Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

«Қазақ музыка әлеміндегі атақты күйшілер. Сын есім».
Департамент образования Северо-Казахстанской обл. РК
Городской отдел образования при акиме
г. Петропавловска
Гуманитарный центр образования и воспитания

Шаукерова Д.Н.

Казахский язык
Тема: Поурочный план в 11 классе
«Қазақ музыка әлеміндегі атақты күйшілер. Сын есім».

Первая гимназия
г: Петропавловск. 2011 г.

Сабақтың тақырыбы: Қазақ музыка әлеміндегі атақты күйшілер.Сын есім.
Сабақтың ойқазығы: Туғанда дүние есігін ашады өлең,
Өлеңмен жер қойнына кірер денең.
(Абай)
Сабақтың мақсаты: Қазақ халқының атақты күйшілері Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нүрпейісованың музыка әлемінде қалдырған шығармашылығы туралы әңгімелесу, оқушыларды өнерге баулу. Сын есімді еске түсіріп қайталау және тапсырмалар орындау.
Міндеттері:
- оқушыларды музыка әлеміндегі күйді түсініп бағалай білуге баулу;
- күйші-композиторлардың шығармашылығы арқылы оқушыларға адамдық ізгі қасиеттерді дарыту;
- оқушылардың ауызша, жазбаша ойлау қабілеттерін шыңдау;
Сабақтың типі: дәсүрлі
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгертуге негізделген кіріспе сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, тексеру, көрнекілік әдісі, талдау
Негізгі әдіс: ізденіс
Интеграциялық мүмкіндігі:
1. Ән-күй: Құрманғазының күйі «Адай»
2. Орыс тілі (аударма)
3. Шәкәрім Құдайбердиевтің әні «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек»
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
а/ Сыныппен амандасу.
- Балалар, бүгін біздің сабағымыз атақты күйшілерге арналады. Ең алдымен біз екі топқа бөлініп алайық.
І топ «Құрманғазы» ІІ топ «Дина»
- Балалар, дәптерлеріңді ашып бүгінгі күнді және тақырыпты жазып қойыңдар.
І дидактикалық кезең: «Күй – көне музыкалық шығарма»
Міндеті: оқушылардың танымдық қызметінің мотивациясын қалыптастыру.
Атқарылатын жұмыс түрі: ойқозғау салу.
Мұғалім сөзі: - Балалар, қазір біз Құрманғазының «Адай» күйін тыңдаймыз.
І топ - Күй деген не? (слайд)
- Күй – көне музыкалық шығарма, өнер туындысы, әуен, саз, ұлттық мұра,
(флипчартпен жазу)
ІІ топ - Күйде не туралы айтылады? (слайд)
- Күйде қазақ халқының тұрмысы, өмір-тіршілігі жайында айтылады. Күй біздің заманымызға ауыздан-ауызға көшіп жеткен (флипчартпен жазу)
І топ - Қандай күйшілерді білесіңдер? (слайд)
- Қорқыт ата, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нүрпейісова, Тәттімбет Қазанғапұлы, Кенен Әзірбаев, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Ахмет Жұбанов сияқты композиторлар мен күйшілер көп болған (слайдтан фото көрсету).
ІІ дидактикалық кезең: «Ата өнері - балаға мұра»
Міндеті: Тақырыптың түпкі ойын ашу.
Атқарылатын жұмыс түрі: мәтінмен жұмыс
1. Мәтін бойынша жаңа сөздермен танысу
а/ Сөздерді мәнерлеп оқу
ә/ Сөздермен сөз тіркестерін құру
б/ Сөз тіркестерімен сөйлемдер құрастыру.
2. Мәтінмен жұмыс:
1. Мәтінді мәнерлеп оқу
2.Мәтінді аудару.
3. Мәтінді қысқаша мазмұндау.
4. Мәтін бойынша кесте толтыру
Күйші Туған жылы Туған жері Шығармалары Қайтыс болған жылы
1 топ - Құрманғазы Сағырбайұлы (мәтін)
Құрманғазы Сағырбайұлы (1806- 1879) – қазақтың күйші, композиторы, домбырашы, халықтық аспаптық күй өнерінің классигі. Күйші қазіргі Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданындағы Жиделіде туған. Атақты күйшілерден күйлерінің мазмұны туралы әр түрлі әңгіме тыңдаған. Құрманғазының алғашқы ұстазы – белгілі күйші Ұзақ болған. Ұзақпен бірге ел аралап, домбырашылық өнерін жетілдірген, өнер сайысына түскен. Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі – «Кішкентай». Одан кейін «Ақбай», «Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Адай», т.б. күйлерін шығарған. Күйші Астрахан облысының Володар ауданындағы Алтынжар ауылында қайтыс болған. Сол жерде ескерткіш орнатылған және мұражай ашылған. Құрманғазының музыкалық мұрасы өте бай. Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрі Құрманғазының мұрасын өте берік сақтады. Бұл оркестр Қазақстанның барлық жерлерінде, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Балтық жағалауында, Молдовада, Орта Азия республикаларында өнер көрсетті. Оркестр Бухаресте 1953 жылы тамызда болған дүниежүзілік фестивальда бірінші жүлдеге ие болды.
Сөздік: күйші – исполнитель кюя ( мелодии) на домбре
алғашқы ұстазы – первый учитель
күйлерінің мазмұны – содержание кюя
аспап – инструмент, мұра – наследие
жағалауында – на берегах
дүниежүзілік – всемирный, жүлде - премия
2 топ - Дина Нүрпейісова (мәтін)
Атақты күйші, композитор Дина Нүрпейісова 1861 жылы қазіргі Орал облысы, Жаңақала ауданы, Бекетай құмында, қарапайым шаруаның отбасында туған. Әкесінің аты Кенже болған. Ол Динаны бала кезінен бетінен қақпай еркін өсірген. Динаның музыкаға деген зеректігі өте ерте байқалған. Ол жеті-сегіз жасында қолына домбыра ұстайды. Тоғыз жасында Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі. Олар: Ұзақ, Түркеш, Көкбала және т.б. Осы күйшілердің шығармаларымен танысады. Дина бұл күйшілерден Дәулеткерейдің күйлерін үйренген.
1888 жылы Құрманғазы Динаға: «Менің күйлерімді кейінгі ұрпаққа жеткіз», - деп өз домбырасын ұсынған. Дина ұстазының өсиетін орындады.
Динаның кең тараған күйлері: «Әсем қоңыр», «Той бастар», «Жеңіс», «Ана бұйрығы», «Бұлбұл» т.б. 1945 жылы Динаға Қазақ КСР-нің Халық артисі атағы берілді. Күйші 1955 жылы 31 қаңтарда 94 жасында Алматы қаласында қайтыс болды.
Сөздік: қарапайым – простой
шаруа отбасында – в бедной семье
қақпай еркін өсірген – воспитывал свободно
зеректік – способность, жеткіз – донеси
ұсыну – вручить, өсиет – завещание
ІІІ дидактикалық кезең. «Ұлттық аспап – ғасырлар мұрасы»
Міндеті: күйші-композиторлар өздерінің күйлерін халыққа қандай аспаптармен жеткізгендерін анықтау.
1. Қандай ұлттық аспаптарды білесіңдер?
2. Қобыз, жетіген, домбыра (слайд)
3. Қобыз, жетіген домбыра жайлы не білесіңдер? (Аспаптарға сипаттама беру)
Қобыз – ысқышпен тартылатын, төрт ішекті музыкалық аспаптың бір түрі. Дыбыс ішекті тырнақпен басу арқылы шығады.
Домбыра – қос ішекті, шертіп ойналатын музыкалық аспаптардың көне түрі. Беткі қақпағындағы өрнектер қызыл қарағайдан әшекейленіп жасалған. Тоғыз пернесі, екі құлағы бар.
Жетіген – жеті ішекті, шертіп ойнайтын музыкалық көне аспаптардың бірі.Бұрауы жоқ. Сондықтан оның құлақ күйі жеті асықты ілгерінді – кейінді орналастыру арқылы келтірілген. Дыбыс ішекті саусақтармен іліп – қағу арқылы шығады.
ІҮ дидактикалық кезең. «Грамматика әлемінде»
1. Сын есім дегеніміз не?
2. Сын есімнің жасалу түрлері қандай? (оқушылар жауабы)
Мәтін бойынша грамматикалық тапсырмалар:
1-тапсырма:
1-топ: Берілген сын есімдермен сөйлемдер құрастыр: қарапайым, кең, шебер, белгілі.
2-топ: Мәтіннен сын есімдерді тауып сөз тіркестерін жаса.
1-тапсырма:
1-топ: Күйшілердің, ұстазының сөздеріне морфологиялық талдау жаса.
2-топ: Мәтін бойынша үш сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
Ол Динаны бала кезінен бетінен қақпай еркін өсірген. Динаның музыкаға деген зеректігі өте ерте байқалған. Тоғыз жасында Құрманғазымен танысады. Дина өз заманының белгілі күйшілерімен кездеседі.
Ү дидактикалық кезең. «Ойлы болсаң, озып көр» ойыны
(Сабақты бекіту)
- Балалар, біздің алдымызда үлкен сын – Ұлттық бірыңғай тестілеу тұр. Осы тестілеуде кездесетін сұрақтар бойынша дұрыс жауапты іздеп көрелік.
І, ІІ топ кезектесіп ұяшықты таңдаймыз.
1 сұрақ: Құрманғазының алғашқы күйлерінің бірі қалай аталады? (Кішкентай)
2 сұрақ: «Отырар сазы» оркестрін құрған композитор ... (Нұрғиса Тілендиев)
3 сұрақ: Дина Нүрпейісованың алғашқы ұстазы ... (Құрманғазы Сағырбаев)
4 сұрақ: Жетігеннің бөлшектерін ата. (Жеті ішек, ерсілі – қарсылы орналасқан жеті асық)
5 сұрақ: Қобыздың атасы кім? (Қорқыт)
6 сұрақ: «Менің Қазақстаным» әнұранының музыкасын жазған кім? (Шәмші Қалдаяқов)
7 сұрақ: Құрманғазының ұстазы кім? (Ұзақ)
8 сұрақ: Дина Нүрпейісова неше жасында Құрманғазымен кездесті? (тоғыз)
9 сұрақ: ІХ ғасырда Сыр бойында өмір сүрген ұлы ойшыл, күйші кім? (Қорқыт)
10 сұрақ: Домбыраның бөлшектері қандай? (екі ішек, тоғыз перне, екі құлақ)
ҮІ дидактикалық кезең. Үй тапсырмасы.
 1. Мәтінді мазмұндау.
 2. Мәтін бойынша сөздерді жаттау.
 3. “ Менің сүйікті музыкам” (эссе)
Бағалау.
ҮІІ дидактикалық кезең «Жақсының сөзі өлмейді, ғалымның хаты өлмейді» - дегендей М.Мақатаевтың “Бабаларым рақмет сендерге”
Бабаларым, рақмет сендерге,
Балаларым болмасын деп көр кеуде.
Домбыраңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып келгенде – деп Мұқағали ақынымыз айтқандай ән мен күй көңілдің ажары демекші, әнді тыңдағанда біз оның мазмұнын ұға аламыз, сондай-ақ күйдің де мазмұны болады.
- Ендеше, біз бүгін сабағымызды Шәкәрім Құдайбердиевтің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» әнімен аяқтаймыз.
(Бейнетаспадан ән тыңдау)
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Alma777 (2011-06-28)
Просмотров: 9614 | Рейтинг: 2.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 3:11 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru