Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

Сабақтың тақырыбы: «Абай оқуларына қатысымыз»
Сабақтың тақырыбы: «Абай оқуларына қатысымыз»

Сынып: 7 «А»

Пән мұғалімі: «Н.Г. Чернышевский атындағы орта білім беретін мектебі» ММ жоғары санатты қазақ тілі мен әдебиет піні мұғалімі Кушерханова Жанна Нурмагамбетовна

Сабақтың мақсаты: Абай туралы білген мәліметтерін толықтыру. Мәтіннен өзекті ойды, сөйлем, тірек сөздерді таба білу арқылы,мәтінді толық меңгеру. Зат есімді қайталау, бекіту. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін салыстыра отырып талдау жасау. Есте сақтау мен сауатты жазу дағдысын қалыптастыру. Топтық жұмысқа дағдыландыру. Мотивациясы төмен оқушылардың қызығушылығын, өзіне деген сенімділігін арттыру.
Көрнекілік: АКТ-ны пайдалану, қима қағаздар, суреттер, сызбалар.

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Ой қозғау - Суреттерді көрсету
- Балалар, мына суреттерге қараңдар, сендердің ойларыңша,оларды не біріктіреді? (қыс, күз, көктем,жаз, қалам, кітап, Жидебайдың көрінісі, Ескендір-Македония патшасы, Абай мұражайы)
- Иә, дұрыс, бұл суреттер қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев тақырыбымен байланысты.
2. Сабақтың тақырыбын айту
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Абай оқуларына қатысамыз». «Абай оқулары» байқау болғандықтан, әр оқушының алфавит тізімі бойынша өз нөмірі болады. (балалар нөмірлерін алып тағады, әр деңгейдегі оқушылар тізімі қатысушы-мұғалімдерге беріледі)
3. Топқа бөлу
- Балалар, сендер қиылған қағаздарды алып, Абайдың өлеңін құрастырып, топқа бөлінесіңдер.



4. Жетістік критерийлері. Әр топқа жетістік критерийлері таратылып, түсінік беріледі



Жетістік критерийлері:
1 ұпай -Біледі, түсінеді
2 ұпай -Біледі, түсінеді, қолданады
3 ұпай - Біледі, түсінеді, қолданады,талдайды
4-7 ұпай «3» 8-12 ұпай «4» 13-15 ұпай «5»

ІІ. Негізгі бөлім

1 Мәтінмен жұмыс (оқылым, тыңдалым)
- Балалар, біз мына мәтінді тізбектеп оқып шығайық. Жаңа сөздермен танысайық:
Байқау-сайыс; өңірінен-жерінен; оқу шеберлігін айқындау-мәнерлеп оқуын тексеру; үзінді-қысқаша бөлік; кезең-бөлім; жеңімпаздары-; алғыс – рақмет;

«Абай оқулары» байқауы

Мұғалім: Әнел, «Абай оқулары» байқауына қатысқың келе ме?
Әнел: Иә, қатысқым келеді. Байқаудың шарты қандай?
Мұғалім: «Абай оқулары» бақауына Қазақстанның әр өңірінен 7-9 сынып оқушыларынан
оқушы қатыса алады.
Әнел: Байқау неше тапсырмадан тұрады?
Мұғалім: Байқау 2 тапсырмадан тұрады.Бірінші тапсырма: көркем сөз оқу шеберлігін айқындау - Абай шығармаларын (поэзия, қара сөздері) немесе «Абай жолы» романынан үзінді жатқа оқу. Екінші тапсырма: әншілік қабілетін таныту -Абай әндерінен бір ән орындау.
Әнел:Байқау неше кезеңнен тұрады?
Мұғалім: Байқау екі кезеңнен тұрады: бірінші кезеңде қалалық, облыстық іріктеу байқауларына қатысасың. Одан өтсең, екінші кезеңге, республикалық байқауға қатысасың. Оған облыстық байқау жеңімпаздары қатысады.
Байқауға қатысушылар «Абай жолы» романының төрт томдық кітабымен, алғыс хаттармен марапатталады.
Әнел: Жарайды,мұғалім,түсіндім. Мен байқауға дайындала берейін.
- Топпен мәтіннен 5 сөйлем, 1 идеясын және 5 тірек сөз тауып жазасыңдар. Жұмысты тексеріп, ұпай қоясыңдар.

2. Өлең айту (айтылым)
- Балалар, мен сендерге Абайдың өлеңінен кез келген шумақты айтамын, сендер қай өлең екенін анықтап, өлеңді жатқа мәнерлеп айтып бересіңдер. Соңында өздеріңді бағалайсыңдар.
1) Кетігін тап та бар қалан!
2) Бітпейді іштегі
3) Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.
4) Бес нәрседен қашық бол,
5) Тасыған өзен гүрілдеп.
6) Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

3. Сергіту сәті. Абайдың әнін айту
- Балалар, біз Абайды ақын ретінде ғана емес, композитор екенін де білеміз. Қазір Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайық.

4. Грамматикалық тапсырма (жазылым). Морфологиялық талдау (тақтаға шығып талдайды)
- Балалар, мәтінде біз жаңа сөздермен таныстық, сол сөздерге қазір морфологиялық талдау жасаймыз. Топ мүшелері тексеріп, қатесін жөндейді.
1 топ-жеңімпаздары; 2 топ-шеберлігін; 3 топ-шығармаларын
Топ тексеріп бағалайды.

5. «Ұлылар үндестігі» салыстырмалы жұмыс. Жоба.
- Балалар, бүгінгі сабаққа Влад жоба дайындап келді, сол жобаны көріп тыңдайық.
(слайдтар көрсету)
- Сендер мектепте ағылшын тілін оқығандықтан, Гетенің бұл өлеңін ағылшын тіліндегі аудармасымен жұмыс істейміз.
Әр топқа Гетенің өлеңі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таратылып, талдау жасайды. Әр топ өз сөзін айтады, келесі топтар баламасын тауып айтады. Топ бір-бірін бағалап ұпай қояды.

6. Жүгіртпе диктант (жазылым)
- Топтан оқушылар бір-бірден тізбектеп шығып тақтадағы мәтінді дәптерге көшіреді, берілген уақытта орындап, топтан бір оқушы оқып шығады.

ІІІ. Бағалау.
- Балалар, сабақтың басында жетістік критерийлері берілді. Сабақ барысында сендер бір-бірлеріңді бағалап, ұпай қойып отырдыңдар. Енді ұпай саны мен бағаларыңды айтыңдар.
ІV. Рефлексия. «Екі жұлдыз-бір тілек» жазып, өзін-өзі бағалау. Тақтадағы І-ІІ-ІІІ дәрежелі дипломдарға өзінің қай деңгейде тұрғанын анықтап,желімдеп қояды.

- Балалар. Осымен сабағымыз аяқталды Сау болыңдар!
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: FNV (2017-03-14)
Просмотров: 891 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 4:44 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru