед- bicycle -[ˈbaɪsɪk(ə)l]
бағдаршам-светофор-traffic light[ 'træfɪk 'laɪt]

Дәйексөз: Алыс сапар алғашқы кадамнан басталады.
(Мақал)
Кітаппен жұмыс. (Оқылым)
2-тапсырма.Ойлан.Толықтырып оқы

Дидактикалық ойын: (Тақтамен жұмыс)
Балалар, қараңдаршы, қандай суреттерді көріп тұрсыңдар? Бұлттың астына ауада ұшатын көліктерді,судың астына суда жүретінін, жол бейнеленген суреттің астына жерде және жер астында жүретін көліктерді жазайық. (Жеңімпаз топқа ұшақ немесе тікұшақ суретін үлестіру
6. Сергіту сәті «Пойыз»
«Қане, кімнің бойы ұзын?
Паравозы ол пойыздың.
Қатар-қатар тұрайық,
Пойызды біз құрайық.

Ал, паравоз, баста алға
Бәрімізді басқар да
Пш-пш, пш-пш, біз кеттік,
Жүрісті тым үдеттік.

Гу-гу, гу-гу, гуілде,
Қалып қойма бәрің де,
Пш-пш, пш-пш, біз кетік,
Жүрісті тым үдеттік. Ә. Асылбеков

(Дәптермен жұмыс) Жазу дәптеріндегі тақырыпқа байланысты Ө ө әрпін және сөздерді жазу.
Қазақ тілінің төл дыбыстары: Ө ө дыбысын және оны таңбалаушы әріптерімен таныстыру, жазғызу. Бұл жұмыстар әріптер, жеке буындар мен сөздерді жазу арқылы жүргізіледі.
Ө ө Өнербек Өрік
(Айтылым) Ал енді балалар, сендерге мынадай тапсырма: Бағдаршам түстерін орындарына сәйкестендіріп орналастырыңдар және ол түстердің нені білдіретінін түсіндіріңдер.

«Бүлінген факс» ойыны. Көлік атауларының қиындыларға жазып партаға қою. Қай топ бірінші болып көлік атауларын құрастырса , жеңімпаз болады.
Сөздер: мәшине, ұшақ, автобус, пойыз, велосипед, метро.

Соңы Көліктерде жүріп, түсу, әдептілік ережелері, қоғамдық көліктегі тәртіп туралы түсінік беру.
Автобус – адамдарды тасиды.Камазбен отын, көмір тасиды. Ұшақпен, пойызбен біз алыс қалаларға барамыз. Бір сөзбен айтқанда, балалар, көліктер біздің ауырымызды жеңілдетіп , алысымызды жақындатады. Өне бойы тұнып тұрған риясыз сүйіспеншілік. Көліктердің бізге деген риясыз сүйіспеншілігіне біз де лайықты болуымыз керек. Сүйіспеншілік – өзін-өзі танудың негізін қалаушы құндылық.

Суреттер: дұрыс – бұрыс.
Шекілдеуік шағу, қарқылдап күлу, үлкен кісілерге, кішкентай балаларға орын беру, тазалықты сақтау, дөрекі сөйлемеу, тамақтану, көлікте кітап оқу, үлкен кісілерге көлікке мінуге көмектесу.
Қосымша ақпарат
Саралау
(оқушы деңгейі) Бағалау
(кері байланыс) Дескриптор
Деңгейлік тапсырмалар.
1-деңгей.
Жаңа сөздерді қолданып, мәтін құру.
2-деңгей.
Әуеде, жерде, суда, жер астында жүретін көлік атауларын ажыратып жазу.
3-деңгей.
Бағдаршамның түстерін атау. Түстердің нені білдіретінін айту. «Бағдаршам» әдісі арқылы
бағалау
Жасыл – бәрі түсінікті.
Сары – сұрақтарым бар.
Қызыл – түсінбедім.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: ТатьянаТатьянка (2017-03-07) | Автор: Шайкулова Меруерт Алшымбаевна E
Просмотров: 978 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 4:05 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru