Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Казахский язык и литература

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНДЕГІ ШЫҒАРМАЛАР АРҚЫЛЫ ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Г.Қ.Тулеутаева,
Қарағанды облысы
Бұқар жырау ауданы
Ростовка орта мектебі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНДЕГІ ШЫҒАРМАЛАР АРҚЫЛЫ
ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Патриот болу – Қазақстан мемлекетін өз жүрегінде сақтау» деген сөздері терең ой салады. Өз елінің патриоты болу әрбір азаматтың парызы мен міндеті. Жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім өз-өзінен қалыптаспайды, ол оқу-тәрбие үдерісінде мемлекеттік саясат негізінде жүргізілуі керектігін бүгінгі заманның өзі талап етіп отыр. Білім беру мен тәрбиенің негізгі міндеті - өз елінің азаматын, патриотын тәрбиелеу. Қазақстанның мектеп оқушыларына этностық ерекшеліктерімізді, халқымыздың тарихы мен мәдениетін, сондай-ақ халықтың батыр ұл-қыздарының ерлік істерін насихаттау жастарды патриоттыққа тәрбиелеудің жолы болып табылады. Адам баласының әрқайсының өз өмір жолы болатыны тәрізді, кез-келген халықтың, қоғам мен мемлекеттің өз тарихи ғұмыры бар. Ол көне тіршілік көшінде сан алуан кейіпте көрініп келе жатқан күрделі үдеріс. Әр ұрпақ өзінен бұрынғы ұрпақтың жалғасы болғандықтан өз дәуірінің шыңырауына үн қосып, өз соқпағын іздейді. Әлем тарихында патриоттық тәрбие туралы білім ғасырларға тамырымен терең кеткен. Менің пайымдауымша, патриоттық тәрбие сүйенетін негізгі ұғымдар – «ұлттық патриотизм» және «қазақстандық патриотизм». Ұлттық патриотизмді қалыптастыруда салт-дәстүрлердің атқаратын орны ерекше. Ұлттық патриотизм дегеніміз – ең алдымен қазақ халқына сүйіспеншілікпен қарау, оның ұрпақтан ұрпаққа үзілмей жалғасып келе жатқан құндылықтарын адам бойына сіңіру. Тереңірек пайымдасақ, мұның өзі ұлтымызды ұлылауға бағытталып, ілгеріде жүргізілген кереғар ұлт саясатының кесірінен ұмытылып қалған дәстүрлердің жаңғыруы ұлттық патриотизмді күшейте түседі. Ал Қазақстандық патриотизм - Қазақстан азаматының өзін осы елдің төл баласы нағыз азаматы ретінде сезінгенде, Қазақстанды өзінің туған елі, Отаны деп есептеген жағдайда ғана қалыптасады.
Бұл зерттеу жұмысымда жеке тұлғаның өзіндік мінез-құлқы мен оның жеке психологиялық ерекшеліктерін, көптеген басқа да әлеуметтік факторлардың ықпалын ескере отырып, жеке тұлғаның бойында патриоттық сезімді қалыптастырудың негізі ретінде оқыту-тәрбиелеу аясында қазақ әдебиеті пәнінің рөлін, атқаратын қызметін қарастырып отырмын.
Тәуелсіз Қазақстан жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруде қазақ әдебиеті пәнінің алатын орны ерекше. Өйткені жалпы тәрбиелеу үдерісі біріншіден отбасынан бастау алып, мектеп арқылы жалғасын табады. Баланы отбасында патриоттық сезімге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата тегін білуді таныту – ата-ана парызы болса, әдебиет пәні мұғалімнің міндеті көркем шығармалар арқылы тәрбиелеу. Әдебиеттегі шығармалар ойды да, сезімді де тәрбиелейді, мінез-құлықты қалыптастырады. Оқырман жағымды кейіпкерлерге еліктейді, одан үлгі алады. [1, 6 бет]. Ал мектеп оқушылары осы пән арқылы өз бойына патриоттық сезімді ұялататыны анық. Ең бірінші әсер Тәуелсіздікке қол жеткізген аға, әпкелеріміздің ерліктері болса, туған жерге деген сүйіспеншілік, ерлік жасауға негіз болатын оқиғалар барлығы әдеби шығармаларда беріледі, әдебиетіміз тікелей тарихпен байланысты, ал тарихымыз біздің осы күнге жеткен қиын да, аңсаған жолымыз. М.Жұмабаевтың «Елдің елдігін сақтайтын- әдебиеті, тарихы, салт-дәстүрі»[6, 203бет] деген нақыл сөздері бар. Мәселен 5-сыныптың қазақ әдебиетін алсақ, ежелден қалыптасқан қазақтың отансүйгіштігін, ұлтжандылығын айқын көрсететін шығармалар ұсынылған, оған қазақтың мақал-мәтелдері де дәлел. Мәселен туған жер, отан туралы мақал-мәтелдер: «Отан үшін отқа түс - күймейсің», «Отанды сүю отбасынан басталады», «Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас», «Көп түкірсе - көл», «Елдің көзі - елу» [1, 25 бет] т.б болып кете береді. Мақал-мәтелдердің өзі қазақтың елін, жерін, Отанын сүюінің негізі болып табылады. Қазақ әдебиеті пәні оқушылардың ішкі дүниесін, рухани-адамгершілік келбетін қалыптастыруға бағытталған, бұл пәннің бұл тұрғыда ерекше мүмкіндіктері бар. Өйткені оның мазмұнында ұлттық құндылықтар жарасымды үйлесім тауып жатады. Мұның өзі халқының өзіне тән ұлттық ерекшелігін терең танып, көре білуге мүмкіндік береді. Мәселен 7-сынып оқулығында лиро-эпостық жырлар, қазақтың би-шешендерінің сөздері, жыраулар поэзиясы оқушыға ұлттық таным, патриоттық тәрбие берсе, ежелгі дәуір әдебиеті бөлімінде Түрік қағанаты заманында қолбасшы болған Күлтегіннің, «Оғыз Қаған» дастанында Оғыз батырдың түркі елін жаудан қорғаудағы ерлік істері, әскери жорықтары, даналығы оқушылардың сана-сезіміндегі патриоттық сезімнің қалыптасуына оң әсер береді.[2,49-51 бет]. Сан ғасырлық ұлттық тәрбиенің этнопсихологиялық негіздерін бір арнаға түсіріп, қазақ ойшылдары мен ағартушыларының, қоғам қайраткерлерінің еңбектеріндегі ұлттық тұлға тәрбиесі туралы ой – пікірлерін, үлгі-өнегесін тәрбие мәселесінде көп пайдаланамын. Мысалы, Жамбыл Жабаевтың «Патша әмірі тарылды» (1916 жылғы оқиға) өлеңі 1916 жылы Ресей патшасының жарлығымен қазақтың жігіттерін майданға қара жұмысқа алғаны жөнінде суреттейді. Ол жарлық рухы биік қазақ халқын қорлаумен бірдей еді. Халық наразалықтарын білдіріп көтеріліске шықты. [2, 81-82 бет]. Бұл өлең қазақ халқының намысшыл, өз елінің ертеңгі жарық сәулелі күні үшін жан қияр халық екенін ұғындырады. Мағжан Жұмабаевтың «Өткен күн» өлеңі Сарыарқаның кереметтерін суреттеп, оқушылар бойында туған жердің табиғатына деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады, сонымен қатар «Сүйемін» өлеңінде «Сол анамды сүйемін», «Сол жарымды сүйемін», «Сол елімді сүйемін», «Сол Арқамды сүйемін» деген сөздері арқылы ақын туған халқын, елін, жерін айтып отыр. [3, 104 бет]. Ендеше, ақынның өз елінің патриоты екенін сезінген оқушылар Мағжан Жұмабаевты өздеріне үлгі ретінде тани біледі. Батырлық жырларының да білімділік және тәрбиелік мәні зор, қандай шығарма болса да оның негізгі мақсаты – тәрбие. Ауыз әдебиеті – халықтың ой-санасы мен мінез-құлқын қалыптастыратын тарихи мектеп. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында бас кейіпкер, қазақтың біртуар батыры Баян інісі Ноянның өз елінің жауы қалмақ қызымен кетіп қалғаны үшін туған інісін өлімге қиюы арқылы батырдың отансүйгіштігін көрсетіп, әр оқушының жүрегінде елге, жерге деген сезімдерін ұялатады.
Әрбір сабағымызда Қазақстан елінің күнделікті тұрмыс-тіршілігі, оның жетістіктері туралы айтып отырсақ, оқушылардың да өз еліне деген сүйіспеншілік сезімдері қалыптасады. Менің ойымша мұндай ұстанымдар «шынайы патриотизм» түсінігінің мәнін ашып көрсетеді. Осындай әдеби шығармалар ата-баба дәстүрінің ізімен жастарды жауынгерлік рухқа баулуды, Отанға, халыққа шын сүйіспеншілікпен қарауды, ата салтын құрметтеуді, ел тарихына қызығушылықпен қарауды тәрбиелеу әдебиет сабағында үлкен жетістікпен іске асады. Ұлы педагог Мағжан Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде ұрпаққа ұлттық тәрбие беруге зор көңіл бөлді. «Әр тәрбиешінің қолданатын жолы – ұлт тәрбиесі болсын»,-дейді. Сондықтан да ұлтжанды, Отанын сүйген патриоттар салт-дәстүрін, тілін, дінін жетік білген азаматтар болмақ. Қазіргі уақытта «Қазақстандық керемет» деген ұғым пайда болды. Ол тек бастамасы. Оған нағыз сай болу үшін жан-жақты дамуымыз керек. Қазақ – құдыреттілігі, имандылығы, адамгершілігі көзінен, жүрегінен көрініп тұрған, патриоттығы ішінде ұйып жатқан кең халық. Бүкіл білім беру жүйесі арқылы осыларды сыртқа шығару, жоғарғы дәрежеге көтеру қажет, ол үшін сапалы патриоттық тәрбие керек. Бұл сырттан ғана келетін әсер емес, ол іштен шығатын, дамитын, қалыптасатын ерекше қасиет. Ол қазақ менталитетінің ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан халыққа тән санамен келген ойлау нәтижесі. Қазақстан Республикасының білім берудің жаңа бағдарламасында қоғамның бүгінгі күнгі талабы алдағы уақытта да әрбір адамды Отанын сүюге, туған жерін құрметтеуге, ата-бабаның озық салт-дәстүрлерінің құндылығын мақтаныш тұтуға, әлемде халықтар арасындағы бейбітшілік үшін достықты нығайтуға бағыт беруде талмай еңбек етуді қажет санайды. Қазіргі заманда біздің халқымыздың патриоттық сезімі экономиканы қайта құруда, қоғамды рухани жаңартып демократияландыруда, плюрализм пікірін бекітуде және әлеуметтік орта мен идеологиядағы сол бір тоқырау кезеңдерінің әсерінен туған жікшілдік пен бұрмалаушылықты жоюдағы күреске бар күшті ынталандыруда көрініс тауып отыр. Бұл келешек жас ұрпақты патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеудің қажеттілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының егеменді ел болып, ана тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды елеп-екшеп және рухани құндылықтардың қорына өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу бүгінгі ұрпақ тәрбиесінің керегіне жарату өзекті мәселелердің бірі болуда. Қазіргі кезде қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында зерттеу жүргізуші ғалымдар халқымыздың сан ғасырлардағы рухани мұрасын, әсіресе оқу, тәлім-тәрбие мәселесін философия, психология, педагогика ғылымдарының зор жетістіктерін пайдаланып, асыл қазыналарын жоғары теориялық биіктен талдап, ғылыми көзін ашуда. Қазақ елі жастарының 1986 жылғы желтоқсандағы рухани сілкінісі туғызған қайта түлеу үдерісі, сол патриотизмнің даму барысын өзгертуге, сөйтіп, шынайы ұлттық патриоттық тәрбие қағидаларын (принциптерін) қайта қарауға ықпал етті.
А.А.Бейсенбаева «Қазақтың ерлік эпосы арқылы жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру» атты ғылыми еңбегінде «патриотизм», «патриоттық тәрбие» ұғымдарының мәні, олардың құрылымдық компоненттері мен функцияларын нақтылап, мектеп оқушыларының патриотизмін сыныптан тыс жұмыстарда қазақ ерлік эпосы арқылы қалыптастырудың механизмін жасады. Бұл жерде ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін бүкіл әлемдегі достықта емес, одан жоғары қарау ұстанымы анық байқалады. Қазақстандық патриотизмді еліміздің әр азаматының санасына сіңіру кезек күттірмейтін мәселе. Менің зерттеуімнің негізінде жалпы халықтық патриотизм отбасынан, мектеп қабырғасынан қалыптасатыны айқындалды. Ұлттық қасиеттеріміздің ұрпақ бойында қалыптасуы қоғам игілігі үшін маңызды. Адамға ұлттық патриоттық тәрбие беру тек қана мектепте ғана емес жоғарғы оқу орындарында кең көлемде жүргізілуі тиіс. Ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әрбір оқытушы өз тәрбие жұмысының негізгі мақсатын от жүрегі Отан деп соғатын жастар тәрбиелеу деп түсінсе, ұлт болашағына, ел тыныштығына сеніммен қарауға болады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасының «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде айтылған еліміздің тұтастығын, оның тыныштығын мемлекетімізге қауіп төндіретін қандай да болмасын ішкі және сыртқы күштерден сақтау міндетінің өзі - жастарымызды отаншылдық, елжандылық, патриоттық қасиеттерді сақтауға шақырады. Баланы Отанды сүюге, ол үшін аянбай еңбек етуге елжандылыққа тәрбиелеу - әр педагогтың басты міндеті болып саналады. [4, «Қазақстан мұраты» бөлімі]. Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан елінің жас ұрпақтарын отаншылдыққа тәрбиелеу – аса маңызды идеологиялық міндеттеріміздің бірі деп білеміз. Ал оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек.[7,112-113 бет]. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн.» деген сөздерімен қорытындылай отырып, еліміздің әрбір азаматы өз елінің патриоты болсын десек, оның бойындағы патриоттық сезім отбасында, балабақшада, мектеп қабырғасында қалыптасуы тиіс деп ойлаймын.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ә.Дайыр, Қ.Айтқалиев, Ш.Беркімбаева, Г.Құрманбай. Қазақ әдебиеті оқулығы – 5 сынып. «Атамұра», 2010. - 302 бет.
2. Қ.Құрманбай, К.Пралиева. Қазақ әдебиеті оқулығы – 7 сынып. «Мектеп», 2009. - 128 бет.
3. Қазақ тілі мен әдебиеті журналы – № 9, 2006. – 128 бет, «Өлең табиғаты арқылы ақындық болмысты таныту» мақаласы.
4. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2030» стратегиясы -77 бет.
5.Ғаламтор сайты – Мәншүк Маметова атындағы Қызылорда колледжі, «Жас жеткіншектер бойындағы патриоттық тәрбиені қалыптастыру» мақаласы – 2 бет.
6. Б.А.Әрінова, Р.О.Ізғұттынова, Ж.Ж.Әкімбаева. Өзін-өзі тану пәнінен мұғалімге арналған әдістемелік құрал 6-сынып оқулығы –- Алматы, «Бөбек», 2010. - 239 бет
7. Назарбаев Н.Ә. «Тәуелсіздік белестері». Алматы, «Атамұра». 2003. - 335 бет.
Категория: Казахский язык и литература | Добавил: Gauhar (2012-02-11) | Автор: Тулеутаева Гаухар Казтаевна E
Просмотров: 14228 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 7:02 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru