Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная школа

Қ дыбысы және әрпі
Ашық сабақ.
Сауат ашу және жазу.

Сабақтың тақырыбы: Қ дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Балаларға Қ дыбысы мен әрпін таныстыру.
Міндеттері:
1.Балалардың сабаққа қызығушылығын туғызу, өткен дауысты, дауыссыз
дыбыстарды еске түсіріп қайталау, буын туралы түсінігін кеңейту.
2.Балалардың ой-өрісін,тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Саусақтарын жазуға икемдеп, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
3.Балаларды еңбек сүйгіштікке, ұқыптылыққа,ептілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қ дыбысының баспа түрі, бауырсақ ертегісінің суреті, көк-қызыл текшелер, Қ дыбысына байланысты суреттер.
Сабақтың типі: Аралас сабақ
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Армысың қайырымды Аспан Ата!
Армысың мейірімді Жер Ана!
Армысың шұғылалы Алтын Күн!
Бәріміз күндей жарқырайық,
Бәріміз дос болайық.
Бәріміз тату болайық.
Қонақтармен амандасу:
Армысыздар құрметті қонақтар!

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.
Мұғалім: Балалар мынау не? Ендеше бүгінгі сабағымызға «Бауырсақ» қонаққа келді. Бауырсақ құр келмей өзімен бірге сендерге үй тапсырмасына байланысты сұрақтар алып келді,сұрақтарға жауап берсеңдер, ертегі ары қарай жалғасады.
1. Дыбыс дегеніміз не? Дыбысты қайтеміз?(Айтамыз, естиміз)
2. Әріп дегеніміз не? (жазамыз, көреміз)
3. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
4. О дыбысы қандай дыбыс? Жуан естіле ме, әлде жіңішке ме?
5. Кеспе әріптердің ішінен «О» дыбысын тауып көрсетіңдер.
6. О дыбысына мысалдар келтіру. Буынға бөл. Сөздің қай жерінде естіледі?
Текшемен жұмыс: Айтылған дыбыстарды текшемен көрсету.

ІІІ. Жаңа сабақ.
Мұғалім: Бауырсақ деген сөзде «Қ» әріпі қай жерде тұр.Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қ» дыбысы және әрпі. «Қ» дауыссыз дыбыс, сондықтан қысқа айтылады және көк түсті текшемен белгіленеді. Бүгінгі сабақта Бауырсақ ертегісін еске түсіреміз. Баяғыда бір шал мен кемпір болыпты. Шал кемпіріне «бауырсақ пысырып бер»- депті. Кемпірі бауырсақты пісіріп суысын деп терезенің алдына қойып қояды. Бауырсақ терезеден домалап түсіп келе жатқанда алдынан қоян кездеседі. Қоян бауырсаққа «жұмбақ жасырамын егер шешуін таппасаң, мен сені жеймін»- дейді. Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?
-- Қоян жұмбақ жасырады: Әжемнің қолында шыр айналар,
Шыр айналса, өзіне шыр байланар.-бұл жұмбақтың шешімі не туралы? ( Ұршық)
-- Қ дыбысы «ұршық» сөзінде қай жерде орналасқан? «Ұршық» сөзін шапалақ арқылы буынға бөлейік. Сонымен қоса тақтада қарындаш, тасбақа, қасық суреттері тұр. Бұл сөздерде «Қ» дыбысы қай жерде орналасқан? Қарындаш, тасбақа, қасық сөздерін шапалақ арқылы буынға бөлейік.
-- Бауырсақ «қояннан құтылдым ля-ля-ля»-деп келе жатқанда алдынан қасқыр кездеседі. Қасқыр бауырсаққа «менің шартымды орындамасаң, мен сені жеймін» -дейді. Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?
-- Қасқырдың шарты: Қ дыбысы дауысты дыбыс па, жоқ әлде дауыссыз дыбыс па? Неліктен дауыссыз? Қане, бәріміз қайталап айтайық. «Қ» әрпінің жазылуымен таныстыру. Ендеше қазір мен сендерге «Қ» әрпінің қалай жазылатынын көрсетемін. Бәріміз ауада жазайық. Енді дәптерімізде берілген үлгіге қарап «Қ» таңбасын жазыңдар.
-- Бауырсақ «қояннан да құтылдым,қасқырдан да құтылдым ля-ля-ля»-деп келе жатқанда алдынан аю шығады. Аю бауырсаққа «маған қоян тақпағы арқылы сергіту жаттығуын жасап бер, әйтпесе мен сені жеймін»-дейді. Балалар бауырсаққа көмектесеміз бе?
-- сергіту сәті: Ұзын құлақ сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды.
Ойлы-қырлы жерлерден
Ытқып-ытқып жүгірді,
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап,
Көжегі екен өзінің.
-- Бойымыз сергіп қалды, ал енді бауырсақ «қояннан да құтылдым,қасқырдан да құтылдым, аюдан да құтылдым ля-ля-ля»-деп келе жатқанда алдынан түлкі шығады. Түлкі бауырсаққа «менің шартымды орындамасаң, мен сені жеймін»-дейді. Балалар бауырсаққа тағы да көмектесеміз бе?
-- Түлкінің шарты: Кеспе әріптермен, тақтамен жұмыс. қа, қа-ра, қо, қо-ра, ақ, тақ-та. Буындар, сөздерді оқыту. Буынға бөлдірту,қ-сөздің қай жерінде тұр? Әр сөзге сөйлем құрату.
-- Түлкі «менің тағы да бір шартым бар, менің танауымның үстіне шығып, маған өлең айтып бер»- дейді. Бауырсақ түлкінің танауына шығып «апамнан да құтылдым, атамнан да құтылдым, қояннан да құтылдым, қасқырдан да құтылдым, аюдан да құтылдым, енді сеннен де құтыламын»-деп айта бергенде түлкі бауырсақты бас салып ұстап алып «мен сені жеймін»-дейді. Бауырсақ «мені жемеші, оданда жүр менің үйіме қонаққа бар,апам бауырсақ пісіріп жатыр»-дейді. Түлкі келісіп бауырсаққа ереді, жолай аюды, қасқырды, қоянды ертіп үйіне әкеледі. Апасы бауырсақ пісіріп жатыр екен. Апасы қоянға қырыққабат, қасқыр мен түлкіге ет, ал аюға құлпынай береді. Ал бауырсақ болса терезенің алдына шығып алып әнін айтып отырады.

IV. Қорытынды:
Балалар бауырсақтың апасы бауырсаққа көмектескендерің үшін сендерге бауырсақ беріп жіберді. (таратып беремін)
Балалардың жұмысын бағалау.
V. Үйге тапсырма: Қ дыбысына сөздер ойлап келу.

Источник: http://Nuketaeva65@mail.ru
Категория: Начальная школа | Добавил: Майгул (2015-01-15) | Автор: Нукетаева Майгул Ашкеновна E W
Просмотров: 927 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-03-29, 7:59 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru