Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Краеведение

«Шалғын өсімдіктері мен жануарлары » дүниетану пәнінен сабақ жоспары
Семей қаласының "№11 ЖОББМ" КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Чарахметова Сандугаш Маратовна
Сабақтың тақырыбы: Шалғын өсімдіктері мен жануарлары
Сабақтың міндеті: 1. Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарлары туралы түсінік беру
2. Өз ойларын еркін айта білу қабілетін, білімін, ой-өрісін дамыту.
3. Табиғатқа қызығушылықтарын арттыру, жануарларды, қоршаған ортаны қорғауға, аялауға тәрбиелеу
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға шалғын өсімдіктері мен жануарларын, олардың ерекшеліктері мен тіршілігі туралы мағлұматтар беру.
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
Көрнекілігі: интерактивті тақта, СКТ
Түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Ақ көңілді жүрекпен
Ақ ниетті тілекпен
Амандасып алайық
Қонақтарға ізетпен.
Жарқырап күн де ашылды
Айналаға нұр шашылды
Мақсатымыз білім алу
Міндетіміз еңбектену
Еңбектену арқылы
«5»-ке қол жеткізу

ІІ. Үй жұмысын тесеру
Ауа, ауа- райы, ауа райы болжамы және оның мәні.
ІІІ. Жұмбақ
Өзіне шап-шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалары тұр қаптап.
(Бақбақ)
Саздауыт жерде өседі,
Хош иісі аңқыған,
Шипа өсімдік деседі
(Жалбыз)
Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру:
- Бүгінгі жаңа тарау – Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлары. Соның ішінде «Шалғын өсімдіктері мен жануарлары»
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру
Шөптесін өсімдіктер жаз бойы жайқалып өсетін ылғалы жеткілікті шағын үлескілерді, әдетте – көгал, ал аумағы жағынан үлкендерін – шалғын дейді. Шалғындар, көбінесе, көктемде тасыған су жайылатын өзен аңғарларын, көл жағаларын, тау етектерін алып жатады. Сонымен, шалғынды жазықтан да, өзен аңғарынан да және таудан да кездестіруге болады.
Құлпырған көк шалғын ерекше көз тартады. Жаздың шайдай ашық, ыстық күнінде шөп арасынан гүлдер жайнап, таңғажайып әсем көрініс туғызады. Мұндағы тік өскен кесте жусан, шалғындық жоңышқа, қылтанақсыз арпабас, шалғындық атқонақ, жұпаргүл, күреңот,тышқанбұршақ сияқты алуан, түрлі-түсті гүл күлтелері көздің жауын алады.
Жаздың басы мен ортасында шалғындағы шөп жұмсақ, балғын болады. Пішен шабу осы кезеңде басталады.
Пішен дайындалатын шалғынды шабындық дейді: Кейбір шалғындар жазда және күзде мал жайылымы ретінде пайдаланады.
Шалғында мал жемейтін улы өсімдіктер де кездеседі. Оларға уқорғасын, сарғалдақ сияқты өсімдіктер жатады.
Жаз ортасына қарай шалғынға бара қалсаң қайнаған тіршілікке кездесесің.Жылдың бұл мезгілінде шалғынды бунақденелілір өте көп болады. Гүлден гүлге қонып, тыным таппай шырын жинап жүрген бал арасын, өздері де гүлге ұқсас көбелектерді көруге болады. Алуан түрлі қоңыздар да көкшегірткелер, түкті аралар да қаптап жүреді.
Шалғында бөдене де көп кездеседі. Оның шөп арасында «бытпылықтаған» дыбысы естіледі. Олар жорғалап жүріп, көбінесе шөп дәнімен, оның жас сабағымен, бунақденелілермен қоректенеді. Бөдене ұйысқан қалың шөп арасына ұя жасап, оған 10-20 жұмыртқа салып басады.
Шалғында ірі аңдар болмайды. Мұнда олардың өз жауларынан жасырынуы қиын.
Ал,саршұнақ,көртышқан сияқтылар аз емес. Олар қалың шөптен бөктергінің көзіне онша түсе қоймайды және өз тіршілігіне қажетті басқа да жағдайлардың бәрін табады.
Топпен жұмыс
Оқулықпен жұмыс
Оқушылар тізбектей оқиды
Ойын : «Гүлдерді оналастыр». Шалғын өсімдіктера жазылған гүлдерді гүл сауытқа орналастыру.
ІV. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру
1. Шалғында өсетін өсімдіктерді ата.
2. Пішен дайындалатын шалғынды не деп атайды?
3. Шалғында кездесетін жануарларды ата.
Дәптермен жұмыс
Өсімдіктер Жануарлар Бунақденелілір Құстар



Өсімдіктер Жануарлар Бунақденелілер Құстар
Жоңышқа
Қылтанақсыз арпабас
Атқонақ
Жүпаргүл
Күреңот
Тышқанбұршақ Саршұнақ
Көртышқан Қоңыздар
Көкшегірткелер
Түкті аралар Бөдене
Сергіту сәті
V. Сабақты бекіту
Шалғын Анықтама (Шалғын деген не?)
Шалғын өсімдіктері
Шалғын жануарлары
Шалғынның түрлері: табиғи және шабындық деп нені айтамыз?
Ерекшеліктері
Қорытынды
Сонымен, шалғынды жазықтан да, өзен аңғарынан да, таудан да кездестіругеболады, - деп сабақты қорытындылау.
VІ.Үйге тапсырма беру
Шалғын өсімдіктері және жануарларына жеке-жеке сипаттама беру
Бағалау
Категория: Краеведение | Добавил: JL (2015-01-22) | Автор: Чарахметиова Сандугаш Маратовна E
Просмотров: 2660 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 11:09 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru